25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Боранбаева М. Б.

Садыкова Н. М. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

e-mail: boranbaeva. makpal@mail. ru

sadikova. nazira@mail. ru

Әрбір адамда мінездің түрлі қасиеттері қалыптасқан. Адам мінезіндегі кейбір ерекшеліктер «жыныссыз», универсалды, ал кейбір ерекшеліктерді дәстүрлі бір үлгіде гендерлік айырмашылықтарға байланысты ер адам және әйел адам түсініктерімен байланыстырады. Сонымен қатар кейбір әйел мен ерлердің мінезі эволюциялық-генетикалық және физиологиялық негізінен болатыны туралы алғышарттар қалыптасқан. Мысалы, агрессивтілік және доминанттылық деңгейі ер адамға тән болып қарастырылады. Ал, мінездің басқа да қасиеттері тұлғаны жетілдіру, әлеуметтендіру, тәрбиелеу, дамыту сияқты үздіксіз процестерінде қалыптасады. Көптеген әдебиеттерде ер және әйел туралы гендерлік түсініктер әртүрлі мәдениеттерде ерекшеленеді. Осылайша, ер және әйелдің ерекшеленуі, көбінесе коммуникативті мінез-құлықтық нормаларына және әйел мен ердің өзара қарым қатынас сипатына айтарлықтай із қалдырады. Мінездің әйел және ерлерде әртүрлі көрінуі сипатына байланысты, оларда психологиялық стрессті түрліше бастан кешіреді деген түсінік қалыптасқан. Әсіресе, бүгінгі қоғамда стресстік күйді бастан кешірмеген адам кемде кем. Соңғы жылдардағы қоғамның қарқынды түрде дамуы, әлеуметтік желілердің көптігі, елімізде және әлемде болып жатқан әртүрлі құбылыстар, шиеленістік жағдайлар, зорлықтың көбеюі стресстік жағдайға тап болғандар санына елеулі әсер етуде. Әсіресе, жастарда кездесетін психологиялық стресс көптеген факторлармен сипатталады. Осы себепті, жастардағы стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеу бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе болып табылады.

Жалпы стрес адамның бар жас кезеңдерінде кездеседі. Себебі, стрестік испульстар адамның іс әрекеті мен өмірінің барлық аумақтарын қамтиды. Жас кезде адам көп қателік жібереді, оқу мен кәсіптегі уайымдарды басынан жиі өткізеді, қызығушылықтар ауысып өзгереді және эгоцентристік, еліктеушілік және мінездегі өзгерістер байқалады. Осылардың нәтижесінде жастар өздеріне қанағаттанбай, стресті тудырады.

Сонымен, стресс бұл психологиялық жағдай болғанымен, ерлер мен әйелдерде стресс туындаған айырмашылықтардың негізгі себебі биологиялық тұрғыдан болады. Бас миының биохимиясы мен құрылысының жыныстық айырмашылықтары ерлер мен әйелдер қоршаған ортаға әсер етеді немесе стресстік оқиғаларды еске алады. Голдстейн пайымдауынша, еркектерде бездер әйелдерге қарағанда үлкен екенін айтады. Оның пікірінше, бұл анатомиялық ерекшеліктер ерлер мен әйелдердегі стресстің әсерінің біркелкі еместігін айқындайды. Бұл болжамды тексеру үшін Магдебургтегі (Германия) Отто фон Герике университетінің қызметкері Катарина Браун жаңа туған егеуқұйрықтың баласын анасынан ажыратады. Бұл кішкентай Оңтүстік Американдық кеміргіштер үшін егеуқұйрыққа ұқсас және көптеген колониялары бар табиғатта өмір сүру, тіпті туыстарынан қысқа мерзімді оқшаулау күйзеліске айналуы мүмкін. Содан кейін ғалымдар жас жануарлардың миының әртүрлі аймақтарындағы серотонин рецепторларының концентрациясын өлшеді. Серотонин - бұл жануарлар мен адамдардың эмоционалды мінез-құлқында басты рөл атқаратын нейротрансмиттер. Оқшаулау кезеңінде егеуқұйрықтар анасының дауыстық сигналдарын естиді. Мұндай есту аппараты аналық безде серотонин рецепторларының концентрациясын жоғарылатып, ерлерде олардың концентрациясын төмендететіні көрсетілген. Алынған деректерді адамның мінез-құлқына экстраполяциялау қиын болса да, егер балаларда осыған ұқсас процестер орын алса, анадан бөлінумен байланысты алаңдаушылық ұлдар мен қыздардың эмоционалды жағдайына әртүрлі жолмен әсер етеді деп болжауға болады.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенетін болсақ, андрогендік типтегі адамдар стреске төзімді болып келеді, өйткені гендерлік рөл нормаларын ұстану онша қатал емес, олар дәстүрлі әйелден ер кәсібіне және немесе керісінше тағы басқаларына еркін түрде ауыса алады. Осы тұрғыда, қатынастар мен реакцияларының гендерлік рөл стереотипіне максималды сәйкестігі, ерлердегі маскулинділіктің жоғары деңгейі және әйелдерде феминистік жоғары болуы психологиялық әл-ауқаттың кепілі бола алмайды. Әйелдердегі жоғары феминистік көбінесе мазасыздықтың жоғарылауы және өзіндік бағалаудың төмендігінен байланысты болады. Ал жоғары маскулиндік жасөсіпірім кезде өздеріне сенімді және осы жағдайларына қанағаттандырарлық болады, бірақ 30 жастан асқаннан кейін ер адамдар анағұрлым мазасыз, өздеріне деген сенімділігі аз, көшбасшылық қабілеті төмен болып келеді екен. Спенс пен Хельмрейхтің пікірінше, маскулиндік пен феминистік немесе гендерлік рөлдің ғаламдық өлшемдерін іздеу - бұл иллюзиялық міндет. «Қазіргі уақытта және осы мәдениетте ерлер мен әйелдерді ажырататын психологиялық қасиеттер мен мінез-құлық құрылымдары кластары бірнеше емес, әр түрлі тамырларға ие және әртүрлі адамдар арасында салыстырмалы түрде өзгеше болады»[1] .

Әрбір гендерлік рөлдің жекелеген сапалары бар, бұлар ерлерге, әйелдерге тән нақты стереортиптер арқылы көрінеді. Ерлерге күшті, тәуелсіз, белсенді, агрессивті, өз-өзін қамтамасыз еткен, жеке жетістіктерге жету бағдары анықталған болуы және т. б. Әйелдерге нәзіктік, ұқыптық, шыдамды, әлсіз, тәуелді, эмоционалды, отбасын ойлайтын және т. б болуы тән. Ішкі істер органдарында кәсіби қызмет етудің өзіндік ерекшеліктері жұмыстың қарқындылығы, қызметтік міндетін шұғыл орындау, атқарған ісін сандық көрсеткішпен бағалау, үнемі түрлі ортадағы адаммен қатынас жасау, олардың криминологенді орта болуы да мүмкін, өйткені қандай жағдай болса да заңды негізде шешім қабылдай алуы. Осы аталғандардың барлығы денсаулығына әсер етеді, себебі жұмыс барысында көптеген психосоматикалық күйзеліске ұшырайды. Бұның барлығы кәсіби стресстің салдарынан болады. Гендер мәселесін зерттеген кезде ең алдымен әйел мен ер адамның қоғамдық әлеуметтік орындары жан-жақты талқылануға тиіс. Қазіргі таңдағы негізгі міндет адамзаттың жаңа заман талабына сай тіршілік етуін қамтамасыз ету, және ер адам мен әйел адамның тең дәрежеде еңбек етіп, Отанына қызмет көрсету. Гендерлік айырмашылықтар негізінде иерархия жатыр, оның түсіндіруі бойынша маскулиндік басымдылық, ал феминділік бағыныштылық деп берілген.

Нәтижесінде, ерлер де, әйелдерде гендерлік «таптаурынның» құрбаны болып қалады. Сондықтан да гендер теңдігі мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеудің қажеттігі басым болып отыр. Ұйымдастырушылық мінез -құлықтың гендерлік ерекшеліктерін психологтар әрқалай түсінеді. З. Фрейд жыныстық белгі бойынша қоғамда қалыптасқан дискриминацияны алдын-ала анықтады. Ол әйелдерді ер адам анатомиясына қызығатындығымен түсіндірді. Фрейд өзінің «нәзіктік» еңбегінде «феминдік» сапаларға пассивтілік, тәуелділік, бағыныштылықты жатқызған, ерлерді белсенді және билікке ұмтылады деп санады. К. Хорни оның пікіріне қарсы шықты. Хорни әйелдердің өздерін жиі ер адаммен салыстырғанда толымсыз сезінуінің себебі оның өмірі экономикалық, саяси және психоәлеуметтік тәуелділігіне негізделетінінде деп табанды тұжырымдады[2, 25б] .

Кейбір авторлардың айтуы бойынша ерлермен салыстырған әйелдердің стресске тұрақтылық деңгейі төмен деген мәліметтер келтіреді. Д. А. Жуковтың пікірі бойынша, осы аталған айырмашылықтар әсіресе стресс деңгейі жоғары болған жағдайда байқалады. Себебі, ерлер шешім қабылдауға келгенде ерекше қабілеттілік танытады. Автор әйелдердің стресске тұрақтылығының биологиялық механизмдерінің төмендігін, әйелдерде стресстен кейінгі кейбір физиологиялық параметрлердің қалпына келу процесі баяу өтетінін түсіндіреді. Стресстен кейін әйелдерге ерлерге қарағанда кортизол секрециясын төмендету үшін көп уақыт қажет. Сондай-ақ әйелдерде ерлерге қарағанда эмоциялық стресстен кейін реттеу жүйесін қалпына келтіру жылдамдығы жоғары. Бұл әйел ағзасының жалпы эмоциялық қозу деңгейі қарқындылығын білдіреді. Ерлер мен әйелдер өз эмоцияларын әртүрлі әрекеттер арқылы білдіреді[3, 30б] .

Ерлерге қарағанда әйелдердің айырмашылығы эмоциясы бет-әлпетінен байқалады. Ерлер өздерінің рөлі мен жыныстық болмысына тән эмоцияларына шектеуге бейім. Ерлер стресстік күйде тұрса да өз сезімдерін жасыруға тырысады. Жалпы ерлер қандай жағдай болғанда да ұстамды, әйелдер-агрессивті болып келеді. Қазіргі кезде көп тараған аффект түрі стресс болып саналады. Бұл адамның жүйке жүйесіне ұзақ уақыт психологиялық қысым мен күш түскен жағдайдағы күйі. Стресс адам іс әрекетін қалпынан шығарады. Стресс егер ұзақ және жиі болса, адам ағзасына тек психологиялық жағынан емес, физикалық тұрғыдан да кері әсерін тигізеді. Сондықтан да өмір сүру әрекетінің маңызды факторы стресске тұрақтылық болып саналады.

Гендерлік стереотип дегеніміз-әйелдерге немесе ерлерге жазылып қойылған мінез-құлық ережесі. Гендерлік стереотип тәрбиеден құралады. Алайда гендерлік стереотип істің шындық жағдайына әр уақытта сәйкес келе бермейді: еркектер әрқашан батыл, әйелдер нәзік бола бермейді.

Қазақстанда ерлердің өмірі әйелдердің өміріне қарағанда қысқарақ. Суицидтен ерлердің өлімі әйелдерге қарағанда 5 есе артық, ал 25-39 жас аралығында 8 есеге көп. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарағанда ер адамдардың да өзін-өзі өлтіруі аз емес.

Әйелдер үшін стресс қауіпі екі есе артады. Себебі, әйел ұрпақ таратушы. Әйелдердің стресс кезінде көңіл-күйі түседі, болашаққа деген ойлардан бойын қорқыныш пен мазасыздық билейді. Сонымен қатар тамаққа тәбеті жоғалады, асқазан бұзылыстары да кездесуі мүмкін. Сондай-ақ өздерін шамадан тыс әлсіз санайтын ерлер де де стресстің салдары өте ауыр және өмірге қауіпті келеді. Стрессті бастан кешірген ер адамда қан қысымы мен холестерин деңгейі жоғарылайды, инфаркт және асқазан жараларына дейін болуы мүмкін[4, 10б] .

Жиырмасыншы жылдардың соңы мен отызыншы жылдардың басында жалғасатын келесі фаза алдыңғысына қарағанда өзгешелеу, жастардың алдында маңызды өмірді жалғастыру басталады. Бұл түрлі салалада көрініп отырады, мамандық өзгерту үшін емес, кәсібін жалғастыру үшін, алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін, болашақ үшін әр басқан қадамын ойланып, ақылмен шешетін кезең болып табылады. Жиырмасыншы жылдары жоспар құру, болашағынан үміттену негізгі болып табылса, отызыншы жылдары алғашқы жоспарланған істің нәтижелері біліне бастайды, алғашқы қорытындылар шығарылады. Бұл фазаны ұйымдастыру кезеңі деп те атауға болады. Себебі, осы кезеңде адам барлық мәселелерді ұйымдастыру жолымен шешуге бейім келеді. Осы кездерде талқылау, нақтылау, жалпылау, ойлана отырып шешім қабылдау, болжау сияқты негізгі позициялар алдыңғы орынға шығады. Отыз бес жасында ер адам белгілі бір күшке ие, өзіне сенімді, жетістікке жеткен, қиындықтарға төтеп бере алатын, алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылғыш болып келеді. Ал әйелдерде ер адамдарға қарағанда жастық шағымен қоштасу қиынырақ болады, балалары өсіп қалады, әр баласына жеке қарау, олар әртүрлі уақытта мектепке барады, оларды сабағына уақытында жіберу, барлығының көңілінен шығу, үй шаруасын атқару, ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді[5, 24-27б] .

Сонымен, жастардағы 25-30 жас аралығындағы орын алатын дағдарыстар, кәсіптегі сәтсіздіктер, неке сәтсіздігі, өмірдің түрлі қиындықтары адамға стрес туғызады. Жастар арасында кездесетін стресс белгілері көбінесе жиырма бір және жиырма екі жасқа дейінгі жас аралығында көбірек байқалатындығы анықталған. Осы кезеңдерде болатын психологиялық мәселелерді қарастырар болсақ, ең алдымен тұлғалық мәселелер, психологиялық қысым, оқу мен жұмыстағы сәтсіздіктер болып табылады[6, 26б] .

Жалпы стрес адамның бар жас кезеңдерінде кездеседі. Себебі, стрестік испульстар адамның іс әрекеті мен өмірінің барлық аумақтарын қамтиды. Жас кезде адам көп қателік жібереді, оқу мен кәсіптегі уайымдарды басынан жиі өткізеді, қызығушылықтар ауысып өзгереді және эгоцентристік, еліктеушілік және мінездегі өзгерістер байқалады. Осылардың нәтижесінде жастар өздеріне қанағаттанбай, стресті тудырады.

Жастардағы стресстің көрінісі келесі қорытындыға негізделді - қай қоғамды алса да, қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктің кездесуінен, жастар дамуында кедергілер кездесіп отырары анық. Осындай дамудағы кемшіліктер адамды уайымдатып стрессті туғызады. Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлармен күресіп, алдын алу техникалары мен жеңу жолдарын қарастыру қажет. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктердің болуынан, жастар дамуында, өмірінде кедергілер кездеседі. Осындай кедергілер, түрлі мәселелерді уайымдау стрессті туғызады. Адамдардың күнделікті ұғымдарында жастық шақ кезеңі жарқын естеліктерімен есте қалары анық. Адамның өміріндегі ең қымбат, ыстық кезеңдердің бірі де жастық шақ кезеңі болып табылады. Жастық кезеңде жастар алдына қойған мақсатына жету үшін, күндіз-түні жұмыс істеуге дайын келеді. Жастық шақта кез келген жастағы сияқты дағдарысты басынан өткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Жоғарғы сынып оқушылары
Адамның әлеуметтік құндылығы. Ер, әйел және стресс
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Қаржылық мәселелер
Жасөспірімдерде стресстің пайда болуын бағалаудың маңызы
Тұлғалық факторлар
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz