КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ


0
КЕ МЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Қобдабай Қабдыразақұлы
Кемел кісі ілімі
ҚАРАҒАНДЫ 2020
Көшпенділердің педагогикалық мұрасын зерттеу орталығы
Пікір жазғандар: Б. Бор(
академик
)
М. Қаусылғазы (
д-р. проф
. )
Ж. Шекен (
канд. фил. наук
)
Жауапты редактор Д. Л. Нурпейісова ( пед. магистрі )
Қобдабай Қабдыразақұлы
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
ТӨГС ХҮНИЙ ТУХАЙ СУРГААЛ
Белгілі ғалым Қ. Қобдабайдың бұл кітабы кемел адам туралы ілімнің қазақ топырағында қалай дамып, бүгіндері қайтып салтанат құрып отырғандығын және оның заманауи кемел адавм қалыптастыру бағытын көрсеткен танымдық еңбек. ( Жұмыстың алғашқы нұсқасы Монголия Педагогикалық Ғылыми Зерттеу Институтында орындалған. Толықтырылып, өңделіп қайта ұсынылып отыр. ) Адам тәрбиесімен айналысатын барша жұртқа арналған ғылыми әдебиет. ( редактор )
Дереккөздер:
1. Кемел кісі ілімі Ұланбатыр 2007
2. Кемел кісі ілімі referatikz. ru›kemel_kisi
3. Кемел кісі ілімі infourok. ru›prezentaciya-
4. Кісі
қалыптастыру қазақ жолы - collegy. ucoz. ru›Каталог статей›9-1-0-24720
5. EduLife. kz - Кемел кісі ілім і bagut. nio. kz›document/kemel-ks-lm
6. Кемел кісі ілімі -kznews. kz›bilim/kemel-kisi-ilimi/
7. Кісі қалыптастыру қазақ ілімі - bilimger. kz›кісі-қалаптастыру-қазақ-амалы/
8. Адамның кемелдену жолдары lektsii. org›5-77438. html
9. Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі massaget. kz›Блогтар›23160
10. Текті тұлға тәрбиелеу жолы - ADISTEME. KZ
11. Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні bilimainasy. kz
12. Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі - aqiqat. kazgazeta. kz›?p=8874
13. Текті жан Тәңір сыйы, Кісі-тәрбие жеңісі » sabaqtar. kz›bayandama/16631
Толықтырулар автордың осы еңбектері негізінде жасалды. Баспаға дайындаған Күннур Қайрат.
Бұл еңбектің электрондық нұсқасын мына жерден тегін алыңыз.
🕿 +7 708 128 64 12 E-mail:sufer. chabdrazakh2017@gmail. ru: kabdirazakh23@yandex. kz:Abaiagahobd@yandex. ru
3
КЕМЕЛДІК ІЛІМ
1. 1§. Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні
Зерттеуші ғалымдардың (М. Әуезов, Қ. Мұқамедханов, М. Мырзахметов) пікіріне сүйенсек Абай атамыздың «Толық адам» ілімі мына екі жағдайға байланысты туындаған көрінеді.
Бірінші. Абай дана өмірінің соңғы кезеңі -отарлаушы Орыс хандығының қазақ даласына толық иелігін орнатып, өз қалауына сай қоғамдық құрылысын реформалап, басқару жүйесін «басы -байлы момақан құлға» толыққанды үстемдік жүргізуге әбден ыңғайлап үлгерген шағы сәйкес келеді. Екінші. Қазақтың аты тұрғой затын толық өзгертіп, мінезін бұзып, рухын мұқалтып, намысын таптап қана қоймай ішкен асын, киген киімін, ата-баба кәсібіне дейін жаңалауды мақсат етіп, оны жүзеге асыра бастаған мерзімі болатын. Міне осының бәрін өз көзімен көріп, жанымен ұғып таныған дананың көкірегі мұңға, көзі шерге толып, толғану, тебірену, мұңаю, зарлану тәрізді жан қиналысынан туған, жүрекжарды даналық шешім болып «Толық адм» ілімі өмірге келген. Бұл ілімнің негізгі мұраты-қараңғы, надан ел-жұртын, жаны жарлы, ақылы азайған жас ұрпағын, жан сарайы дертке шалдыққан қауымды қалай құтқарудың жолын көрсетіп бағыт бағдарын беру болатын. Абай дана бұл ілімнің өзегін орнықтырып, формуласын қорытқанымен толық тиянақтай алмады. Алайда, дананың даңқты шәкірттері, ізбасарлары ол ілімді дамытып ғылыми өресін биік-тетіп, тұғырын мықтап бекітіп, аяулы жұртына асыл мұра етіп табыстағаны баршаға аян. Бұл ілім жерден шыққан жоқ, аспаннан түскен жоқ, ғайыптан пайда болған жоқ. Оның өмірге келуіне қажетті алғы шарттар мен тірек болар тәрбиелеу ілімі Қазақ педагогикасында бұрын да болған. Ал, дана атамыздың осы тектес батыс-шығыс күллі ілімдерін оқып біліп, танысып көріп, сараптап қорытып, өз танымымымен талғам шанағында қайта жаңғырту нәтижесінде туған ілім еді. Бүгінгі біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде-қазақтың қоғамдық құрылыс-құбылысында, салт-санасында, мінез бітісінде қаншалықты өзгеріс болып жатыр? Келешекте қалай болатынымызды елестете аламыз ба?Бұл турасында жазып, зерттеп, саралап жатқан ғалым-ғұламалар, ойшыл-даналар, ақыл-ман-білгірлер, тәубә делік, баршылық. Барлығы да, өзгерген, дамыған, өскен, өркен жайған, таңқаларлық табысқа жеткен. Абай дәуірінде тіршілік еткен, текті де, есті бір қазақ, зәудеғалам ол дүниеден бұл дүниеге келе қалса, біздің қазақ екенімізді танымайтын халге жетіппіз!Енді таяу он-жиырма жылда, кешегі өмірден өткен аталар-ымыздың аруағы, бүгінгі ұрпағын қаншама жебеп, демеп күнделікті «араласып» біліп жүрсе де, танымай қалатын түрі бар. Өзгергенімізде өлшем жоқтың бір белгісі осы болар. Сонда, кешегі қазақ танымай-тындай, біздің неміз өзгеріпті?Ең әуелі, ауыз екі сөйлеу тіліміз өзгер-гендіктен, тәрбиеміз түбірлі өзгеріске ұшыраған. Кәзіргі біздің сөйлеу ырғақ мәнерімізде, әр өлкелік диалект, шет-жұрттық(орыс, қытай, араб, монғол, түрік т. б. ) сөз -сөйлем, тіркес тым көбейіп кеткен. Бұл тіліміздің байығанын көрсететін бір өлшем болумен қатар, тіл шұбарлығын танытар көрсеткіш. Ортамызда қазақ бола тұрып, қазақша сөйлей алмайтынымыз тағы бар. Педагогика классигі атанған К. Д. Ушинскийдің мына бір сөзі бар еді:«ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”[21; 22] Тәлімгеріміз шұбарланған соң тәрбиеміз де шұбарланбай қалай қалсын!Ол-олма адам тәрбиесі «еркіндік» алып, жалпы ұлттық сипа-тынан айырылып қалған. Шұбарлану бүгінгі қазақтың тілінде ғана емес, ішкен-жеген асында да, киген киімінде де, сырт пішін тұрқында да, керек десеңіз аман-сәлемінде де бар. Балалардан бастап, әйелдерге дейін, ерлерден тартып қарттарға дейін алашұбар киім-киеді, қыз-келіншектер:сары, күлгін басты, басы -көзін көкала етіп бояйтын болды. Ұлдар терісіне-етіне оймыштап жазу жазатынды шығарды. Амандасса еріндерін түйістіріп, иіскейтін, жаласатынды шығарды. Өздеріне ұнаған соң басқаның шаруасы не?Мен де, әйтеу, өзгерістерді атаған болмаса оларға билік айтпақ ой жоқ. Мөнке бидің айтқаны рас болды «. . Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады, Ит пен мысықтай ырылдасқан, Еркек пен қатының болады. Кер заманның кезінде Ертеңіне сенбейтін күнің болады, Бетіңнен ала түсетін інің болады. Алашұбар тілің болады Дүдәмалдау дінің болады. Еркегің қазаншы болады, Әйелің базаршы болады. Ішінде шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады, Ақыл айтсаң ауырып қалатын, Бедірей деген қызың болады». Ас-суымыз да шұбарала. Ән-жырымыз да шұбарала. Мінез-құлқымыз да алабөтен. Бұрындары естіп білмеген хаиуани құлықтар, ұятты қылықтар, арсыз амалдар, азғындық, жауыздық әрекеттер қаумалап тұр . . . Жағдай осылай бола тұра, ұлтымыздың, ұрпағымыздың тәрбиесінің келешегіне алаңдап, толғанып, Абай атамыздай іргелі ілім тудырмасақ та, қалып-тасқан тәрбиелеу қазақ ілімін қолданысқа мықтап енгізе алмадық. Тұрмысқа түптеп тұрақтандырмадық. Тиіп қашып, үзіп жалап, артық-кемді керектенген болып келеміз. Сол іргелі ілімге жетер, оны өмірімізге тиянақ болдырып, толық қолдану үшін де баспалдақ қажет екендігіне көз жетті. Сондықтан: «Текті тұлға тәрбиелеу теориясын» ұсынып отырмын. Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің, өнердің, пара-саттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық беретін қабылет ретінде танылған, кең мағыналы ұғым. Бұл ұғым генетика, родология, нумерелогия ғылымдырында кеңірек қолданылады. Біз бұл жерде тектілік ұғымын қазақ танымы аясында, генетикалық мәніне сүйеніп қолданамыз. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психо-логиялық т. б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік ұрпақтың ақыл-парасатынан, мінез-құлқынан, адами қасиетінен аңғарылып тұр-ады. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз-қасиетті ұғым. Тектілік ұрпаққа ата-бабадан дарып, ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға қонып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіре де салады. «Сол тексіз немені қойшы» деп кей жаннан үмітін үзетіні де бар. Бұл теория үшін тектілік ұғымы неге қажет болды?Бүгінгі жас ұрпақтың әлеміне, олардың әлеуметтік қатпарына зер салып көрсеңіз:А) . Көзі жәудіреген, мұң мен зардың табы сыртқа анық қөрініп тұратын ата-ананың аялы алақаны, жүрек мейірім жылуына зәру біршамалы ұрпақ біздің қоғамда өсіп келеді. Оларды тастанды, не тұлдыр жетімдер деп атайтын адамдар да бар. Иә, олардың зәрүлігі шындық, жетімдігі де рас. Олай болса оларды адам ретінде бағалап, қолдап қорғап, сыйлап құрметтеудің сыртында, олардың ата-бабалар-ынан ұласқан өнердің, ақыл-парасаттың, ерекше қасиеттің бар екеніне сеніп, тектіліктің көзін ашып, бақытқа жетелеп жеткізу кез-келген тәрбиеші ұстаздың парызы, ересектердің азаматтық міндеті, мемлекеттің борышы. Ә) Көңілінде үрей, көкірегінде шер, есінде зомбылық ұялаған, әке-шешеден тірідей алшақтаған тірі жетімдер де әжептәуір пайыз иеленеді. Олардың әке-шешесі, ішімдікке салынған, нашақорлыққа берілген, ауыр-жұқпалы дер-тке шалдыққан, қылмысқа ұрынған ұрпағын тәрбиелей алмайтын халге келген. Әке-шешесі осындай болғанымен олардың жеті атасынан жалғасқан дерт дербез, жаман әдет-дағды жоқ, болған да емес!. Бұл балалардың да жеті атасынан бері ұласқан тектілігі жоқ деп ешкім де айта алмас. Сондықтан, олардың тектілігінің көзін текті тұлға болдырып тәрбиелеу арқылы ашу керек. Екінші жағынан әке-шешесінің ауыру-сырқауы, жаман әтет-дағдысы тұқымқуалаушылық жолмен жалғасып кетуіне тосқауыл қою керек. Бұл дағы тектілік тұлға қалыптастырудың бір амалы. Біздің әке, ата- бабамыздың басынан кешкен, аштық, соғыс, құрбандық, қуғын-сүргін, тентіреп хабар ошарсыз безіп кету сияқты зорлық зобалан, нәубат қатарлының бүгінгі ұрпақ бойынан аз да болса, өздері ол жайында ештеме білмесе де, көрініс беруі үлкен ойға қалтырады. Тектік тәрбиенің қажеттілігін еріксіз мойындатады. Б) . Әке-шешенің қолында тұрып, тәрбиесінде жүргенімен, олардың уысынан шығып бара жатқан, ана тілін толық меңгермеген, ұлттық әдеп-ғүр-ыпта шаруасы жоқ «еркін» тәрбиеленген, шылым-араққа жуық, адал мен арамды онша талғай қойматын жас өспірімдер тобы тағы бар. Бұларға ең әуелі ата-бабалары иманды, жомарт, текті адам болғандығын түсін-діріп, ұлттық намыс, ата-тектік мақтаныш сезімін ояту ең дұрыс жол болмақ. Қазақ ұлтында тек мәселесі сүйекке сіңген ұғым. Баланы жай ғана осы өзінде бар артықшылықтарға үйірсек етуді мақсат тұтамыз. Неге? Мысалы, репрессия мен ашаршылық, соғыс пен атом бомбасының зардаптары секілді зұлматтар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр. Мысалы, бүгінгі ұрпақ өз басында туындаған көптеген ауру-лардың, агрессия мен депрессияның, тұйықтық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рухсыздық пен тарихи зердесіздіктің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ойланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бойындағы барлық қиыншылықтар мен қарғыстар, күнәлар мен дерттер ұрпаққа айналып келіп соғуда. Егер сіздің атаңыз 18 жасында соғысқа қатысқан болса, сізде дәл сол 18 бен 20 жас аралығында ерекше бір агрессия болады. Сіздің қолыңызға қару ұстағыңыз келеді. Адамдарға деген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезімдерді кешкендігі. Тек мәдениетін білу, дұрыс түсіну сізге тамырды сезінуді, кез келген мәселені түп-төркінінен қарастыруды үйретеді. Ал тегін жоғалтқан әулеттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл- нақты статистикалық дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді. Өйткені ол оның түпкі себебін түсінбейді. Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қандағы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дейін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқтатқанға дейін жалғаса береді. Әулеттегі бір ер адамның кетуі, басқа да сол әулеттің ер адамдарының кетуіне алып келіп соғады. Яғни «Кетуге бейімділік моделі» қалыптасады. Сол кезеңде ер адамдар айдауға я болмаса соғысқа кеткен болса, бүгінгі жағдайда ұрпақтың отбасынан кетуіне, белгілі бір істі тастап кетуіне, туысқандардан кетуіне итермелейді. Тіпті, нашақорлық пен ішімдікке, қылмысқа итермелейді. Әйтеуір бір қалыпты нормадан кетуі керек болады. Атасы 45 жасында өмірден өтсе, 45 жас немересі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жасында өледі деген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының басына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиындықтар тудырады. Ал өз тегінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан кешірген жағдаяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қабілетті келеді. Е-е-е! балаларым. Мен әкем жасынан астым, енді атам жасына жететін шығармын!» деген, ата сөзінде үлкен мән бар. В) . Әке-шешенің қолында өсіп келеді. Алайда әке-шешесі де, өзі де ана тілінде сөйлей алмайды. Бұл балада қандай кінә бар?. Тілі басқа тілде(орыс, қытай, неміс, ағылшын) шыққаны рас болға-нымен қазақшаға ниеті дұрыс. Шүлдірлесе де, былдырласа да тырмысып жүр. Оларға не көмек бар, қандай мүмкіндік бар бәрін жаса. Ағайын-туыс, жолдас-құрбылары ең алдымен солар қол созу керек. Нағыз тектілікті соларға таныту керек. Ал, дәл осындай санаттағы біраз жеткіншектердің, әке-шешесі де қазақша білмейді, өзінің де қазақша сөйлеуге ниеті шамалы, баласын қазақша оқытып тәрбиелуді тым қолдай қоймайтын әке-шешелі жеткіншектердің бір тобы өсіп келеді. Оларға не дейміз. Біздің даңқты, дарынды, дана ғұламаларымыз көп тілді үйреніп, тамаша табысқа жеткен. Сен де көптеген шет тілін еселеп үйрене бер дейміз. Өз ұлтыңнан достарың, жолдастарың құрбыластарың, андаларың көп болсын дегенді айтамыз . Г) . Әке-шеше, ата-әженің тәрбиесін көрген, өнерден өзіндік үлесін алуға ұмтылып жүрген, ғылымның негізін ұғып түсіну амалын игерген, ана тілін айтарлықтай меңгерген, шет тілінің екеу-үшеуін үйреніп талпынып жүр. Жас өрендердің мұндай тобы желкілдеп өсіп келеді. Тіл-көз, сұқ-қарғыстан алла сақтап, аруақ қолдасын. . Бұларға тілерім; «Өркенің өссін, өнерің үстем болсын құлынм!»Бірақ тапсырарым бар. Сенің текті-лігің жұғысты боларына сеніп, В) тобындағы балалармен таныс, достас, олардан шет тілін ұқ, оларға ана тілін ұқтыр, қалқам!. Менің қолымнан олар үшін дәнеңе де келмеді. Тек саған ғана сенім арту қалып тұр-деп өтінер едім. Себебі, тәрбиелеу қазақ ілімінде «Өзімізді. өзіміз тәрбиелейміз»-деген қағида бар. Осылай алғашқы сөздің мәнін ашқан болдым. Ал, тұлға сөзіне келсек, қазақтың «кісі»» ұғымына мәндес, көп айтылып, көп жазылып талданған ұғым. Оны қазбалауды осы жолы хош көрмедік. Тәрбие мәңгілік, әрі тарихи ұғым. Тәрбиелеу-көне түріктік игдірілген сөзінен туындаған, оны қазақ баулу деген ұғымда ұзақ уақыт қолданған. (А. Байтұрсынов) М. Жұмабаев төрт түрлі тәрбие бар деп атап, басқасын баулу деп алған. Осы күнде тәрбиенің түрі өте көп. Біз мұнда адами қасиетке баулу мағынасында алған едік. «Теория сөзіне тоқталайық. ҚР-ның Білім заңында оқытып тәрбиелеу ісі тек ғылыми негізде жүрілетіндігі көрсетілген. Кәзіргі дәуірде диалектикалық материализм, жауынгер атеизм негізінде талдан-ған пайымдаулар ғылыми білімге жатқызылады. Сондықтан біздің ұсынысымыз заң шеңберінде болу үшін теория деп отыр-мыз. Және бір сөзді де, генетика, родология ғылымдарынан асып қолданбадық.
1. 2§А. Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz