Еңбекті қорғау пәні


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Ақпараттық - есептеуіш жүйелер кафедрасы

СОӨЖ 1

Пәні: Еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

Тақырыбы: Еңбек жағдайларын жақсарту іс - шаралары

Тексерген: Макашев Б. К

Орындаған:

ИС-20-1

2022

Мазмұны

  1. Еңбекті қорғау пәні1
  2. Заңнамалық түсініктеме. . . . 1
  3. Еңбек шартын жақсарту7
  4. Еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы. ……. 8
  5. Еңбек қауіпсiздiгi, денсаулықты және еңбекті қopғay туралы. . 9
  6. Қорытынды. . ……. . 10

Еңбекті қорғау пәні

Еңбекті қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.

Заңнамалық түсініктеме

Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау

  1. құқықтық
  2. медициналық
  3. экономикалық
  4. техникалық құрамдас элементтерден тұрады.

Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.

Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.

Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:

• еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;

• ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;

• әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;

• өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;

• қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.

Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.

Еңбек шартын жақсарту

Еңбек шартын жақсарту және өндірістік тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ететін әрқайсысы ұйымдастыру, өндірістік және басқа да іс-шаралардан тұратын шағын бағдарламалар бекітілді. Мақсаты - жұмыскерлердің тартымдылығын, жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында коммуникалық процесстердің тиімділігін арттыру. Жүзеге асыру нәтижесі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақатты азайту бойынша заңнаманың сақталуының артуы күтілуде.

Аталған шағын бағдарламалар қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың келесі салаларын қамтиды: қолмен басқаруға байланысты эргономикалық және бұлшық ет-қаңқа жарақатының алдын алу; жылжымайтын тұрғын иелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде хабардарлығын арттыру; ауылдық аймақтарға пошта жеткізу қауіпсіздігі; жұмыскерлердің психологиялық саулықтарын жақсарту; қауіпсіздік мәдениетін дамыту.

Жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері юлйынша ьұрақты негізде кәсіби дайындық жүргізіледі. Оқыту «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК негізінде өтеді.

Жұмыскердің денсаулығы үшін қамсыздану жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірінші дәрежедегі аспектісі болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей, жыл сайын «Денсаулық күні», «Доно күні», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау апталығы» өтеді, соның шегінде жұмыскерлер қалауы бойынша медициналық қараудан өтіп, қан тапсыра алады. Бірінші медициналық көмек көрсету мәселелесі бойынша бейнероликтердің көрсетілімдері ұйымдастырылады. Жеке және мемлекеттік медициналық мекемелердің өкілдері қатысады.

Өндірісте бақытсыз жағдайлардың алдын алу және азайту мақсатында тұрақты негізде келесі ус-шаралар қарастырылған: ‒ пошта тасулырадың құлауын және жарақат алуларына жол бермеу үшін жолдарда және көшелерде тайғақтың алдын алу үшін жергілікті атқару және кәкілетті органдармен өзара әрекеттесу; ‒ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша пошта тасушылармен, іріктеушілермен және жүргізушілермен күн сайынға нұсқамалар; ‒ жұмыскерлермен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша тұрақты оқытулар; ‒ пошта тасушылармен, іріктеушілермен және жүргізушілермен ауысым алдындағы нұсқамалар; ‒ жаңадан қабылданған және ауысып келген жұмыскерлер, уақытша жұмыскерлер, іссапарланғандар, студенттер, тәжірибе өтуге келгендер үшін кіріспе нұсқамалар.

Жұмыс орнын ұйымдастыру; ішкі бақылау жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша фото есеп ұсыну; қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізу жөнінде нұсқаулықтар бекітілді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қаматамсыз ету жүйесі, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ішкі құжаттар әр түрлі учаскелерде іске қосылған мердігер ұйымдарға да таратылады.

Еңбек қауіпсiздiгi, денсаулықты және еңбекті қopғay туралы

Еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойынша мәселелерге ерекше назар бөлінеді. Аталған сұрақ бойынша барлық шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүргізіледі. Еңбек шартын жақсартуға, қауіпсіз технологияларды, жеке қорғанысты енгізуге, өндірістегі бақытсыз жағдайларды есепке алу тәртібін орнатуға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында заңнама талаптарын сақтауға және т. б. бағытталған әшкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау жүргізілуде.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар: жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау; жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу; еңбек шартында жұмыскерлердің құқығын қорғау; аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету; қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттық толықтығы және шынайылығы.

Еңбекті қорғауды басқару саласында мақсатты тұжырымдаудың бірыңғай жүйесі енгізілді, атап айтқанда мәдениетті арттыру және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйені жетілдіру бағдарламасы, қызметтің жаңа негізгі функционалдық көрсеткіштері бекітілді.

Жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде бақытсыз жағдайлардан міндетті сақтандыру шарты, сондай-ақ іріктеушілердің ауыру жағдайларына ерікті медициналық сақтандыруға жылдық шарт жасалды.

Электр қондырғыларын, өндірісік жабдықтарды пайдаланғаны үшін жауапкершіліктерін; өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өндірісте бақытсыз жағдайларды азайту мәселелерін қоса алғанда еңбекті қоғау сұрақтарын реттейтін бұйрықтар шығарылды. Жұмыс орнында қауіпсіздікті реттейтін тиісті нұсқаулар, саясат және ережелер бекітілді.

Жыл сайын «Қаупсіздік және еңбекті қорғау апталығы», «Денсаулық күні», «Донор күні», «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау күні» өтеді.

Тәжірибе бақытсыз жағдайлар орын алды, олардың әрқайсысы еңбек қызметімен байланысты және медициналық қорытындыға сәйкес еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жұмыскерлер мұқият тексерілуде. Еңбек қызметімен байланысты ауыр, өлімге әкелген және топтық бақытсыз жағдайлар арнайы тергеледі. Еңбек қызметімен байланысты жергілікі органдарға уақытында хабарланбаған бақытсыз жағдайлар жәбірленушінің өтініші бойынша тергеледі.

Әлеуетті қаупті анықтау, тәуекелдерді бағалау, бақытсыз жағдайларды тергеу ішкі процедураларға сәйкес жүргізіледі. Негізгі қауіптіліктерге жататындар: жол-көлік апаты, иттердің шабуылы, құлау.

процесінде әрбір жұмысшыға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулар беріледі. Нұсқауда жұмысқа дейін, барысында және жұмыс аяқталған кейінгі уақыттағы талаптарды, сондай-ақ апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда жалпы талаптар бар.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі еңбекті қорғау, қауіпсіздік және жұмыскерлердің денсаулығы бойынша мақсаттарға қол жеткізу жөнінде барлық іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте болады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізеді, ішкі және сыртқы ортаны талдау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінің жанжалдарды анықтаудың мерзімділігіне және толытқтығына бақылау жүргізеді.

Еңбек жағдайларын жақсарту басшылар мен мүдделі қызметтердің өндірістегі жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандырудағы негізгі құралы болып табылады. Адам еңбек қызметі басымдықтарының бірі - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Еңбек жағдайларын жақсарту басшылар мен мүдделі қызметтердің өндірістегі жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандырудағы негізгі құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа идеология қалыптасты. Еңбек қатынастары үдерісінде тұрған ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-зерттеушілік басымдықтар белгіленді. Дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялану жағдайларында кәсіптік тәуекел мәселесін зерделеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ерекше бақылауында болады. Мемлекеттік және аумақтық деңгейлерде еңбекті қорғауды, өндірістік ортаны, еңбек гигиенасы мен денсаулықты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Бүгінгі күні еңбек жөніндегі отандық мамандар өндірістегі тәуекелдің тәуекелдің барынша ең аз жол берілетін деңгейін анықтау мақсатымен тәуекелдердің әртүрлі сипаттамаларын қолданады:

техникалық; жеке; әлеуетті; қабылдауға болатын; ұжымдық (топтық, әлеуметтік) ; кәсіптік. Кез келген тәуекелде - шамасы бойынша да, сондай-ақ өз табиғаты бойынша да айырмашылық болады. Сондықтан оны өлшеу жөніндегі міндет өзіне мыналарды бағалауды жүргізуді қамтиды: тәуекелдің барлық мәнді түрлерінің көлемдерін (өндірістік жарақаттанушылық пен ауруға шалдығушылықтың, оның ішінде өліммен аяқталатындарының жиілігі) ; әрбір зиянды және қауіпті факторлардан туындайтын залал мөлшерін. Халықаралық іс-тәжірибеде кәсіптік тәуекел қызметкерлердің өндірістік орта мен еңбек үдерісі факторларынан жарақаттануы мен ауруға шалдығушылығы пайда болуының сандық заңдылықтарының неғұрлым кең аспектісінде қарастырылады. Ұлыбританияда, АҚШ, Жапония, Финляндия, Австралия, Франция мен басқа да елдерде кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттанушылық пен өндірістік ауруға шалдығушылық деңгейін төмендету үшін тәуекелдерді басқарудың негізделген екендігін көрсетті. Қазақстан ғалымдары еңбекті қорғау саласында «кәсіптік тәуекел» және «кәсіптік тәуекелді бағалау» сияқты анықтамаларды түсіндіру мен заңнамалық жағынан қабылдау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде.

Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау - бұл берілген уақыт кезеңінде кəсіпорындарда еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларға негізделген тапсырмалар белгілеу.

Еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Қазақстанның индустриалдық дамуы, өндірістің жаңа түрлерінің және технологиялық процесстердің пайда бо­луы еңбекті қорғау саласында жаңа және қиын міндеттерді қойып отыр. Қазіргі жағдай өндірістің қандай да бір түрінің ерекшелігіне айрықша көңіл бөлуді, зерттеуді және ғылыми негізделген нормативті құжаттарды жасауды, зерттеулерді жалпылауды, еңбек жағдайын жақсарту бойынша нақты талаптарды негіздеуді талап етеді. Өнді­рістік жарақаттарды және кәсіптік ауруларды төмендету, еңбекті қорғау саласында тиімді шараларды арттыру бойын­ша жұмыс жасау алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік тәжіри­белер мен ғылыми-зерттеу базасын зерттеусіз мүмкін емес.

Бүгінде біз еңбек саласындағы жаңа тәуекелдерді зерттеуге көп көңіл бөлінетінін байқаймыз. Ғалымдар жұ­мыс орнындағы жазатайым оқиғалардың туындау үрдіс­терін, сонымен қатар кәсіптік аурулардың туу негізін көптеп зерттеуде. Соңғы уақытта отандық ғылыми зерттеу инсти­туттары еңбекті қорғауға бағытталған басқару жүйесін және кәсіптік ауруларды басқаруды реформалаудың негізін құрайтын ғылыми зерттеулерге белсене қатысуда.

Кәсіптік тәуекелдердің белгілерін анықтау, олардың жұмыс істеушілерге әсер ету деңгейін зерттеу, жұмыс істеу­шілердің еңбек жағдайы мен денсаулығына мониторинг, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды зерттеу және басқа да мәселелер кәсіптік тәуекелдерді бағалау қатарына кіреді. Бұл зерттеулердің практикалық мәні кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін жасауда болып отыр, ол жағым­сыз кәсіптік факторларды уақытында табуды қамтамасыз етуге, жылдам шешім қабылдауды арттыруға, Қазақстанның әр түрлі экономика саласын ұйымдастыруда тәуекел деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл зерттеулерді жүргізу Қазақстан Респуб­ли­касының басқа да экономикалық салалары үшін де өте маңызды екенін атап өткен жөн.

Кәсіптік тәуекелдерді басқаруда кәсіпорындардағы еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарында аттестация­дан өткізу маңызды рөл атқарады. Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациядан өткізу зиянды еңбек жағдайын жою, жарақат алудың алдын-алу бойынша жүйе­ге кешенді-сапалық және сандық талдау жүргізу объективті біріккен бағалау жасап, соңынан нақты нұсқаулықтар жасауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының әр түрлі экономика сала­сындағы кәсіпорындарында өндірістік жарақаттың дең­гейіне талдау жазатайым оқиғалардың көп бөлігі жұмыс берушінің кінәсінен (кінәларын 100% толықтай мойында­ғанда) болатынын көрсетті. Осыған байланысты жұмыс беруші өндірістік нысандарды уақытында аттестациядан өткізу жолымен сақтандыру жолдарының алдын алуға, қызмет­керлерді өндірістен үзбей еңбек қауіпсіздігі тәсілдері мен дағдыларына оқытуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға міндетті.

Өндірістік нысандарды аттестациядан өткізу нәтижелері нақты экономикалық қызмет түріндегі кәсіптік тәуекел дәре­жесін, яғни өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың көр­сеткішін бағалауға әсерін тигізеді. Жоғарыда айтылғандар негізінде еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациядан өткізу нәтижелерін міндетті қолдану және уақытында өткізу кәсіптік тәуекелдер түр­лерін дұрыс анықтауға және экономикалық қызмет түрлері бойынша жіктелген сақтандыру тарифтерін төмендетуге көмектеседі деп қорытынды жасауға болады.

Осылайша өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан әлеуметтік сақтандыру аясында кәсіптік тәуекелдерді басқару сақтандырылған адамдарға кел­тірілген шығындарды қайтаруға байланысты шығындарға әсер етуі және еңбек жағдайын жақсартуда жұмыс беру­шілерді қаржылық ынталандырудың тәсілдері қолданы­луы керек. Осындай тәсілдердің қолданылуы кәсіптік тәуекелдер деңгейінің төмендеуіне және сақтандырумен қамсыздандыру шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді, ол өмірін, денсаулығын өз азаматтарының қауіпсіздігі мен еңбек ресурстарын сақтауға мүдделі сақтанушының өзіне, яғни тұтастай қоғамға тиімді.

Барлық әлем жұртшылығы жоғарыда айтылған мәсе­лелерге алаңдаулы және халықаралық еңбек ұйымы ағым­дағы жылы әлемдік қауымдастыққа Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында: «Тәуекелдерді басқару және жаңа жағдайда еңбек саласындағы алдын алу” тақырыбына шара өткізуді ұсынды. Осыған орай Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік департаментінде “Еңбекті қор­ғауды басқару жүйесі үздіксіз жетілдіруге бастайтын жол” тақырыбында семинар кеңес өткен болатын. Оған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынас­тарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның мүшелері, мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдардың басшы­лары, мамандары, кәсіподақ төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар кеңес бүгінгі күнгі өндірістегі нақты жағдайды көруге және өндірістегі қауіпсіздік пен өндірістік тәуекел­дерді жоюдың тиімді шараларын жасауға мүмкіндік берді деп ойлаймыз. Осындай шаралар тек ғана мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан ғана емес мекемелер және үш жақты комиссия тарапынан да өткізілсе құба-құп.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Казакстан Республикасьнын Конституциясы, - Алматы, 30 гамыз 1995

2. Казакстан Республикасынын енбек кодексі. Астана, 15 мамыр 2007 ж.

3. Ондірісте болган сотсіз окигалар мен денсаулыкка келтірілген баска да закымдануларды тіркеу жоне росімдеу реті. - Караганды, 2007. - 32 б.

4. «ГОСТ 12. 0. 004-90. ССБТ. Организация обучения безопасности труда. Общие положения».

5. «ГОСТ 12. 1. 014-84. Воздух рабочей ЗОНЫ. Общие • санитарно-гигиенические требования».

6. «ГОСТ 12. 1. 007-76. ССБТ. Вредные вещества. Классификация и общие

требования безопасности».

7. «ГОСТ 12. 1. 012-2004. ССБТ. Вибрационная болезнь. Требования». Общие

8. «ГОСТ ИСО 8041-2006. 01. 01. 2009. Вибрация. Воздействие вибрации на

человека. Средства измерений»

9. «ГОСТ 123. 1. 003-83. ССБТ. Тум. Общие требования безопасности».

10. «ГОСТ 12. 1. 029-80. ССБТ. Средства и методы защиты от шума.

Классификация».

11. Денисенко Г. Ф. Учебное пособие для вузов. Охрана труда.

Москва: Высшая школа. 1985. -319 с.

12. Скала В. И. Охрана труда и техника безоцасности в практической

деятельности субъектов Республики Казахстан. - Алматы: «LEM»,

2002-276 c.

13. Хакимжанов Т. Е. Охрана труда: Учебное пособие для вузов.

Алматы, 2006. - 262 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Еңбек құқығының пәні туралы
Еңбек құқығының пәні туралы түсінік
Адвокатура және нотариат-түсінігі
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығының пәні
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқарулар
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
Еңбектік құқықтық қатынастар
Еңбек құқының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz