Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы мақаласы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Филология және әлем тілдері»
Кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті»
СӨЖ
Тақырыбы: Әуезов М. «Қазақтың әдеби тілі туралы» мақаласы
Орындаған: Кубиева Аяжан, ҚТӘ-302
Тексерген: Амиров Абдибек
Алматы, 2019ж
М. Әуезов өзінің «Қазақтың әдеби тілі туралы» мақаласын марксизм-ленинизм ғылымының өмір шындығы мен тарихи шындыққа негізделетінімен бастайды да, Ленин мен Сталин еңбектерін жоғары бағалайды. Соның ішінде Сталинның "Тіл тану ғылымындағы марксизм жөнінде" деген еңбегіне тоқтала отырып, бұл еңбектің аталған ғылыми бағытты жаңа бір сатыға көтергенін айтады. Дүниежүзілік империализмнің кертартпа жақтарына қатты соққы берген және бізді империалистік реакцияға қарсы күреске қаруландырған, бекем құралдың бірі болған осы еңбектің құны бағалы екені айтылады. Бұл еңбекті зерттегенде мәселенің бірінші кезеңі - сол еңбекті ұғыну, түсіну сатысы, ал одан кейін соның жемісін ғылымдық іздену жолына жұмсау кезеңі басталды.
И. В. Сталин еңбегін қазақтың әдеби тіліне қолданудағы алғашқы адымның бірі - Сталиннің әдеби тілге арналған пікірлеріне тоқталу болып табылады. Әдебиет пен әдеби тіл мәселесі осы еңбекте керемет сипатталады. Сонымен қатар, И. В. Сталинның халық тілі ұзақ уақыт қалыптасады, тілдерде тоғысулар болады, тілдің дамуы базиспен де байланысты, әрбір тілдің өсу, даму тарихын сол тілде сөйлеген қоғамның тарихи дамуымен байланыстырып тексеру керек дегені әдеби тілді жалпы зерттеушілерге айқын нұсқау болады дей келе, қазақтың әдеби тілі туралы мәселеге де осы тұрғыдан қараса, ұлттық тіліміздің ұзақ тарихы, оның өсуі айтылған мәселеге кезекті мысал болып табылатынын айтады.
Осы ретте, социалистік елдер қатарындағы ұлттар тілі де жеке-жеке мешеу, оқшау тіршіліктерінен шығып, тез жетілді. Сталин орыстың ұлттық тілі мәселесінде Пушкинді ерекше атайды. Себебі, Пушкинді капитализм дәуірінен өтіп, социализм дәуіріне асыл қазынасымен жеткен дана жазушы ретінде қабылдап, оның тілінің жүйесі, грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қоры, барлық елеулі жағынан алғанда, бүгінгі орыс тілінің іргесі есепті болып отыр дейді. A. M. Горький де: "Пушкин бізге халық тілін қалай қорытып пайдалануды көрсетіп кетті", -дейді. Яғни, Пушкиннен кейін орыс әдеби тілі әдебиеттенген халық тілі болып қалыптасты. Осы ретте Сталин осы Пушкинді Россияның тіл мәдениет тарихынан екшеп алып отыр. М. Әуезов өзінің осы мақаласында Пушкинді Шевченко, Церетели, Чавчавадзе, Налбандян, Абовян, Ахундов, Хетагуров, Абай, Банзаров, Тоқай сынды өзге туыстас ұлт жазушыларымен салыстыруды жөн көреді. Мысалы, өзіміздің Абайды ала отырып, оның тіл жүйесі, грамматикасы, негізгі сөздік қоры біздің қазіргі тілдік жүйеміз екенін айтады да, жоғарыдағы басқа да осындай ақындарды өз халқының бүгінгі тілімен байланыстырады.
Дегенмен, Абай шығармаларының көлемі аз және әдебиеттің поэзия саласында ғана көп еңбектер жазғандығын және де көлемі шағын шығармалар шеңберінде қазақ тілінің барлық сөздік қорын пайдаланбағанын ескертеді. Егер, Абай поэзиясымен қоса, қалың роман, повесть, не драматургия сияқты үлгілерде көп жазған болса, ол шығармаларға халықтың салттық сөздерінен де, тілдерінен де көп сөздіктер кіргізген болар еді.
Осы ретте, М. Әуезов Абайдың екі ерекшелігін: халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсететінін және Абай заманында біздің қоғамға жаргон есебінде кіре бастаған кірме сөздер бар болғанын, олар діни бағыттағы араб, иран сөздері екенін және Абай тұсында "түркі" деген тілді пантуркистік саясатының құралы етуге әрекет жасалғанын ескерте отырып, Абай мүндай шығыстық, діншілдік мазмұннан жиреніп қана қоймай, оны шенеп, сынап отырғанын баса айтады. Абай өзіндік көркем шығармаларын жазғанда, халқының өз тілімен жазды. Осы тұста "қазақтың әдебиет тілі Абайдан басталады" деген пікір бар. Дегенмен, Сталин: "Ал тіл, керісінше, талай заманның жемісі болып табылады, тіл сол замандар бойына қалыптасады, байиды, дамиды, сұрыпталады" - дейді екен. Демек, бұл бір адамның жемісі емес. Бұдан бұрынғы ғасырлардағы қазақ ақындары мен жазушыларының мұралары да бұл жерде ескерілуі керек.
Бұдан бөлек, "қазақтың әдебиет тілі солтүстік-шығыс Қазақстанда, Алтынсарин мен Абайдың жазушылық, шығармалық мұраларымен жалғас қалыптанды" - дейтін пікір де бар. Бұл ретте, Абайдың сөздігі мен әдебиеттік тіл тек Шығыс Қазақстан тілімен жазды деу дұрыс емес. Әрине, әр жазушы өз өлкесінің сөздік үлгісінде жазғанымен, қазақ халқының ежелден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілері де қапы қалған жоқ. Сол себепті, менің ойымша, бұл орынсыз пікір болып табылады. Осыдан кейін М. Әуезов Абайдың жақсы білген, үлгі алған ақындары Марабай, Шортанбай, Түбек туралы сөз етеді. Бұл ақындар әр түрлі өлкеден болғандықтан, Абайдың осы кісілерді үлгі еткенін ескерсек, қазақ тіліндегі шығармаларды тек шығыстың сөздік үлгісімен ғана жазды деу бекер.
Сонымен қатар, Абай, Ыбырай заманы әдеби тілді емес, жазба әдебиетті қалыптастырды. Дегенмен, жазба әдебиеттен бұрын әдеби тілді жоққа санау дұрыс болса, жазу-сызуы мүлде дамымаған халықтардың әдеби тілі революцияға қалай жеткенін ойланған жөн. Анығында, оларда да өзгеше бай шебер, орамды халықтық тіл қоры болғандығы даусыз. Бірақ, революциядан кейін сол елдер өнерлене бастағанда, олардың тіліне жаңа әдеби атаулар қосыла бастағанын да ескеруіміз керек деп ойлаймын.
Сонымен, «Қазақ әдебиет тілінің шынайы қалыптасқан, халық тілі болған дәуірі - социалистік революцияның дәуірі», -дейді М. Әуезов. Мұны халықтың Абай заманында әлі де болса техника, философия, социология, саясат сынды салаларда қазақ тілінің сөздігінің жоқтығымен байланыстырады. Осы ретте революциядан кейінгі тіл ғалымдарына қойылған талаптардың бірі - сол жеке ғылымдық атаулардың сөздіктерін жасау еді. Осы кезде алғашқылардың бірі болып Н. Сауранбаевтың басқаруымен терминдік сөздіктер шыға бастады. Мұндай еңбектер Қазақстаннан да басқа мемлекеттерде жасалып жатты. Мысалы, Арменияда медицина атауларынан саны 18 мың сөз болатын сөздік жасалды, құқықтан жасалған сөздікке 13 мың сөз енді. Латвияда ғылымдық атаулардың сөздігі - 40 мың сөзден құралады. Бұдан бөлек, тәжік, азербайжан, қырғыз, өзбек тілдерінде де сөздіктер көптеп шығарылды. Біздің елде де осындай біршама еңбек жасалған болатын. Бұған, әрине, қазақ совет жазушыларының еңбегі еді.
Бұл жазушылардың көпшілігін екі тілді болды: өз туған тілі және екінші ана тілдері - орыс тілі. Көркем шығармалық еңбекті қазақ тілінде жазғанымен, дүние жүзі әдебиетін, орыс мәдениетін және ескілі-жаңалы мирастары мол, туысқан елдер әдебиетін де орыс тілінде оқып таниды. Сол себепті, негізгі білім тілі - орыс тілі болды.
Баяғы кездерде, батыс-славян елдерінде, Орта Азиялық Шығыста екі тілді жазушы болса, ол оның қасиеті емес, шарасыздығы болды. Өйткені, өз халқының тіліне емес, бөтен тілге бағына отырып, көп ақындар өз тілінде жаздым деген шығармаларының да 60 процент сөздігін араб, иран тілінен алып отырған. Сол себепті, мұндай шығармаларды қараша халыққа да түсініксіз болған. Ал біздің екі тілді жазушыны алсақ, олар ең әуелі сөздігін түгелімен қазақ халқының өз тілінен және орысша болса, халқы, қауымы түгел қабылдаған сөздіктен алады. Одан кейін, орыс тілі арқылы орыстың әдеби тілінің шеберлік, көркемдік сыпаттарын алып, соны өз тілінде қонымды, көрікті етіп бере білуінде. Осы арқылы өз әдебиетін биік сатыларға көтере бастады.
Қазан революциясынан кейін әдебиетте әңгіме, очерк сияқты жанрлар пайда болды. Сан алуан драматургия шығармалары жасалды. Журналистика ұшан-теңіз өсті. Әдебиеттану ғылымы туды. Өзіне бөлек үздіксіз өсіп келе жатқан ғылымдық сала болып тіл тану ғылымы өрістеп келеді. Осы ретте Сәбит Мұқановтың "Сөз - советтік Армия", "Майға сәлем", "Колхозды ауыл осындай" деген шығармаларына тоқталады. Бұл шығармалардағы комбайннан аққан қызыл бидай тасқынын домнадан аққан, еріткен асыл тасқынына балап сыпаттау да әрі тың, әрі әдемі, ойға толы теңеу болып шығады. Осындай ізденушілік табыстар Тайырдың, Әбділданың және әсіресе, орамды, шебер, қонымды боп оралатын Ғалидің, Қасымның тіл теңеулерінен де көп кездеседі. Жұмағали, Әбу, Қалижан, Хамит, Сырбай шығармаларында осы түрдегі ізденулерді көре аламыз. Осы ретте, Әлжапардың соңғы пьесасына қойған "Бір семья" деген атының өзі де еске алуға тұрарлық. Алғаш осы атты естігенде, "семья" деген сөз неге аударылмаған деген сындар көп болды. Бірақ, "бір үйдің іші" деп аталса да мағынасы ашылмайды. "Үй іші" - бір ғана үйдің іші. Ал орыстың "семья" сөзі осы кезде біршама мағынасы кең сөз еді.
Совет жазушыларының ендігі бір қазақ әдебиет тілін жасаудағы іздену жаңалықтары - сөйлем құрау, синтаксиспен байланысты. Ол - әсіресе проза, драматургия жағында молырақ ұшырасты. Құрмалас сөйлемдер көптеп қолданыла бастады. Бұл қазақтың әдеби тілінің ендігі өсу сатысындағы өнімді ізденудің бір түрі еді. Тіл мамандарының көбі қазақтың әдеби тілінің совет жазушылар еңбегіндегі осы жаңа үлгіде сөйлем құрудағы ізденулерін, жаңалықтарын, табыстар мен олқылықтарын зерттеу, талдау жұмысын бастаған осы кезде профессор Сауранбаев болды. Ол өзінің сол кездегі зерттеулерінде Сәбиттің, Ғабиттің, Мұхтардың синтаксистерін талдауды айрықша тақырып етіп ала бастағанын аңғартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz