Құрмалас сөйлемнің түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің түрлері

Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

1. Құрмалас сөйлемді топтастыру принциптері

2. Қос құрамды құрамды құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері

3. «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» (бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы. Ұ. Ержанова. 44 б. 22-жаттығу

1. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты еңбегінде құрмалас сөйлемге қатысты түсінік береді Оны сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп бөліп қарастырады. Автордың сыйыса құрмаласу деп берген сөйлемдері ( Қарабай мен Сарыбай аңға шықты ) қазіргі замандағы тілдік таным тұрғысынан талдағанда бірыңғай мүшелі жай сөйлем деп танылғанымен, аталған сөйлемнің оны құрмалас сөйлеммен парапар ететіндей әлдебір тілдік заңдылықтың негізінде қалыптасқандығын жоққа шығара алмаймыз (салыстырыңыз: Қарабай да аңға шықты, Сарыбай да аңға шықты) . Қиысқан құрмаластарды салалас, сабақтас деп жіктеп, салаластарды мағынасына қарай жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы және қойылыңқы деп бөлсе, сабақтастарды бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы, пысықтауыш бағыныңқы деп бөледі. Құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» деп атаған Қ. Жұбанов оны салалас және сабақтас деп жіктеп қарастырады.

1936 жылы орта мектептің 5-7 сыныптарына арналған «Қазақ тілінің программасында» құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен амал-тәсілдері көрсетіліп, мағыналық түрлеріне тоқталған. Құрмаласты жасайтын амал-тәсілдер салаласта: алғашқы сөйлем баяндауышы құрамындағы еді көмекші етістігі, шартты рай тұлғасы, көсемшенің -п тұлғасы, да, және, сосын дәнекерлері, сол себепті, сондықтан, сөйтіп, бірақ, сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені, неге десең т. б. жалғаулықтары, осы, сол, бұл есімдіктері; сабақтаста, негізінен, құрамында қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген.

Әртүрлі ғалымдардың құрмалас сөйлемдерді топтастыруы:

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов

Сабақтас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Ыңғайлас
Ыңғайлас: Ереуіл
Ыңғайлас: Талғама
Ыңғайлас: Себеп-салдар
Ыңғайлас: Шарт жағдай
Анықтауыш бағыныңқылы
Анықтауыш бағыныңқылы: Толықтауыш бағыныңқылы
Анықтауыш бағыныңқылы: Пысықтауыш бағыныңқылы

Салалас

Сабақтас

Аралас

Тиянақсыз сабақтас

Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес, ғылыми тұрғыдан қарастырған С. Аманжолов

Құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеген Н. Сауранбаев бұл мәселеде бірнеше пікір ұсынды

Кейінгі топтастыру:
Кейінгі топтастыру:: Салалас
Кейінгі топтастыру:: Сабақтас
Кейінгі топтастыру:: Іргелес
Алғашқы пікір:
Алғашқы пікір:: Салалас
Алғашқы пікір:: Сабақтас
Соңғы топтастыру
Соңғы топтастыру: Салалас
Соңғы топтастыру: Сабақтас
Соңғы топтастыру: Аралас
Соңғы топтастыру: Үйірлі мүшелі сабақтас

ал аралас құрмаластың “өз алдына бір бөлек заңдары жоқ” екенін айтады

С. Жиенбаев

Салалас және сабақтас құрмалас сөйлем

Профессор Н. Сауранбаевтың “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі” атты очергінде іргелес құрмаластар деп отырғаны - тілімізден берік орын алып, әбден қалыптасып кеткен жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мұндай сөйлемдерді салаластың бір тармағы есебінде қарамай, жалпы құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде түсіндірген. Ондағы дәлелі - “іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі - ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және сөйлемнің баяндауышы тиянақты қалыпты болатындығы. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі - іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сипаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады”. Сонымен бірге бағыныңқы компоненттің табиғатын сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметімен теңестіре қараған ғалым: “Бағыныңқылар басыңқы сөйлемегі бір жай мүшенің қызметін атқарады, я соның орнына жүреді” , -дей келіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін төмендегіше жіктейді:

  • Анықтауыш бағыныңқылы;
  • Толықтауыш бағыныңқылы;
  • Пысықтауыш бағыныңқылы - мұның өзі ішінара мезгіл, себеп-амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылар болып ажыратылған.
  • Шарт бағыныңқылы;
  • Қарсы бағыныңқылы;
  • Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.

Үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді ғалым екі жақты түсіндіреді: егер есімшелі сөйлемдердің өзіне қатысты бастауышы болмаса, ондайларды есімше анықтауыш үйірлі мүшелі жай сөйлем дейді де ( Емтихандарын уақытында өткізген студенттер демалысқа кетті ), егер бастауышы болса, мұндайларды анықтауыш бағыныңқы деп түсіндіреді ( Асан кітапханадан алып оқыған қызық кітап бүгін маған тиді ) .

Ғалым Б. Шалабай құрмалас сөйлемдерді байланыс сипатына қарай салалас және сабақтас деп бөледі де , үш немесе одан да көп предикативтік орталықтан құралған құрмаластарды көп компонентті құрмаластар деп, оны өз ішінде көп компонентті (сыңарлы) салаластар, көп бағыныңқылы сабақтастар және аралас құрмаластар деп жіктейді. Салалас құрмаластарды компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктейді де , жалғаулықты салаластарды мағыналық қатынастарына қарай ыңғайлас (мезгілдес), себептес, қарсылықты, талғаулы, кезектес деп саралайды . Назар аударатын мәселе - автордың құрмаластарды, алдымен, предикатив сыңарларының санына қарай жіктеп алуы.

Ал ғалым Р. Әмірдің классификасы өзіндік жаңалығымен ерекшеленеді. Ол қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесіндегі үш құрылымдық түрді бөліп көрсетеді:

1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер;

2. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер;

3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Оның ішінен іргелес салаластарды бөліп алып, оны құрылыс ерекшелігіне қарай тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер деп топтайды да, одан әрі төмендегідей грамматикалық-семантикалық топтарға жіктейді:

  1. Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  2. Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  4. Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  5. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  6. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  7. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  8. Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
  9. Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Ал жалғаулықты салалас құрмаласты өз ішінде ыңғайлас салалас, себептес салалас, қарсылықты салалас, талғаулы және кезектес салаластар деп жіктейді.

2.

Ерекшеліктері:
Ерекшеліктері::
  • Салаласқа енген әрбір сөйлемнің баяндауыштары тиянақты түрде келеді.
  • Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болады да, басыңқы сөйлемінің баяндауышы тиянақты келеді.
Ерекшеліктері::
  • Салаласа байланысқан сөйлемдер өзара байланысу үшін кезегінде жалғаулық шылаулар қолданылады.
  • Сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сыңарлар басыңқымен септеулік шылаулар арқылы байланысуға бейім.
Ерекшеліктері::
  • Салаласқа енген әрбір сөйлемнің баяндауыштары өз бастауышымен қиыса байланысады.
  • Сабақтас құрмалас сөйлемде қиыса байланысу басыңқы сыңарында жүзеге асқанымен, бағыныңқы сыңарында ондай қасиет жоқ.
Ерекшеліктері::
  • Салалас және сабақтас сөйлемдердің сыңарлары әрі есімді, етістікті, тіпті құрама түрде келуі де орын алған.
Ерекшеліктері::
  • Тарихи жағынан келгенде салалас құрмалас сөйлемдер алғаш, сабақтас сөйлемдер салаласқа қарағанда кейін қалыптасқан.
Ерекшеліктері::
  • Салаласқа енген сөйлем баяндауыштарының тиянақты болуына сәйкес, олардың айтылу интонациясы да тиянақты болады. Сабақтас құрмалас сөйлемге енген бірінші сыңар баяңдауышының тиянақсыз болуына орай, жалпы ондай сабақтас сөйлемдегі интонация әр түрлі болады.
Ерекшеліктері::
  • Салаласқа енген сөйлемдер өзара теңдік дәрежеде байланысады. Ал сабақтас құрмалас сөйлем сыңарларының байланысы керісінше. Алғашқы сыңар баядауышының тиянақсыз болуына сәйкес, жеке сыңарлар теңдік дәрежеде келмейді, бағыныңқы ыңғайда жұмсалады.
Ерекшеліктері::
  • Салаласқа енген сөйлемдердің орны жылжымалы. Сондықтан оларға қатысты сөйлемдердің кейде орнын ауыстыруға болады. Ал сабақтас құрмаласқа енген сөйлемдердің бағыңынқы сыңары, негізінен, басыңқы сөйлемнің алдында орналасады. Поэзиялық шығармаларда бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың орын алмасып отыруы кездеседі.

Осының бәрін жинақтай келгенде, сабақтас құрмалас сөйлем салалас сөйлемдерден көптеген өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Сонда, сабақтас құрмалас сөйлемнің ең негізгі белгісі - бағыныңқы сөйлемінің болуы, сол сөйлем баяндауыштарыньщ тиянақсыз түрде келуі. Сондықтан бұл сөйлем түрлерінің зерттелуі туралы ойлану керек сияқты. Өйткені сабақтас құрмалас сөйлем Қазан төңкерісіне дейінгі барлық түркологтардың еңбектерінде өз дәрежесінде қаралып келді. Сондықтан да П. М. Мелиоранский, И. В. Гордлевский, Н. И. Дмитриев, П. М. Дыренкова, Н. А. Баскаков сияқты көптеген ғалымдардың еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлем, олардың байланысу тәсілдері мен түрлері үнемі сөз болып келеді. Керісінше, аталған авторлардың еңбектерінде салалас құрмалас сөйлемдер туралы ешқандай сөз болған емес. Мұның сыры неде деген сұраққа олар былайша түсінік береді: «Салалас құрмаласқа енген әрбір жай сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып келеді. Сондықтан оны құрайтын әрбір жай сөйлем әдеттегі жай сөйлемдерден ешқандай айырмашылығы жоқ». Егер әдеттегі жай сөйлем мен салалас құрмаласқа енетін әрбір жай сөйлемді бір деп санайтын болсақ, онда ол жай сөйлемдердің құрмаласқа енуінің себебі де түсініксіз дәрежеде қалмай ма?

Негізінде, ғалымдар арасында әдеттегі жай сөйлем мен салалас және сабақтастың басыңқы сыңарларының арасындағы айырмашылықтарды, біріншіден, құрмаласқа енген жай сөйлемдердің бүтіннің бір бөлшегі сияқты деген тұжырымы, яғни ондай сөйлемдерде сөйлемдік еркіндік туралы, екіншіден, олардың айтылуы жағынан да ерекшелігі үнемі айрылып келеді. Сөйте тұра, әдеттегі жай сөйлем мен құрмаласқа енген жай сөйлемдердің ерекшелігін ескермегендіктен, А. Н. Кононовқа дейінгі бірде-бір түрколог салалас сөйлем туралы сөз еткен емес. Қайта, қазақ тілі мамандары А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Қ. Есенов сынды ғалымдар әрі салалас, әрі сабақтас құрмалас сөйлемді бірдей қарастырып келеді.

3. сабақтас салалас

1. Ауыл өссе, ауыл байыса, мемлекет те нығая береді, халкы да өсе береді. ( аралас байланыс, көп құрамды құрмалас)

2. Ұят адаммен бірге туады, бірақ кейбір мүмкіндіктерден бұрын өледі. (салалас байланыс, қарсылықты салалас, қос құрамды құрмалас)

3. Өзіне деген сенім - тамаша нәрсе, өйткені ол - адамнын өз кабілетін сезінгенінің бейнесі. (салалас байланыс, себеп мәнді салалас, қос құрамды құрмалас) .

4. Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым ол өзінің Отанына көбірек пайда келтіреді. (сабақтас байланыс, қос құрамды құрмалас)

5. Уақытты малайларша өткізбейтіндей жағдай жасау керек, себебі адамның колында - іс, басында - ой болмаса, тап сол сәтте-ақ жүрегі де, адамшылығы да бүліне бастайды. (аралас байланыс, көп құрамды құрмалас. Бірыңғай мүшелер:адамның қолында-іс, басында-ой; жүрегі де, адамшылығы да. Түйдекті тіркес:жасау керек)

6. Мәдениет неғұрлым жоғары болған сайын, еңбек соғұрлым жоғары бағаланады. (сабақтас байланыс, қос құрамды құрмалас. Түйдекті тіркес:жоғары болған сайын)

7. Кейбір кәрі бие, қартаң ат, арық құнан, байталдар не шөге жығылады, не бүйірінен опырыла құлайды. (салалас байланыс, қос құрамды құрмалас. Бірыңғай мүшелер:кәрі бие, қартаң ат, арық құнан, байталдар)

8. Мұғалім , егер адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс. ( сабақтас байланыс, қос құрамды байланыс)

9. Д остық сын жақындатпаса, алыстатпайды. (сабақтас байланыс, қос құрамды байланыс)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz