Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Ақшалай қаражаттарды мемлекеттің қолына орталықтандырудың қажеттілігі
Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары -- бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар -- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары -- бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша шоты кредитінен 1280 -Басқа да дебиторлық қарыздар шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- Басқа да кредиторлық қарыздар шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының калдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Кассир материалды жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуы тиіс. Осыдан кейін материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 1010 -- Кассадағы ұлттық валюта және 1020 - Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша шоттарында жүргізіледі.

І Бөлім. Ақша қаражаттар есебі

1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің, нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттем асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары -- бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар -- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары -- бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағасы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.
Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық және ұйымдастырушылық формасы
Мемлекеттік бюджет - ол барлық меншік формасындағы субъектілердің мемлекетпен экономикалық және жеке азаматтармен жалпымемлекеттік мақсаттар мен функцияларды орындауға бағытталған орталықтандырылған қаржы қорын құру бойынша мемлекетпен қатынасы.

Бюджеттің экономикалық мәні - ол мемлекеттің негізгі пайдалылығы жоғары салаларды ғылыми-техникалық прогресс жобасы арқылы қаржыландырылып, сол арқылы мемлекеттік қаржы салымын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет монополиялық баға мен монополиялық пайданы қолдауға қолданылып келеді, яғни ол монополиялық өнімдерге бағаны бекіту, салық жеңілдіктерін еңгізу, монополистерге мемлекеттік субсидия бөлу және басқалары арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет мемлекеттің басты қаржы жоспары болып табылады. Бюджет өзінің бюджеттік процесс деп аталатын кезеңді өтеді. Ол мемлекеттік органдардың бюджетті талқылау, құру, бекіту және орындау әрекетін бөледі.

Қазақстан Республикасында бюджетті құрумен экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі айналысады. Елімізде бюджет бір жылға жоспарланады. Алайда кейбір елдерде бюджет жоспары мерзімі басқа болады және бюджет жоспары календарлы күн санына сәйкес келмейді. Бюджеттік жоспарлау негізінде жоспарлау - болжау - бюджетті құру әдісі жатыр.

Мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік - мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. Сөйтіп, мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады. Экономика қазіргі жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша қоғамдық арналымы жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.

Нақты, объективті бөлістің қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналамды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:

жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;
құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;
қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндіріс пен өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар - ақша қатынастарымен астасып жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттық көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағында түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі - мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндіріс құрал - жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді, мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын - ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты - елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады; кірістер және шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары - мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Жоғары Кеңесінің жыл сайын қабылдайтын Мемлекеттік бюджет туралы заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.

Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі, ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың 39 процентінің, жалпы қоғамдық өндірістің 18 процентінің, бөлуге және қайта бөлуге түсуінен көрінеді. Ол, жоғарыда атап өтілгеніндей, қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөлінеді.

Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор роль атқарады. Бюджет қаржысы жеке (жеке кәсіпорындар шеңберінде) және қоғамдық (бүкіл халық шаруашылығы ауқымында) қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.

Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары - жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құруда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалану да аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.

Бюджеттің ерекше арналымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
шығындар;
таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте). (2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан қараңыз).

Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет жүйесі
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Бюджетаралық қатынастар
Нарықтық эканомикада салық
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықтар
Салықтық емес түсімдер
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау
Бюджеттік жүйе
Пәндер