Адамның тұлға болып қалыптасуындағы діннің рөлі


«Қабылданды»
«Жалпы білім беру пәндері»
бағдарламасының директоры
Калашникова М. В.
«__» 20__ж., №___ хаттама
«Адам және әлем» модулі пәні бойынша
«Адамның тұлға болып қалыптасуындағы діннің рөлі»
тақырыбындағы эссе
Алматы - 2019
Дінді біз қалай түсінеміз? Адамның тұлға болып қалыптасуындағы діннің алар орны қандай? Адамзат өміріндегі және қоғамдағы діннің маңыздылығы неде? Осы секілді сұрақтар кім - кімнің болмасын көкейін мазалағаны айдан анық. Жалпы айтқанда дін деген қарапайым сөздің астары үлкен маңыздылықпен, мәнділікпен үстесіп жатырғаны барша адамзат баласына мәлім. Демек, дін сонау ерте замандардан бері адамзат баласымен бірге өсіп - өніп, дамып келеді. Иә, әрбір елдің, әрбір адамның өзіндік наным - сенімдері бар екені белгілі. Және де осындай наным - сенімдерге байланысты адамдар арасындағы неше түрлі күнге, отқа, жан - жануарларға сеніп, табынуының пайда болуы және олардың әр жерде әртүрлі дәрежеде жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өзіндік бір маңыздылықты білдіреді. Яғни, адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым - білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе түседі. Сондықтан да, дін адам үшін аса маңызды.
Кіршіксіз таза көңіл, көркем мінез, шынайы ықылас, мейірім мен рақым, сабырдың сан қырлы сатылары, жомарттық, әділдік, парасаттылық - бұл толық жетілген адам бойындағы құндылықтар. Адам дінге сене отырып бойындағы осындай керемет құндылықтарды сақтайды. Шектен шықпай өзін лайықты деңгейде ұстайды. Адам дінді түсіне отырып өмірдің мәнін де түсінеді, айналасындағы адамдардың, туыс бауырлардың қадірін біледі. Өсек, өтірік айтпау, ала жіптен аттамау, сабырлы бола білу, айналасына қуанышпен қарау және қуанышын басқалармен бөлісе білу, міне, жан тазалығы дегеніміз осы. Адамды тəрбиелеуде оның адамдық негізін қалыптастыруға діннің ықпалы зор. Мысалы, көптеген ойшылдар əрбір ісіңді Жаратушы қарап тұрғандай жаса деп таныған. Егер біз əрбір ісімізді Жаратушы қарап тұрғандай жасасақ, адам бойындағы орынсыз əрекеттер, жаман əрекетке аяқ баспаушы еді. Адамның бойындағы жаман əрекеттердің тууы - өзінің Жаратушысын ұмытуы салдарынан болады.
Қазіргі кезде дүниежүзінде кеңінен тараған діндердің бірі және бірегейі: Будда, Христиан және Ислам діндері. Олардың бәрінде де: "біреудің ала жібін аттама, адал бол, кісі ақысын жеме, жетім - жесірге қол ұшын бер, өтірік айтпа" деген секілді қасиетті қағидалар бар. Өсиет - өнегесі бірдей. Осы үш діннің әлем діндері арасында кеңінен етек жайғаны сондай, кейін бұл діндермен ұқсас, бірақ, өмірдегі өзара ізгілік пен ынтымаққа кереғар жүретін теріс діни ағымдар, яғни, секталар да пайда болып, күні бүгінге дейін қанат жайып келеді. Статистикаға сүйенсек те, басқа діндегі көзі қарақтылардың көбісі Ислам дініне кіріп жатқаны шындық. Мәлімет бойынша, жылына қырық мыңдай басқа діндегі адамдар Ислам дінін қабылдайды екен. [1] Тіпті соңғы жылдарда өзіміздің "шала" мұсылман жастарымыздың да өзге ағымға бет бұра бастағаны бәрімізге мәлім. Бұндай әрекеттерін немен түсіндіруге болады?! Біздегі үгіт - насихаттың дәрменсіздігі ме, әлде соның бұрмаланып бізге жетуі ме?!
Бүгінгі таңда жаңартылған қоғамның дамуында, жеке адамның қалыптасуында, рухани мəдениеттің артуында Қазақстандағы діннің қазіргі кездегі ахуалы орасан зор ықпалын тигізуде. Елбасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегіндегі «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана - сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», - деген сөздері осының бірден-бір дәлелі десекте болады. [2] Осыдан, діннің өмірімізде ойып тұрып орын алатындығын, үлкен күшке ие екендігін ап - анық көрсеткендей. Бірақ, сол күштің кімнің қолында екендігінің де маңызы зор болатынын естен шығармауымыз керек. Егер ол содырлар мен экстремистер немесе дүмшелердің қолына тисе халық қасірет шегеді. Ал діни сауатты жандар, яғни, діндарлар басқарса - дін көркейеді, мемлекеттің рухани тірегіне айналады. Бірақ та, сауатты адамдардың өздері де елімізді көркейтеді деп те нақты айта алмаймыз. Себебі, сауаттылығының арқасында басқа діни ағымдарға кетіп қалатын жастарымыз жетерлік. Яғни, сауатты адам бойындағы сенімсіздіктің болуы, қолдау көрсететін жанның болмауы және де қаражаттың жетіспеушілігінің салдарлары осындай теріс ағымдарға баруына душар еткізеді.
Өз заманында да ақын-жазушыларымыздың өздері дін туралы толғанып, шешілмеген жұмбақты шешуге тырысқан. Тіпті, Абай атамыздың өзінің медреседе оқып, ауыл молдасынан сабақ алуының өзі сол кездегі діннің алар орнының ерекшелігін көрсетіп тұр. Бірақ, қанша жерден діни сауаты болса да, Абай атамыз Алланың бар екендігінің өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. [3] Яғни, бұл дегеніміз Алла мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бас тарту болып табылады. Демек, Абай атамыздың дүниетанымының бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сияқты емес, санаға сүйенетінін көруімізге болады. Ол өзінің бірқатар өлеңдерінде молдаларды, мұсылмандық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды. [4] Яғни, сауатсыз дін өкілдерінің кесірінен діннің әртүрлі ағымдары пайда болады. Ал дін ішіндегі бөлінушілік болған сайын, ізгілік пен бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап пен адасушылыққа апаратын сипатқа ие болатынына куә боламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz