WEB - САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
WEB - САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР.
Этот доклад о программа которые , ориентированы для создания Web - сайтов с применением языков программирования, реализованных по стандартам Интернета, которые организуют просмотр ресурсов всемирной паутины. Формат гиперссылка HTML задает текст и специальные коды форматирования, определяющие отображение информации на экране.

This report describes the orientation program for creating Web - sites with the use of programming languages, sold by the standards of the Internet. Which organize the Image Resource World Wide Web. HTML defines a hyperlink format text and special formatting codes that define the display of information on the screen.
XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Мемлекеттік грант иеленіп, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру керек. Ол мектепте алған білімін тексеру үшін арнайы сынақ тест тапсырады, оның нәтижесін де ұзақ күтеді. Және қазір мектеп оқушыларына дейін ғаламторды жақсы меңгерген, қажет материалдарын оңай іздеп табады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған talapker.kz сайты уақытты үнемдеп, бір жерден бірнеше пайдалы ақпарат алып, сынақ тестісінен өтіп, өз-өзін тексеруге керемет мүмкіндік береді. Сайттың артықшылығы: Оның мобилдігі;
Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;
Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;
Сынақ тест тапсыруда уақыт пен ақшаны үнемдеу;
Екі тілде болуы( қазақ және орыс тіліндегі оқырмандарға арналған);
Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн. Объектіні зерттеуге қолданылған бағдарламалар - Macromedia Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript .Зерттеу тақырыбы - Web-дизайн көмегімен талапкерлерге арналған talapker.kz сайтын құру. Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге пайдалы, креативті дизайнды сайт-көмекші құрастыру. Ол үшін мен алдыма мынандай мақсаттар қойдым: Жобама байланысты материалдар жинақтау
Macromedia Flash, Dreamweaver MX бағдарламалары арқылы сайт дизайнын көркемдеу.
Javascript және ActionScript бағдарламалары арқылы сынақ тест және навигация батырмалары үшін скрип жазу.
Сайтты материалдармен толықтыру.
Қазақ және орыс тілінде нұсқалар жасап, сайт жобасын аяқтау [1].
Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады [3].
Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.
Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін.
Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Web дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек: Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс - мәзір анық та түсінікті болу керек.
Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
Web дизайн жеңіл, яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек[2], [4].
Web дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның салмағын ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн - бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады [3].
Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады.
Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Wordpress бағдарламасына түсінік беру
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Веб сайт жасаудың кезеңдері
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
Web - беттерде мәтінді ұсыну
Жобаны құрудың әдістемесі
Интернет дүкен туралы
Сайт дизайнын жасау
Қазіргі WEB технологиялар
Интернет және WEB сайт туралы түсінік
Пәндер