Физика. Қозғалыс заңдары
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы
түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді.
Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.
Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы
байланысты қарастыратын бөлімі.
Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,
оларды динамика қарастырады.
Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге
қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы
болып табылады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс,
қозғалыссыз – материя болмайды.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген
физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды
байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі.
Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
ІІІ. Пысықтау.
1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады?
4. Оның негізгі қасиеті қандай?
5. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §1.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§2.3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың
координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға векторлар, векторлар проекциясы және оларға амалдар қолдану
туралы түсінік беру.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалдармен түсіндіруге
болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады? Оның негізгі қасиеті қандай?
4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын
шамалар векторлық шамалар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана
сипатталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады.
Векторларды қосу. Бірнеше векторларды қосу.
Векторларды азайту.
Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар
бір жаққа қарай не қарама
қарсы бағытталуы мүмкін.
Векторлар проекциясы.
Егер вектордың бас нүктесінің проекциясынан оның ұшының проекциясына
қарай ось бағытымен жүретін болсақ, онда проекция оң деп, ал қарама-қарсы
бағытта жүрсек, проекция теріс деп есептеледі.
Векторлардың қосындысы мен айырымының проекциялары.
Векторлар қосындысының бір осьтегі проекциясы қосылатын векторлардың
сол осьтегі проекцияларының алгебралық қосындысына тең.\
Векторлар қосындысының не айырымының проекциясын табу үшін қорытқы
векторды тауып, оның проекциясын анықтаудың қажеті жоқ, веторлардың
проекцияларын, таңбаларын ескере отырып, қосса болғаны.
Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын ауыстыру векторының х не у осіндегі проекциясы сәйкес
координатаның өзгерісіне тең.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
Рымкеевич есептер жинағы: №4,5,6.
VІ. Үйге тапсырма. §§2,3, 2-жаттығу №1,2,3 .
VII. Бағалау.
VIII.Қорытындылау.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §4. Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдеу, оның бірлігі туралы

1. Векторлық шамалар дегеніміз не?
2. Скаляр шамалар дегеніміз не?
3. Векторларға амалдарды қалай қолданамыз?
4. Векторлар проекциясы дегеніміз не?
5. Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт
аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.
Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал
жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.
ХБЖ-да үдеу бірлігі 1мс2.
ІV. Есептер шығару. 3- жаттығу. №1. №2. №3
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§4. 3- жаттығу. №4. Рымкевич: №50, № 52, №53.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §5. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық
және орын ауыстыру.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, орын
ауыстыру туралы түсінік беру.

1. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2. Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
3. Үдеу деген қандай физикалық шама?
4. Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
5. Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және өлшем бірлігі қанадй?
6. Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
7. Үдеумен қозғалатын дененің жыламдығы нөлге тең бола ала ма?
8. Үдеу нөлге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?
9. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
формуласынан жылдамдықты табайық:
-бұл бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы
артып отыратын қозғалыс теңдеуі.
Мұндай қозғалыстың графигі
Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай
қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы:
Мұндай қозғалыстың графигі
бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ
үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады делік. Мұндай қозғалыс
жылдамдығы
Мұндай қозғалыстың графигі
Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген
жолмен сәйкес келеді.
Қозғалыстың басталу мына шартқа сәйкес келеді: Осы
кездегі жылдамдық графигі:
-теңүдемілі қозғалыс үшін. Ал теңбаяулайтын
қозғалыс үшін Ал бастапқы жылдамдығы нөлге тең болғанда
Үдеу, жылдамдық және жүрілген жол графиктері
Графиктерден бұл шамалардың бір-бірімен байланысты екенін көреміз.
ІV. Есептер шығару. 4- жаттығу. №5, №6, №7.
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§5. 4- жаттығу. №1, №2, №3,№4.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §6. Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.
Сабақ мақсаты:
1. Қозғалыс ұғымын қалыптастыруды жалғастыру. Дененің еркін түсуі, еркін
түсу үдеуі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: металл шарик, қағаз парағы, Ньютон
түтікшесі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс
графигінен айырмашылығы неде?
2. Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген
жолын есептеп табу үшін нені білу керек?
3. Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.
4. Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің
орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болады?
5. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі
Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын
Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп
аталады.
Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере
алмады.
80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды. .(Ньютон түтікшесімен
тәжірибе көрсету).
g-еркін түсу үдеуі.
g=9,8 мс2.
Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін
және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын.
Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене
төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at22
заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады. Жолдың
ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен
есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.
Қозғалыс заңы s=gt22, v=gt, s=h. Осы теңдеулерден:
t=√2hg, v=√2gh.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
Рымкевич есептер жинағынан №55, №56, № 57.
№1,№2,№3.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §6. 5-жаттығу.
№ сабақ 9 -сынып.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9 -сынып.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Бірқалыптыі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын шардың үдеуін есептеу.

2. Оқушылардың практикалық, ойлау дүниетанымын қалыптастыру.
3 Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: зертханалық, аралас
Сабақ әдісі:, сұрақ-жауап.

1. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс
графигінен айырмашылығы неде?
2. Бірқалыпты қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген

3. Бірқалыпты қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.
4. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің

Аспаптар мен материалдар: өлшеуіш таспа, метраном, науа, шар, қысқышы бар
тұрғы, металл цилиндр.
Жұмыстың орындау.
1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту
керек (33-сурет). Науаның төменгі шетіне металл цилиндрді қоясыңдар.
2. Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол
цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар.
Тәжірибе жүргізерде метраномды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3. Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген
мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет
соғатындай етуге болады.
4. Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын
табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей метрономның төртінші соғуы мен
шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып, тәжірибені бес
рет қайталау керек.
6. формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан
соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар:
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
№ Метрономның соғу саны
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Қайталау
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§7.8. Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер
бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға қисық сызықты қозғалыс, қисық сызықты қозғалысты
сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.

1. Галилей еңбектерінің маңызы неде?
2. Дененің еркін түсуі дегеніміз не?
3. Дененің еркін түсуі қозғалыстың қай түріне жатады?
4. Еркін түсу үдеуі қандай шама және оның сандық мәні неге тең?
5. Ендікке байланысты еркін үдеуінің сандық мәні қалай өзгереді?
6. Еркін түсу үдеуі дененің массасына байланысты бола ма?
7. Еркін түсу үдеуі дененің жылдамдығына тәуелді бола ма?
8. Оқушылардың есептерді қалай орындағандарын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс
деп аталады.
Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс
жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен
бағытталады.
Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды
және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.
Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен
уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.
Өлшем бірлігі
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
6-жаттығу.
№1,№2,№3.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма. §7. §7.5-ж. №4, №5, №6, №7.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §9. Центрге тартқыш үдеу.
Сабақ мақсаты:
1. Қисық сызықты қозғалыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру,
центрге тартқыш үдеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.

1. Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2. Айналу периоды дегеніміз не?
3. Айналу жиілігі дегеніміз не?
4. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
5. Период пен жиілік арасында қандай байланыс бар?
6. Бұрыштық жылдамдық деген не? Ол неге тең?
7. Сызықтық жылдамдық деген не? Ол неге тең?
8. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасында қандай байланыс
бар?
9. Берілген есептерді тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген
нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтан оны
центрге тартқыш үдеу деп атайды.
ІV. Пысықтау.
1. Модулі тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалатын дененің үдеуі
қалай бағытталған?
2. Центрге тартқыш үдеу дегеніміз не?
3. Неліктен центрге тартқыш үдеуді нормалыь үдеу деп атайды?
4. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?
5. Центрге тартқыш үдеуді айналу периоды арқылы қалай өрнектеуге болады?
6. Центрге тартқыш үдеуді жиілік арқылы қалай өрнектеуге болады?
V. Есептер шығару.
7-жаттығу.
№1,№2,№3.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма. §9. №4, №5.
9-сынып.
Бақылау жұмысы.
Мақсаты:
1. Оқушылардың Кинематика бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру,
тиянақтау, қорытындылау.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
1. Хоккейші шайбаға 2 мс жылдамдық бере отырып, жайлап клюшкамен соқты.
Егер шайба мұзға үйкеліс нәтижесінде 0,25 мс2 үдеумен қозғалса, соққыдан
кейін 4 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?
2. Велосипедші төбешіктен 5 секунд ішінде 0,5 мс2 үдеумен қозғала отырып
түсті. Егер велосипедшінің бастапқы түсу жылдамдығы 18 кмсағ-қа тең болса,
төбешіктің ұзындығын анықтаңдар.
3. Биіктігі 80 см столдан еденге қарындаш құлап түсті. Қарындаштың құлау
уақытын табыңдар. (g≈10 мс2).
4. Автомобиль түзусызықты қозғалып келеді. Автомобильдің жылдамдық
векторының проекциясының уақытқа тәуелділік теңдеуі: υх=10+0,5t.
Автомобильдің бастапқы жылдамдығының модулі мен бағытын және үдеуін
анықтаңдар. Жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
ІІ нұсқа.
1.Шайбаны клюшкамен соғып қалғанда шайба 5мс жылдамдық алып, мұз үстінде
1 мс2 сырғанайды. Шайбаның жылдамдық векторының уақытқа тәуелділік
теңдеуін жазып, осы теңдеуге сәйкес график тұрғызыңдар.
2. Велосипедші тыныштық күйден 0,2 мс2 үдеумен қозғалады. Қанша уақыттан
кейін велосипедшінің жылдамдығы 2 мс-қа тең болады?
3. Жердің өз осін айналу периоды 24 сағат. Жер бетіндегі нүктелердің
айналуының бұрыштық жылдамдығы мен сызықтық жылдамдығын табыңдар. Жер
радиусын 6400 км деп есептеңдер.
4. Дененің басапқы координаттары х0=-2 м және у0=4 м. Дене координаттары
х=2 м және у =1 м нүктеге орын ауыстырады. Х және У осьтеріндегі орын
ауыстыру векторының проекциясын табыңдар. Орын ауыстыру векторын салып оның
модулін табыңдар.
ІІІ нұсқа.
1. Алтыншы қабаттың терезесінен (h= 20 м) тасталған тас Жерге қанша уақытта
жетеді? Жерге түскен сәттегі оның жылдамдығы қандай? (g=9,8 мс2).
2. Дене радиусы 50 м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 10 с ішіндегі
бұрылу бұрышы 1,57 радианға тең екені белгілі. Дене қозғалысының сызықтық
жылдамдығы мен жүрген жолын табыңдар.
3. Автобус орнынан қозғалған сәтте-ақ 1,5 мс2 тұрақыт үдеуге ие болды. Ол
қанша уақыттан кейін 72 кмсағ жылдамдық алады?
4. Уақыттың алғашқы мезетінде дене координаттары x0=-3 м және у0 =5 м
болатын нүктеде еді. Дене координаттары х =4 м және у =2 м нүктеге орын
ауыстырды. Орын ауыстыру векторының х және у осьтеріндег проекцияларын
табыңдар. Дененің орын ауыстыру векторын сызып, модулін табыңдар.
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: қайталау.
9-СЫНЫП.
Сабақ тақырыбы: §10. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі.
Сабақ мақсаты: 1. Санақ денесі, санақ жүйесі, инерция, Ньютонның бірінші
заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
1. Орташа жылдамдық дегеніміз не?
2.Лездікжылдамдықдегенімізне?
3. Орташа жылдамдық пен лездік жылдамдық арасындағы ұқсастық пен
айырмашылық неде?
4. Үйге берілген есептерді тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Берілетін ұғымдар: санақ денесі, санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы.
Қозғалмайтын деп қабылданған дене – санақ денесі деп аталады.
Санақ денесі, онымен байланысқан координат жүйесі мен синхрондалған
сағаттар жиынтығы санақ жүйесі деп аталады.
Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда
бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі
бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді.
Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық
санақ жүйелері деп аталады.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
№115. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір
қалыпты қозғалыс жасай ала ма?(автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен
бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері
теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы
(серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен
кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың
серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі,
горизонталь әсер ететін жол және ауа кедергісі теңгерілмейді.
№116. Итеру кезінде вагонға мыналар әсер етеді: бірін-бірі теңгеретін
вертикаль бағыт бойынша Жердің тартылуы және рельс серпімді реакциясы, ал
тепловоздың тартуы және рельске және ауаға үйкелуі горизонталь бағыт
бойынша. Егер тепловоздың тартуы үйкелістен артып кетсе, вагонға әсер
теңгерілмейді және ол үдеу бойынша қозғалады. Вагон кемімелі қозғалады.
№117,№118,№119 VІ. Қорытындылау.VІІ.Бағалау VІІІ. Үйге тапсырма: §1.4, 4-
жаттығулар.
9-сынып.
§§11. 12. Күш. Ньютонның екінші заңы.
Сабақ мақсаты:
• Денелердің өзарар әрекеттесуі туралы ұғымды қалыптастыруды
жалғастыру, күш, күштердің түрлері, тең әрекетті күштер туралы
түсінік алуға жағдай жасау.
• Оқушыларды өз беттерімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға
жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
• Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
• Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
• Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
• Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
• Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады?
ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күш
әрекетінен денелер Жерге құлайды. Дененің ауырлық күші әрекетінен ғана
қозғалуын еркін түсу деп атайды.
Серпімділік күші дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда
болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау
кезінде пайда болады.
Гук заңы: │Fc│=k∆ℓ
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті
айтады. Ол әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы
жаққа қарай бағытталады.
Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін
беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік
күшін айтады.
│Fүйк.│=μN
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің
нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып
табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің
әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал
оның массасына кері пропорционал:
a=Fm
–динамиканың негізгі теңдеуі.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
9-жаттығу №1, №2. 10-жаттығу №3, №4
VІ. Үйге тапсырма. §§11;12. 9-жаттығу №3, №4, 10-жаттығу. №1; №2.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§13.14. Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі.
Сабақ мақсаты:
1. Ньютон заңдары туралы түсініктерді қалыптастыруды жалғастыру.
Ньютонның ІІ заңы, салыстырмалылық принципі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі: аралас
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

1. Күш нені сипаттайды?
2. Күш неліктен векторлық шама болып табылады?
3. Күш пен үдеу арасында қандай байланыс бар?
4. Күштердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?
6. Дененің массасы дегеніміз не?
7. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
8. Бірнеше күш әрекет еткендегі дененің үдеуін қалай табуға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ньютонның үшінші заңы:
әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша
айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара
тең және бағыттары қарама-қарсы:
Ғ1=-Ғ2.
Әрекет және қарсы әрекет әр түрлі денелерге түсіріледі, сондықтан олар
ешқашан теңеспейді. Және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға болмайды,
қосуға болмайды. Бұл күштердің ерекшелігі екі күштің де табиғаты бірдей.
Күш бір денеге түсірілегн жағдайда ғана теңеседі. Мысалы:
Галилейдің салыстырмалылық принципі:
Барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді.
Басақаш айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.
IV. Пысықтау.
1. Ньютонның үшінші заңын тұжырымдаңдар.
2. Денедердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты
туралы не айтуға болады?
3. Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?
V. Есептер шығару. №139. №142. №145.
VІ. Үйге тапсырма. §§13.14.
V!!. Бағалау.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §15. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға бүкіл әлемдік тартылыс заңы, гравитациялық тұрақтының
физикалық мағынасы туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге
дағдыландыру.
3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты

-Жер радиусы
-Жерден Айға дейін қашықтық.
тәулік
; , осыдан ; R мен Т-ның мәндерін қойсақ, онда
; ал ,
осыдан немесе , демек центрге тартқыш үдеу Жердің
центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен
қатар F~Mm
~
немесе
G-гравитациялық тұрақты. G=6,673ּ10-11Нּм2кг2
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы: екі нүктелік денелер арасындағы өзара
әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал
ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.

IV. Есептер шығару. Р: № 172, №173,№169, №170
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §15. 12-жаттығу.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §16. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға ауырлық күші, денелердің ауырлық күші әрекетінен
қозғалуы туралы түсінік беру.

1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар.
2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында Ньютон қандай болжам ұсынды?
3. Неліктен Айдың Жерді айналу үдеуі жерге жақын аралықтағы дененің еркін
түсу үдеуінен аз болады?
4. Г.Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?
5. Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?
6. Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ауырлық күші –денелердің Жерге тартылу күші.
Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші:
(1)
m – дене массасы
Mж –Жер массасы
R –Жер радиус
h –дененің Жерден биіктігі
Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына
сәйкес:
(2)
Жер бетінде (h=0) болғанда:
(2) формуладан еркін түсу үдеуінің дененің массасына тәуелсіздігі, ал оның
шамасының дене Жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады.
IV. Есептер шығару. Р: №, №,№, №V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §16. 13-жаттығу.
9-сынып
Есептер шығару
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша лаған теориялық білімдерін
есеп шығару барысында қолдануға дағдыландыру.

ІІІ. Есептер шығару.
№178. Марс планетасының радиусы Жер ардиусының 0,53 бөлігіндей, ал массасы
Жер массасының 0,11 бөлігіндей. Марстағы еркін түсу үдеуінің шамасын
табыңдар.
№174. Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кем, ал Жер мен Ай
центрлерінің орташа ара қашықтығы 60 Жер радиусына тең. Жер мен Айдың
центрлерін қосатын кесіндінің қандай нүктесінде дене оларға бірдей күшпен
тартылады?
№176. Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қанлай болады?
№180. Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кгм3, ал планетаның радиусы 6100 км.
Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.
№181. Массасы 750 кг-ға тең ғарыш аппартаы 1970 жылы Айдың бетіне жетті.
Аппартақа Жер бетінде және Ай бетінде әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.
№183. Массасы 90 т ТУ-154 ұшағы 11 км биіктікте ұшып келе жатқандағы еркін
түсу үдеуі 9,77 мс2-ге тең болса, оған әсер етуші ауырлық күш қаншаға
азаяды? Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі 9,81 мс2-ге тең деп есептеңдер.
IV. Карточкамен жұмыс жасап жатқан оқушылардың есептерін тексеру.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: 12-13-жаттығулар.
9- сынып.
7. Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп,
тәжірибені қайталаңдар.
8. Алынған нәтижені төмендегі кестеге жазыңдар.
Тәжірибе h,м ℓ, м ℓорт, м t, c υ0, мс υорт, мс
реті
9. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §17. §18.Жасанды серіктердің қозғалысы. Дененің салмағы.
Салмақсыздық.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға жасанды серіктердің қозғалысы, бірінші, екінші ғарыштық
жылдамдық, дененің салмағы, салмақсыздық туралы түсінік беру.

1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтамыз?
2. Ол қандай шамаларға тәуелді?
3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
4. Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді емес екенін қалай
дәлелдеуге болады?
5. Полюсте және экваторда бір деген әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері
бірдей бола ма?
6. Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүкіл әлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен
қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық бірінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.
Жерден ұшатын дене үшін бірінші ғарыштық жылдамдықты анықтайық.
Бірінші ғарыштық жылдамдық ≈7,9 мс-қа тең.
(2)
Бұл формула бойынша кез келген планета серігінің бірінші ғарыштық
жылдамдығын есептеуге болады.
Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық екінші ғарыштық
жылдамдық деп аталады.
Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет
ететін күші дененің салмағы деп аталады.
Үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық
күшіне тең.
Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің
салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады.
Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының
артуын асқын салмақ дейді.
Дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп
аталады.
Дене тіреуімен бірге вертикаль төмен қарай қозғалған жағдайда дененің
салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен кем болады.
IV. Есептер шығару. 14 –жаттығу. №1, №3
15 –жаттығу. №3, №4.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §17. §18. 14-жаттығу. №2, №4, 15-жаттығу. №1, №2
9-сынып
Сабақ тақырыбы: §§19, 20 Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы туралы түсінік
алуға жағдай жасау.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қалай меңгергендері туралы сұрақтар:
• Ньютонның І заңын тұжырымда.
• Ньютоннның ІІ заңын тұжырымда.
• Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда.
• Дененің массасы дегеніміз не?
• Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?
• Теңәрекетті күш дегеніміз не?
• Галилейдің салыстырмалы принципі.
• Бүкіл әлемдік тартылыс заңын тұжырымда. Формуласын жаз.
• Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі.
• Жер бетінен h биіктіктегі еркін түсу үдеуінің формуласы.
• Жер бетіндегі дене үшін еркін түсу үдеуі формуласы.
• І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
• ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
• Денеің салмағы дегеніміз не?
• Асқын салмақ дегеніміз не?
• Салмақсыздық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп
аталады.
Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын
физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.
Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·мс
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін
денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара
әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.
ІV. Есептер шығару.
Рымкевич есептер жинағынан: №314, №315, №317, №316.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§19. 20. 17-жаттығу. №1
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §21. Реактивті қозғалыс.
Сабақ мақсаты:
1. Импульстің сақталу заңы туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру,
реактивті қозғалыс туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге

• Дене импульсі дегеніміз не?
• Күш импульсі деген не?
• Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
• Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
• Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?
• Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ғарыш және Қазақстан электрондық презентациямен таныстыру.
Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі
қозғалысты реактивті қозғалыс деп атайды.
Қарапайым зымыран құрылысы:
Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалады. Яғни оның әр сатысының
отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.
Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін еркін
қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады. Үрленген шардың
ішіндегі қысым сыртқа атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі,
ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы
сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуі тудырады. Ол біраз уақыт бөлме
ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама – қарсы
бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Реактивтік қозғалыс принцепі бойынша:
сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады.
Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принцепін пайдалану адамның бір кездегі
арманы және қиялы болған тылсым Әлемнен тілдесе бастауына әкелді. Реактивті
қозғалыс принцепі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен
қозғалатын ұшақтарды, Жердің жасанды серіктерін, планетаралық саяхат
жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғарыш
кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгершілік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі
техника және асқан ерлік қажет.
Реактивті қозғалыс принципі – зымыран қозғалысына мысал келтірсек.
Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның
жануа кезінде жоғарғы температураға дейінгі қызған жоғары қысымдағы газ
Сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4кмс-қа
дейінгі) атқылап шығады.Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын
түгел жанады да, жану өнімдері mv1 импульс алады деп есептейік, мұндағы v1
– атқылап шығатын газ жылдамдығы, m – жанған отынның массасы. Газ бен
зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен
салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, зымыран – газ жүйесін тұйық жүйе
деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын
қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және
отынның қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап
шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда
массасы М- m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ
импульсінің бағытына қарама – қарсы бағытталған (М – m) v2 импульс алады,
мұндағы v2 – зымыран қабығының жылдамдығы, Онда mv1 = - (М – m) v2 болады.
Ал бұдан v2 = - mv(М- m) Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы
бағытына қарама – қарсы бағытталған жылдамдық алатын болады. Дененің бір
бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы
реактивті қозғалыс деп аталады.
IV. Есептер шығару. 18 –жаттығу. №1, №3
15 –жаттығу. №3, №4.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §21. 18-жаттығу. №2.
9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§22. 23. Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға
жағдай жасау.

1. Зымыран қалай қозғалады?
2. Реактивті қозғалыс деген не?
3. Оған мысалдар келтіріңдер.
4. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
5. Реактивті қозғалыс жылдамдағы қандай шамаларға байланысты?
6. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін
айтады. Энергияның өлшем бірлігі джоуль болып табылады.
Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.
Потенциалдық энергия дегеніміз –денелердің өзара әрекеттесуіне немесе
дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
Механикалық жұмыс –бұл энергия өзгерісінің өлшемі.
Жүйенің толық энергиясы: .
Энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен бүкіл әлемдік тартылыс күші мен
серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және
потенуиалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін
денедердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады:
Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек
бір түрден екінші түрге айналады.
IV. Есептер шығару. 19 –жаттығу. №1, №3. 20-жаттығу. №3. №4.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §22. §23. 19-жаттығу. №2, №4, №5.
9-сынып.
Бақылау жұмысы.
Мақсаты:
1. Оқушылардың Динамика бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру,

1. Серіппені 4мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4
см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
2. Массасы 5 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 1,5 мс2 үдеу алды.
Массасы 12 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу
алады?
3. Масасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кНм-ға тең
қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.
4. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер
етеін ауырлық күішінің істейтін жұмысы қандай болады?
ІІ нұсқа.
1. 60 Н күш денеге 0,8 мс2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 мс2
үдеу бере алады?
2. Қатаңдығы 40 кНм серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару
керек?
3. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы
қандай? Оның айналу периоды қандай?
4. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді.
Тастың тығыздығы 2500 кгм3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.
ІІІ нұсқа.
1. Ғарыш ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 мс 2 үдеумен тік
жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышке-ұшқыштың
салмағын табыңдар.
2. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін
жасанды серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды
қандай?
3. Қатаңдығы 100 кНм тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай
күш түсіру керек?
4. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 мс 2 үдеумен көтерегн кезде адам
қандай жұмыс істейді?
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: қайталау.
9-сынып.
Күні: 29.11.12ж
Сабақ тақырыбы: §24. §25.Тербелмелі қозғалыстар.Тербелмелі
қозғалысты сипаттайтын негізгі
шамалар.
Мақсаты:
1. Тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы
түсінік беру.
2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айта алуға жетелеу.
3. Ғылыми дүниетанамын қалыптастыру. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа,
тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарау бойынша сұрақтар:
1. Дене импульсі дегеніміз не?
2. Күш импульсі дегеніміз не?
3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең?
5. Зымыранның құрылысы және олардың қозғалуы.
6. Энергия, энергия түрлері.
6. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?
7. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл
немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Тербелмелі қозғалыс — қалпына келтіруші күш эсер етіп түрғандағы
қозғалыс.[1]
Күнделікті өмірде біз тербелмелі қозғалыстар немесе жай ғана
тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз. Мәселен, жел соққан
кезде талдың бұтақтары тербеледі, бір шеті қысқышқа бекілген металл
пластинаны майыстырып тұрып жібере салca, ол да тербеліске түседі. Сол
сияқты вертикаль күиінен ауытқыған өткеншек, бесік, қабырға сағатының
маятнигі, серілпеге ілінген жүк, домбыра шегі, таразының тілі және т.б.
тербеледі.
Бұл қозғалыстардың ұқсастығы сол, олардың барлығы қайталанып
отыратынымен сипатталады: қандай да бір уақыт еткен соң, тербеліп тұрған
дене бастапқы орнына үнемі қайта оралады.
Демек, тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән. Қозғалыстың периодтылығы
белгілі бір уақыт өткен соң дене орнының, яғни оның координатасының дел
немесе шамамен дәл қайталанып отыратынын білдіреді.
Сонымен, механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы
дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Мәселен, планеталардың, Жердің жасанды серіктерінің орбита бойымен
қозғалысы, сол сияқты сағат тілі ұшының, ұнтаспа дискілерінің қозғалысы
тербелмелі қозғалыс тәрізді периодты болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz