Әлеуметтік ақыл-ой тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№2 Практикалық сабақтың тақырыбы:Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
Тапсырма:
1. Социология ғылымының Кеңестер Одағында зерттелуі.
2.Социология ғылымының Қазақстанда дамуы.
2 ОЖСӨЖ тақырыбы: Әлеуметтік ақыл-ой тарихы

1. Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:
а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;
б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар
Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің "Жауынгер материализмнің маңызы туралы" ("О значении воинствующего материализма") мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды. Әлеуметтік еңбектер мен социологиялық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан іс жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүріп жатты. "Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партиясы тарихының" қысқаша курсына (1938) арнап И.В. Сталин жазған "Диалектикалық және тарихи материализм туралы" бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы - тарихи материализм - философиялық білімнің аясына "қайтарылды". Н.Н. Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан - социология... Тарих белгілі бір орында белгілі бір уақытта қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды... Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әр түрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т.б.) бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуын немен түсіндіруге болады? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмасуын немен түсіндіруге болады? және т.с.с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі неғұрлым жалпысы (абстрактілісі)... тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді... Социология өз кезегінде... тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді"
2. Социологияның ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және социологиялық идеяларды қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Социологиялық ой қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Батыстың социологиялық тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде социология "ұлттық өзіндік сана нысанына", "ресейтануға" айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік философы) "жалпы қоғамды", "жалпы әлеуметті" және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де бұл оның тарапынан "таза ғылымға" жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын [1, 255-б.]. Орыстың социологиялық ойы "өзіндік зерттеумен", "өзіндік рефлексиямен" сипатталады - бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі. Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады: 1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады; 2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920), С.Дөнентаев2 ОЖСӨЖ тақырыбы: Әлеуметтік ақыл-ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Философия тарихында болмыс категориясы
Тұлғаның ақыл - ойының қалыптастыру процесі
Қазіргі заманның классикалық философиясы
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Пәндер