Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
№1 семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы.
Сабақ мақсаты: Мектеп психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Білімді меңгерудің жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.
2. Оқу және практикалық тапсырмаларды шешу жағдайында зияткерлік процестерді қалыптастыру ерекшеліктері.
3. Оқыту мазмұны мектеп жасындағы ақыл-ой дамуының көзі ретінде.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды.
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңатуған бала (туғансәттенбір-екіайғадейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепкедейінгібалалықшақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауышмектепжасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншекшақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірімшақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақта, жасбаланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бірқалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды,айдық,күн,жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы -- негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек ұғымталдығы шпенер екшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі. Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып,оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл-ең тынымсыз,ең қиын,ең қызбажас.Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтарың сырттай көріну дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін.Жеткіншектік шақ-болашақ туралы балалық армандарды қорнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ-жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән.
2. Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуте үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқгы ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Тілдің дамуы баланың тілге деген қарым-қатынасында байланысатын тек лингвистикалық мүмкіндіктер арқылы жүрмейді. Бала сөздің дыбысталуын тыңайды және оған баға береді.
Егер де балаға сөздің кейбір заңдылықтарын түсіндіретін болсақ, онда ол өзінің жаңа жаңалықтарындағы танымдық тілге белсенділігін аудара бастайды және ойнай отырып анализді өндіреді.
Тілді меңгеру, әдетте, баланың тілге деген қарым-қатынасындағы белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөзжасамдарда білінеді және берілген тапсырмаға сай дұрыс сөзді таба білуде де көрінеді.

Ақыл-ой дамуының салыстырмалы анализі Х.Вернерге биопсихологиялық эволюцияда ақыл-ой дамудың 3 стадиясын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл - сенсомоторлық, перцептивтік және ақыл-ой дамуы.
Мектепке келген кезде баланың сөздік қорының көлемі ұлғаяы, ол басқа адамдармен өзінің өміріне байлынысты болып жатқан жағдайлар жайлы оңай түрде түсінісе алады. Егер үш жастағы қалыпты дамыған бала 500-ге дейін және одан көп сөздерді қолданса, алты жастағы бала 3000-нан 7000-ға дейін сөздерді қолдана алады. Бастауыш мектепте баланың сөздік қоры зат есімнен, етістіктен, есімдіктен, сан есімнен құралады.Тілдің дамуы баланың тілге деген қарым-қатынасында байланысатын тек лингвистикалық мүмкіндіктер арқылы жүрмейді. Бала сөздің дыбысталуын тыңайды және оған баға береді.Егер де балаға сөздің кейбір заңдылықтарын түсіндіретін болсақ, онда ол өзінің жаңа жаңалықтарыдағы танымдық тілге белсенділігін аудара бастайды және ойнай отырып анализді өндіреді.Тілді меңгеру, әдетте, баланың тілге деген қарым-қатынасындағы белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөзжасамдарда білінеді және берілген тапсырмаға сай дұрыс сөзді таба білуде де көрінеді.Төменгі сыныптағы оқушылара туған тілінің жүйесіне байланысты бағдар пайда болады. Тілдің дыбыстық қабыршағы - 6-7 жастағы балаға арналған белсенді, ерекше түрдегі заттық әрекет болып табылады. 6-7 жаста бала тілдің күрделі грамматикалық жүйесін меңгереді, ол сөйлейтін тіл оның туған тіліне айналады.Егер де бала бала-бақшаға барған болса, ол сөздің анализдік дағдыларын оқуы тиіс. Ол сөздің дыбыстық анализін өндіре алады және оны құрайтын дыбыстарға сәйкес орналастырады, сөздегі дыбыстарды ажыратады.Бала арнайы оқыту кезінде дыбыстық жүйеге байланысты сөзді айта алады. Сөздің дыбыстық анализі оқу мен жазуға әсер етеді.
№1 СОӨЖ тақырыбы: Мектеп психологиясының жалпы мәселелері.
№2 СОӨЖ тақырыбы: Ғылым ретінде қалыптасуы және басқа ғылым салаларымен байланысы. Пәннің негізгі міндеттері.
1 СОӨЖ: Мектеп психологиясының жалпы мәселелері.
Мектептегі психологиялық қызмет - әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты - дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz