Педагогтің коммуникативті шеберлік. Көпшіл бола білудегі кәсіби және тұлғалық маңызды сапалар

Педагогтің коммуникативті шеберлік.
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И.А.Зимняя, А.А.Леонтьев). Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
Психолог Б.Ф.Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.
З.С.Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған "тәрбиелеуші-қатысымдық" функцияны ұсынады .
Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсету қажет. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қатысымдық міндеттің педагогикалық міндетке теңестірілуі - тілдесім процесінің және бүкіл педагогикалық ықпал жүйесі тиімділігінің міндетті шарты .
Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Мұғалімнің рөліне С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский және т.б. кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді.
Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик: "Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері" деген анықтама береді .
Н.Ф.Маслов, Е.М.Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың - "демократиялық" және "авторитарлық" екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші - "либералдық" түрі анықталады. Оның негізін салған А.А.Бодалев.
Оқытушы өзінің студенттермен жұмыс стилін талдай отырып, ең ұтымдысын таңдайды. Ол үйренушілердің жеке ерекшеліктерін, нақты бір жағдайларды, оқу тобы ұжымының деңгейін ескереді.
Мынадай сұрақ туындайды: оқытушы тәрбиелік-қатысымдық функцияны жүзеге асыру үшін қандай жеке кәсіби қасиеттерді бойына сіңіруі керек? Алдымен перцептивті қасиеттерді атаймыз: "1) үйренушінің ойлану, ойлау процесін қадағалап отыру, оны қолдап, ынталандырып отыру; 2) эмпатия - біреудің (үйренушінің) орнына өзін қоя білу, оның мақсатын, уәжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дәрежеде үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л. Морено эмпатияны "бірін-бірі сезіну" деп атаған; 3) үйренушінің жетістіктеріне үлкен әріптесінің, досының тілектестігі, қамқоршылыдығы ұстанымы; 4) педагог ретінде өз іс-әрекетіне үнемі қатаң көзқараспен қарап, оқу процесінде қажетіне қарай түзетулер енгізіп отыру" Морено Дж.
Л.В.Путляева қарым-қатынастың әр қилы стиліне байланысты оқушылардың реакциясын анықтады. Мәселен, сенім, еркіндік, топтағы өзара түсіністік, көңілді ахуал - оқытушының тілдесімде дұрыс стиль таңдауын көрсетеді. Айтақ, кекесін, мысқыл - қандай да бір мазмұнды оқыту жүйесін жоққа шығарады . Оқытушының қатысымдық әрекеті оның жеке қасиеттеріне байланысты - қарым-қатынастың тәрбиелік тиімділігі осыған байланысты. Оқытушының дауысының әуезділігі, сөздік қоры, сөйлеу мәнері, өзін ұстай білуі, адамгершілік деңгейі, интеллектісі оқушы, студент үшін үлгі болып табылады. Кезінде А.С.Макаренко "педагогикалық шеберлік тәрбиешінің дауысынан да, беті-әлпетін меңгеруінен де көрінеді"деп жазған болатын. Сондай-ақ педагогтармен кездесуінде "мен шеберлікке "бері кел" деген сөзді 15-20 реңкпен айтып үйренген кезде жеттім деп ойлаймын" деп оқытушының педагогикалық шеберлік, педагогикалық қарым-қатынас техникасын меңгеру қажеттігін атап көрсетеді.
Коммуникация - қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді .
Сөздің лингвистикалық коммуникативітік сапаларын зерттейтін саласы сөйлеу мәдениеті туралы ілім деп аталады. Оның пәні сөздің (сөзжасамның ) оның коммуникавтік әсері тұрғысынан алғандағы тілдік құрылым.
Қарым- қатынас дегеніміз - адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік , интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады.
Коммуникативтік процесс кезінде оған қатысушылар бір- біріне вербалды, акустикалық, кинестикалық, кеңістік, мінез-құлық, жүріс- тұрыс (әдеп) түріндегі ықпалдармен өзара әсер етеді. Өйткені сөздерді айту, сөйленім процесін жүзеге асырудағы ең басты әрекет алайда оның бірден- бір шарты емес.
Вербалды интерактіні бұлай түсіндіру негізінде тіл құбылыстарын функционалдық тұрғыдан зерттеу жатыр. Мұнда табиғи, ауызша сөз жүзеге асыратын орын (кеңістік кадр) оны нақты орындаушылар (қатысушылар) олардың мақсаты т.б. Факторлар аса маңызды . Осы факторлардың әр түрлігі белгілеріне сүйене отырып, вербалды интерактінің әңгіме, диалог, сұхбат, интервью, пікірталас, жарыссөз, сияқты арнаулы типтері жатады. Ш.Н. Нұрғожинанның зерттеулерінде арнайы қарастырылады. Зерттеуші интерактіні бұдан бөлек анағұрлым институционалды сипаттағы түрлерінің болатынын атап көрсетеді.
Қатысымдық әрекет негізінде оқытудың мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас үдерісінің моделі ретінде болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін дамытуда қатысымдық әрекет танымдық оқыту үдерісінің әдістемелік танымы ретінде қарастырылады.
Коммуникативтік біліктілік кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бұл жөнінде ғылыми пікір білдіруші ғалымдар: Н.В.Кузьмина, Л.Л.Майер, А.К.Маркова, А.И.Мищенко, И.И.Рытанова, Г.Н.Сериковтар коммуникативтік біліктіліктің педагог тұлғасының бойына қатысты жалпы біліктіліктер қатарына ерекше орын алатынын атап өткен болатын.
М.В.Сименованың пікірінше, коммуникативтік біліктілік педагогтың кәсіби қарым-қатынастың тиімділігінің деңгейін және қарым- қатынас мәдениетін, педагогикалық технологиясын, перспективті біліктілігінің қалыптасуын сипаттайды. Сонымен қатар зерттеуші-ғалым қарым-қатынасты педагогтың басты құралы деп, педагогикалық қарым-қатынас жалпы психологиялық заңдылықтармен тығыз байланыстағы, адамның өзгелермен байланыс жасауымен бір түрі болып саналатын, коммуникативті, интерактивті және перцептивті компоненттерден құралатын өзіндік ерекше қасиеті бар қарым-қатынастың спецификалық формасы, деп санайды.
А.Б.Ынтықбаева болашақ педагогтың коммуникативтік іскерліктерін, дағдыларын қажетті сезімі мен көңілін білдіре алу, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас орната білу, проблемалық іспен айналасу, оқушылармен ортақ тіл таба алу қасиеттері арқылы көрсетеді, дейді. Ал А.А.Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік біліктіліктерін ерік жігерлілік қасиеті ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін, қадағалай білуін, адамдардың жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушымен дұрыс, әрі тартымды байланыс жасай білу іскерліктерін жатқызады.
Ж.Р.Бәшірова коммуникативтілік біліктілікті жалпы педагогикалық біліктіліктің құрамына жатқызады. Коммуникативті біліктілік тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын меңгеруді, ықпалдасуға әзірлікті, өзін-өзі мен өзіндік рефлексия тетіктерін меңгеруді, өзін-өзі танып білуді (самопознание), өзін-өзі объективті бағалау сияқты тұлғалық сапаларды біріктіреді. Коммуникация - қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді. Олай болса, педагогикалық коммуникация - тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын және психикалық жағынан өзін-өзі реттеу мен өзіндік рефлекия түтіктерін меңгеру арқылы өзін-өзі танып білуге (самопознание), өзін- өзі объективті бағалауға, ықпалдасуға дайындығы негізінде қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысының сипатын анықтайтын әдіс- тәсілдердің тұтастығы.
Педагогикалық кәсіби әрекеттің тиімділігі көбінесе қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне байланысты жүзеге асады. Біздің ойымызша коммуникация ақпарат алмасу, өз ойын білдіру, идеясын, білімін танытумен қатар жаңа түсініктер, білім, таным мен адамдардың қалыптасуының негізгі себебі. Педагогтың коммуникативтік біліктілігі педагогтың өз қоғамдық статусы мен қабілеттіліктердің шеңберінде кәсіби қызметті іске асыруда аса қажет.
Оқытушының коммуникативтік біліктілігі тілдік - әдеби тілдік норманы; кәсіби - білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени-ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзыреттіліктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі риторикалық білік, сөйлеу мәдениеті терминдерімен беріліп жүр. А.Қыдыршаевтің пікірінше риторикалық біліктілікті сақтау үшін әрбір маманның кез-келген педагог-лектордың төмендегідей кеңестерді басшылыққа алуы аса пайдалы:
Сөйленер сөзге даярлықты тақырыпқа сай келетін жетекші құжаттар мен нұсқаулады талқылаудан бастап, тақырыпты таразылай келе, объективті тұрғыда негізгі ойды нысанаға алу, теориялық жағынан даярлығы мықты саяси тұрғыда сауатты оқытушы ғана сөйленер сөздің нысанасына терең бойлай алмақ. Демек, оқытушының біліктілігін басты бір көрсеткіші оның коммуникативтік мәдениет деңгейі болмақ.
Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс:
1) ойлана білу; 2) өз пікірін үйлесімді айта білу; 3) өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М.М.Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, жақсы ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін жазады.
Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолдану мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон ақын болып туады, шешен болып шығады деп ақылдық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығушылыққа байланысты деген. Осыған байланысты ата-бабаларымыздан қалған Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, - деген, сөзі бар емес пе еді. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкінідік береді,-деп тұжырымдайды А.Қыдыршаев.
Риторикалық біліктілікке коммуникативтік біліктіліктің мынадай түрлерін жатқызсақ болады: сөздің сауаттылығы, логикалық жүйелілігі, таза дәлдігі, сөз қорының байлығы, анықтылығы, сыйымдылығы. Риторикалық біліктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz