Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы


Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
Әйел жыныс мүшесінің аурулары ішінде қабыну процестері жиілігі жағынан бірінші орында және гинекологиялық аурулардың 60-65%-де кездеседі. Қабыну аурулары науқастың еңбекке жарамдылығын төмендетеді, кейде әйел өміріне де қатерлі.
Бұрын ауырған қабыну процестерінен кейін, науқастың етеккір қызметінің бұзылуы, бедеуліктің дамуы мүмкін.
Қабыну ауруларының жиі себептеріне: жұқпалы ауру қоздырғыштар, сонымен қатар термиялық, химиялық, механикалық факторлар жатады
Ауру қоздырғыштары ішінен : стафилококк, стрептококк, вирустар, гонококк, ішек таяқшалары, туберкулез микробактериясы, бірнеше микробтар жиынтығы /ассоциасы/. Әйел жыныс мүшесінің қабыну ауруларын организм мен микроб-қоздырғышы арасындағы күрделі өзара әсердің нәтижесі деп қарастыру керек. Сондықтан әйел жыныс жүйесіндегі қабыну процестерінің дамуы организмнің инфекцияға қарсы күресу күшіне байланысты, ол науқастың жасымен, оның жалпы жағдайымен, қосымша аурулар барлығымен /қаназдық, авитаминоз және т. б. / анықталынады. Қолайсыз жағдайда /организмінің әлсіреуі/ қабыну процесі шартты-патогенді флорамен дамиды.
Қабыну процесі организмнің зиянды агенттер әсеріне бағытталған күрделі рефлексті реакциясы. Әсер еткен жерде тіндер зақымданады. Қан айналымы бұзылады, зат алмасу процестері өзгеріске ұшырайды, қан тамырлары төрлеп, лейкоциттер мен лимфоциттер тіндерге шығады. Бұл өзгерістер организмнің жалпы реакциясымен өтеді:науқас қалтырайды, денесі қызады, лейкоцитоз байқалады, организмнің реактивтік қасиеті өзгереді, гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті мүшелер жүйесінде өзгерістер байқалады. Қабыну процестерінің жиі кездесуі ең алдымен жыныс мүшесінің анатомиялық орналасуына байланысты. Жыныс мүшесінің қабынуы абортпен, әсіресе, криминалды абортпен, босанумен, диагностикалық және емдік мақсатта жатыр ішіне жасалған іс-шаралармен /манипуляция/ тығыз байланысты. Бұл жағдайда шырышты қабаттың тұтастығы бұзылады/ жатырдың, жатыр мойының/, сонымен қатар астында орналасқан тіндер де өзгеріске ұшырайды/ мысалы, босану кезіндегі жатыр мойнының жарақаты/. Осы аталған өзгерістер инфекция кіруіне ықпал жасайды. Жыныс мүшесінің қабыну іш қуысыңдағы басқа мүшелер қабынуында/ мысалы, соқырішек-апендицит/ сигма тәрізді ішектің қабынуында және т. б. / байқалуы мүмкін, ол бұл мүшелердің топографо-анатомикалық өзара қарым-қатынастылығына байланысты. Организмнің инфекцияға қарсы күресу күшінің әлсіреуіне және қабыну процесінің дамуына әкелетін қолайсыз жағдайлар : аборт /түсік/, босану, аборттан кейінгі кезең, етеккір кезеңі, қаназдық, авитаминоз ашығу, салқын тию, созылмалы инфекция ошақтары, организмнің қорғану күшін әлсірететін ұзаққа созылған және ауыр түрдегі жалпы аурулар тобы. Қабыну процесі дамуының 3 сатысы бар:жедел, жедел үсті, созылмалы. Аурудың ақыры төмендегідей болуы мүмкін: толық айығумен, мүшенің анатомиялық құрылысы мен қызметінің бұзылуы байқалатын толық айықпаумен, процестің созылмалы түрге өтумен, аурудың қозуы мен мүше тіндерінің бұзылуы мен, кейде науқас өлімімен аяқталады.
Қабыну процесі орналасуына сәйкес топтастырылады:
1) сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы;
2) қынаптың қабыну аурулары;
3) жатырдың қабыну аурулары;
4) жатыр қосалқысының қабыну аурулары;
5) жасбастың шел қабаты мен іш пердесінің қабыну аурулары.
Вульвит - сыртқы жыныс мүшелерінің (вульваның) қабынуы. Репродуктивті жастағы әйелдерде вульвит негізінен екіншілік болып, кольпит, эндоцервицит, аднекситпен бірге көрінеді. Біріншілік вульвит ересектерде гигиенаны сақтамағанда, диабет, термиялық, механикалық, химиялық әсерлерден пайда болады.
Клиникалық көрінісі:Клиникалық көрінісі:Жедел вульвит кезінде, науқастардың негізгі шағымы сыртқы жыныс мүшесі маңындағы қышу, ашу. Кей жағдайларда жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру вульваның қызаруымен (гиперемия), іріңді немесе іріңді-серозды бөліністермен, шап лимфа түйіндерінің үлкеюімен көрінеді.
Созылмалы түрінде жоғарыдағы клиникалық көріністері азайып, негізінен қышу мен ашыту сезімі ғана мазалайды.
Диагностикасы:Вульвитті анықтауда қосымша әдістерге сыртқы жыныс ағзасынан бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеу жасалады.
Емі:Негізгі қабынуды шақырып тұран патологияны жою. Қынапты өсімдіктер жиынтығымен (түймедақ, календула, шалфей, зверобой) , антисептиктер ертінісімен (диоксидин, мирамистин, хлоргексидин, калий пермаганаты) шаю. Комплексті әсер көрсететін антибиотиктерді пайдалану. Олар көптеген патогенді микроорганизімдерге, саңырауқұлақтарған, трихомонадаларға эффективті болып келеді. Оларға: полижинакс, тержинан, нео-пенотран, макмирор жатады. Бұларды жергілікті түрде тағайындайды. Қабыну көріністері азайғанда, репаративті процесстерді жылдамдату үшін А, Е витмамині бар майлар (мазь) тағайындалады. Олар:
- Cолкосерил
- Aктовегин
- Итмұрын майы
Сыртқы жыныс мүшелері аумағында айқын қышу белгілері мазаласа, антигистаминді препараттарды тағайындайды. Олар: димедрол, супрастин, тавегил және т. б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz