Заманауи олимпиадалық қозғалыс және оның мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Заманауи олимпиадалық қозғалыс және оның мәселелері
Олимпизм және олимпиадалық қозғалыс - бұл халықаралық өмірде маңызды құбылыс. Олимпизмді спорттың жалпы адамзаттық, мәдени және гуманистік құндылықтарға негізделген философиялық, моральды-
Мен ұйымдарды біріктіретін, олимпизм ұстанымдарына, идеялары мен мақсат-мұраттарына негізделген қоғамдық қозғалыс.
Олимпиадалық қозғалыстың басты мақсаттары:
oo Олимпизм ұстанымдарын, идеялары мен мақсат-мұраттарын барынша тарату;
oo Кәсіби спортқа қарсы әуесқойлық спортты ұйымдастыруға және дамытуға ықпал ету;
oo Өзара түсіністік және достық рухында спорттың көмегімен жастарды тәрбиелеу;
oo Адамның дене тәрбиесі, адамгершілік және эстетикалық тәрбиесі үшін спортты насихаттау және оның мүмкіндіктерін пайдалану;
oo Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай жасау;
oo Спортты гуманистік мақсаттарда пайдалануға, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін спорттық-педагогикалық, ғылыми және бапкерлік кадрларды даярлауға және тәрбиелеуге көмектесу;
oo 4 жылда бір рет олимпиадалық ойындарға дайындалу және өткізу.
Олимпиадалық ойындар - бұл олимпиадашы - спортшылардың кешенді халықаралық жарыстары, дүние жүзі жастарының ұлы мерекесі. Ойындар барлық елдердің әуесқой спортшыларын әділ және тең құқықты жарыстарда біріктіреді. Олимпиадалық ойындарда осы мерекенің әлеуметтік, тәрбиелік, эстетикалық және моральдық аспектілері өз көрінісін табуы тиіс. Онда олимпизмнің идеялары мен мақсат- мұраттары, олимпиадалық қозғалыстың бағыт-бағдары жүзеге асады.
Олимпиадалық ойындарда заманауи өмірдің деңгейі айқын бейнеленеді. Олар біздің планетамыздың миллиондаған адамдардың назарын өзіне аудартады, адамның бейбітшілікке және ілгерілеуге деген ерекше ұмтылысын білдіреді. Олимпиада туы астында барлық континенттердің спортшылары жиналатынын ескерсек, бұл халықтардың достастық, өзара түсіністік пен белсенді ынтымақтастық аясында өмір сүру ниетінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ойындар түрлі елдер мен халықтардың олимпиадашыларының жаңа отрядтарын тарта түседі, олардың танымалдылығы артады. Олимпиадалық ойындар бейбітшілікті нығайту, халықаралық бәсеңдікті, интернационализмі күшейту ісінің ажырамас бөлігі.
Олимпиадалық ойындарға, олардың идеяларына, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне деген қарым-қатынас олимпизмнің игі мұраттарына берілу және шынайылық көрсеткіші болып қызмет етеді. Заманауи олимпиадалық қозғалыс обьективті заңдылықтар бойынша дамиды, спортшылардын жеңісінің құрметіне олимпиадалық әнұрандардың шырқалуы, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты-мұның барлығы адамдарды игі патриоттық сезімдерге тәрбиелейді. Олимпиадалық стадиондарда, залдарда, жарысу алаңдарында, су жолдарында күшейетін қызу спорттық күрес спортшыларды күш жігерге, ерлікке, төзімділікке, еркіндікке, шапшандық пен шымырлыққа баулиды.
Олимпиадалық ойындар - бұл спорт шеберлігінің мектебі. Олимпиадалық жарыстар үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға үнделген білім жәнен тәрбиесі жүйесін барынша толықтырады.
Сонымен қатар заманауи олимпиадалық қозғалыс заманауи әлемге тән үлкен қарама-қайшылықтар жағдайында дами келе орасан зор үдеріс болып саналады. Онда олимпиадалық қозғалыстың маңызына, ойындарға, олардың болашағына деген түрлі теориялар, көзқарастар мен концепциялар тоғысады.
Олимпиадалық қозғалыстың бірқатар мәселелерін шешуде алғашқы шешуші қадам 1973 ж. Варнада Х Олимпиадалық конгресте жасалды. Конгрестің күн тәртібіне мынадай мәселелер қойылды: заманауи Олимпиадалық қозғалыс пен оның даму перпективалары; түрлі комитеттер арасындағы қатыснастар; боллашақ олимпиадалық ойындардың бейнесі.
Сөз жоқ, Варнадағы конгресте барлық мәселелер шешімін таппаса да, үш жақты комиссияның құрылуы, конгрестің қорытынды құжаттары (Үш жақты комиссияның тұжырымдары, Әлемнің барлық спортшыларына үндеу) конгрестің олимпиадалық қозғалысты одан әрі демократизациялауы үшін қажетті мүмкіндіктер бергенін дәлелдейді. Конгресс барлық спортшыларға халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту жолында, олимпиадалық қозғалыстың әділдігі үшін күресуге шақырды.
Заманауит әлемде Олимпиадалық ойындар алыптығымен күресу желеуімен ойындарды жекелей жүргізу және түрлі қалаларда және тіпті түрлі мемлекеттерде бағдарламаның жеке түрлерінен жарыстар өткізу ұсынылады. Бұл ұсыныс олимпиадалық ойындарды жастардың бүкіл әлемдік мерекесі ретінде жоюға және оларды қарапайым спорт жарысына айналдыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаңғы дайындығы бойынша коньки жүрісінін түрлері
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Спорттық-сауықтыру туризмі
Олимпиада ойындары
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Допты боссаусақтармен соғу
Қысқы Азия ойындары
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Спорттың және сайыс дайындықтарындағы жылдамдық - күш орны
Туристік қызмет көрсету жүйесіндегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
Пәндер