Қарым қатынас құрылымы. Педагогтің коммуникативті мәдениеттілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қарым қатынас құрылымы. Педагогтің коммуникативті мәдениеттілігі.

Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы

Оқытушы еңбегінің мазмұнын білімгердің психикалық дамуына ықпал ететін негізгі құрал оның білімгермен психологиялық өзара әрекеті- педагогикалық қарым-қатынас құрайды. Қарым-қатынас А.Н. Леонтьевтің айтуынша адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді игеру үшін қажетті және арнаулы шарттардың бірі болып табылады. Білімгерлермен қарым-қатынас барысында оқытушы 50-90 % ақпаратты білімгердің сөзінен емес, оның ым-ишара, мимика, дауыс ырғағы, жүріс-тұрысы, іс-қимылы, тыңдау қалпынан алады. Демек, қарым-қатынастың сөзден тыс құралдары ақпарат беруде, өзара қарым-қатынасты реттеуде, байланыс жасауда маңызды рөль атқарып, оқытушы мен білімгердің көңіл-күйі мен эмоционалдық қалпын білдіреді. Сонымен, оқытушы мен білімгердің өзара әрекеті ең алдымен, өзара танымдық және аффективтік-бағалау сипатындағы ақпарат алудан құрылады. Осындай ақпарат алмасу процесін қарым-қатынастың ақпараттық функциясы дейді. Қарым-қатынастың дамуы адамдардың бір-бірін когнитивті шартта күрделі бейнелей алуына байланысты. Сондықтан оқытушының өзара түсіністік пен тиімді өзара әрекет құруына білімгерді психологиялық тұрғыдан сауатты қабылдауы негіз болады. Бұл қарым-қатынастың әлеуметтік-перцепциялық функциясы. Әлеуметтік перцепцияның екі өзара байланысты деңгейлері бар, олар: өзіндік-перцепциялық (баланың қабылдауы немесе өзге адамның) және эмпатиялық (әсерлену,адамның өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіріп, қарым-қатынасқа түсіп отырған кісінің позициясынан оның қылығын қабылдай білу, өзінің пікірін дұрыс жеткізу және оны қолдауға немесе оны жоққа шығаруға мүмкіндік тудыру). Педагогикалық қарым-қатынастағы әлеуметтік-перцепция функциясы оқытушының білімгер қылығына, сөзіне, дауыс ырғағына, ым-ишарасына, сыртқы келбетіндегі өзгеріске ұқыпты болуынан тұрады. Бірақ, маңыздысы-білімгердің сыртқы қылықтарының ішінен оқытушы олардың ойы мен сезімін көреді, алдын-ала ниеттері мен әрекеттерін болжамдап, білімгердің жеке даралық ерешеліктерінің моделін жасайды. Модельдеу дегенді А.А.Леонтьев: өзге адамдардың жеке тұлғалық себеп,ниет, және мақсаттарын түсіну деп, айқындаған .

Сондай-ақ оқытушы білімгерлердің танымдық әрі жеке тұлғалық қызығуларын ескеріп отыруға қабілеті болуы тиіс. Осындай адами құндылықтармен алмасу қарым-қатынастың өзегін құрайды. Білімгерлер үнемі оқытушының көңіл-күйін, қатынасын білуге тырысады. Тап осыған байланысты оқытушы сауатты түрде өзінің сезімін көрсетіп, нақты жағдайда сөзбен және сөзден тыс құралдар арқылы білімгерлерге ашық, түсінікті болуы керек. Мұндағы оқытушының бағыты білімгерлердің рефлексиясын ояту болады. Өзара әрекетке кіріспес бұрын оқытушы білімгерлерге өзінің жеке басының мінез-құлқын көрсете отырып, тең құқылы қарым-қатынас ұсынады. Бұл араласу қабілеттілік негізінде қабылдау объектісі бейнесінің білімгерлерде қалыптасу үрдісін (Крижанская, Третьяков,1990) деген авторлар өздігінен беру дейді. А.А.Леонтьев өздігінен берудің үш негізгі мотивін көрсеткен, олар:қатынастың дамуына ұмтылу, жеке тұлғаның өзіндік бекуі, кәсіби жоспардың болуы. Өздігінен беру функциясы немесе өзін-өзі көрсету педагогикалық қарым-қатынаста оқытушы мен білімгердің өзара ашылуына көмектеседі. Қарым-қатынаста оқытушының ішкі әлемі көрінеді. В.А.Сластенин: Қиналған, шаршаған емес, қызықты, рухани бай, саяси кемелденген адам ғана жаңа ұрпақтың сезімі мен ойлауының билеушісі бола алады- деп бекер айтпаған. Ішкі әлемі бай оқытушы ғана білімгерлерге барлық сезімін, білімін, дауысы, іс-қимылы, сөзінің мазмұны арқылы береді. Қарым-қатынаста ең маңыздысы- кімдікі дұрыс (қарсыластық қарым-қатынас негізінде) деп, түсіну емес, өзара көмек көрсету, мәселені шешуде өзара бағыттау, білімді, мәліметті, пікірді бекіту және байыту болып табылады. Қарым-қатынастың нәтижелілігі оқытушының білімгерлермен кері байланыс құра білу іскерлігіне байланысты. Кері байланыс көрсеткіштеріне білімгерлердің қабылдаған ақпараттарға реакцияларын, яғни жауаптарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін, эмоцияларын және оқытушыға деген қатынастарын жатқызуға болады. Кері байланыс оқытушының әрекетін ынталандырады. Сонымен, қарым-қатынаста адамдардың интеллектерінің, эмоцияларының, ерік-жігерлерінің өзара әрекеті пайда болады, демек, қарым-қатынаста үнемі мінездердің өзара әрекеті шиелінеседі. Бұл қарым-қатынастың интерактивтік және аффективтік функциялары. Педагогикалық қарым-қатынастың интерактивтік функциясы бейнелермен, идеялармен, әрекеттермен алмасудан тұрады. Қарым-қатынастың аффективтік функциясы қатынастың әлеуметтік маңызды көріністерін құрып, аффектіні бақылап отыру, тұзету, эмоционалды түрде белсендетіп, психологиялық ахуал құру болып табылады. Жағымды эмоциялар, рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беретін қарым-қатынас бірлескен шығармашылық әрекетке итермелейді. Жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби педагогикалық білім
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Педагогикалық қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі жайлы
Педагогика. Дәрістер
Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар арқылы өзінің мамандығына деген жауапкершілікті күшейту
Пәндер