ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау


Кіріспе
Қазіргі кезде экономиканың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты кәсіпорындардың еркіндігі, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығының жағдай тез өсуде. Бұнын бәрі кәсіпорындардың қаржы ағымдарын рационалды басқару ролін көтереді.
Жалпыға мәлім болғандай, қазіргі жағдайда кәсіпорындардың қаржылық өмірінде көптеген ауыртпашылық процестер болып жатады. Жаңа өмір міндеттерімен кәсіпорын қаржыларының жаңа қызметтерімен қақтығысатын ұйымның қаржылық жұмыстарының өткен іс-әрекеттері экономиканың нақты секторындағы реформаларының «тоқтатылуы» негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Қандай да бір уақытта кәсіпорын басшылығы қаржы ағымдарын басқару мәселелерімен қақтығысады: бұрын кәсіпорын қызметін жоспарлау үшін қолданған көрсеткіштер мен проуцедуралар, мысалы, өнім өндіру көлемі, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты табысты бәсекелесуге мүмкіндік бермейді және бәсекелестердің пайда болуы әдеттегі алынған табысқа кедергі жасап, табысты нольге әкеледі.
Кәспорындарда басқару жүйесін өзгерту, шығындарды төмендету, ақша ағымдарын тиімді басқару мұнда аса маңызды мәселе. Оны қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақ туындайды. Өнім түрінің нақтылы өзінді құны қалай есептеу керектігі, қолда бар қорлар жағдайында сатып алуларды қалай жоспарлау керектігі, қандай процестер арқылы қаражаттарды инвестициялау керектігі және т. б. мәселелер алға қойылады. Жұмыста осы мәселелер қарастырылады.
Осы жұмыстың басты мақсаты - зерттелетін кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау, қаржыны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау, және ақша ағымдарын басқару бойынша ұсыныстар беру.
Ұсыныстарды анықтаудағы стратегиялық міндеттерге: кәсіпорынынң пайдасын жоғарылату, кәсіпорын құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын жоғарылату, кәсіпорынынң инвестициялық тартымджылығын қамтамасыз ету, ақша ағымдарын басқарудың тиімді механизмінм құру жатады.
Зерттеу объектісі ретінде “ASTANA MOTORS” АҚ алынған. Бұл кәсіпорын автокөліктерді жеткізіп беру, сату және жалға берумен айналысады.
“ASTANA MOTORS” АҚ ақша ағымдарын басқаруды талдау бойынша, көлденең және тікелей талдау, коэффициенттнрді талдау, салыстырмалы талдау сияқты әдістер мен тәсілдер қолданды. Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебі болды, дәлірек айтқанда, бухгалтерлік баланс (ОКУД бойынша №1форма), бухгалтерлік балансқа қосымша (ОКУД бойынша №5 форма), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру (ОКУД бойынша №4 форма), табыстар мен шығындар туралы есеп беру (ОКУД бойынша №2 форма) және т. б. Ақша ағымдарын басқарудың теориялық мәселелерін толығымен қарастыруда түрлі оқу құралдары, кезеңдік басылым мақалалары, заңнамалық актілер қолданылды.
1. АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Кәсіпорынның ақша ағымдарының мәні мен түрлері
Ақша ағымдары мен капитал кәсіпорынның қаржыларының зерттеуінің негізгі объектісін көрсетеді.
Ақша ағымдары анықтамасынан, яғни пайда болуына қарай олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі нақты формада стандарттық есептемеде таза пайда мен амортизация түрінде берілген, ол өзгеру формасында - кәсіпорыннның қызметкерлері алдында міндеттемелері, кәсіпорының табысының бі бөлігінің таза пайдасы түрінде, міндетті төлемдер табысының жалпы сомасынан есептелгеннен кейінгі - салықтар, алымдар, айыппұлдар, пениялар, проценттердің бір бөлігі және басқа да міндетті төлемдерден құралады.
Таза пайда фирманың қарамағында және оның басқару органының шешімімен бөлінеді.
Сыртқы немесе тартылған ақша ағымдары екі топқа бөлінеді: меншікті және заемдық. Бұндай бөліну фирма капиталымен шартталған, яғни нақты бір фирманың дамуына сыртқы қатысушылармен жинақтайды: кәіспкерлік немесе ссудалық капитал түрінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капиталдың салымының нәтижесі болып тартылған меншікті қаржылық ағымдардың пайда болуы табылады, ал ссудалық капиталдың салымының нәтижесі - заемдық қаражаттар болып табылады.
Фирма капиталы ұзақ мерзімге дейін ақшалай формада қала алмайды, себебі, себебі ол жаңа табыстар табу керек. Ақшалай формада ақша қаражаттарының қалдықтары түрінде фирманың кассасында немесе оны банктің есеп шотында тұра берсе, олар фирмаға табыс әкелмейді. Капиталдың ақшалай формадан өндірістік формаға айналуы қаржыландыру деп аталады.
Қаржыландыру екі формаға бөлінеді: сыртқы және ішкі. Бұндай бөліну қаржы ағымдарының формалары арасында мықты байланыспен шартталған және фирма капиталының қаржыландыру процесімен. Қаржыландыру мінездемесі мен түрлері 1-ші кестеде көрсетілген.
Кәсіпорындарды құру кезінде материалдық активтерді, негізгі құралдарды, айналым құралдарын қамтамасыз ету көзі жарғылық капитал болып табылады. Соның есебінен кәсіпкерлік іс-әрекеттерді орындау үшін жағдайлар жасалынады. Жарғылық капитал кәсіпорынның жарғылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің ұсынған қаражаттар сомасын көрсетеді.
«Жарғылық капитал» категориясының құрамы кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасына байланысты:
- мемлекеттік кәсіпорын үшін - толық шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорынның мемлекеттің бекіткен мүліктің құндық бағасы;
- ЖШС үшін - меншік иелерінің сомасының үлесі;
- Акционерлік қоғам үшін - барлық типтегі акциялардың жинақталған номиналдық құны;
- өндірістік кооператив үшін - істі жүргізу үшін қатысушылардың ұсынған мүліктің құндық бағасы;
- арендалық кәсіпорын үшін - кәсіпорын қызметкерлерінің салымдар сомасы;
- басқа формадағы кәсіпорын үшін, құндық балансқа бөлінген, толық шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорынның мемлекеттің бекіткен мүліктің құндық бағасы.
Кәсіпорынды құру үшін оның жарғылық капиталына салымдары ақшалаі қаражаттар, материалдық және материалдық емес активтер болуы мүмкін.
Жарғылық капитал қаражаттарды бастапқы түрде инвестициялау кезінде құрылады. Оның көлемі кәсіпорынды тіркеген кезде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту тек заңнамамен және учредительдермен қарастырылған құжаттарда көрсетілген жағдайларда және тәртіпте рұқсат етіледі.
Жарғылық капиталдың құрылуы қосымша қаражаттар көзінің құрылуымен бірге жүруі мүмкін, яғни - эмиссиондық табыс. Бұл көз акция бастапқы эмиссиясы кезінде номиналдан жоғары бағада сатылған жағдайда туады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға қосылады.
Өнімді өндіру, жұмысты орындау, қызмет көрсету процесінде реализациядан алынған пайда сомасымен анықталған жаңа құн пайда құрылады.
Реализациядан алынған пайда қаражаттарының өнім өндіруге, ақша қаражаттары қорының құрылуына кеткен шығындарды жабуға кеткен негізгі көзі болып табылады, оның уақтылы түсуі қаражат айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның ісәрекеті процесіндегі үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Уақытында түспеген пайда іс-әрекеттің іркілісін, табыстың төмендеуін, келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуын, айыппұл санкцияларын тудырады.
Пайданы қолдану таратушылық процестердің бастапқы кезеңдерін көрсетеді. Алынған пайдадан кәсіпорын шикізатқа, материалдарға, отынға, электрэнергияға, басқа еңбек құралдарға кеткен материалыдқ шығындарды жабады, және де кәсіпорынға көрсеткен қызметтер үшін де. Пайданың ары қарайғы бөлінуі амортизациялық аударымдардың негізгі қорлары мен материалдық емес активтерінің құрылу көзі ретінде құрылуымен байланысты. Пайданың қалған бөлігі - бұл жалпы табыс немесе еңбекақы төлеуге және кәсіпорынның пайдасының құрылуына бағытталған қайта құрылған құн, және де бюджеттік емес қорларға, салықтарға, басқа да міндетті төлемдерге аударымдар.
Реализациядан түскен пайда қаражаттардың айналымының аяқталуын куәландырады. Пайданың түсуіне дейін өндіріс шығындары мен айналымдар қаражаттардың айналысының құрылу көзі есебінен қаржыландырылады. Қаражаттардың жұмыс істеуіне салынған айналым нәтижесі - шығындарды жабу және қаржыландырудың меншікті көзін құру: амортизациялық аударымдар мен пайда.
Амортизациялық аударымдарды тағайындау - материалдық емес активтер мен негізгі өндірістік қорлардың құрылуын қамтамасыз етеді. Амортизация экономикалық мәні бойынша - негізгі қаражаттарының құнының бірте - бірте тасымалдану процесі және материалдық емес активтердің өндіріліп жатқан өнімге тозу мөлшері, реализация процесінде ақшалай формаға ауысуы және амортизацияланатын келесі активтердің құрылуы үшін ағымдардың жиналуы. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудағы мақсатты көзі.
Пайда экономикалық категория ретінде - бұл өсу еңбегінен құрылған таза табыс. Пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттің қаржылық нәтижесін көрсететін экономикалық көрсеткіш болып табылады. Пайда кәсіпорын қарамағында қалады - бұл оның қажеттіліктерін қаржыландыратын көп мақсатты көзі болып табылады, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттары жинақтау немесе тұтыну ретінде анықтауға болады.
Пайда экономикалық мазмұны бойынша әртүрлі қажеттліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлуде мемлекет ретіндегі қоғамның мүдделері, кәсіпорындардың кәсіпкерлік және жабдықтаушыларының мүдделері, жеке жұмысшылардың мүдделері қиысып отырады. Амортизациялық аударымдардан ерекшелігі пайда толығымен кәсіпорын пайдалануына қалмайды, оның көп бөлігі бюджетке салық түрінде түседі, бұл таза табысты бөлудегі кәсіпорын мен мемлекет арасында пайда болатын қаржылық қатынастардың тағы бір сферасын анықтайды.
Пайданың осы бөлінуден қалған бөлігі кәсіпорын иелігіне өтеді.
Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен пайданың бір бөлігі кәсіпорынынң өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтерді бағалы қағаздар сатып алу арқылы құруға пайдаланатын ақша ағымдарын құрайды. Жинақтауға бағытталған пайданың басқа бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына жұмсалады. Пайданң тағы бір бөлігі тұтынуға жұмсалады, соның нәтижесінде кәсіпорын мен тұлғалар арасында қаржылық қатынастар пайда болады.
Пайданы бөлу арнайы қорларды - жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервтік қорды құру арқылы жүргізілуі мүмкін немесе таза пайданы жеке мақсаттарға жұмсау арқылы жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кәсіпорында қаржылық жоспарға қосымша ретінде тұтыну мен жинақтау қорларының шығындалу сметасы құрылады. Екінші жағдайда пайданы бөлу қаржылық жоспарда көрсетіледі.
Жинақтау қоры ғылыми-зерттеу, жобалық, құрылыстық және технологиялық жұмыстарға, технологиялық процестер мен өнімнің жаңа түрлерін жасау мен танысуға, технологиялық қарулану мен қайта құрумен байланысты шығындарға, ұзақ мерзіді қарыздар мен олар бойынша пайыздар төлемін жабуға, өнімнің өзіндік құнына байланысты қысқамерзімді қарыздар бойынша пайыздарды, айналым қаражаттарының өсімін, табиғатты қорғау шараларына шығындарды, басқа кәсіпорындардың жарғылық қорын құруға құрылтайшылардың салымы ретіндегі жарналарды, егер кәсіпорын кеңес, ассоциация, концерн құрамына кіретін болса, соларға жарналарды төлеуге қолданылады.
Тұтыну қоры әлеуметтік даму мен қажеттіліктерге жұмсалады. Оның есебіне кәсіпорынның балансындағы әлеуметтік - тұрмыстық объектілерді жөндеу, өндірістік емес объектілерді құру, сауықтыру және мәдени шараларды жүргізу бойынша шығындар қаржыландырылады, кейбір арнайы сыйақыларды төлеу, материалдық көмек көрсету, зейнетақыға қосымша төлемдер, асханадағы тамақтану бағасының қымбаттауы бойынша өтемдер жүргізіледі.
Пайда - резервтік қор құрылуының негізгі көзі. Бұл капитал шаруашылық қызметтегі күтілмеген шығындар мен мүмкін болатын жоғалтулардың орнын жабуға арналған. Резервтік капитал құрылу тәртібі кәсіпорын қызметін реттейтін нормативті құжаттармен, сондайақ жарғылық құжаттармен анықталады.
Қазіргі кезде шаруашылық жүргізуде кәсіпорындардағы амортизациялық аударымда мен пайданы бөлу мен пайдалану арнайы ақша қорларын құруды көбінесе талап етпейді. Амортизациялық қор құрылмайды, ал пайданы арнайы қорлаға бөлу туралы шешім кәсіпорынға жүктеледі, бірақ бұл кәсіпорынның ақша ағымдарын қолдануды көрсеттетін бөлу процестерінің мәнін өзгертпейді.
Кәспорын қаражаттарының көзі ретіндегі қосымша капитал негізгі қорлар мен басқа материалдық құндылықтарды қайта бағалау нәтижесінде пайда болады. Нормативтік құжаттар бойынша оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тыйым салынады.
Қаражаттардың ерекше көзі әлеуметтік арналымдағы және мақсаттаы қаржыландыру қорлары болып табылады, яғни олар: қайтарусыз алынған құндылықтар, сондай-ақ әлеуметтік -мәдени және коммуналдық тұрмыстық объетілерді ұстаумен байланысты өндірістік емес қызметті қаржыландыруға бағытталаған қайтарылатын және қайтарылмайтын мемлекет қаражаттары, толық бюджетпен қаржыландырылатын шығындарды қаржыландыру т. б.
Кәсіпорын қаржысы қатынастар сияқты шаруашылық қызметте пайда болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі болып табылғандықтан, оларды ұйымдастыру принциптері кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізімен анықталады. Осыдан келе, қаржыны ұйымдастыру принциптерін келесі түрде құруға болады: қаржылық қызметтегі тәуелсіздік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық -шаруашылық қызметтің нәтижелеріне мүдделі болуы, оның нәтижелері үшін жауапкершілікте болу, кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметін бақылау.
Өзін-өзі қаржыландыру - нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сәтті шаруашылық қызметінің міндетті шарты. Бұл принцип өнім қндіріс бойынша шығындардың толық қайтарылымы мен кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді, яғни әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және капитал шығындарын меншікті қаражат көздері арқылы жабады. Өзін-өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті, шығыны көп және пайдалылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өнімді өндіретін кәсіпорындарда қолданылмайды. Оларға тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты, бюджеттен қаржыландырылатын ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындар жатады. Сондай-ақ шаруашылық қызметі кәсіпкерлік болып табылмайтын және өнімді өткізуден алынған қаражаттар есебінен қаржыландырылатын қорғаныс кәсіпорындары жатады.
Қаражаттардың уақытша жеткіліксіздігі жағдайында олар қарыздық ақша ағымдарыесебінен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Фирманың тартылған қаыздық ақша ағымдары көбінесе төмендегідей нысандарда кездеседі:
- банктік несиелер мен қарыздар;
- фирманың облигациясын шығару мен сатудан түскен қаражаттар;
- нарықтық банктік емес басқа субъектілерінен алынған қарыздар.
Отандық тәжірибе жағдайында банктік және банктік емес ұйымдардан қайтарылатын негізде ақша ағымдарын тартудың маңызы зор. Қазақстанда несиелер мен қарыздарды несиелік институттар - банктер бере алады. Банктік емес ұйымдардан қайтарылатын негізде алынған қарыздар заңнамаға сәйкес фирманың табысы ьолып табылады және салық салынады.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикады кәсіпорындар белгілі бір жағдайларда банктің ұзақ мерзімді қарыздары түріндегі қосымша қаражаттарды тарта алатын болады. Отандық кәсіпорындар банктік несиелерді қызметті қысқа мерзімді қарыжландыру құралы ретінде пайдалануда тәжірибесі жеткілікті. Ал капитал көзі ретіндегі банктермен қарым-қатынас тәжірибесі нашар. Оның себебі көп - кәсіпорын мен банктер тарапынан тәжірибесі мен дәстүрлі қалыптаспаған, жоғары инфляция және Орталық банктің есепке алу ставкаларын жүргізу ұзақмерзімд несиелерді алуды төмендетеді және т. б.
Нарықтық экономикада ұзақмерзімде қарыз қаражаттарын тартудың кең таралған нысаны акционерлік қоғам бір жылдан кем емес мерзімге шығаратын облигациялық қарыз, сондайақ үлестікбағалы қағаздарды шығару болып табылады. Нарық жағдайындағы қаржы менеджменті тәжірибесінде кәсіпорын қызметін қаржыландырудың басқа да жолдары белгілі. Оларға опциондар, қарзыдқы операциялар, лизинг, франчайзинг жатады.
1. 2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және есептеу әдістері
Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде меншікті капиталы болуы керек. Бұл үшін кәсіпорын табысты қызмет атқаруы тиіс. Осы мақсатқа жетуде ең маңызды ақша қаражаттарының келіп түсуі мен кетуін тиімджі басқару, яғни ақша қаражаттарын мақсатты бағыттарда бөлу.
Ақша қаражаттары транзитті экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады және кәсіпорынның жеңісі көп жағдайда басшылардың қаражаттарын жинақтап оларды тиімді пайдалануында.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқару кәсіпорын іс-әрекетінің басты бөлігін қамтиды. Олардың қатарына айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын басқару кіреді.
Ақша ағымдарын басқару кәсіпорынның капитал айналымы жеделдетуді қамтамасыз ететін қаржылыө тетік болып табылады. Оған ақша ағымдарын нәтижелі басқару процесінде қол жеткізілетін өндірістік және қаржылық циклдер мерзімін азайту және кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетіне қызмет ететін капиталға деген қажеттілікті төмендету әсер етеді. Ақша ағымдарын тиімді басқару арқылы капитал айгналымдылығын жеделдету негізінде кәсіпорын пайда сомасын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Ақша ағымдарын басқару арқылы ішкі көздерден қалыптасатын меншікті қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды, тартылған несиелерден кәсіпорынның тәуелділігін төмендетуді жүзеге асыруға болады.
Кәсіпорынынң тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.
Ақша қаражатының ағымы үш түрлі әрекет бойынша бөлінеді:
- Ағымдық;
- Инвестициялық;
- Қаржылық.
1-кесте. Негізгі қызмет бойынша ақша қаражатының түсімдері мен шығыстарының негізгі бағыттары
1. Өнімді өткізуден түскен табыс ;
2. сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аванс алу;
3. басқа да түсімдер (жабдықтаушылардың ақша қаражаттарын қайтару)
1. жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары бойынша шығыстар;
2. Еңбекақы төлеу;
3. әлеуметтік сақтандыруға және бюджеттен тыс қорларға аударымдар;
4. салық бойынша бюджетпен есеп айырысу;
5. несие бойынша пайыздар төлеу;
6. аванстар.
Қалыпты қызметін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарда ағымдық қызметіндегі ақша қаражаттарының ағымы инвестициялық және қаржылық қызметке бағытталуы мүмкін. Мысалы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер мен займдарды өтеуге, сонымен бірге займдарды берушілерге пайыздарды төлеу.
Негізгі қызмет пайданың басты көзі болғандықтан ол ақша қаражаттарының негізгі көзі болуы тиіс.
Негізгі қызмет - кәсіпорынның негізгі кірістерінің көзі болып табылатын қызмет және инвестициямен, қаржымен байланыссыз басқа да қызмет түрлері.
Тәжірибеде ақша ағымын есептеудің екі әдісі қолданылады: тікелей және жанама.
Тікелей әдіс - экономист-бухгалтерлерге, қаржыгерлерге түсінікті ең қарапайым есеп жүргізу әдісі болып табылады. Бұл бухгалтерлік есеп регистрлерімен байланысты (бас кітап, журнал-ордер) және ақша қаражаттарының түсімі мен шығуына бақылау жасау және көрсеткіштерін есептеу үшін қолайлы. “Кәспорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы” атты тоқсандық есеп берудің түрі осы тікелей әдіс негізінде құрылған. Осылайша, бүкіл кәсіп орын немесе оның жекелеген қызмет түрлері бойынша түсімдердің төлемдерден артуы ақша қаражаттарының кірісі болып табылады. Ал, төлемдердің түсімдерден артуы шығын болады.
Төменде қаражаттарының қолданылуын талдау кестесі көрсетілген. Кесте ай немесе тоқсан бойынша құрылуы мүмкін. Ол үшін бас кітапты, журнал-ордерді, аналитикалық есеп көрсеткіштерін есепке ала отырып жасайды. Берілген форма ақша қаражаттарын оперативті басқаруға мүмкіндік беретін тікелей әдіс негізінде жасалған. Ұзақ мерзімді қызмет нәтижесінде ақша ағымын тікелей есептеу әдісі кәсіпорынның өтімділік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал оперативті басқаруда тікелей әдісті қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуға ақша қаражаттарының жеткілікті болуына қатысты бақылау жүргізуде қолданылады. Бұл әдіс кемшілігі алынған қаржылық нәтиже мен ақша қаражататрының абсолютті көлемнің өзгеруі арасындағы байланыстың ескерілмеуі.
2-кесте. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы аналитикалық есептілік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz