Ұлттық сана үшін құндылықтың мәнін айқындаушы ұлттық сапаның бағалаушылығы


3 апта
№3 практикалық сабақтың тақырыбы:
Сана және бейсаналық: .
Тапсырмалар:
1. Ұлттық сана. және ұлттық сана сезім.
2. Шәкәрімнің үш анығы
3. Шәкәрім рух туралы.
4. Ойлау және тіл.
5. Қашғаридыңтіл философиясы
1. Ұлттық санадағы құндылықтық бағыт-бағдар мемлекеттің әлеумет экономикалық-саяси жағдайының негізіне сай анықталуы мүмкін. Мәселен, Кеңестік дәуірде ұлт үшін ең маңызды құндылык ол партия идеологиясымен дәріптелінген Кеңестік ұлттардың моралдық-саяси бірлігімен мемлекет алдындағы борыштық парызы болса, Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыстан келген демократиялық басқару, нарықтық қатынастар, батыстық ойлау мен өмір сүру үрдісі біздің ұлттық санаға маңызды әсер етті. Бұл әрине, құндылықтың табиғатын күрделендіре түседі. Соның нәтижесінде қазіргі таңда құндылықты зерттеудің екі ұмтылысы анықталынып отыр. Ол:
1) санадағы бар, шынайы өмір сүретін құндылықтар;
2) жүрек қалауындағы мақсат-мүдделер мен идеалдар
Ұлттық сананы жүзеге асырушы жеке адам санасы. Бұл тұрғыда субьекті өзінің таным логикасының процесі кезінде обьектіні бағалау актісі орындалады. Яғни обьектіні сезімдік сенситивті бейнеленуі кезінде салыстыру, белгілеу немесе керісінше ұқсамайтын нышандар, қасиеттерді айқындайды. Бұл түсінікте «бағалау» ұғымы «құндылық» ұғымымен арақатынасты. Бүдан түсінгеніміз құндылықтар бағалаудың негізінде жатыр [60. 918] . Ұлттық сана үшін құндылықтың мәнін айқындаушы ұлттық сапаның бағалаушылығы. Бұл орайда сонау еліміз егемендік алған кездері біздің елде де өзіндік бір ұлттык ренесанс басталғаны белгілі. Соның нәтижесінде ұлттық санаөзіндік дүниеге көзкарасының негізінде қайта бағалаушылық жасап, өмірлік күндылықтармен катар, тәуелсіздік, бостандық, дәстүрлі мәдениет, әдебиет, тіл, тарих, атамекен, дін, мемлекет, ұлттық рух, ұлттық мұра, ұлттық болмыс секілді ұлттық құндылықтарды айқындады. Мұндай құндылықтар адамзаттың мәдени әлеуметтенуінің көрсеткішіне айналып, даму идеясын дүниеге әкеледі.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты - отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған.
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайдаланған. Оның үстіне айтарым, Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығармалармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін - « Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не?
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол кезде позитивизм деген ағым пайда болды.
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған. Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан: математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс.
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
3. Шәкірім қазақ елінің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оныңойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты - туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарн жоғалтпай, оларды заман талабна сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпес емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі- Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну жан дүниеңмен қабылдау қажет.
4. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философияның және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселелнің күрделілілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да - адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталды, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі, өйткені адамың өзі қоғамдық құбылы болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әректі арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстары мен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін обьективті дүниенің элементтерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі. Ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде сипатталады.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруі үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алмасу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.
5. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты философиялық еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетін сипаттап берді. Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді. Бұл кітапта сол заманның тұрмысы мен дүниетанымы ерекше мұқият сипатталған. Рулық-тайпалық қатынастардан бастап болмыс шындығына дейін баяндалған. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген. Сондай-ақ, өз заманының, қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің сипаттамасы жан-жақты зерттелген, оның өзіндік және сапалық ерекшелігі адамдардың іс-әрекеті мен олардың санасы, қоғамның тұгастығы мен оның даму барысы күрделі қатынаста көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz