Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
2 апта
№2 практикалық сабақтың тақырыбы:Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы.
Тапсырмалар:
1. Антикалық философия
2 Милет мектебінің өкілдері

1. Антикалық философияAntiquus деген латин сөзi "ежелгi" деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ. соңында VI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды. Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың, табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: "Ол неден пайда болды?" - деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер философия терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады. Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ. басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.

2 Милет мектебінің өкілдері
Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимен, Анаксимандр :: Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында дүниеге келеді. Олар тарихқа "фисиологтар (physіs - табиғат, -грек сөзі, natura- табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. :: Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат біріншіден сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады. :: Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар өздерінің "даналыққа деген құштарлығын , білімге деген талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай "Толығынан дана ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз.
Фалес:: Милет қаласынан шыққан Фалес (625 -547 б. ғ. д. ) алғашқы дүниенің негізін құрайтын зат - су деді. Өйткені, су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан, ол табиғаттағы барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. :: Фалес барлық заттардың қорегі дымқыл болып келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен дымқыл табиғаты бар. :: Өмір әрқашанда сумен байланысты, бәрі де судан шығады, су арқылы өмір сүреді де, суда өмірі бітеді. :: Аңыз Фалесті жүзімнің шырынын қысып шығаратын құрал жасаған адам дейді. Мүмкін, бұл нәрсе де оның ойына судың, дымқылдың тірі өмірдегі маңызын көрсетсе керек. Фалес :: Ал адамның жан-дүниесіне келер болсақ, Фалес оны барлық Дүниедегі заттарға теңеген. Магнит темірді тартады, олай болса темірдің де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана және бейсаналық: философиялық концепциялардың салыстырмалы талдауы
Қоғамдық сана формалары
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Философиялық білімнің ерекшелігі
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Философиядағы сана мәселесі
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Пәндер