Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақтың тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру тәсілдері.

1. Блум таксономиясының моделі.

Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылыПенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынангөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінінайта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай -ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылымұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауы мен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі -иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдісарқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл- ой белсенділігі төмен болады.

1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістертобы;

2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, оларпроблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауғабағытталады;

3) оқушылардың көркем- эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;

4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарайбағыттайтын практикалық әдістер тобы.

Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны - айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс- әрекеттері, яғни когнициясы.

Жалпы таным-білімге, жан- жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай- күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:

  • адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
  • адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
  • дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
  • тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
  • ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

  • Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (топтау, бақылау, қалыптастыру)
  • Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру
  • Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату
  • Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, саабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Олай болса, Ж. Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру - іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.

Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.

«Блум таксономиясы» кестесі:

Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың іс-әрекеті
Мақсаттар жүйесі: Білім
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Мақсаттар жүйесі: Түсінік
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Мақсаттар жүйесі: Қолдану
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімді қолданады
Мақсаттар жүйесі: Талдау
Оқушылардың іс-әрекеті: Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды салыстырады
Мақсаттар жүйесі: Жинақтау
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Мақсаттар жүйесі: Бағалау
Оқушылардың іс-әрекеті: Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

Блум таксономиясын қолдану:

Мақсаттар
Пайдаланылатын етістіктер
Мақсаттар: Білім
Пайдаланылатын етістіктер: еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу
Мақсаттар: Түсіну
Пайдаланылатын етістіктер: қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау
Мақсаттар: Қолдану
Пайдаланылатын етістіктер: көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу
Мақсаттар: Талдау
Пайдаланылатын етістіктер: ажырату, саралау, үміт арту, даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу
Мақсаттар: Жинақтау
Пайдаланылатын етістіктер: тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау
Мақсаттар: Бағалау
Пайдаланылатын етістіктер: жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Мақсат пен бағалау арасындағы байланыс

Мақсаттар
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері
Ұпай
Мақсаттар: Білу :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Оқыған материалды есте сақтап, қайталап айтып беру
Ұпай: 2
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Пайдаланылған сөздіктер мен түсініктерді білу
Ұпай: 0, 5
Мақсаттар: 2. Нақты фактілерді (мәліметтер мен деректер) білу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 0, 5
Мақсаттар: 3. Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1, 0
Мақсаттар: Түсіну :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу
Ұпай: 4
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Ұстаным, ереже, фактілерді түсіну
Ұпай: 0, 5
Мақсаттар: 2. Мәтінді басқа формада жеткізе алу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1, 0
Мақсаттар: 3. Нәтиженің келешегін болжамдай алу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 2, 5
Мақсаттар: Пайдалану :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Материалды жаңа жағдайда пайдалану
Ұпай: 6
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану
Ұпай: 1, 0
Мақсаттар: 2. Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 2, 0
Мақсаттар: 3. Ұстаным, ережелерді жаңа жағдайда қолдана алу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 3, 0
Мақсаттар: Талдау :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Материалды негізгі компоненттерге жіктей білу
Ұпай: 8
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Жасырын болжамды айқындау
Ұпай: 2, 0
Мақсаттар: 2. Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 2, 5
Мақсаттар: 3. Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 3, 5
Мақсаттар: Жинақтау :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю
Ұпай: 10
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Болжам жасау
Ұпай: 2, 5
Мақсаттар: 2. Эксперимент жоспарын құру
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 3, 0
Мақсаттар: 3. Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 4, 5
Мақсаттар: Бағалау :
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: Оқыған материалдың құндылығын бағалау
Ұпай: 12
Мақсаттар:
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 1. Материалдың қажеттілігін айқындай білу
Ұпай: 6, 0
Мақсаттар: 2. Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу
Нақты мақсаттардың эталондық көрсеткіштері: 6, 0

Б. Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары

Білу
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.
1-2 ұпай
Білу: Түсіну
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.: Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.
1-2 ұпай: 3-4 ұпай
Білу: Қолдану
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.: Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.
1-2 ұпай: 5-6 ұпай
Білу: Талдау
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.: Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.
1-2 ұпай: 7-8 ұпай
Білу: Топтау
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.: Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.
1-2 ұпай: 9-10 ұпай
Білу: Білімді бағалау
Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.: Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?
1-2 ұпай: 11-12 ұпай

2. Сыни тұрғысынан ойлау техникасы

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді.

Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті.
Дамыған технологиялардың бірі - «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жазу немесе айту керек » деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Мақсаты: барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сондай-ақ - білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі:
  • Кез келген ақпараттың жан - жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
  • «Өзгенің ақыл ойымен шыңдалмаған білім - білім емес» дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі - оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы:

Мақсаты:

Тиімділігі:

Нәтижесі:

Білім алуға ұмтылатын шәкіртке жол көрсету, оқуға қызығушылығын ояту, сабақта оқушыны ізденіске бағыттау, оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындау, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асуы, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу.
ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Технология құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағына тану;

3. Ой-толғаныс.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Білім алушыны жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - білім алушының белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Білім алушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, білім алушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Ой-толғаныс - бұл кезеңде күнделікті оқыту процесінде білім алушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда білім алушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Білім алушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады. Үнемі үзбей жазудың арқасында білім алушылардың қойын дәптерлерінен жақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасаймын. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықталды және оның мынандай жобасын жасауға болады:

- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал - мәтел, сөз тіркестерін жазу;
- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;
- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;
- махаббат, сезімге байланысты қарапайым адамдардың өмірінен мысалдар жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы жазу;
- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;
- «жүрек жарды жырларым» (өз өлеңін жазу) ;
-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.

Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемібілім алушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.

3. Рефлексия

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні - адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz