Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар жайында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тапсырма №1 Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • қоғам дамуының қарқындылығы;
  • постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
  • халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
  • қоғамның демократиялануы;
  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
  • адам капиталы мәнінің артуы;
  • білім беру философиясы мен әдіснаманың жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т. б. ;

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

-терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А. А. Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция - білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі) ;
Екінші тенденция - «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция - басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция - оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т. б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция - оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».

Білім беру модельдері

  • Білім беру моделі мемлекеттік-ведомствалық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Ол ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты, білім беру мазмұны, оқу мекемесінің номенклатурасы және білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құрылады.
  • Дамыта оқыту моделі(В. В. Давыдов, В. В. Рубцов және т. б. ) . Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды мегзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.
  • Дәстүрлі модель(Ж. Мажо, Л. Кро, Ж. Капель, Д. Равич, Ч. Финн т. б. ) Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
  • Рационалистік модель( П. Блум, Р. Ганьэ, Б. Скиннер т. б. ) Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау- меңгерту жүзеге асырылады.
  • Феноменологиялық модель(А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс және т. б. ) Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуальдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
  • Институционалдық емес модель (П. Гудман, И. Иллич, Ж. Гудлэд, Ф. Клейн, Дж. Холт, Л. Бернар және т. б. ) . Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», Internet көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т. б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды. Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И. П. Раченко бойынша) Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер; Оқыту мен тәрбиенің мазмұны; Педагогикалық кадрлар; Ғылыми кадрлар; Оқушылар; Материалдық-техникалық жабдықтау; Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері; Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік) ; Ұйымдастыру және басқару.
  • Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф. Г. Кумбс бойынша) 1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер; 2. Оқушылар; 3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау; 4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі; 5. Мазмұн; 6. Оқытушылар; 7. Оқу құралы ; 8. Оқу процесіне қажет ғимарат; 9. Технология; 10. Білімді тексеру және бағалау; 11. Ғылыми зерттеу жұмысы; 12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны. Қолданылған әдебиеттер:1. Зимняя И. А. Педагогическая психология. С. 52-952. Айсмантас Б. Б. Теория обучения: схемы и тесты, Москва, ВЛАДОС, 2002, С. 15-21

Тапсырма №2 Педагогика ғылымындағы ғылыми педагогикалық білім туралы мәлімет.

Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.

Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы) ; 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т. б.

Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.

Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.

Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар - кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т. б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.

Тапсырма № 3 Әдіснама деңгейлерін жазу, мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар жайлы
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
Педагогиканың дәрістері
Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі
Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар туралы
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырма-лы педагогикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz