Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Өнім құнын бағалау мақсатында өндірістің шығындары туралы мәліметтерді жинаумен өндірістік есеп айналысады. Одан әрі бақылау, сараптау және жоспарлау жұмыстарын іске асыратын да өндірістік есеп болып табылады. Сондықтан, егер өндірістік есептің мәліметтері қате болса, олардың негізінде алынған барлық ақпарат (жоспарлау мен сараптау) қате, әрі пайдасыз болып шығады, соның салдарынан басқару шешімдері дұрыс қабылданбай соңы қиын жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе басқару есебі жүйесін ұйымдастыру барысында ең алдымен өндірістік есепке көңіл бөлу қажет деген қорытынды жасауға болады.
Негізінен, өндіріске жұмсалған шығын сомасы мен өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мақсатында есеп-қисап амалдарын өндірістік есеп жүргізеді. Өндірістік шығындар мен фирманың табысын бақылаумен қатар, заманауи өндірістік есеп өндірістің рентабельділігін арттыру мүмкіндіктерінің резервін анықтау үшін де қажет.
Өндірістік есептің негізгі бөлімдері:
1. Шығындар мен табыс түрлері бойынша есеп, ол есептің кезең ішінде фирмадағы өнім өндіру процесінде шығындардың қандай тобы пайда болғанын және олардың өнімді немесе қызметті сату барысында қалай жабылғанын көрсетеді.
2. Әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша нәтижені анықтау үшін, жауапкершілік орталықтары бойынша жүргізілген шығындар мен табыстардың есебі фирма цехтары мен бөлімшелерінің арасында шығындардың дәл бөлінуіне ықпал етуге тиісті.
3. Өндірістік өнім немесе қызмет бірлігін өндіруге қатысты барлық шығындарды анықтау мақсатында, олардың әрқайсысы бойынша шығындар мен табыстардың есебі бөлек жүргізілуге тиіс.
Тек қана өндірістік есеп шеңберінде ғана өнім бірлігінің өзіндік құны мен рентабельділігін есептеуге және фирманың өндірістік қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін анықтауға болады.
Өндірістік есептің басты мақсаты шығындардың есебін өндіріс түрлері бойынша ұйымдастыру:
1. таңдап алынған есептеу тәсілі бойынша негізгі өндірістік шығындардың есебі (фирманың есеп саясатына сәйкес).
2. көмекші өндіріс шығындарының есебі.
3. өндіріске қызмет көрсетушілердің шығындар есебі (жүкқұжат шығындары).
4. Басқару бойынша шығыстырдың есебі (жалпы және әкімшілік шығыстар).
5. Тауарларды (жұмысты және қызметті) сату бойынша шығыстар.
Өзіндік құнды есептеудің таңдап алынған тәсілі бойынша, өндірістік есп жауапкершілік орталықтары мен олардың пайда болған орындарындағы шығындарын есепке ала отырып өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құнын есептеп шығарады, ал жұмыс түрлері бойынша шығындар ескеріле отырылып әрқайсының құны есептеледі.
Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жөндеу шеберханалары, жүк көліктері көмекші өндірістердің түрлеріне жатады. Көмекші өндірістер негізгі өндіріске қызмет көрсетеді. Көмекші өндірістердің есебіне төмендегілер кіреді:
-- Шығынды жұмсаушылар мен жұмысты, қызметті қолданушылар бойынша шығындардың есебі;
-- Шығындардың пайда болған орындары бойынша есеп;
-- Жұмыс пен қызмет түрлері бойынша шығындардың есебі.
Шығындар есебін негізге ала отырып, орындалған жұмыс, қызмет бойынша өзіндік құн есептеледі, сонымен қатар қолданушылар бойынша қызмет, жұмыс шығындары бөлініп таратылады. Көмекші өндірістің шоттары жабылады, яғни пайдаланылған бір текше метр судың немесе бір текше метр будың өзіндік құны анықталады.
Өндіріске қызмет көрсету мен оны басқаруды ұйымдастыру барысында жүкқұжат пайда болады. Өндіріске қызмет көрсету шығындарының есебіне машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау және пайдалануға жұмсалған шығындар жатқызылады. Өндіріске қызмет көрсетушілердің шығындар есебі жұмыс түрлері мен сол жұмыстарды және қызметтерді пайдаланушылар және олардың пайда болған орындары бойынша жүгізіледі. Осы шығындардың негізінде орындалған жұмыс, машиналар мен механизмдердің қызметтері бойынша өзндік құн есептеледі, сонымен қатар, ол қызметтер мен жұмыстар бөлініп таратылады және пайдаланушылар бойынша бойынша жүкқұжат шығындар есебінің шоттары жабылады.
Басқару бойынша шығыстар есебіне есебіне төмендегілер кіреді:
-- жауапкершілік орталықтары бойынша жалпы және әкімшілік шығыстардың есебі;
-- шығыстарды жұмсаушылар бойынша шығыстардың есебі.
Аталған шығыстардың есебіне сәйкес негізгі өндірісте өндірілген өнімдегі жалпы шаруашылықтық шығыстардың үлес салмағы анықталып, өнімсіз шығыстарға бақылау жүргізіледі.
Өндірістік есептің ең басты мақсаты шығындар есебін жүргізудің алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану арқылы шығындардың мөлшщерін үнемдеу болып табылады.
Фирмадағы өндірістік есептің негізгі мақсаттары:
-- нақты кезеңіндегі өнім өндірудің натуралдық және ақшалай түрдегі шығындарын анықтау;
-- әрбір технологиялық өзгеріс бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу, сонымен бірге дайын өнімнің толықтай өзіндік құнын есептеп шығару;
-- өндірілген өнім бойыншга нақты шығындармен нормативтік және жоспарлы шығындардың арасындағы айырмасын, олардың пайда болған орыны мен анықталған ауытқулар пайда болу себептерін анықтау;
-- пайда болған орыны, өндірілген өнім түрлері, өнімнің өзіндік құнын анықтау тәсілі бойынша шығындар есебінің шынайылығын қамтамасыз ету;
-- пайдаланылмаған өндірістік резервтерді анықтау және оларды толық пайдалану жолдарын іздестіру;
-- әртүрлі өнімсіз шығындарға қарсы, әсіресе, көмекші өндірістер саласында аяусыз күрес жүргізу.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде, өндірілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын кемітуге, демек, кәсіпкерліктің табысын арттыруға қол жеткізуге болады. Және ең бастысы, өндірістік есеп менеджерді басқару шешімдерін қабылдау үшін нәтижелерге сараптама жасап бақылау жүргізуге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететді.
Өндірістік және қаржылық бухгалтерияның өзара байланысы.
Нарықтық қатынастар қалыптасқан жағдайда қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияны бөліп алып қараған жөн. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін шығындарды тұрақты түрде басқарып отыру қажет. Бүгінгі нарықтың заңы өнім өндіру шығындарын үнемдеуді қажет етеді, соның нәтижесінде өзіндік құнның шарықтамауына жол ашылады.
Қазіргі уақытта өндірісті басқару процесі, шығындарды қалыптастыру, өндірілген өнім түрлері, цехтар және тұтастай фирма бойынша бизнес-жоспарлардың атқарылуы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан өнім өндірудің бизнес-жоспарын жан-жақты, егжей-тегжейлі етіп цехтар, ал оның ішінде өнім түрлері, бригадалар және аусымдар бойынша жасау қажет. Оған қоса, өндірісті басқару процесінде менеджерге шығындарды үнемдеу жолдарын бригада ішінде, өнімдер мен аусым бойынша іздестіру әлдеқайда жеңәл.Осыған орай, өндірістік бухгалтерияның алдында өндірістік шығындардың есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеуді жетілдіру туралы мәселелер туындайды.
Өндірістік бухгалтерияның шығындар есебін жетілдірудегі басты жолы - есепті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін таңдау болып сналады. Олардың ішінде:
-- жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебін жүргізу;
-- шығындар есебін пайда болған орнына иқарай жүргізу;
-- шығындар орталығында жұмыс түрлері бойынша шығындар есебін жүргізу.
Аталған тәсілдер шығындарды бақылау және басқару үшін қажетті ақпараттарды ұсынады. Оған қоса, басқару есебінің ең басты басқару объектісі болып табылатын жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастырады. Сонымен қатар шығындар есебін өнім мен аусым бойынша егжей-тегжейлі бөліп қарастырудың қажеттігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр, әрі ол есептің айқын, ашық түрде болуын қамтамасыз етеді. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын есептеу мен шығындар есебін егжей-тегжейлі жүргізуге қатысты сұрақтар, кезек күттірмей шешуді талап ететін мәселелер.
Экономиканың нарықтық жағдайында фирма өнімнің өзіндік құны, тұтынушылар сұранысы мен сапасына сай келуіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, құрамының басты бөлігін шығындар құрайтын сату құнының мөлшеріне тікелей тәуелді екендігін көрсетеді.
Сондықтан, өндірістік бухгалтерияның сарапшы-бухгалтерлері, материалдардың, еңбек және ақшалай қаражаттардың тиімді пайдалануының есебін және оларды қатал бақылауға алуды тек қана фирма бойынша емес, сонымен қатар әрбір бригада, әрбір аусым бойынша қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға міндетті. Бұл жерде әрбір аусым, әрбір ехтың ішінде және цех бойынша тұтастай иесіздік пен ысырапшылдыққа қарсы күресті күшейту қажет.
Осындай жол ғана өнімнің цехтық өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік беріп, өндірістік бухгалтерияның алдында тұрған қыруар мәселелерді шешеді, олардың ішінде келесі мәселелер де бар:
-- цех, аусым бойынша өндірістік өнімнің нақты шығындарының уақытында, шынайы түрде қалыптасуы;
-- өндірістік шығындарды үнемдеу бойынша әрбір бөлімшенің, бригаданың, аусымның қосқан үлесін анықтау;
-- цехтардың шығын сметалары мен бизнес-жоспарының атқарылуын және өндірістік өнімнің цехтық өзіндік құны мен қолданылатын өндірістік ресурстар шығындарының азаюын әрбір цех, әрбір аусым бойынша уақытында бақылау;
-- өнім бірлігінің негізделген цехтық есептік калькуляциясын жасау, өнімнің шынайы өзіндік құнын цех, сосын фирма бойынша есептеу;
-- өнім бірлігінің цехтық өзіндік құнын азайтудың негізгі резерві болып саналатын жұмыссыз бос тұру мен өнімсіз шығындарды қысқарту. Өндірістік бухгалтерияның аталған мәселелерді шешуші, өндірістік процестер мен шығындарды басқаруға, әрбір цех бойынша жеке, ал әр цехтың ішінде аусымдар (1-аусым, 2-аусым) және бригадалар бойынша өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, өндірістік бухгалтерия есепке алынатын шығындар мен шығыстардың барлық бастапқы құжаттарын қаржылық бухгалтериядан алады. Цех ішінде аусымдар бойынша шығындардың аналитикалық есеп карточкалары бастапқы құжаттардың негізінде ашылатын болғандықтан, оларды уақытында өңдеуге жөнелтіп отыру аса маңызды болып саналады.
Аталған бастапқы құжаттардың негізінде өндірістік өнімге қатысты егжей-тегжейлі аналитикалық есеп жүргізіледі. Содан кейін шығындарды бухгалтерлік есептің транзиттік шоттарында, ҚЕХС бойынша шоттардың жұмыс жоспарында топтастырады.
Өндіріс шығындары (шоттардың жұмыс жоспарында) - ҚЕХС шоттардың жұмыс жоспарындағы 8000 бөлім - (өндірістік есептің шоттары) - 8110, 8210, 8310, 8410 -- (шығындар есебін ұйымдастыру) - негізгі өндірістің транзиттік шоттарында: 8111, 8112, 8113, 8114. Басқару бойынша шығыстар (фирма бойынша шығыстар) - 1000 - 7000 бөлімдер (шығыстар есебінің шоттары).
Кейбір шығыстар 7000, 7100, 7200, 7300, 7400, 7500, 7600, 7700 кіші бөлімшелері арқылы есепке алынады.
Шығындарды өндіріске жатқызудың көптеген жолдары бар, олардың барлығы есеп саясатына сәйкес таңдап алынған есептеу тәсілдерімен байланысты болады. Есеп жұмысы қаржылық есептілік жасаумен аяқталады. Қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерия бір-бірімен тығыз байланысты. Өнімнің өзіндік құнының шынайылығын қамтамасыз ету үшін, тек қана өндірістік бухгалтерияда шығындар сомасынан қалдықтар сомасы шегеріледі.
Кейін қайтарылатын қалдықтар көлеміне жүкқұжат жасалып, әрі қарай қайта өңдеу үшін цехқа жөнелтіледі. Кіріске алынған қалдықтар сомасына шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалады:
Дт 1350 Өзге қорлар Кт 8110 Негізгі өндіріс немесе 8310 Көмекші өндірістер, 8410 Жүкқұжат шығыстары немесе 8048 Өндірістегі жарамсыз өнім. Шоттардың көрсетілген корреспонденциясының негізінде, әр цехтыңайлық шығындар сомасынан қалдықтар сомасы шегеріледі, содан кейін өнімнің нақтыөзіндік құнын есептеуге кіріседі.
Өндірістік бухгалтерия мен қаржылық бухгалтерияның өзара байланысының сызбасы. Қаржылық бухгалтерия шоттардың жұмыс жоспарының 1 бөлімі Қысқы мерзімді активтерінен бастап, 7 бөлім Шығыстармен аяқталып, 1000-7000 кіші бөлімді есепке алады.
Қаржылық есептілік шоттарының жұмыс жоспары бойынша Қысқа мерзімді активтер 1 - бөлімнен бастап, Шығыстар 7 - бөлімге деінгі есептер қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі. Есеп жұмыстары қаржылық есептілікті жасаумен аяқталады.
Қаржылық есептің өндірістік бухгалтериямен өзара байланысы бастапқы бухгалтерлік құжаттарды өңдеу жолымен іске асырылады.
Орта және ірі фирмаларда өндірістік шығындар есебін және өнәмнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын клькуляциялау үшін, фирма құрамында тұтас болып есептелетін екі: қаржылық және өндірістік бухгалтерия құрылады.
Өндірістік бухгалтерия 8-ьөлімнің Өндірістік есептің шоттары есебін жүргізеді. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты жинақтайды, өнім, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды, өндірістік шығындардың нормалары мен нормативтерінен жасайды және олардың орындалуын бақылайды, өндірістік қорлардың қозғалысы мен бағалау есебін ұйымдастырады, шығындар есебінің, бюджеттеудің, нормалаудың озық тәсілдері мен өнім өндіру, жұмыс пен қызмет көрсетуге байланысты ең таңдаулыаналитикалық тәсілдерді қолданады, ішкі есепті ұйымдастырады және ішкі есептілікті жасайды. Өндірістік бухгалтерия жабық, әрі құпия сипатта жүргізіледі. Оның себебі әрбір меншік иесі қолында бар ноу-хауды, өндірісті ұйымдастыру мен оны басқарудың озық түрлерін, шығындар есебінің тәсілдерін, шығын есептеудің алдыңғы қатарлы жолдары мен оларды үнемдеудің өзіндік құнды азайтудың тәсілдері сияқты жаңалықтарды бәсекелестерінің білмегенін қалайды. Өндірістік бухгалтерия сыртқы пайдаланушылар үшін ғана емес, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға қатысы жоқ фирманың басқа қызметкерлері үшін де жабық.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың жұмыс жоспарына кіретін 1-7 бөлімнің шоттар топтамасы бойынша есеп жүргізеді. Бас кітап, баланс және қаржылық есептіліктің барлық формалары ҚЕХС-ке сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік бухгалтерия ай сайын өндірістік шығындардың жиынтығын жасайды. Ол жиынтық өндіріс шығындары туралы мәліметтер жиынын 8110, 8210, 8310, 8410 синтетикалық шоттар бойынша алу үшін қажет.
Жиынтық бойынша тасымалдау-дайындау шығындарының (ТДШ) сомасы немесе нақты өзіндік құнның өндіріске жұмсалған материалдық шығындардан ауытқуы көрсетіледі (+,-). Өндірістік шығындар мен материалдық қорлардың есебі жолға қойылған бухгалтерияда, ТДШ және ауытқулар (+,-) өндірістік шығындардың транзиттік шоттарына (8111, 8211, 8311, 8411) жатқызылмайды. Материалдық қорлар аталған транзиттік шоттардың Дт-не нақты есептік баға бойынша есептен шығарылады. ТДШ барлық сомасы немесе ауытқулар (+,-) 8110 Негізгі өндіріс шотының Дт-не жатқызылады. Айналып келгенде 8210, 8310, 8410, 8448 шоттарында есепке алынған барлық шығында, іс жүзінде 8110 Негізгі өндіріс шотының Дт-не есептен шығарылатынын түсіну керек.
Одан кейін фирма бойынша тұтастай өндіріске жұмсалған шығынды анықтау жұмысы жүргізіледі. Шығындар жиынтығы машинограмма түрінде хатталуы мүмкін, ал есеп жұмыстары компьютерленген болса, фирма бойынша № 5-3 формаға сәйкес шығындар жөнінде есеп жасалады. Өндірістік бухгалтерия бойынша шығындар есебін ұйымдастыру 3.3. суретте көрсетілген.
Өнімнің өзіндік құнының шынайылығын қамтамасыз ету үшін, шығындар сомасынан қалдықтар сомасы тек қана өндірістік бухгалтерияда шегеріледі. Кейін қайтарылатын қалдықтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Менеджмент теориясы
Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Пәндер