Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі



Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы «Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі» болып келеді. Жұмыс барысында дамыған елдердің және Қазақстан Республикасының муниципалдық басқарылуы сипатталады. Курсытқ жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарауда, Жалпы муниципалдық менеджменке сипаттама беріледі, теориясы талқыланады.
Екінші тарауда, дамыған елдер жергілікті өзін өзі басқару ж.үйесі сипатталады.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті билікке сипаттма беріп, оның басқа дамыған мемлекеттер тәжірібиесімен салыстыру.
Қорытынды бөлімінде жалпы курстық жұмысқа қортыныды ой . толғау жазылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта дамыған елдердегі Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару дамуы ды дамуынның зерттелуі өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Біздің елімізбен басқа дамыған елдердегі өзін өзі басқарудың түрлерін қарау. Қалалардың жергілікті өзін өзі басқару үлгілеріне сипаттама беру.
Қазақстан Республикасында халық шаруашылығының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жүргізіліп жатқан терең экономикалық өзгерістер, реформалар, мамандар, даярлау ісінде де талаптарды қайтадан қарауды қажет етеді.
Курстық жұмысының мақсаты: Дамыған елдердегі жергілікті басқарудың даму тәжірибесін зерттеп, ашып көрсету.
Курс жұмысының міндеті:
• Өзін өзі басқарудың негізгі принциптері және дамуы
• Жергілікті басқарудың органдарына сипаттама беру.
• Дамыған елдердегі өзін ді өзін басқару жүйесіне сипаттама беру.
• Қазақстан республикасының жергілікті басқарудың тиімділігі.
• Дамыған елдердің мемлекеттік басқару сипаттамасын ашып көрсету.
• Өзін өзі басқарудың қағидалары мен түрлеріне, оның басқару органдарына сипаттама беру.
• Дамыған елдердегі өзін өзі басқару туралы мәліметтерді толықтай зерттеу.
• Қазақстан Республикасының дамыған елдердегі алған тәжірібиесін ашп көрсету.
• Курстық тақырыпқа талдау жасап, қортыныды жасау.
• Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару дамуы

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі
басқаруды тәжірібиесі болып келеді. Жұмыс барысында дамыған елдердің және
Қазақстан Республикасының муниципалдық басқарылуы сипатталады. Курсытқ
жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден
тұрады.
Бірінші тарауда, Жалпы муниципалдық менеджменке сипаттама беріледі,
теориясы талқыланады.
Екінші тарауда, дамыған елдер жергілікті өзін өзі басқару ж.үйесі
сипатталады.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті билікке
сипаттма беріп, оның басқа дамыған мемлекеттер тәжірібиесімен салыстыру.
Қорытынды бөлімінде жалпы курстық жұмысқа қортыныды ой – толғау
жазылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта дамыған елдердегі
Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару дамуы ды дамуынның
зерттелуі өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Біздің елімізбен басқа
дамыған елдердегі өзін өзі басқарудың түрлерін қарау. Қалалардың жергілікті
өзін өзі басқару үлгілеріне сипаттама беру.
Қазақстан Республикасында халық шаруашылығының нарықтық
қатынастарға көшуге байланысты жүргізіліп жатқан терең экономикалық
өзгерістер, реформалар, мамандар, даярлау ісінде де талаптарды қайтадан
қарауды қажет етеді.
Курстық жұмысының мақсаты: Дамыған елдердегі жергілікті басқарудың
даму тәжірибесін зерттеп, ашып көрсету.
Курс жұмысының міндеті:
• Өзін өзі басқарудың негізгі принциптері және дамуы
• Жергілікті басқарудың органдарына сипаттама беру.
• Дамыған елдердегі өзін ді өзін басқару жүйесіне сипаттама беру.
• Қазақстан республикасының жергілікті басқарудың тиімділігі.
• Дамыған елдердің мемлекеттік басқару сипаттамасын ашып көрсету.
• Өзін өзі басқарудың қағидалары мен түрлеріне, оның басқару органдарына
сипаттама беру.
• Дамыған елдердегі өзін өзі басқару туралы мәліметтерді толықтай
зерттеу.
• Қазақстан Республикасының дамыған елдердегі алған тәжірібиесін ашп
көрсету.
• Курстық тақырыпқа талдау жасап, қортыныды жасау.
• Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару дамуы

Жергілікті өзін өзі басқару – бұл халықтың қызметін жеке ұйымдастыруды
қамтамасыз етіп, өзінің жауапкершілігіне жергілікті маңызы қалада,
ауданда, ауылда және т.б. бар мәселелерді шешудің, яғни халықтық биліктің
түрі.
Жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдық құқықтық негіздерін
жергілікті өзін өзі басқарудың сұрақтары мен жергілікті өзін өзі басқарудың
жарғысын реттейтін, Қазақстан Республикасының заң актілері мен Жарғысы
құрайды.
Жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негізін құрайтындар:
• табиғи ресурстар жер және оның қойнауы, су, орман, өсімдіктер және
жануарлар әлемі;
• муниципалдық меншіктің құрамына кіретін, қозғалмалы және
қозғалмайтын мүлік;
• жергілікті бюджеттің қаржылары;
• кейбір мемлекеттік қызмет түрлерін орындау үшін жергілікті өзін
өзі басқаруға берілген мемлекеттік меншік.
Жергілікті өзін өзі басқарудың қаржылық негіздерін құрайтындар:
• жергілікті бюджеттің қаржысы;
• бюджеттен тыс және валюталық қорлардың қаржысы;
• мемлекеттік үкімет органдарының жәрдем түрлері дотация және
субвенциялар, несие ресурстары;
• аумақтық қоғамдық өзін өзі басқару органдарының қаржысы.
Жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі ұйымдастыру принциптері:
• елді мекендер аумағында тұратын халықтың өздерін басқаруға құқысы;
• жеткілікті меншіктегі материалдық-қаржылық ресурстарының
жеткіліктілігі;
• жергілікті өзін өзі басқарудың қызметі мен ұйымдастыруындағы
заңдылық;
• жергілікті өзін өзі басқару органдарының сайланбалығы;
• жергілікті өзін өзі басқару органдары мен лауазымды қызмет
адамдарының мемлекет және халық олдында өз қызметтерін дұрыс
орындау жауапкершілігі.
Жергілікті өзін өзі басқарудың кепілдігі төмендегідей:
• жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттілігі мемлекеттік билік
органдарының шешімімен бір жақты түрде шектелінбейді, не алынбайды;
• жергілікті өзін өзі басқару органдары өздерінің заңды құқықтары мен
мүдделерін сот арқылы қорғауға құқылы;
• жергілікті өзін өзі басқару органдарының құқықтық актілері тиісті
аумақта тұратын барлық азаматтар мен кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдардың меншік түріне және ұйымдық-құқықтық нормасына байланыссыз
орындауы қажет;
• ешкім де жергілікті органдардың міндетін шектейтін актілерді қабылдау
дұрыс емес.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының ұйымдастыру мен қызметтерінің
тәртібі жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі жарғыда көрсетіледі.
Жергілікті өзін өзі басқарудың сайланатын органдары қалалық және
аудандық мәслихат, ауылдық кеңес түрінде болады. Жергілікті өзін өзі
басқарудың сайланушы органдары заңды тұлғалар болып табылады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының кәсіпорындармен және
ұйымдармен арасындағы қатынасының мәні мынада:
□ жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалдық меншігіндегі
кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мақсаттарын, қызмет тәртібі
мен жағдайларын анықтайды;
□ олардың өнімдері мен қызмет түрлеріне қойылатын бағалар мен
тарифтерді реттейді;
□ кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және алады, олардың
қызметтері туралы есебін тыңдайды, жарғыларын бекітеді;
□ муниципалдық меншік құрамындағы кәсіпорындар, мекемелер,
ұйымдармен жергілікті органдар арасындағы қатынас еңбек заңдылығына
сәйкес келісім-шарт түрінде қалыптасады.
Жергілікті өзін өзі басқару органы:
□ муниципалдық меншік қарауындағы объектілерді пайдалануға тұрақты
және уақытша, иеленуге, жалға беруге, сатуға және ала алады, бұл
жағдайда заңдылықты және органдардың құқықтық актілерін ескереді;
□ жергілікті бюджеттің және бюджеттен тыс, валюталық қорлардың
қаржыларына иелік жасайды;
□ тиісті органдардан мемлекеттің қарауындағы кәсіпорындардың
аумақтағы тұратын халықтың тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени
қажеттігіне аса маңызы болса оларды муниципалдық меншікке берілуін
не сатуын талап етеді;
□ муниципалдық меншіктің объектілерін мемлекеттік меншікке алып
қойған жағдайды келтірілген шығынның орнын толық қайтаруды талап
етеді әрі алады;
□ муниципалдық меншіктің кейбір объектілерін жергілікті өзін өзі
басқарудың басқа органдарының қарауына беруге құқы бар.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары өзіне қарайтын аумақтағы
шаруашылық қызметін үйлестіреді, яғни:
□ кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуына қатысуын үйлестіру;
□ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ұстау және
жөндеуді, құрылысын жүргізуді қаржыландыру үшін жергілікті
бюджетпен қоса ерікті түрде кәсіпорындардың, ұйымдар мен
азаматтардың қаржыларын біріктіреді.
Жергілікті өзін өзі басқару қызметінің аумағында жүргізілетін көптеген
жұмыс түрлеріне орындауға заң жүзінде тапсырыс бере алады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары заң жүзінде бекітілген тәртіп
бойынша өздері жеке сыртқыэкономикалық байланыстар орнатады:
□ шетелдік әріптестермен өнімді сатуға не алуға келісім-шарт
жасасады;
□ халық тұтынатын тауарларды шығаруға және халыққа қызмет
көрсететін бірлескен кәсіпорындарды құруға, шетелмен сауда
қатынасып ұйымдастырады;
□ кәсіпорындарға экспорттық мүмкіндіктерін жетілдіру үшін көмек
беру мақсатында муниципалдық сыртқыэкономикалық ұйымдарын құрады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары несиелік қатынастар мен ақша
айналымен ұйымдастыруға қатысады. Заңдылық аумағында және бекітілген
тәртіпке орай:
• өндірістік және әлеуметтік мақсаттарға жұмсау үшін келісім
негізінде несиелер алады;
• жергілікті өзін өзі басқарудың басқа органдарына, кәсіпорындарына,
мекемелері мен ұйымдарына процентке не процентсіз несиелер береді;
• мақсатты қорлар құрып және оны кез келген банкке аумақтық бағыттағы
мақсатты бағдарламалар мен шараларды несиелендіруге беріледі;
• әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті
займдар шығарады;
• коммерциялық банкілер мен несие мекемелерінен несие алады;
қаржы-несие ұйымдары мен мекемелерін қамсыздандыру банкілері,
инвестициялық компаниялар құрады

Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өз өкілдігі шеңберінде
қабылдаған шешімдері сол аумақта тұратын азаматтар міндетті түрде орындауы
керек.
Жергілікті өзін өзі органдарының шешімдерінің күшін жою өздерінің не
сот органдарының қолынан келеді. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының
қабылдаған шешімдері өз өкілеттіктерінен шығып кетсе, оны тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктің өнімі түзей алады.
Жергілікті өзін өзі басқарудың сайланбалы органы белгілі бір
өкілеттілікке ие.
Жергілікті өзін өзі басқарудың сайланбалы органы (кенес):
• Жергілікті қоғамдастықтың жарғысын қабылдайды және өзгертеді;
• Жергілікті өзін өзі басқарудың төрағасының жергілікті
қоғамдастықтың мүмкін пайдалану жөніндегі есебін тыңдайды;
• Жергілікті қоғамдастықты басқарудың схемасын бекітеді;
• Жергілікті қоғамдастықты қайта құру және тарату туралы шешім
қабылдайды.
Жергілікті қоғамдастықтың жарғысында:
• Жалпы жағдайлар: мақсаты, құқықтық негіздері, аумақтың тізімі,
қоғамдастықтың құрамы;
• Жергілікті қоғамдастықты жүргізу;
• құрылу тәртібі, қызметінің құрылымы, түрлері, жергілікті өзін өзі
басқару органдарын және басқа органдарды қайта құру және таратудың
негізгі және тәртібі;
• органдар қызметінің мерзімі және өкілеттілігі, олардың мүшелері мен
лауазымды қызметтегі адамдардың құқығы мен міндеттері;
• жергілікті өзін өзі басқарудың экономикалық негіздерінің
сипаттамасы;
• жергілікті қоғамдастықтың жарғысына өзгерістер, қосымшалар
енгізудің тәртібі;
• жергілікті қоғамдастықтың қызметі және басқа да ұйымдық мәселелері;
Жергілікті қоғамдастықтың тістік жарғысын Қазақстан республикасының
үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикадағы өзін
өзі басқару әртүрлі ұйымдастырушылық түрде жүзеге асады. Заңда
көрсетілгендей, муниципалдық құрылым өзі жеке жарғы дайындап оны
қабылдайды. Онда жергілікті өзін өзі басқаруды нақтылы ұйымдастыру түрлері,
жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың тікелей шешуге қатысу тәртібі
мен кепілдіктері; сайланатын органдардың өкілеттілігі және т.б. мәселелер
көрсетілген.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқаруды жүзеге
асырудың үш түрлі ұйымдық түрлерін атауға болады:
• референдумдар;
• сайлау;
• жиналыс.
Қазақстан Республикасында ондаған жылдар бойы референдумдар не
жергілікті, не республикалық деңгейде өткізілмеді. Алғашқы рет жергілікті
референдум” ұғымы 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “ҚР
жергілікті өзін өзі басқару туралы” Заңында қолданылды. Ал бұрынғы Кеңестер
Одағында тұнғыш референдум 1991 жылы 17 наурызда өткізілген болатын.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін өзі
басқарудың бір жолы референдум ретінде бекітіліп, оған ҚР азаматтарының
қатысу құқығын таныды.
Муниципалдық сайлаулар. Олар халықтың жергілікті өзін өзі басқару
жұмысына қатысудың маңызды түрі болып табылады. Сайлау арқылы жергілікті
өзін өзі басқару органдарының өкілетті органдары құрылып, олар арқылы халық
өзін өзі басқарады.
Сайлау - бұл өзін өзі басқару актісі.
Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті билік органдарына сайлау
тұнғыш рет депутаттыққа кандидаттардың бәсекелестігі жағдайында 1991 жылы
ҚР “Жергілікті Кеңестерге халық депутаттарын сайлау туралы” 13.01.1992 ж.
Заңы негізінде өткізілді.
Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аймақтарда азаматтардың
жиналысын өткізуге болады. Бұл әрбір азаматтарға, қалың бұқараға қатысуға
жол ашу, яғни демократияландыру белгісі, өзін өзі ұйымдастырудың құралы
болып табылады.
Аумақтық қоғамдық өзін өзі басқару. Бұл өзін өзі басқаруды жүзеге асыру
барысында маңызды ролі атқарады. Бұндай өзін өзі басқару жүйесінің көрінісі
ретінде микрошағын аудандағы комитеттер, кеңестер, тұрғын үй кооперативтері
т.б. атауға болады. Аумақтық қоғамдық өзін өзі басқару қоғамдық пікір
қалыптастыруға әсер етеді және тиісті органдарға шешім қабылдау барысында
көпшілік халықтың пікірі мен ұсыныстарын

2. Тарау Дамыған елдердегі жергілікті басқарудың даму тәжірибесі.

2.1 Жергілікті өзін өзі басқарудың қалыптасу тәжірибесі.

Муниципалдық жүйелердің түрліше болуы жергілікті өзін өзі басқарудың
тарихи және аймақтық ерекшеліктерін айқындайды. Жергілікті өзін өзі
басқарудың даму тәжірибесін адамның өзінің дамып қалыптасу идеясымен бір
контексте қарау керек және ол әр жердің өзіндегі үкіметтің ұйымдық
ерекшеліктеріне сай келіп отырады. Бұлайша қарау құқықтық дәстүрлердің
көздеріне жүгінуді қажет етеді, өйткені муниципалдық үкіметтің формалары
идеяларға ғана иек артқан жоқ (мысалы, ерікті қоғамдастық), сонымен қатар
құқықтың дамуына да көмектесіп келеді. Жалпыға мәлім құқықты организм,
корпус, жүйе деп қарап келінгені, алайда кез келген жағдайда да құқық
организмі өмір сүріп келді, өзгеріп те отырды, өйткені қоғамға, мемлекетке
арқа сүйеді. Құқық сыртқы факторларға (мысалы әлеуметтік; революциялық
сілкіністер, реформалар) қарай ғана айқындалған жоқ, оның өзінің де ішкі
логикасы болды. Бұған юрисдикциялар плюрализмі және құқық жүйелерінің болуы
дәлел.
Жалпы түсінік бойынша адамзаттық заңдар ой мен ардың жалғасы.
Қабылданып әрекет ететін кез келген заң табиғи құқыққа сай келуі керек,
онсыз оның заңдық күші болмайды және ол сақталуы керек. Бұл теория
христиандық теологияның да, аристотельдік пәлсапаның да негіздерінің негізі
болды.
Франциядағы муниципалдық үкімет идеясы қоғамдастықты жергілікті
істерді сондағылардың өздерінің қараулары бойынша шешу қажеттігінен туған.
Жергілікті өзін өзі басқару идеясы ең алғаш рет 1790 жылы Турэнің
Францияның Ұлттық жиналысында жасаған баяндамасында тұжырымдалды.
Франция басқа да құрлықтық елдер сияқты аумақтық басқару мен өзін өзі
басқаруда бір реформа ғана жасап қойған жоқ. Айталық 1982 жылды алып
қарасақ, елде аумақтық басқару үш деңгейде жүзеге асырылған: олардың екеуі:
коммуна мен департамент аумақтық ұжымдар, ал үшіншісі небәрі территориялық
ашық мекеме, яғни статусы анықталмаған заңды құрылым ғана болған.
Ұлыбританияда жергілікті өзін өзі басқару корольдік үкіметтен жеке
жеке қалалар мен аумақтардың бөлініп шыға бастаған кезінен басталған.
Мысалы, Генрих 1-ші 1129 жылы құрған Лондон хартиясында былай деп жазған:
Азаматтар шағымдарын қараулары үшін сотты өз орталарынан сайлаулары
керек. Бұдан әрі хартия ешкімді де ешкім король болсын, басқа болсын
басқа жерге жібере алмайды. Лондонның барлық тұрғындары жол жүру ақысынан,
тауарларын өлшету ақысынан, басқа да Англияның барлық жерінен және теңіз
порттарынан өту ақыларынан босатылады.
Қазіргі кезде британдық жергілікті өзін өзі басқару мынадай сипаттарға
ие: жергілікті өзін өзі басқару органдарының заңды тұлғалық статустары
бар; тиісті аумақтарда әкімшіліктік өкілеттіліктері бар; қаражат дербестігі
сақталған, оның ішінде жергілікті салықтарды өздері белгілейді; жергілікті
органдардың басшылары сайланып қойылады. 1985 жылдан бері жергілікті өзін
өзі басқару заңдылығы жаңартылған және даму мен жетілдіруде еркін
тенденциялары бар болып отыр.
Жапониядағы жергілікті өзін өзі басқару (дзити) нақты билік
жүргізе алады, биліктің жергілікті органдары өз иеліктеріндегі меншіктерін
өздері жұмсай алады, заңдылық шегінде өздері қаулы-қарарлар қабылдап алады.
Жергілікті автономия туралы Заң үкіметтің жергілікті органдары өздері
атқаратын функциялардың аясында заңды қаулылар алады және жергілікті өзін
өзі басқаруды жүзеге асырады. Аталған заңмен қатар жергілікті өзін өзі
басқарудың құқықтық негізін елеулі түрде жергілікті коммуналдық қызмет,
жергілікті салықтар және басқалар туралы қаулылар құрайды.
Германияда жергілікті өзін өзі басқару институттары басқарудың
ерекшеліктері ескеріле отырып сөзсіз өзгеріп, жетілдіріліп отырды, оларды
мамандар бөліп көрсетті, олар: полицейлік мемлекет жағдайындағы абсолютизм
кезеңіне басқару; либералды “құқықтық мемлекет” кезінде басқару; “тұтыну
қоғамы” кезінде басқару, “жоспарлы экономикалы мемлекет” кезінде басқару.
Бұдан басқа мемлекеттің федералдық құрылымы ФРГ-нің конституциясы
мемлекеттік органдарға өзін өзі басқару аясына орайластырып жеке жеке
жерлер берді; оларда жергілікті өзін өзі басқарудың формалары сан алуан
болды, бұл ФРГ-нің коммуналдық моделіне елеулі әсер етті.

3. Тарау.Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқару

3.1 Республикамыздағы жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігі
Еліміз үшін саяси жүйені одан әрі дамытудағы айқындаушы кезең болды.
Бұл жерде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген
конституциялық реформаларды жүзеге асыру үдерістері Парламенттің, саяси
партиялардың, мәслихаттардың (барлық деңгейдегі) қоғамдағы рөлін арттыра
түсетіні анық. Бірақ ол, ең алдымен, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін
енгізіп, жаңартуға келіп тіреледі.
Жұртшылыққа белгілі болғанындай, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
орталық билік пен жергілікті билік орындары арасындағы өкілеттіліктің
нақтылы шектелуін қажет етеді. Осындай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттің бекіткен және таныған халықтың өзін-өзі басқару құқығы болып
табылады. Бұл жерде халық билігі жергілікті маңызды мәселелерді өз
жауапкершілігіне алады. Сондай-ақ, жергілікті билік орталық органдардың
келісімімен ішкі мүмкіндіктерді өздері пайдаланып, проблеманы шешіп
отырады. Бұл жерде орын алған қиындықтар, әсіресе әлеуметтік саладағы
шешімін күткен маңызды мәселелер жергілікті тұрғындардың көңіл-күйіне қатты
әсер ететінін ескеру қажет.
Жергілікті тұрғындардың осы саладағы атқарылып жатқан реформаға
қанағаттанбауы алдағы уақытта басқа да игілікті шараларды ескермеуге әкеліп
соғады. Міне, сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру
бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың
тиімділігін арттырып, төменгі буындардағы жемқорлықты азайту – азаматтық
қоғамды қалыптастырып, дамытуға көмектеседі. Өзін-өзі тиімді басқару
біртіндеп жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін арттыра отырып, жоғарыдан
көмек күтпей, кездескен проблемаларды бірлесіп шешуге қолайлы жағдай
жасайды. Осындай жағдайда жергілікті билік тұрғындар алдында бедел жинап,
өкілеттілікке ие болады.
Қазақстанда ұзақ уақыт бойына жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу
мәселесі шешімін таппай келді. Оның көптеген себептері болды. Ең алдымен,
аймақтарда өзін-өзі басқаруды енгізу үшін заңнамалық жүйе жетіспеді.
Мұның өзі орталық билік пен аймақтық құрылымдар арасындағы өкілеттілік пен
қызметті айыруға кедергі келтірді.
Соған қарамастан, біздің елімізде барлық уақытта жергілікті өзін-өзі
басқарудың жобалары жасалынып отырды. Бірақ, оны нақты жағдайда кешенді
қолға алу жүзеге аспады.
Мұның өзі заң жобаларының жетілмеуінен туындады. Жергілікті өзін-өзі
басқару секілді шараны кешіктірді. Дей тұрғанмен, былтыр бұл мәселе өлі
нүктеден қозғалып, Парламентте, Үкіметте және сондай-ақ ықпалды үкіметтік
емес ұйымдарда өткен пікірталастардың тақырыбына айналды. Нәтижесінде
Мемлекеттік комиссияның бір жұмыс тобы демократиялық реформаларды іске
асыру барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемаларын зерттеп, іске
асыра бастады. Мемлекеттік комиссияның қызметі босқа кеткен жоқ. Ұзақ уақыт
жүргізілген тиянақты жұмыс нәтижесінде конституциялық реформаның негізгі
бағыттарын жасау барысында оның бір тармағы ретінде жергілікті өзін-өзі
басқару жобасы қолға алынды.
Қоғамдағы саяси жүйені реформалау шеңберінде халық сайлайтын
мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруға мұрындық болады. Нәтижесінде
барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері біршама кеңейеді. Барлық
деңгейдегі әкімдер мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындалады. Осы
жағдайда жүзеге асырылған конституциялық өзгерістер ауыл әкімдерінің
жергілікті мәселелерді шешуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұған қоса,
мәслихаттардың әкімдерге сенімсіздік көрсету әдістемесі оңайлатылады.
Жергілікті мәслихаттар алдағы уақытта көпшілік дауыс беру арқылы әкімдерге
сенімсіздік танытып, оны қызметінен босату жөніндегі бастама жасай алады.
Соған орай, жергілікті басқару орындарының мәслихаттардың алдындағы
жауапкершілігі арттырылып, олар жергілікті тұрғындар алдындағы
жауапкершілігін тереңірек сезінеді. Жергілікті өкілетті органдардың рөлін
күшейту, оларға қосымша өкілеттіліктер беру жер-жерде өзін-өзі басқару
жүйелерін қалыптастырудағы алғашқы қадам болып отыр.
Іс жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің жалғасы
болып табылады. Ол, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың қатысуымен іске
асырылатыны маңызды. Сондықтан да, мұның өзі саяси шешімдерді қабылдаудың
барысында оған қоғамның кеңінен белсенді қатысуына жол салады. Жергілікті
тұрғындар біртіндеп өздерінің алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шешуге
үйренеді.
Әрине, Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесін енгізу аса күрделі құбылыс
екенін ұмытуға болмайды. Ол көптеген әртүрлі дәрежедегі мәселелерді
қамтиды. Бұл, ең алдымен, билік пен меншікке, тұрғындардың азаматтық
бастамаларға дайындығына, демократияның даму деңгейіне, дүниежүзілік
қоғамдастыққа қатынасына байланысты.
Сондықтан да, билікті оңтайландыру ұзақ мерзімге созылатын іс-шара
деген жөн. Соған орай, Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесі ыңғайына қарай
кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл жерде кешенді бағдарламалардың маңыздылығы
ерекше орын алады. Оның ішінде өкілеттілікті, меншікті және қаржыны бөлу,
билікті жергілікті жерлерге беру біртіндеп жүзеге асады. Бұдан кейін
жергілікті және орталық билік органдарының өзара бірлесіп қимылдауына,
жергілікті орындағы басқару саясатын қалыптастыруға назар аударылады. Соның
нәтижесінде біртіндеп жергілікті тұрғындар өзін-өзі басқару және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқаруда жүйе теориясын қолдану
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Шет ел мемлекетінің зейнетақы жүйесі
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Басқару жүйесіндегі саяси менеджмент
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
Жергілікті басқару органдарының қаржылық қызметінің әлемдік тәжірибиесі
Мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының өндірістік ұйымдарында еңбекті және оның төлемақысының есері
Пәндер