Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ

Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Тақырыбы: Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау

Орындаған:Куаныш Н. Б.

Қабылдаған: Мурзагулова М. Д.

Алматы 2020

Бағдарламаның мақсаты
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, мүгедек балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті тұрғыдан даярлау және жүзеге асыру.
Бағдарламаның мақсаты: Бағдаламаның міндеттері
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, мүгедек балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті тұрғыдан даярлау және жүзеге асыру.:

1. Мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін арнайы жағдай жасау

2. Білім беру кезеңдерінің сабақтастығы жағдайында мұмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға жеке қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

3. Білім беру мекемесінде қосымша білім алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың кіруін қамтамасыз ету

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға мектеп және қалалық қоғамдастықтың толеранттық көзқарасын қалыптастыру.

5. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға көмекті үйлестіру үшін қоғамдық ұйымдармен, әлеуметтік қорғау және медицина ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту

Бағдарламаның мақсаты: Бағдарламаның күтілетін нәтижесі
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, мүгедек балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті тұрғыдан даярлау және жүзеге асыру.:

Бағдарлама:

1. Қолжетімді сапалы білім алу үшін бұқаралық мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға бейімді білім беру ортасын құру.

2. Қоғамда баланың әлеуметтену процестерінің әлеуметтік-гуманитарлық қолдау көрсетудегі негізгі бағыттарын қамтамасыз ету.

3. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды олардың физикалық статусына сәйкес келетін қосымша білім беру формаларымен қамтамасыз ету.

4. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың әлеуметтік белсенділігін және өзін-өзі игеру деңгейін арттыру.

5. Мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар балаларға қоғамның толеранттық көзқарасын қалыптастыру процесін қамтамасыз ету.

6. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында серіктестік орнату, қызметті үйлестіруді және кіріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады:

  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі.

2. Білім беруді ұйымдастыру.

3. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын сипаттау.

5. Сабақ, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-әрекет бірлігінде қамтамасыз етілуге тиіс отбасы және қоғамның басқа институттарына қатысы бар білім беру мекемесі мен басқа ұйымдардың мұғалімдері, түзету педагогикасы саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлердің түзету шараларын жасап жүзеге асыруда өзара әрекет ету механизмі.

  1. Түзету жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері.
  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кешенді қолдау көрсету жүйесі.

Жалпы білім беру мекемесінде білім беру мекемесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум) мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің маңызды тетігі - болып табылады. Қолдау қызметі (мектеп консилиумы) - даму деңгейі қалыпты және мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі мен дамуына оңтайлы жағдай туғызып, олардың табысты әлеуметтенуіне және қоғамға сіңісуіне ықпал ететін білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі.

ПМПК қорытындысы

қорытындысы

Әлеуметтік педагог

Үлгерімді кезеңдік қадағалау, пән мұғалімдеріне ұсынымдар беру

Медициналық қолдау

Отбасы (ата-аналарға кеңес беру)

Диагностика

Жеке түзету бағыттары

C:\Users\comp14\Desktop\Attachment.jpg

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала

Жұмыс бағдарламаларын түзету

Оқытудың келесі кезеңіне көшу кезіндегі межелі қадағалау

Тәуелсіз педагог

Педагог-психолог

Логопед мұғалім

Білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық қолдау көрсетіп, баланы оқыту мерзімі бойы қадағалайтын қызмет құрылды.

Қолдау қызметінің құрамына төмендегідей мамандар кіреді:

- педагог-психолог,

- әлеуметтік педагог,

- медициналық қызметкер,

- сынып жетекшілері.

Баланы кешенді зерттеу, баланың ең адекватты проблемаларын, жұмыс әдістерін таңдау, балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мазмұнын іріктеу мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумында жүзеге асырылады.

Мектепте оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мақсаты - баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оны әлеуметке (социумға) табысты сіңісуін қамтамасыз ету.

Оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мыналар енеді:

  • тұлғаның когнитивті-танымдық ерекшелігін диагностикалау, педагогикалық байқаулар;
  • тұлғаның дамуына, оқыту табыстылығына қолайлы әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
  • балаға нақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесін ұйымдастыру медициналық-педагогикалық және педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Әр оқушыға психологиялық-педагогикалық карта толтырылып, оқыту мерзімі бойы жүргізіледі, бұнда оқушы тұлғасы дамуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, педагогикалық және психологиялық диагностика нәтижелері, ұсынымдар енгізіледі.

Оқыту мерзімінде қызметтің негізгі бағыттары болып табылады:

1. Оқушылар тұлғасының танымдық, мотивациялық және эмоционалдық-еріктік жақтарын (өрісін, аясын) диагностикалау.

2. Аналитикалық жұмыс.

3. Ұйымдастыру жұмысы ( білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына бағытталған мектептің бірыңғай өрісін құру - мектепішілік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум, үлкен жіне кіші педагогикалық кеңес, оқыту семинарлары, әкімшілік, педагог, ата-аналармен кеңестер өткізу) .

4. Педагогтар, оқушылар және ата-аналарға кеңес беру жұмыстары.

5. Алдын алу жұмыстары (тұлғааралық өзара әрекет мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру) .

6. Түзету-дамыту жұмыстары (мектепке бейімделуде қиыншылық көретін оқушылармен жеке және топтық жұмыс) .

Мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді технологиясы және бала мен ата-аналарға түрлі сала мамандары тарапынан дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелерін шешудегі көмек ретінде қарастыруға болады.

Білім беру мекемесіндегі мүмкіндіктері шектеулі балалардың тиімді интеграциялауын қамтамасыз етуде бұл санаттағы балаларға арналған білім беру үдерісінің ерекшеліктері туралы білім беру үдерісінің барлық қатысушылары - оқытылушылар (дамуында кемшілігі бар балалармен қатар, кемшілігі жоқ балалар), олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагогикалық қызметкерлермен ақпараттық, ағарту, түсіндірме жұмыстарын өткізудің маңызы зор.

2. Оқытуды ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім беру және оңалту маршрутын, сондай-ақ оның білім беру ортасына интеграциялау формалары мен деңгейін таңдау мәселесі баланың дамуы мен мүмкіндіктері ескеріліп, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумда, оның ата-аналарының (заңды өкілдерінің) тікелей қатысуымен шешіледі. Балалар үшін дербестілігін біртіндеп ұлғайтуға, өз іс-әрекетін ересек адамның көмегіне жүгіндіруге, оқушылардың өз күшіне деген сенімін ұялататын тәжірибешілік немесе жеңілдетілген тапсырмаларға көшуге бағытталған түзету-дамыту жұмысы жоспарланады,

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыс формалары

1. Оқушылармен жеке және топтық түзету жұмыстары.

2. Үйде оқыту

3. Сабақтан тыс іс-әрекет.

Жобалау іс-әрекеті мен түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жобалау қызметіне қатыстырудың маңызы зор, себебі түрлі еңбек, шығармашылық іс-әрекет арқылы олардың өз мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасап, социумға енуіне көмектеседі. Жобалау қызметі оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің көрінуіне ықпал етеді: жеке адами құндылықтарын көрсетеді, адамдарға, іске, еңбек нәтижелеріне деген нақты қатынасы көрінеді.

Мектепішілік шараларды ұйымдастыру кезінде дені сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да қатысуы көзделеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулығындағы ақаулықтарының қандай деңгейде көрініс тапқанына қарамастан, олар басқа балалармен қатар тәрбие, мәдени-сауықтыру, спортттық шараларға қатыстырылады.

  1. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыруды мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жүзеге асырады. Ол оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Мониторингілік іс-әрекет мыналарды көздейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті сыныпта пәндік - білім беру ортаны модельдеу ерекшеліктері
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийі және өлшемшарттары
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
Инклюзивті білім беру жүйесі Ұлыбритания
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Тиімді тәжірибе
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің жағдайлары
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz