Коммуникативті үрдістің құрылымдық-функционалдық талдамы


Коммуникативті үрдістің құрылымдық-функционалдық талдамы
- Адамдар арасындағы қарым-қатынас процссінің ерекшелігі: ақпараттардың «қозғалысы» кезіндегі дамуы мен толығуы; қарым - қатынас кезіндегі серіктестердің белсенділігі; ақпараттардьң мағьналық талдауы және коммуникация түрлері.
- Сөйлеу құрылымы. Тілдік хабараларды түсінудің әлеуметтік-психологиялық заңдылықттары. Тезаурус түсінігі. Қарым-қатынастық кедергі типтері. Жеке адам мен қоғамның өзіндік санасы мен тілдік сана мәселесі.
- Мәтін - әлсуметтік- ретіндс: құрастыру заңдылықтары, қабылдау механизмдері, талдау тәсілдері.
Мақсаты: Адамдар арасындағы қарым-қатынас процссінің ерекшелігі: ақпараттардың «қозғалысы» кезіндегі дамуы мен толығуы; қарым - қатынас кезіндегі серіктестердің белсенділігі; ақпараттардьң мағьналық талдауы және коммуникация түрлерімен танысу.
Мәтіні: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірінен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адам-аралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті жөне диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері “пассивті” объект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте, мәселен, шытырман, қиын-қыстау жағдайларда қажет. Мұндай қарым-қатынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері де болады: өте жақын адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық т. б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция - қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзегс асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің “сыңарлары” деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі - диалогты қарым-қатынас.
Диалог - тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып - түсінісу, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күйімен, сезімдерімен, т. б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.
Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық , оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербалды-сөз жүзіндегі, вербалды емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1. жеке адамаралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші - коммуникатор, оны қабылдаушы - реципиент деп аталады.
Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды.
Бұл міндетті орындауда ерекше механизм - кері байланыс іске қосылады, ол рецепиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдал, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әртүрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: “сенің пікірің маған ұнамайды”, “не айтып тұрғаның маған түсініксіз”, т. б. және де әртүрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т. с. с. бұл түрде тиімді болады.
Жанама кері байланыс - психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсінісу қиынырақ болады.
Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туьшдайды. Біріншіден, мәліметоң формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, рецепиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты. Екіншіден. оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшелікгеріне, көзқарасы, шкірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін) . Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы-коммуникативтік барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол - коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметгік - мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мұмкін.
Түсініспеушілік барьерінің бірнеше түрлері болады: 1) фонетикалық барьер жатады. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тіддегікемістік(немеседикция), тілдіңграмматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады. 2) Семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән” мини-тілі” болады. Өздерініңқалжыңдары, тілінің оралымдары, т. с. с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.
3) Стилистикалық барьер - коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе рецепиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.
Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, саған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.
4) Логикалық барьер, коммуникатордың ұсынган логикалық . ””Ерлер логикасы”, ”әйелдер логикасы”, ”балаларлогикасы”, т. б. логикалар туралы айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz