Абайсызда кісі өлтіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д. А. Қонаев атындағы университет
Қылмыстық құқық, криминалистика және
қылмыстық құқық қызметі кафедрасы
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
з. ғ. к., доцент Вареникова С. П.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Абайсызда кісі өлтіру
атты тақырыбына
Заңтану-050301
Орындаған: Мухаметкалиева С. Т.
Ғылыми жетекшісі: з. ғ. д., профессор Табанов С. А.
Алматы, 2009 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Қылмыстың түсінігі мен құрамы
1. 1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
1. 2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
ІІ. Абайсызда кісі өлтірудің қылмыстық -құқықтың сипаттамасы
2. 1. Абайсызда кісі өлтірудің қылмыстың түсінігі мен белгілері
2. 2. Абайсызда кісі өлтірудің құрамы
2. 2. 1. Абайсызда кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы
2. 2. 2. Абайсызда кісі өлтірудің субъектісі және субъективтік жағы
2. 3. Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтірудің айырмашылығы
Қортынды
Пайдаланған әдебиет тізімдері
Кіріспе
Бұл жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге үмтылыс жасалды.
Қазақстандағы қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейтесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету
шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін
қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін
ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсізда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілді.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін қылмыстылықпен, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен де күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1, 3б] . Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастаң еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмыстылыққа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында "еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады", -деді [2, 3б] .
Қылмысты абайсыздық немесе салғырттықпен, жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық баға беру адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзіндеде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып
келе жатыр.
Қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазаның тиімділігін арттырудың теориялық мәселелерін толық, жеткілікті зерттеу жалпы абайсызда жасалатын қылмысқа бағытталған күрестің тиімділігін, сондай-ақ біздің республикамызда абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстарды концептуалды түсіндіруде және дұрыс жолдарын табу үшін мүмкіндік береді.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Жеке адамға қарсы қылмыстар қылмыстық құқық пәнінің ерекше бөліміндегі қарастырылған қылмыстардын ең ауыр түрі болып саналады. Адамның жеке басының жағдайы қоғам, мемлекет дамуының деңгейін білдіретін көрсеткіш. Адамның өмірі, жеке басының бостандығы, қадір қасиеттері ешкімнің қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, басқа да заңдар азаматтардың жеке басының бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Әркімнің өмір сұруге құқығы бар. Ешкімнің өзбетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі [1, 15-б] . Сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тану және мүлтіксіз сақтау әр мемлекеттің ардақты міндеті екені Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған. Осы жарғы бойынша әр мемлекет өз аймағында тұратын және өзінің қарауына жататын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіп, қандай да болсын алалаушылыққа жол бермеуі тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының/БҰҰ/ Бас Ассамблеясында 1948 жылы қабылданған Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясында адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары мен бостандықтары көрсетілген. Олар өмір сүру құқығы, бас бостандығы, құлшылықтан бостандық алу, азаптайтын, қадыр-қасиетін қорлайтын немесе қатал іс-әрекеттер мен жаза қолдануға тыйым салу, заң алдында теңдік, адамның жеке басының өміріне араласуға, ар-намысы мен қадір қасиетіне қол сұғуға тыйым салу. Өміріне, денсаулығына, адамгершілік қасиетіне қауіп төнген жағдайда әр азамат мемлекет органынан қорғаныш іздеуге, заңың көмегіне сүйенуге құқылы. Азаматтардың жеке басының бостандығын, ар-намысын қадірлеу, құқықтарын қорғау барлық мемлекетік органдарының, лауазым иелерінің міндеті. Мемлекет органдары мен лауазым иелері азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мемлекет бекіткен заңдарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қылмыстық заңның ең басты міндеттері болып табылады. [1, 15б. ] .
1. 1. Қылмыстың түсінігі мен белгілері
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.
Адамның құқықа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелге міндетін отындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастаң, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауып туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. [3, 56б. ] .
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап) . Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қыл-мыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, онын ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатері мен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр. [3, 57-58б. ] .
Қылмыстық белгілері
Қылмыстық құқыққа қайшылық
Қоғамға қауіптілік
кінәлілік
жазаланушылық.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тайым салған іс-әрекееттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп айтамыз. Адамның қылмыстық заң тайым салмаған, осы занда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Ісәрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алып сатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды. [3, 58б. ] .
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік-қылмыстың объективтік белгісі.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипатаитын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы:тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экономикалық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап, 1-бөлігі) . Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынады ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымдық жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады. (335-бап) . Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтіруілі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауыпті болып. [3, 59-60б. ] .
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян калтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескереп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келті (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыркелтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп көріну өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсібір іс-әрекеттер оны істеген адамның жабірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы жеткізілуі (102-бап) . Кеиде субъектінің ерекше жақдайы қылмыстын қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы; жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі) . [3, 70б. ] .
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстын 52-бабында жаза тағайын-даудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайымдауда істелген қылмыстың сипатың және қоғамға қауптілік дәрежесін есепке алу қажеттілігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстын сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін-сандық сипаттамасы деп түсінді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмытар болы бөлінеді. Қоғамға қауітілік сипаты қылмыстын объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстың Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері боиынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмытық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объекті-лерінің маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауптіліктің сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық моральдық зияан күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қаупті және зорлықпен жасалатың қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақанықпен жасалатың қылмыстардың абайсыздықпен істелген қылмыстарға қарағанда қоғамға қауптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәлкілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстыңтағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істеген адам ғана тарылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық (тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады .
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса,
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап) . жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті неіздерсіз женілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің ) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады(21-бап) .
Қылмыстық зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол жауапқа да, жазаға да тартылмайды. [3, 71-72б. ] .
1. 2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстың кұрамы деп- қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның[3, 81б. ] .
Қылмыс құрамының элементтері
Қылмыстың объектісі
Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыстың субъектісі
Қылмыстың субъективтік жағы
мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адамбөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz