Сақтар, скифтер: алтын адам


4 апта
4 практикалық сабақ
Тақырып: Сақтар, скифтер: «алтын адам».
Практикалық сабақ мазмұны:
1. Сақтар туралы жазба және археологиялық деректер.
2. Сақ тайпалық одағының көрші мемлекеттермен (Иран, Қытай) өзара қарым-қатынастары.
3. I Дарий, Кир әскерлері мен А. Македонскийдің жаулаушылық жорықтарына қарсы сақтардың күресі.
1. Сақтар туралы жазба және археологиялық деректер.
Сақтар туралы жазба деректерді 3 топқа бөлуге болады:
I. Ежелгі Парсы патшаларының тастағы сына жазбалары мен Геродоттың еңбектерінен негізделген.
II. Александр Македонский мен оның мұрагерлері жорықтары кезіндегі грек жазбалары.
III. Орта Азия халықтарымен байланыста болған өз замандастарының мәліметтеріне сүйенген грек және латын ғалымдарының жазбалары.
Парсы патшалары I Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы сақ тайпаларының аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректерінің арасынан Геродот пен Страбонды айтуға болады.
Сақтар - б. з. д I мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Жалпы сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көпипікір бар. Сақ сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «Құдіретті еркектер» деп түсіндіреді, ал Иран жазбаларында «Жүйрік атты торлар дейді». Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атайды. Б. з. д. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот шошақ бөрікті сақтарды тиграхауда-массагеттер деп атаған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, аса құрмет тұтқан. Сақ деп аталатын тайпалардың әр қайсысының өз алдында көсемі болған. Антропологтар сақтарды еуропоидттық нәсілге жатқызады.
Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты «тарихтың атасы» деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған «Тарих» атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды «азиялық скифтер» деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т. б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған
Дарийдің, Кирдіңжорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.
Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», - дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық - Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты», - деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.
Қазақстан жерінде сақтар туралы археологиялық ескерткіштер жеткілікті көп. Олардың қатарына қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарында сақ тайпалары аса көлемде мекен еткен, яғни Жетісуда жоғарыда айтып кеткендей тиграхаудалар, ал Арал өңірі мен Сыр бойында массагеттер мекендеген. Сол жерлерде Алексеев, Бесшатыр, Есік, Түрген және Кеген обалары Іле алқабында табылған. Жетісудағы сақ мәдениеті 2 бөлінеді, яғни ерте(б. з. д. VIII-VI ғғ) және кейінгі(б. з. д. V-I ғғ) .
Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерге көшетін болсақ, олар Алтай аясында, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерінде кездеседі. Тіпті үлкен патша обалары да болған. Нақты Шілікті алқабында көп орналасқан. Кезеңдеріне көшетін болсақ бұл өңірдің мәдениеті 3 ке бөлінген. Олар:Мәйемір (б. з. д. VII-VI ғғ), Берел (б. з. д. V-IV ғғ), Құлажүгін (б. з. д. III-I ғғ) . Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болған.
Орталық Қазақстанда Тасмола мәдениеті (б. з. д VII-III ғғ) ашылды. Зерттеу жұмыстарын әйгілі қазақтың археолог-тарихшылары Ә. Марғұлан мен М. Қадырбаев өткізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше нұсқалардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1, 5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыны да болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылған.
Арал өңірлерінде сақ мәдениетінен Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл - Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX-VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы - Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналасқан. Ол өз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардын біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII-V ғасырларда тұрғызылған. Ұйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғұрпы бірдей. VII-V ғасырлар обалары Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана шыққаны - адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстың не күркенің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Өзіміздің өңіріміз Батыс Қазақстаннан сақ ескерткіштері аз табылған жоқ.
Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
2. Сақ тайпалық одағының көрші мемлекеттермен (Иран, Қытай) өзара қарым-қатынастары.
Еуразия далаларын сақтар билеген кезде батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б. з. д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өткен. Сақтардың саяси тарихы бойынша тарих атасы Геродот бір ескі аңызды есіне түсіреді. Ол аңыз парсылар мен сақтардың ұзақ жыл бойы созылған соғыс туралы баяндайды. Б. з. д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйгілі патшасы, ұлы қолбасшы Томирис бастаған сақ тайпасының батыл да ержүрек жауынгерлері парсылармен қиян-кескі шайқастар жүргізеді. Соғыс нәтижесінде сақтар парсы әскерін талқандаған соң, Томирис тері қапқа қан толтыруға бұйрық береді, соған парсы патшасы Кирдің басын салып тұрып былай дейді:«Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!» - деп қапқа лақтырып жібереді. Ал енді Сақ тайпалық одағының халықаралық қатынастары туралы айтатын болсақ, олар өзінің солтүстік, шығыс және батыс жақта орналасқан ыстық туыстық, жақын саяси және қоян-қолтық шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық экспедициялардың нәтижесінде сақтардың ежелгі дүние өркениеттері - Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістан сауда және мәдени байланыстарың болғанын дәлелдейді.
3. I Дарий, Кир әскерлері мен А. Македонскийдің жаулаушылық жорықтарына қарсы сақтардың күресі.
Жоғарыда жазылғандай Томирис Парсы патшасы Кирдің басын алған соң сақтар мен парсылардың арасы біраз уақыт жылыған жоқ. Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты I Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген I Дарий сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиен былай деп суреттейді: " Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы әскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан I-Дарий қырғынға ұшырап, ары қарай соғысқа шыдай алмай, Парсыстанға қайтып кетеді" деп жазған[4] Негізгі оқиға I Дарий б. з. д. 519-518 жылғы жорықтарында кейбір бір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым - салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек - парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет - сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б. з. д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық - гректер Орта Азияға баса - көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б. з. д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтар да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz