Кіші мектеп жасындағы баланың тұлғасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№3 семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы баланың тұлғасы.
Сабақ мақсаты: Кіші мектеп жасындағы баланың бойында психикалық қасиеттердің немесе мінез-құлық ерекшеліктерінің көрініс беруін анықтау.Осы ерекшеліктердің даму дәрежесін, оның сандық және сапалық жағынан көрініс беруін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1.Кіші мектеп оқушысы тұлғасын қалыптастыру.
2.Өзіндік сананың даму ерекшеліктері.
3.Аты. Сыртқы бейнесі. Тұлға. Денесі.
4.Кіші мектеп жасындағы балалар тұлғасының психологиялық уақыты.
5.Кіші мектеп жасындағы баланың өзін-өзі тануындағы әлеуметтік кеңістік.

1.Кіші мектеп оқушысы тұлғасын қалыптастыру.
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили, В.Давыдов, Л.Заньков, В.Репкин, Д.Эльконин және т.б.)
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).
Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.
Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
2.Өзіндік сананың даму ерекшеліктері.
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген.Сана-сезім мәселесіне зерттеген отандық зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.Б.Г.Ананевтің Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі "Мен"бейнесінде қалыптасады
Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі - басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің Мені туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның Мен бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.
3. Аты. Сыртқы бейнесі. Тұлға. Денесі.

Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: адам, индивид, тұлға, даралық ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің Мендік сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

4.Кіші мектеп жасындағы балалар тұлғасының психологиялық уақыты.
Мектепке барғанға дейін балалардың психологиялық даму деңгейінің жеке айырмашылықтары жоғарылайды. Балалардың бір-бірінен интелектуалдық, моральдық, персонааралық даму жағынан айырмашылықтары болады. Олар әр психодиагностикалық жағдайларға әр түрлі әрекет жасайды, бірдей нұсқауларға әр түрлі қарай бастайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мысалыға, бір балалар үлкен адамдарға арналған психодиагностикалық тесттерден жеңіл өтеді, басқалары -4-6 жасарларға арналған тесттерден қиналып өтеді. Бұл нәрсе әсіресе вербальдық өзін-өзі бағалау, рефлексия және қоршаған ортаның баланың саналық қиын бағалар қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерге қатысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баланың психологиялық дамуының шындық деңгейін бағалау үшін, психодиагностикалық әдістемені кіші мектеп жасындағы балаларға қолданудан бұрын,интеллектуалдық жағынан ол балаларға қиын емес пе, керісінше, тым оңай емес пе соны анықтау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6-7 жасар балалардың психологиялық дайындығына қатысты белгілі эмпирикалық мәліметтер бойынша 50%-тен-80% ке дейін балалар мектепке дайын еместігін көрсетеді. Көбісі физиологиялық жасы жағынан дайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Педагогика пәнінен дәрістер
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер