Альдегидтер мен кетондар: құрылым, атау, физика-химиялық қасиеттері және алу әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Альдегидтер пен кетондар

Альдегидтер- молекула құрамындағы сутек атомы альдегид тобына алмасқан көмірсутектердің туындылары.

O

Альдегидтердің жалпы формуласы: R - C

H

R - көмірсутек радикалы.

Радикал табиғатына байланысты альдегидтер қаныққан, қанықпаған, ароматты болып бөлінеді.

Альдегидтер

Қаныққан Қанықпаған Ароматты

Атаулары мен изомерленуі

Халықаралық атаулар жүйесі бойынша көмірсутектің атына -аль деген жалғау қосылып айтылады. Көміртек атомдары кабонил тобы жағынан бастап номерленеді. Тривиальді атау бойынша альдегидтерді өздері тотыққанда түзілетін қышқылдардың атымен атайды. Мысалы:

Альдегидтердің изомерленуі көмірсутек қаңқасының құрылысына байланысты және класаралық(кетондармен) изомері болады. Мысалы, С 4 Н 8 О изомерлері:

Альдегидтерді алу жолдары:

1. Өнеркәсіпте альдегидтерді ауадағы оттекпен көмірсутектерді тотықтырып алады. Мысалы,

а) метанды тотықтырса, метаналь түзіледі:

б) этиленді тотықтырып, сірке альдегидін алады:

2. Пропанол-1 ді тотықтырып, пропаналь алады:

3. Ацетиленнен Кучеров реакциясы жағдайында су қосып, альдегид алады:

4. Альдегидтерді көмірсутектердің галоген атомдары бір көміртекте орналасқан дигалогентуындыларын гидролиздеп алады:

Физикалық қасиеттері:

Құмырсқа альдегиді - өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері - сұйық, ал жоғарылары - қатты заттар.

Молекулалақ массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден ерекшелігі - альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады. Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері:

1. Қосылу реакциялары.

а) Қос байланысқа сутектің қосылуы:

б) Көгерткіш қышқылдың қосылуы. Сірке қышқылына көгерткіш қышқыл қосылғанда, гидроксинитрил түзіледі:

2. Тотығу реакциялары, альдегидтер тотыққанда карбон қышқылдарына айналады:

3. Орынбасу реакциясы, галоген атомы көмірсутек радикалындағы сутек атомының орнын басады:

4. Формальдегидтің полимерленуі, циклді және тізбекті қосылыстар түзе жүреді:

5. Поликонденсация реакциясы.

Функционалдық тобы бар мономерлер қатысып, кіші молекулалы қосылыс бөліне жүретін полимер түзілу реакциясын поликонденсация реакциясы деп атайды.

Бұл - реакцияның бірінші сатысы ғана, фенол мен формальдегидтің поликонденсациялау реакциясын жалпы түрде былай жазады:

Кетондар

Кетондар дегеніміз - карбонил тобы арқылы байланысқан екі көмірсутек радикалынан тұратын органикалық заттар.

Жалпы формуласы :

Атаулары:

Кетондардың атауына -он жұрнағы қосылады. Содан кейін карбонил тобының көміртек атомдарының санын қосылады.

Мысалы, пентанон-2:

Изомериясы:

Кетондарға көміртегі қаңқасының изомериясы, карбонил тобының орналасуының изомериясы және кластар аралық изомерия тән.

Көміртегі қаңқасының изомериясы кем дегенде бес көміртек атомы бар кетондарға тән.

Мысалы: С 5 Н 10 О формуласы көміртегі қаңқасының кетон-изомерлеріне сәйкес келеді:

Пентанон-2

3-Метилбутанон-2

Физикалық қасиеттері:

Кетондардың ең қарапайым өкілі - ацетон. Ол - өткір иісті, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, бірақ суда жақсы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы, лакты, нитроцеллюлозаны, т. б.

Химиялық қасиеттері:

1. Кетондар екінші спирттерге металл гидридтерімен, мысалы, lialh4 немесе NaBH 4 , сутегімен (мыс. Ni, Pd), изопропанолмен (Меервейн-Понндорф-Верлей реакциясы) .

R 2 CO + 2H → R 2 CH(OH)

2. Кетондарды натриймен немесе электрохимиялық (катодты қалпына келтіру) қалпына келтіргенде пинакондар пайда болады.

2R 2 CO + 2H → R 2 CH(OH) -CR 2 (OH)

4. Кетондардың тотығуы:

5. Циклопентадиенмен кетондар фульвендер түзеді:

Алу жолдары:

1. Біратомды карбон қышқылдарынан:

2. Судың дигалоидты қосылыстарға әсері:

3. Судың ацетилен көмірсутектеріне әсері:

CH 3 -C≡CH + H 2 O → CH 3 -CO-CH 3

4. Кадмийорганикалық қосылыстардың қышқыл хлорангидридтеріне әсері:

R-CO-Cl + C 2 H 5 CdBr → R-CO-C 2 Н 5 + CdClBr

Кетондарды қолдану:

Өнеркәсіпте кетондар еріткіштер, фармацевтика және әртүрлі полимерлер жасау үшін қолданылады. Ең маңызды кетондар-ацетон, метилэтилді кетон және циклогексанон.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спирттер, фенолдар, альдегидтер және кетондар: құрылымы, алу әдістері және химиялық қасиеттері
Кетондар: кетонқышқылдары, ароматтық кетондар және олардың физика-химиялық қасиеттері
Альдегидтер: құрылысы, физика-химиялық және химиялық қасиеттері, алынуы мен қолданылуы
Бензол қатарындағы ароматты альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдарының синтезі, физикалық-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Альдегидтер мен кетондардың номенклатурасы, изомериясы, алыну жолдары және физика-химиялық қасиеттері
Ароматты альдегидтер: алыну және физико-химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен кетондардың химиялық қасиеттері: қосылу-бөліну, конденсация және диспропорционалдық реакциялар
Бензол қатары: альдегидтер мен кетондардың құрылымы, алынуы және химиялық қасиеттері
Альдегидтер: құрылымы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Алкандар: гомологтық қатар, құрылымдық изомерлер, атау, алынуы және физика-химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz