Педагогикалық қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер

Тұлғаның қалыптасуына, берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», - деген А. Байтұрсыновтың сөзі де педагогтің жұмысы барысындағы сөйлеудің, жай ғана сөйлеу емес, шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.

Сөйлеу мәдениетін игеру - болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы.

Тілдік әдеп негіздері мен ұлттық құндылықтардағы сөйлеу талаптарын жалпы адамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды тіл мәдениетіне баулу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Өйткені тіл - адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу - адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі болып табылады. Бұл жас ұрпақтың тілдік, әлеуметтік, қатысымдық, этикалық дағдыларын дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

Тіл мәдениеті жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда өте қажет. Тіл мәдениеті болашақ мамандардың педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды рөлге ие. Еліміздің тарихы бай, рухани және материалдық мәдениеті жоғары болуы үшін Х. Досмұхамедовтың: «Мәдениеттің негізі - білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады», - деген пікірі бүгінгі күннің шындығы десек болады.

Педагогтің тіл мәдениетін қалыптастырудағы аса маңызды парадигма - ана тілін ұлттық құндылық ретінде меңгерту парадигмасы. Тіл мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық тілді қалыптастыру болып саналады. Мәдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі ретінде тіл мәдениетінің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып жатыр. Сондықтан тіл мәдениеті:

- біріншіден, оқушының өзге адамдармен қатынас деңгейін көтеруге қызмет етеді;

- екіншіден, тіл мәдениеті табиғи түрде адамның ойлау мәдениетін жетілдіруге жол ашады;

- үшіншіден, тіл мәдениетінің қатысымдық сапасын меңгерту оқушының тілін дамытудан, тілін ұстартудан басталып, нәтижесінде тілді түйсінуге, құрметтеуге, талғампаздықпен қолдануға әкеледі.

Педагогикалық мәдениет - бұл жоғары деңгейдегі кәсібилік пен педагогтың ішкі жан-дүниесін сараптай білуі, оқыту әдістемесі мен мәдени шығармашылық қабілеттерін игере білуі. Бұл адамның жинақталған тәжірибесі мен шығармашылығын ұштастыра білу іс-шарасы. Жоғары педагогикалық мәдениетті меңгерген ұстаз, жақсы дамыған педагогикалық ойлау мен пайымдауды, шығармашылық потенциал мен әлемдік мәдени-тарихи тәжірибені орайластыра алады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған қабілеттерге қоса тіл мәдениетінің жоғары болуы оқытушының меншігінде. Бұл туралы Т. Г. Браже өз еңбегінде: «Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы дамудың жалпы қабылданған деңгейі мен адамның ой-өрісін рухани және шығармашылық қызметін қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілік қарым-қатынаспен байланысты икемділік пен қабілеттілікке де байланысты. Сондай-ақ үлкендер мен балалардың қарым-қатынас жасауының тәсілдерін, формаларын, талаптары мен әдістерін игеру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені, дүниетанымы, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы тарихи аспект мәселелері сынды мәнге ие болады», - деп жазады .

Кәсіби дайындық мазмұнын адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру - педагогтың мәдени потенциалын дамытатын негізгі құрал болып табылады. Дайындықтың адамгершілік мазмұны, ең алдымен, тілге қатысты сұрақтар шеңберін айқындайтын маманның бойында жоғары деңгейлі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Маманның мәдениеттілігі мінез-құлықтың, іс-әрекеттің интегралды көрсеткіші ретінде өз алдына және барлық құрамдас бөліктерінің бірлігі ретінде жинақталады. Педагогтің іс-тәжірибесінде кәсібилік, адамгершілік және қарым-қатынас мәдениеттерінің үйлесу тенденциясы байқалады. Оқытушының қарым-қатынас мәдениетінің кәсібилігі - бұл оның өзгелермен қарым-қатынас жасаудағы қабылдау қабілеттілігі мен икемділігі, түйсіну, өз ойын, сезімін жеткізе білу білім беру мен тәрбиелеу үрдісіндегі нақтылы міндеттерді педагогикалық тұрғыдан дұрыс шеше білу қабілетінің, икемділігінің әлеуметтік көрсеткіші деп санаймыз.

Тіл мәдениетінің коммуникативті сапасы деген ұғымды дұрыстық, тазалық дәлелдік, үйлесімділік, бейнелік, мәнерлілік, көпшілік тілдің түсініктілігі мен әрекеттілігі деп түсіну қалыптасқан. Тіл мәдениеті ұғымы шеңберінде адресаттың нақтылы жағдайда алдына қойған міндеттеріне сай игі әсер ете алуы сынды қасиеттердің бірлігі түсіндіріледі. Оған тіл байлығы, тазалығы, мәнерлігі, анықтылығы мен түсініктілігі, нақтылығы мен дұрыстығы енеді. Педагогтың коммуникативті бағыттағы тіл қызметіне мән бермеуі оқушылармен қарым-қатынасының бұзылуына, психологиялық кедергінің қалыптасуына, тіптен шиеленісуіне алып келетіні зерттеу еңбектерде қарастырылған.

Тіл, сөз, сөйлеу - педагогтің негізгі құралы болып табылады. Сондықтан мұғалімнің тіл мәдениетін қалыптастыру вербальді компонент болып табылады. Тіл мәдениетінің өзіндік қалыптасуында: қарым-қатынас технологиясы, тілдік шеберлік, көпшілік алдында сөйлеу т. б. болып табылады. Оқытушының тіл шеберлігі көптеген компоненттерден құралады. Ең маңыздысы тілдің мәдени және шешендік әрекеті. Оқытушының тілдік шеберлігін құратын фактор тіл мәдениеті, дикция, тіл техникасын білу, вербальды ес, импровизациялы қабілет, рөлдік және позициялы сөйлесімнің болуы, қарым-қатынас мәселелерін шешу болып табылады. Ауызша сөйлеу тіл мәдениеті мен шешендік өнермен сипатталады. Әрбір педагог дәрістік жағдайға, оқушының даралық қасиетіне байланысты өзгеріп кетуі мүмкін жағдайларға әсер ету формаларын іздестіруге талпынады. Жүргізілген сараптау оқытушының кәсіби тіл мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда сөз болған қасиеттерді маман бойына сіңіруде тіл мәдениеті, адамгершілік мәдениеті, педагогикалық мәдениет және қарым-қатынас мәдениетімен ұштасып жатады .

Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар. Олардың біріншісі оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен байланысты қарастыратын болсақ, одан кейінгілері педагогтің түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталып отыр. Нақты атап өтсек: өзіндік білім беру және оқытушылық; тәрбие беру қызметі; ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық; коррекциялық-дамытушы қызмет; басқарушылық қызмет.

Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың әрқайсысында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады:

Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы білімдер жүйесі.

Оның кәсіби қызметін іс жүзінде атқаруға дайындығының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі.

Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш - оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби-педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.

Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне маманның оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни олармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасы
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістері
Этика ұғымы және оның заты
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда мәселелері, даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz