Тәрбие теориясы: педагогикадағы рөлі, үдерістің заңдылықтары мен мақсат-міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№4 семинар тақырыбы: Тәрбие теориясы- педагогиканың құрамды бөлігі ретінде. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері .

1. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.

2. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар.

1. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.

Тәрбие мәні:

- әлеуметтік мағынада - бұл аға буынның жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне беруі. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т. б. нормалар.

- педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс

Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі) ;

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші) ;

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді)

көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.

- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады) .

- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды) ;

- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал) ;

- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы - оқушы) ;

- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

-тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт - бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті) ;

- қарама - қайшылықты болуы (қарама - қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады) .

Тәрбиенің басты қызметі - баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.

Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты - тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтылатын мұрат-мақсат.

Екінші деңгейде қойылатын мақсат - қоғамда белгілі бір іс-әрекетті атқаратын маман-тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мұнда тәрбиенің әлеуметтік мәні, яғни қоғамға пайдалы тұлғаны дамытуға қатысты әлеуметтік сұраныс байқалып отыр.

Үшінші деңгейдегі тәрбие мақсаты тұлғаның жеке мақсатымен анықталады. Бұл адам өмірінің мәнін анықтайды. Ол адамның туа бітті берілген мүмкіндіктерін толық ашып көрсетіп, өзінің табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерін дамыту болып табылады.

Бала құқығы туралы Конвенцияда (1989) білім беру және тәрбие мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалған. Бұл құжатта тәрбие мақсаты- оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, тұлғаның қоғамда толық өзін байқатуына жағдайлар жасау деп көрсетілген.

Тәрбие мақсаты оның мідеттері арқылы нақтылана түседі.

Тәрбие міндеттері:

- Тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіктері мен денелік дамуына

толық жағдай жасау;

- Адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;

- Баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп

отырған елдің құндылықтарына құрметті дәлелдеу;

- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар

арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;

- Қоршаған ортаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сонымен, тәрбие үдерісі - қойылған мақсатқа қол жеткізуге

бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әсерлесу болып табылады.

Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар.

Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие теориясы: мақсат-міндеттері, процесі және принциптері
Педагогикалық үдерістің құрылымы, заңдылықтары және принциптері
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістерінің теориясы мен әдістемесі
Қазіргі педагогикадағы тәрбие: теориясы, әдістері, құралдары мен формалары
Тәрбие: әлеуметтік мәні, мақсат-міндеттері және педагогика классиктерінің көзқарастары
Тәрбие теориясы мен әдістемесі: заңдылықтары, қағидалары және мектептегі ұйымдастыру
Тәрбие мақсаты мен міндеттері: теориясы, мазмұны және принциптері
Тәрбие психологиясының теориялары мен тәрбиелік үдерістің психологиялық негіздері
Қазіргі отандық педагогикадағы тәрбие мақсатының тұжырымдалу ерекшеліктері
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz