Қылмыс. Криминалистика


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

1-ТАРАУ. Криминалистиканың жалпы теориясы

№1 лекция. Криминалистика пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері.

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.

Криминалистиканың пәні,

Криминалистиканың жүйесі,

Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.

Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қаладыда, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі обьектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.

Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.

Криминалистика ғылымының пәні екі бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімі заңдылықтары:

қылмыс тетігінің заңдылықтары;

қылмыс және оған қатысушылар туралы ақпараттың пайда болу заңдылықтары;

дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен пайдалану заңдылықтары.

Екінші бөліміне қылмыспен күресуге қажетті криминалистік құрал-жабдықтарды, тәсілдер мен әдістерді ойлап шығару, практикаға енгііп пайдалану және оларды жетілдіру жатады.

Криминалистика - бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.

Криминалистика жүйесі ғылымның пайда болуынан бастап бүкіл тарихы бойына дамып және жетілдіріліп отырады. Бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда. Криминалистика өз алдына ерекше, дербес ғылым болғандықтан, оның өзі іштей өзара байланыстығы жеке бөлімдерінен құралған ғылым жүйесі болып табылады. Көптеген оқулықтарда дәстүрлі түрде криминалистика жүйесі төрт бөлімнен құралған, олар:

Криминалистиканың жалпы теориясы;

Криминалистік техника;

Криминалистік тактика;

Криминалистік әдістеме.

Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш топқа бөлінеді.

Криминалитиканың жалпы немесе басты міндеті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен басқа да ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу.

Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:

криминалистика пәнінің негізін құрайтын обьективтік заңдылықтардың одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін жасау;

Заттай жәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдарды жасап шығару;

Алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;

Қылмыстардың жекелеген түлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

Қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну;

Шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.

Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

Криминалистиканың пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері.

Криминалистикалық ұқсастыру теориясы және диагностика, олардың қолданбалы мағынасы.

Криминалистикалық ілімдер жүйесі.

№2. лекция. Криминалистикалық ұқсастыру теориясы және диагностика, олардың қолдаңбалы мағынасы.

Мақсаты: Танылатын объектінін өзіндік касиеті мен максат, міндетте-ріне байланысты материалдык дүние объектілерін тану проце-сіндегі тенестіру әр түрлі жоддармен жүзеге асырылуы мүмкін, сол танылатын объектілерді қандай ұқсатандыру тактикалары арқылы асыратылатындығын көрсету.

Криминалистикалык идентификация түсінігі

Криминалистикалык идентификация субъектілері мен объектілері, олардың түрлері мен нысандары

Криминалистикалык идентификация теориясы қағидаларының қылмысты ашудағы тәжірибелік мағынасы

«Идентификация» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсак «тендестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей біркатар түсінік тал-дауларын жасауда қолданылады:

идентификация - адамның ойлау қабілетінің зандылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен қүралы ретінде;

идентификация-тендестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде карастырылады.

«Идентификация» термині - көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ой-ларды жинақтайды.

Идентификация үғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және баскд да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Таным теориясынын (философия) көмегі аркылы адамнын танымдык қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлем-дегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес баскд объекті-лерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына кдрамастан материадды дүниедегі әрбір объект жеке-ленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа езі тектес заттардан ажы-ратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Танылатын объектінін өзіндік касиеті мен максат, міндетте-ріне байланысты материалдык дүние объектілерін тану проце-сіндегі тенестіру әр түрлі жоддармен жүзеге асырылуы мүмкін. Тендестіру актілері кдрапайым, яғни күнделікті түрмыс-тірші-лікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шенберінде шешілетівдей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: тендестірудін түрмыстык акті-лерінде кішкентай бала өзінін ата-анасын, киімдерін, ойыншық-тарын танвды; суретші өзінін салған суретін онай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т. б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялык заттарды, онын табиға-тын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик - физикалык процестердін табиғатын анықтайды.

Адамның ойлау кызметі зандылыктарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен тевдестіру зандылығы және »адамды тану кызметіндегі теңестірудін логикалык кағидалары негізінде калыптасқан.

Тендестіру зандылығына сәйкес - адамның ойлау процесін-дегі кандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тен болуы тиіс.

Адамның санасында көрініс тапкдн объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезівде міндетті түрде нақ-ты бір объектіні ғана ойлау керек, оны баска объектілермен ал-мастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның кайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмүны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастыктар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы, әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялык механизмі келе-сідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінін белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау аркы-лы, ол үсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объекті-лердін сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша коры-тынды жасайды.

Адамның барлық танымдык (тұрмыстык, я ғылыми) кызметі аясындағы кез келген логикалык тендестіру механизмі біреу- ак болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан түрмыстык тендестіру рәсімі кдрапайым болып табылады. Сон-дыктан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалык стеоретип аркылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т. б. ажыратамыз.

Карапайым тендестірулер негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері аркылы қабылдауға байланысты жасалады.

Идентификация таным әдісі ретіиде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т. б. ғылым салаларында кенінен колданылады. Мысалы, архео-логиялық зертгеулер жүргізу барысында табылған (кдзып алын-ған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.

Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тірші-лікте емір сүрген жануарлардын өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардын түрлерімен идентификацияланады. Та-былған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.

Аналитикалык, органикалык және басқа да химиянын сала-лары аркылы алынатын барлык заттар міндетті түрде бүрын аныкталған заттар класы бойынша -ды (сәйкестендіріледі) .

Геология, минералогияға байланысты табылған затгар белгілі бір минералдар және т. б. түрлері бойынша идентификацияла-нады.

Барлык. идентификациялық жағдай мәселелеріне байланыс-ты әр түрлі ойлар (пікірлер, көзкдрастар, түжырымдар) кейбір ғылым - археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялык, мәселелердін сәйкестігін шешу үшін кри-миналистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пай-далануға тура келеді.

Л. Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік бер-ген: Идентификация дегеніміз - бір объектіні басқа бір объекті-ден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінін өзіндік касиетіндегі материалдык белгілерін салыстырмалы түрде зерт-теу мен бағалау болып табылады.

Криминалистикалык, идентификацияның ерекшелігі неде, олардың баска да кызмет саласындағы идентификациядан айыр-машылығы кандай деген мәселелерге токталатын болсақ, бұл қылмыстың ізін жасырған жерлерді; кылмыскердің кыл-мысты жасауға колданылған кару кұралдарын; кылмыскерді, жәбірленушіні, кылмыстык. кол сұғылған заттарды идентифи-кациялауға және т. б. аныктауға болады.

Көріп отырғанымыздай, дәлелдеу кезінде кәптеген жағдай-лар идентификациялауға жатады. Бірақта олардын әркдйсысы әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мысалы: кылмыс-кердің жеке басын оның қолжазбасы, дауысы, бейне келбеті, аяқ, кол іздері, шашы және т. б. бойынша идентификациялауға болады.

Бүгінгі танда криминалистикалык идентификация теория-сы криминалистикадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түр-леріне жататындығы осы жағдайлармен түсіндіріледі.

Кеңестік танымал криминалистердің барлығы да кримина-листикалық вдентификация мәселелерімен тікелей немесе жа-нама түрде айналысты.

Криминалистикалык вдентификация теориясы - тарихи жа-•ғынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелеңдіру күралы ретінде калыптасқан ілім болып табылады.

Криминалистикалык идентификация теориясының калып-тасуы мен даму тарихын темевдегідей 3 кезеңге бөліп кәрсету-ге болады:

/ -кезең - теориялык негізі мен оның негізгі жағдайлары және қағидаларының пайда бола бастауынан XX ғасырдың 50 жылдарына дейінгі кезендерді хронологиялык, түрде камти-ды;

2-кезец - бұл 80 жылдарға дейінгі әр түрлі идентификация-лық зерттеу әдістемелерінін қалыптасу кезеңі;

3-кезеқ - криминалистикалык идентификация жағдайлары және т. б. қайтадан қарастырылып нактыланатын кезендер жа-тады, ол бүгінгі танда орын алуда.

Криминалистикалык, идентификация теориясы - қылмыстық оқига тураіы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектініқ тепе-теқдігін анықтауга байланысты әдістемелік усыныстар мен тәртіп-ережелерінен т^ратын гылыми ілімдердің жиынтыгы.

Криминалистикалық идентификация процессуальдық және процессуальдық емес формасында кдрастырылады.

Идентификациянын процессуальдық емес формасы қолдан-балы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның колданбалы түрі - мүражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал иден-тификацияның жедел түрі қылмыстык іс козғалғанға дейін орындалады. Идентификациянын нәтижелері жедел-іздестіру қызметінде колданылады.

Идентификацияның процессуальды формасы:

сот сараптамасы;

тану үшін көрсету;

объектілерді карау шеңберінде жүзеге асырылады.

Тану үшін көрсету және карау тергеу әрекеттері шеңберіндегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде колданылатын идентификация процессуальдык түрде өте кең таралған.

Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалистикалык идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен катар олар-дынтабиғи қасиеттері мен басқада параметрлерімен байланыс-ты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентифи-кация түрлері ажыратылады:

объектінің бір текке жататындығы;

топтык кдтынастылығы;

жекеленген сәйкестігі аныкталады.

Идентификацияланатын объектініңтабиғатына байланысты:

нақты бір жеке объект бойынша;

бүтінді бөлшек аркылы аныктау бойынша;

шығу (пайда болу) кдйнар көздері бойынша.

Идентификацияланатын объектіге байланысты идентификацияның келесідей түрлері бар:

• ойдағы бейне бойынша идентификациялау;

жеке объектілерді материалды бекітілген бейнесі бойынша идентификациялау;

шығу кайнар кездері бойынша идентификациялау;

• бүтінді белшек бойынша идентификациялау.

Мысалы, табылған колдың ізі аркылы сезіктіні идентификациялау жеке объектіні бейненін материаддык бекітілуі бойынша идентификациялауға жатады; окиға болған жерде табылған сым-темір бөлшектерін сезіктінін автокөлігінін багажынан та-былған сым-темір бөлшектерімен идентификациялау - бүтінді бөлшек аркылы вдентификациялауға жатады; бір сезіктіден та-былған пакеттегі есірткіні екінші сезіктіден табылған пакеттегі есірткімен идентификациялау - шығу кайнар көзі бойынша идентификациялау түріне жатады.

Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне бай-ланысты тергеу және сараптамалык идентификация деп бөлеміз.

Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс кдруы, кәлік құрал-дары және т. б. идентификация түрлерін бөліп карастыруға бо-лады.

Криминалистикалык техниканын салалары бойынша - порт-ретті (ауызша суреттеу), трасологиялык, баллистикалык, кол-жазбатану және т. б. түрлері бар.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

Криминалистикалык идентификация анықтамасы.

Криминалистикалык идентификация теориясының калыптасуы мен даму тарихының кезеңі.

Криминалистикалык идентификацияның нысаны.

2-ТАРАУ. Криминалистикалық техника

№2. лекция. Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары.

Мақсаты: Криминалистика пәні жүйесінің бірі, қылмысты ашу мен тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және пайдалануға арналған техникалық-криминалистік құрал-жабдықтар, әдістер мен тәсілдердің құрамын құрайтын криминалистикалық техниканың маңызын түсіндіру

Криминалистикалық техника түсінігі мен құрылымы.

Қылмысты тергеп ашуда пайдалнылатын ғылыми техникалық және жалпы ғылыми құралдардың жиынтығы.

Ғылыми техникалық қолдануын процессуалдық және техникалық түрде дайындау.

криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстык іздерді табу, бекіту, алу, жинауға колданы-латын және тергеліп отырған окиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-дар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар түрғы-сынан өндеп жетілдіру, сондай-ақ кылмыстардың адцын алу әдістері мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.

- криминалистикадағы алғаш-қы пайда болған түсінік, оның күрылу кезіндегі негізгі бөлім. ?

, біріншіден - крими-налистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден - техникалык қүралдардың жиынтығын білдіреді, яғни кұрылғылар, аппарат-тар, күралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті баска да қүралдар.

Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне - кыл-мыскерлердің жеке басы туралы, оның колданған қаруы, олар-ды колдану және жасалған кылмыстын өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу максатымен кылмыстың материалдык іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады.

карастыратын мәселелері-нін көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.

Криминалистикалық техника теориялық жағынан кримина-листиканын бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:

жалпы жасалған кылмыстык, іске қатысты кандай нысандар, кандай іздер қалдырылады және олардын қандай касиеттері, сипаттары бар;

криминалистикалық техниканы дамыту.

Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына карай арнайы мәсе-лелерді зерттейді:

- қылмыстын ізін қалай және қандай техникалык, қүраддардың көмегімен табуға болатындығын;

олар дәлелдеме болуы үшін, оларды калай және кандай техникалық кұралдармен тауып, бекітуге болатындығын;

бұл дәлелдемелерді, калай және қандай техникалык кұралдардың көмегімен алуға болатындығын. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусактың калдырған ізін криминалистер XX ғасырда ұнтактын көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы дәлелдеме ретінде алуға болатынын анықтаған;

- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастьірады, бірак көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді;

қылмыстык іс, қолданылған кару, қылмыскерлер, калдырылған іздер және т. б. мәселелер жайлы мәліметтерді калай және кандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын;

кандай техникалык кұралдар қылмыс жасауға кедергі жасайтындағын.

Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әркайсысында накты мәселелер бар және әлі де бола береді.

Яғни, бұл накты мәселелер: нысаннын түрлеріне, атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т. с. с. қылмыс іздеріне байланысты болады.

Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті же-келенген іздерді немесе оларға қатысты объектілердін түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді калдырған деп та-былған объектілерді аныктау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі.

идентификациямен тығыз бай-ланысатын басқа да идентификациялык. емес (диагностикалык, классификациялык, ситуациялык) мәселелерді шешеді. Олар-дың қатарына іздердін пайда болу механизмін аныктау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, кұраддар-дын козғалыс бағыты, бөгет пен қарым-кдтынаска түсу бұры-шы, басу күші және т. б. аныкталады.

Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із каддырушы объектінің әсер ету ба-ғыты, күші, арақашыктығы, жылдамдығы, іздердін пайда болу уакыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағы-ты, жәбірленушіге жаракдт салудың кезектілігі, көлік қүралда-рынын козғалыс жылдамдығы мен бағыты) . Сонымен катар, із калдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздін калыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетгі аныктау мәселелерін де карас-тырады, мысалы: әйнектегі ойык тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда бодцы ма; киімдегі закым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы кару окпаныньвд жарылу себебі неде және т. б.

Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың карастыратын негізгі мәселелерін төмендегідей бөліп көрсету-ге болады:

1. Идентификациялық:

а) жеке тепе-тендігін аныктау (идентификация) ; ә) объектілердің кай топқа жататындығын аныктау.

2. Идентификациялықемес:

а) қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту және алу;

ә) іздердін пайда болуына әкеп соқкдн әрекеттердін жағда-йын, механизмін, себептерін аныктау және т. б.

Карастырылған мәселелерді шешу мақсатывда криминалис-тикалык техниканын әдістерін тергеуші, маман, сарапшы кдл-дана алады. Бүл криминалистикалық техниканын тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалык. криминалис-тикалык техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалык сараптаманы криминалистикадан бөліп карастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз.

Бірақта, бір жағынан тергеуші мен маманнын криминалис-тикалықтехниканы қолдану, екінші жағынан сарапшының кри- колдану ерекшелігін ескерген жөн.

Сонымен, криминалистика ғылымывдағы криминалистика-лық техника бөлімі өте маңызды бөлім.

Криминалистикалык техника қылмысты тергеу мақсатында накты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеу-ге бейімделген - физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдардың әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен катар, криминалистиканың өзінін жеке колданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалык кұраддары бар. Криминалисти-ка ілімі шенберінде кылмыстың алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған накты (жаратылыс) және техникалык, ғылым әдістерінің жиынтығы калыптаскдн.

Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерт-теудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әр түрлі техникалык, әдістер қолданылады. Мысалы: құжатгарды карау кезінде жа-рыкты қиғашынан түсіру аркылы жарыктандыру әдісін колда-нуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Криминалистика пәні жүйесі және міндеттері
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Шабуыл жасап тонау
Арам пиғылды қылмыстардың ішінде кең тарағаны ұрлықтар
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz