Педагогикалық қарым - қатынастағы мимика және пантомимика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық қарым-қатынастағы мимика және пантомимика. Ым-ишараны таңдаудағы нұсқаулықтар.
Педагогикалық техника - педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы. Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет.А.С.Макаренко дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.Педагогикалық техника терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті. Педагогикалық техника ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы. Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп, жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер - бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі. Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою - мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі.
Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жұмысын неден бастағаны жөн? Сөйлеу техникасын, мимика және пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дұрыстаудан бастайды.Тәрбиешінің денесін ұстауына, мимикасына, пантомимикасына қандай нақты талаптар қойылады?
Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.Педагогтың әрдайым аудитория алдында сөйлеуі жас педагогтардың бойында сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады. Мұғалімдердің, балалардың, ата-аналардың алдындағы іс-әрекет, яғни көз алдында әрекеті мұғалім ойының жүйелілігіне, дауыс аппаратының күйіне, өзін денелік сезінуіне, психикалық күйіне ерекше әсер етеді. Бұның бәрі болатын сабаққа, шараға психофизиологиялық жағынан алдын ала дайындалуды, қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалдық күйін басқарудың іскерліктері мен дағдысының болуын талап етеді. Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) - ерекше психофизикалық жаттығу. Олар дем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Қарым-қатынас психологиясы бойынша сөздік құру
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіби педагогикалық білім
Сынып ұжымында қарым-қатынас ерекшеліктерін қалыптастырудағы мектеп психологының ықпалы
Қарым қатынас туралы пікірлер
Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері» бойынша терминологиялық сөздік және жеке практикалық тапсырма
Педагогикалық қарым - қатынас түсінік
Пәндер