Тәрбиешінің біліктілігін арттыру жайлы ережелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбиешінің біліктілігін арттыру жайлы ережелер

Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегінде оның жеке педагогикалық мәдениеті көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі, адамгершілігі, таным түсінігі, тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т. б жатады. Олар жаңалықтың жаршысы ретінде оқытудың тәсілдерін, озық тәжірибелерін сараптап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы талап етіледі. Тәрбиешілердің рухани адамгершілік қасиеттері, психологиясы, кәсіби даярлығы, қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын білім саласының алғы шарты ретінде бағаланады. Осыған сәйкес мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе. Ол үшін тәрбиеші педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда олардың кәсіби даярлығын, шеберлігін, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін, мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету көзделеді. Мамандардың кәсіби қалыптасуы, бағыт бағдар алуы, балабақша өміріне бейімделуі мен машықтануы және педагогикалық интелект, қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби шеберлігінің шыңдалуы мен еңбекке шығармашылық қабілеттері, ынта ықыластарының арта түсуіне байланысты болмақ. Өйткені, ынтымақтастық педагогикасы негізінде тәрбие екі жақтан: отбасы және балабақшаның бірлескен іс әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тәрбиеші еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені мектепке дейінгі ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс әрекетіне дайындау - тәрбиешілерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір тәрбиеші орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана тәрбиеші жаңашыл, балаларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.

Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту. Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс; біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 кем болмауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Білім берудегі инновациялар
Педагогикалық шеберлік.Дәрістер
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
МДҰ әдістемелік кабинет
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz