Мору өнімдерімен байланысты пайдалы қазбалар
Жоспар:
Кіріспе
1. Мору өнімдері
2. Мору өнімдерімен байланысты пайдалы қазбалар
3. Морылу типтері - физикалық, химиялық және органикалық морылулар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мору қыртысы - жер бетіндегі тау жыныстарын құрайтын миералдардың өзгеру, бұзылу немесе ыдырау әрекеттеріне байланысты құралады.
Әдетте жер бедерінің көтеріңкі аймақтарын құрайтын тастақ таужыныстардың морылып бөлшектенуі, яғни олардың алуан мөлшерлі бөлшектерге ыдырауы бұл үдерістің толығымен қиратушы сипатты иеленетіндігін көрсетеді. Алайда морылу үдерісі тек көтеріңкі аймақтарға ғана тиесілі емес, ол планетамыздың атмосфера қабаты мен жер қыртысының шекарасы деңгейінің барлық өңірлеріне де тиесілі үдеріс. Бедері тегіс өңірлерде немесе шөгінділермен көмілген ойыстар бетінде де таужыныстар морылу үдерісі есебінен химиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Жер қыртысының беткі деңгейіндегі тау жыныстар мен минералдардың механикалық тұрғыдан бөлшектенуі мен химиялық өзгерістерге ұшырауына бірден бір себепкер - температураның ауытқу әсері, су молекулаларының, оттектің, көмірқышқыл газының сол сияқты жәндік және өсімдік организмдерінің тіршіліктегі және өлгеннен кейінгі өздерімен жанасқан таужыныстарға тигізер әсерлері. Морылу негізінен алғанда құрылық бетінде болатын үдеріс, азын-аулақ дәрежеде су алаптары түбінде де көрініс беруі ықтимал. Жер қыртысының морылуға ұшыраған беткі бөлігі морылу қабығы деп аталады. Морылу қабығының құрылысы мен қалыңдығы бірнеше факторларға тәуелді, олардың бастылары - түпнегіз таужыныстың құрамы, климат, өсімдіктердің молдығы немесе жетімсіздігі, жербедер ерешелігі және морылуға ұшырау ұзақтығы. Әйгілі орыс ғалым-геологтарының бірі А.Е.Ферсман морылу қабығын гипергенез белдемі, ал бұл белдемде өтетін үдерістерді гипергендік үдерістер деп атауды ұсынған.
Морылу қабығының қалыңдығы кең аралықта өзгереді, бұл көрсеткіш жүздеген м-ден бірнеше м-ге дейін өзгеруі мүмкін.
Морылу қабықтарының қалыптасуына және олардың түрлі сипаттарды иеленуіне сол қабық қалыптасқан аймақтың климаты, түпнегіз таужыныстардың құрамы, аталған аймақтың жербедер ерекшелігі және оның органикалық әлемі айтарлықтай әсер етеді. Біршама жұқа, құрылысы да қарапайым морылу қабықтары салқын климатты аймақтарға тән. Қоңыржай климатта, әсіресе мейлінше ылғалды климат жағдайында қалыптасқан морылу қабығының құрамы өте күрделі болып келеді. Ең күрделі морылу қабығы ыстық та ылғалды климат жағдайында қалыптасады. Мұндай морылу қабықтары латериттер деп аталады, олар әдетте боксит кендерін кіріктіреді, темір, никель, сирегірек кобальт пен хром кендері де латериттермен байланысты қалыптасуы ықтимал.
Морылу қабығының қалыңдығы мен өзге де кейбір ерекшеліктері сол қабық қалыптасқан өңірдің жербедер ерекшелігіне тәуелді. Біршама тегіс аймақтардағы морылуқабығының қалыңдығы жоғары көрсеткіштермен сипатталады, себебі мұндай өңірлерде грунт сулары біршама терең қойнауларға дейін сіңе алады. Морылу аймағының органикалық әлемі, әсіресе өсімдіктер мен микроорганизмдер әлемі сол қабықтың топырақ деп аталатын беткі бөлігін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады.
Мору қыртысы жердің даму тарихының барлық кезеңдерінде орын алған, әсіресе мезозойда күшті дамыған.
Морылу қабығының өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар, олар мыналар:
1. Бұл қабықты құрайтын жаралымдар өздерін төсеп жататын түпнегіз таужыныстармен тектік тұрғыдан тығыз байланысты болыпкеледі. Бұл байланыс морылу қабығына тиесілі таужыныстарда, әсіресе оның қимасының төменгі бөлігінде түпнегіз таужыныстарға тән құрылымдық және бітімдік белгілердің жиі сақталуынан аңғарылады.
2. Морылу қабығына тиесілі таужыныстар құрамы мен осы қабықты қалыптастырған түпнегіз таужыныстар құрамы арасындағы айырмашылық қабық қимасының төменінен жоғары қарай бірте-бірте арта береді.
3. Морылу қабығы қимасында әдетте біршама анық байқалатын белдемділік белгілері көрініс береді. Бұл белдемділік өздерінің минералдық және химиялық құрамы жағынан, физикалық қасиеттері тұрғысынан, түсі, тығыздығы, құрылымы, бітімі т.с.с. сипаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін горизонттардың қат-қабаттала алмасуымен анықталады.
4. Морылу қабығына тиесілі таужыныстардың минералдық құрамы алуан түрлі болып келеді, алайда бұл жаралымдарға сазды минералдар мейлінше тән болады. Мұның себебі, сазды минералдар, өздерінің беткейлік физикалық-химиялық жағдайлардың өнімдері болуына байланысты, сырт жағдайларға өте төзімді болып келеді.
1.Мору өнімдері
Мору өнімдері дегеніміз жоғарыда аталып өткен мору агенттері әрекеттерінің нәтижесі. Оларға қопсымалы-сусымалы элювий, делювий, пролювий, коллювий, аллювий шөгінді жыныстары жатады.
Элювийалды жыныстар негізінен бұзылған немесе үгілген жерінен орын ауыстырмайтын таужыныстары. Элювийді құрайтын таужыныстар қабаты бұрыннан бар берік те шымыр таужыныстардың морылып босаңсыған беткі бөлігінің өзге аймақтарға тасымалданбауы, яки өз орнында сақталып қалуы нәтижесінде қалыптасады. Элювийді құрайтын түйірлердің мөлшері ірі жақпартастар мен шойтастардан титтей саз тозаңдарына дейін өзгеруі мүмкін. Элювий қабатының қимасы жер қойнауына дейін тереңдеген сайын бірте-бірте мүлдем морылмаған таужыныстарға ұласады. Элювийді құрайтын таужыныстар қимасында қат-қабаттылық белгілері сирек ұшырасады, мұндай белгілер байқалған күнде де олар түпнегіз таужыныстарға тән қат-қабаттылықтың көмескі сақталған нышандары түрінде ғана көрініс беруі ықтимал.
Делювий - беткейлер мен қыраттардың етегiне жиналатын болбыр мору өнiмдерi. Олар беткейлерден жаңбыр мен ерiген қар суы әрекетiнен сырғиды. Оларға сынықтардың өлшемi бойынша iрiктелетiндiгi тән. Делювий түпнұсқа таужыныстың құрамына байланысты беткейлерден төмен қарай әдетте тасшақпа-қиыршықтан құмдақ-саздаққа және сазға алмасады. Делювий көбiнесе беткейлердiң етегiнде жолақ түрiнде жатады. Оның қалыңдығы беткейге өрлеген сайын жұқара бередi. Қатқабатта беткейге параллель қабаттылық байқалады. Делювийалды таужыныстары мору процестерінің барысында таулардың беткейлерінде (склон) жиналады. Бұл таужыныстарының элювийалды жыныстардан айырмашылығы, бұл, олардың өнімдерінің тасымалданатындығы. Мысалы, оның өнімдерінің тау бастарынан, олардың беткейлеріне жылжуы.
Уақыт өткен сайын коллювий мен делювий физикалық және химиялық мору процесiне қайта ұшырайды. Мұндай жағдайда олардың үстiнде элювий жаралады, ал ол өз кезегiнде коллювий мен делювийдiң жаңа қатқабаттарының қалыптасуына әкеледi.
Пролювийалды таужыныстар деп, тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың әрекеттері барысында тасымалданып ысырынды конус түрінде жиналатын таужыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен қопсымалы жыныстардың жиынтығын айтады.
Пролювийлік ысырынды конустың басталған жері мен тауға таяу аралығында дөңбек қой тастар көбірек кездеседі, ал жазыққа қарай ұсақ малта тастар, құмдар, сонымен қатар су әрекеті баяулайтын жерлерде лесстер және құмдар мен саздар жиналады, одан ары қарай (шеткі аймақтар) гипсті, тұзды болып келетін ағын сулардан алевритті балшықты жыныстар түзіледі. Шөгінділердің тасымалдану жолы қысқа болған жағдайда пролювийлік жыныстар өңделмеген (үшкір қырлары сақталған) бөлшектерден құралады. Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласы осындай ысырынды конуста орналасқан.
Аллювий өзен шөгінділерінен тұрады. өзен аңғарларында жєне арнасында жиналатын кесек бuлшектерден және борпылдақ жыныстардан құралған (дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт, балшық, саздық) шөгінділер аллювийлік болып саналады. Олар аққан судың екпіні мен бағытына қарай ірілі-ұсақты бөлшектерге жіктеліп отырады. Жайылмалық аллювий шөгінділері ұсаќ түйіршіктерден құралады. Олар су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты түзіледі. өзендердің ескі арналарында, ескі арналық аллювий шөгінділері кездеседі. Ал өзен жайылмаларының сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер жиналады.
2.Мору өнімдерімен байланысты пайдалы қазбалар
Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жербеті мен жерасты суының, органикалық агенттердің ықпал етуі нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстар мен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық үдерістер ықпалынан ары қарай өзгеріске үшырайды. Бүрынғы минералдар экзогендік жағдайларға төзімді жаңа минералдармен алмасады. Бұл үдерістердің мору деп аталатыны белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен оларға байланысты мору кенорындары қалыптасады.
Мору қыртысы -- дербес континенттік геологиялық формация. Ол жер бетіне шыққан түбірлік таужыныстарға атмосфералық және биогендік агенттер ықпал етуі нәтижесінде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық және биохимиялық қирау өнімдерінен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендік кенорындар минералдық массаларының қуатты көзі болып табылады.
Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жербеті бөлігіндегі термодинамикалық жағдайларда химиялық төзімсіз болатын тереңдік таужыныс массаларының қайта топтануымен байланысты болады. Мору қыртысы жер қойнауында грунт суы деңгейіне дейін, яғни жер бетінен 60-100 м, кейде 200 м тереңдікке дейін таралады. Морудың негізгі агенттеріне су, оттек, көмір қышқылы, организмдер және температураның ауытқуы жатады.
Мору қыртысында кен орындары жиі кездеседі. Таужыныстарының физикалық мору әрекеттеріне ұшырауына байланысты инфильтрациялық кен орындары түзіледі. Инфильтрациялық кен орындары, мору заттарының суда еріп, басқа жыныстармен алмасу реакцияларына араласуы нәтижесінде құралады. Бұған мысал ретінде фосфорит, борат, ванадий, уран, темір, марганец, радий, барит, гипс, магнезит, исландия шпаты т.б. атауға болады.
Диагенез әрекетімен тікелей байланысты төмендегідей кен орындары кездеседі. Мысалы, құрылысқа қажетті ракушняктар, ізбестастар және энергетика көзі болып табылатын тас кuмір, торф т.б.
Аллювийлік шөгінділер (малта тастар, қиыршық тастар, құмдар, саздар т.б.) құрылыс материалдары ретінде өте бағалы кен орындарын құрайды. Ал өзендердің жайылмаларының сыртындағы аллювийлік делювийлік шөгінділердің арасында әр түрлі пайдалы қазбалар (алтын, алмас, платина, күміс т.б.) кездеседі.
Сонымен экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар кен орындары түзіледі екен. Ең бастысы, пайдалы қазбалардың дүние жүзілік мөлшерінің 60 пайызға жуығы экзогендік процестерге тікелей байланысты түзілген кен орындарында өндірілуі.
3.Морылу типтері - физикалық, химиялық және органикалық морылулар
Морылу үдерісі үш типке жіктеледі, олар - физикалық морылу, химияық морылу және органикалық морылу. Морылудың бұл үш типі әдетте бір-бірімен байланыста өрбиді, алайда аймақтың климаттық ерекшеліктеріне, жербедер ерекшелігіне, түпнегіз таужыныстың құрамына, құрылымына, бітіміне, жарықшақтылық дәрежесіне т.с.с. байланысты үшеудің біреуі жетекші рөлді иеленетін борлады. Аридті климатты, таулы және полюстік өңірлерде физикалық морылу типі жетекші рөл атқарса, мейлінше ылғалды тропикалық және субтропикалық өңірлерде жетешірөл химиялық морылудың, ал қосалқы рөл органикалық морылудың үлесінде.
Физикалық морылу. Физикалық мору процестерiнің нәтижесiнде таужыныстар механикалық қирауға түседi. Бастапқы таужыныс уатылады да құрамын өзгертпей біртіндеп тасшақпаға, қиыршыққа, құмға немесе тозаңға айналады. Мору белдемiнде таужынысты қирауға ұшырататын негiзгi факторлар:
- температураның Күн белсендiлiгi өзгерiстерiне байланысты ауытқуы;
- таужыныстың жарықшақтары мен кеуектерiнде қатқан судың, кристалданған тұздың ықпалы;
- өсiмдiктердiң тамыр жүйелерi дамыған кезде сыналап жару әрекетi;
- iн қазатын жануарлардың тiршiлiк әрекетi.
Физикалық мору ықпал етушi фактордың табиғатына байланысты екi түрлеске бөлiнедi: температуралық және аяздық.
Температуралық мору. Физикалық морудың бұл түрлесi тәулiктiк және маусымдық температураның ауытқуы нәтижесiнде орын алады. Таужыныстар алма кезек қызу мен суынуға байланысты ұлғайып, көлемi артады немесе сығылып, кiшiрейедi. Осы көп дүркiн алмасатын созу және сығу кернеуiнен таужыныс шытынап, өлшемдерi әртүрлi сынықтарға уатылады.
Таужыныстардың температуралық мору қарқыны олардың минералдық құрамына, түсiне, құрылымы мен бiтiмiне және температураның ауытқу амплитудасына байланысты. Температуралық мору кезiнде өте қарқынды қирауға түсетiндер - полиминералды таужыныстар (гранит, сиенит, гнейс, құмтас). Олар құрамындағы минералдардың жылуфизикалық қасиеттерiнiң әртүрлi болуы салдарынан қирайды. Минералдың көлемi қызу мен суынуға байланысты әркелкi өзгерiстерге түсiп, таужыныстарда минерал түйiрлерi арасындағы iлiнiсу күшiн әлсiрететiн кернеу пайда болады да олар қирай бастайды.
Мономинералды таужыныстар (мәрмәр, кварцит, әктас) да температуралық моруға ұшырайды. Өйткенi оларды құрайтын минералдар әр түрлi кристаллографиялық бағыттар бойынша анизотропты жылуфизикалық қасиеттерге ие болады. Таужынысты құрайтын минералдар әртүрлi бағдарлана орналасатындықтан, температуралық мору кезiнде мономинералды агрегаттар iшiнде түрлi қысым туындап, нәтижесiнде ол қирауға әкеледi.
Күңгiрт түстi минералдар ашық түстiлерге қарағанда күштi әрi жылдам қызады, бiрақ шамамен олардың екеуi де бiрдей суынады. Физикалық морудың қарқыны температура ауытқуының амплитудасына тура пропорционал болғандықтан, күңгiрт түстi минералдар жылдам қирайды. Мысалы, құрамындағы күңгiрт түстi минералдардың мөлшерi 50%-тей болатын габбро ашық түстi минералдардан тұратын гранитпен салыстырғанда қоршаған ортадағы температура ауытқуы мәнiнiң бiрдей болғанына қарамай, граниттен бiршама жылдам қирайды.
Құрылымы бiркелкi түйiрлi таужыныстар порфирлi құрылымдылармен салыстырғанда баяу мориды. Ал iрi түйiрлi таужыныс ұсақ түйiрлi немесе шыны құрылымдылардан жылдам қирайды. Шомбал бiтiмдi таужыныстар әркелкi немесе кеуек бiтiмдiлерге қарағанда температура ауытқуларына төзiмдi келедi. Ал қабаттылықты және тақталанған бiтiмдi таужыныстардың өзi осы бағыттарда оларға перпендикуляр бағыттарға қарағанда екi-үш есе жылдам қызып-суынатындықтан қирауы да жылдам болады.
Таужыныстардың механикалық қасиеттерi олардың құрылымына және бiтiмiне байланысты болғандықтан, температуралық морудың қарқындылығына да әсер етедi. Морт таужыныстар тұтқыр таужыныстардан, ал жарықшақтылар - тығыз таужыныстардан жылдам қирайды.
Таужыныстың сыртқы температураның ауытқуы әсерiнен моруы оның беткi жағынан басталып, бiртiндеп iшкi жағына қарай тұрақты температура белдеуiне дейiн таралады. Бiрақ таужыныстың Күн қыздыратын сыртқы бетi оның iшкi бөлiктерiмен салыстырғанда едәуiр көп ұлғаяды. Нәтижесiнде таужыныстың беткi және терең бөлiктерi аралығында оның бетiн бойлай созылған жарықшақтар пайда болады. Осы жарықшақтар бойынша қабыршақтанған таужыныстың беткi жағы сыпырылып түсе бастайды. Таужыныстың беткi бөлiкшелерiнiң қабыршақтану процесi десквамация (латынша десквамара - қабыршағын сыдыру) деп аталады.
Температуралық мору кезiнде таужыныстардың ең қарқынды қирауы температура жиi әрi күрт алмасатын климаттық алқаптарда жүреді. Мұндай алқаптарға жер бетiндегi өзiндiк бөлiкшелер: температураның тәулiктiк ауытқу амплитудасы 50 - 60 0С, ал маусымдық ауытқуы - 100 0С маңында болатын шөл дала мен ауаның мөлдiрлiгiне байланысты Күн радиациясы көршiлес жазықтардағыға қарағанда күштi бiлiнетiн таулар жатады. Таужыныстың қарқынды физикалық қирауы ыстық, әрi ылғал климат жағдайында оның күн қыздырған бетiне жауған салқын жаңбыр мен бұршақтың, орман мен дала өртiнiң ықпалына да байланысты.
Аяздық мору таужыныстардың мезгiл-мезгiл қайталанатын ұлғаю және сығылу әсерiнен орын алады. Бұл құбылыс таужыныстар жарықшақтары мен кеуектерi кеңiстiгiндегi судың температурасы оның қату нүктесi төңiрегiнде ауытқуы кезiнде қатуы және еруi салдарынан туындайды. Су ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz