Жер бетіндегі ағынды сулардың геологиялық жұмысы. Селдер. Қар еруі. Желдің геологиялық әрекеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
1. Жер бетіндегі ағынды сулардың геологиялық жұмысы
2. Селдер. Қар еруі
3. Желдің геологиялық әрекеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Беткей - құрлықта (таулардың, қыраттардың шегінде, өзен аңғарларының бойында және тағы да басқалары), сонымен қатар теңіз бен мұхит түбінде эндогендік және экзогендік процестер нәтижесінде қалыптасқан жер бетінің еңісті бөліктері. Беткейлердін сипаты оларды түзетін тау жыныстарынын құрамына, құрылысына, жердің абсолют және салыстырмалы биіктігіне, беткейлік процестердің қаркындылығына, климат ерекшеліктеріне, өсімдік түрлеріне, беткейлер экспозициясына және табиғи ортаның басқа да құрамбөліктеріне байланысты. Қандай да бір түрінің гравитациялық қозғалыстарының басымдығы бойынша және бедер түзуші процестердің сипатына байланысты опырылымды, жылжымалы, солифлюкциялық, делювийлік, эрозиялық және тағы да басқалары деп бөледі. Бедердің маңызды көрсеткіші - олардың еңістігі. Таулы бедердің орташа еңістігі 20°-тан жоғары, ал жазық өлкелерде 2 -- 3° шамасында.
Уақыт өткен сайын беткейлердің пішіні мен еңістігі өзгеріп тұрады.
Планда таулы құрылысты шектейтін және оның құламалы беткейлерін төмендеу жатқан тегіс және жайпақталған жазықтардан бөлетін сызық немесе енсіз жолақ беткей етегінің деңгейінен төменірек жерде эрозиялық және денудациялық процестер күрт азаяды.
Тау, аңғар беткейлерінің, оң және теріс бедер пішіндерінің дүние тұстарына (мысалы, беткейдің солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс экспозициясына) және көкжиек жазықтығына қатысты орналасуы. Беткейлердің экспозиясы жергілікті жердегі жылдың әр маусымында беткейге түскен Күн жарығының ұзақтығын анықтайды (инсоляциялық Беткейлердің экспозиясы). Беткейлердің экспозиясы басым жел бағытына (жел жақ беткей, ық жақ беткей), ылғал көздеріне -- мүхиттар мен теңіздерге қатысты тау беткейлерінің орналасуына да байланысты болуы мүмкін.
Беткейлік процес - беткейлердің пішіні мен эволюциясына әсер ететін процестер жиынтығы. Беткейлік процесдің сипаты мен қарқындьшығы тектоникамен, геологиялық құрылысымен, климатымен, жердің су режімімен және тағы да басқалары факторлармен анықталады. Беткейлік процес беткей түзу және беткей қалыптасу процестеріне бөлінеді. Біріншісіне тектоникалык козғалыстар, өзен эрозиясы, абразия, эолдық, антропогендік процестер жатады, екіншісіне гравитация, беткейлік ағын, тау жыныстарының үгілуі, ағынды су, жылжыма, опырьюма, солифлюкция арқылы үгілу өнімдерінің төмен карай орын ауыстыруы, олардың беткейлер баурайында жинақталуы және борпылдак материалдың одан әрі тасымалдануы жатады.
Тектоникалық қозғалыстар - жер қойнауындағы әр түрлі процестердің әсерінен болатын механикалық қозғалыстар жиынтығы. Бұл қозғалыстардың басты себебіне жер қойнауынан бөлінетін жылу ағымдары мен ғаламшар болмысына тән гравитациялық энергия, Күн мен Ай энергиясы, галактикалық энергия, т.б. әсерлерді жатқызуға болады. Бұлар ауырлық күшінің әсері мен литосфераның астеносфераға қатысты гравитациялық тепе-теңдікке ұмтылуымен байланысты болады.
Өзен эрозиясы (Речная эрозия) - аққан судың мүжу-шаю әрекеті. Терендеу эрозиясы, бүйірлік эрозия және регрессиялық эрозия болып бөлінеді
Абразия (латынша: abrasіo -қыру, жону) -- мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен Абразияға ұшырауы жиі кездеседі.
Эолдық процестер - жел әрекетінен пайда болатын бедер түзуші процестер: кұмның ұсақ түйіршікті фракцияларының үрленуі (дефляциясы), қайта үрленуі және эолдық материалдардың (негізінен, құмның) бастапқы шөккен жерінен біраз қашықтыққа орын ауыстыруы есебінен ұшуы. Эолдық процестер, негізінен, шөлдерде болады, бірақ құрғақ және қоңыржай ылғалды атыраптарда, басқа географиялық зоналарда да (теңіздер мен көлдер жағалауларында, өзен террасаларында және т.б.) байқалады.
Ағын - табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны болып екіге бөлінеді:
Беткі ағын өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. Ағын мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне, ауа температурасы, жер бедері, геологиялық құрылысы, топырақ пен өсімдік сипатына байланысты қалыптасады.
Солифлюкция (лат. Solum - топырақ, жер, fluctio - ағын) - таудың шымды беткейлерінде суға аса қанығып жібіген топырақтың және жұқа дисперсті грунттардың баяу тұтқырланып созылып ағуы. Солифлюкциялық процестер 2 -- 3°-тық еңістіктен басталады, ең әрекетті еңістігі 8 -- 15° беткейлерде жүреді, ал одан тіктеу беткейлерде жылжымалы құбылыстарғаауысады. Солифлюкция ауырлық күшінің әсерінен, топырақтың және оның астында жатқан тау жыныстарының қатуы мен жібуінен және криогендік процестер арқылы болады. Солифлюкция жоғары ендіктерде мәңгі тоң қабаттары дамыған аймақтарда (Полюстік Орал, Чукот түбегі, Аляска, Шпицберген) және биік тауларда (Памир, Тянь-Шань, Алтай таулары, Сібірдің оңтүстік және солтүстік- шығыс таулары) тараған.

1. Жер бетіндегі ағынды сулардың геологиялық жұмысы
Жер бетіндегі ағын сулар (өзен, бұлақ, жылға) жер бедерін үнемі үздіксіз өзгертіп отыратыны сөзсіз. Атмосфералық жауын-шашыннан, бұлақтардан, мұзарттардан қорек алатын ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай отырып, жолында бір-бірімен қосылып соңында өзендер құрайды. Ағын сулар жолындағы борпылдақ жыныстарды шайып єкетіп оп-оңай өзен арналарын қалыптастырады. Сонымен беткі ағын сулар үлкен геологиялық жұмыс атқарады: таужыныстарды қиратады, қираған өнімдерді тасымалдайды, оларды үйіп, тұндырып жасампаздық әрекетпен айналысады.
I. Қирату жұмысы. Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын бұзушылық немесе қирату әрекеті - жазықтық эрозия деп аталады. Эрозия белгілі бір деңгейдің жоғарғы бөлігінде ғана дамиды. Бұл деңгей эрозия базисі деп аталады. Эрозия базисі екі түрге бөлінеді: 1. Абсолюттік базис - әлем мұхитының деңгейіне сәйкес (ол ноль); 2. Салыстырмалы базис қарастырып отырған ағын су келіп құятын су бассейндерінің (көл, теңіз) деңгейлері.
II. Өзеннің тасымалдау жұмысы. Су ағындары өздері қиратқан материалды, оның сынықтарының өлшемдері мен тығыздықтарына байланысты әртүрлі қашықтықтарға тасымалдайды, ірі , ауыр сынықтар болса өзен басында, тау етегінде қалады, ал ағыс бойымен оның кинетикалық энергиясы азайған сайын тиісінше ірі сынықтар шөгіп, майдалау сынықтар әрі қарай тасымалданып, жолда еріп үлгірген материалдармен бірге ағыс соңына шейін жетеді.
III. Өзеннің жасампаздық (түзу) жұмысы. "Потамология" - өзендерді зерттейтін ғылым. Бұл тұста атап өтетін ең бастысы өзен іс-әрекетінің барысында өзен бойында түзілетін шөгінді материалдар болып табылады, сонымен қатар өзен жағалауларын немесе опаңдарды толтыратын аллювийалды жыныстардың әр түрлі бедер (рельеф) пішіндерін қалыптастыратындығы, соңында бірнеше өзен салаларының бірігіп өзен тораптарын құрайтындығы, әрі аз шығындар жұмсап оңай өндірілетін металдық және бейметалдық кен орындарының көздерін қалыптастыратындығы.
Ағын судың бастамасы сағасымен салыстырғанда әрдайым биік жатады. Бастамадан сағаға дейінгі су арнасының кескіні парабола пішінді болады. Егер арнадағы су мөлшерімен оның ағыс жылдамдығы тұрақты болса, бұл кескін де тұрақты болады. Аталған екі көрсеткіш ұлғайса кескін өзгеруі мүмкін. Оны қалыптаспаған кескін деп атайды. Ағын су эрозиясы ағын сипатына қарай екіге бөлінеді:
1. Беткейлік немесе тұтас шаю. Жер бетін тұтас жапқан ағын су жер бетіндегі ойпаңдарға жиналып арынды арналар бойынша ағады. Арналар бойынша аққан жылғалар салаланып өзен құрайды. өзеннің қирату жұмысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Қауіпті экзогенді процестер
Эрозия механизмі
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Тұщы судың қоры, өзендер
Іле алатау таулары
Төтенше жағдайлар критерийлері
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Қар көшкіні - көшкіннің бір түрі
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Пәндер