Интрузиялық магматизм және магмалық денелер


Жоспар:
Кіріспе
- Магматизм
- Интрузиялық магматизм және магмалық денелер
- Интрузиялық магматизмнің Жер бедерін түзудегі рөлі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Геологиялық үрдістер дегеніміз Жердің ішкі қойнауында және бетінде үздіксіз жүріп жатқан, әрі Жердің ішкі құрылысына, құрамына, оның рельеф пішіндеріне тікелей әсер ететін үрдістер немесе әрекеттер. Алғашқы қалыптасқан Жер қыртысы Өзінің тарихи даму барысында осындай әрекеттердің салдарынан, күрделі Өзгерістерге Ұшырап отырды.
Геологиялық үрдістерді тудыратын энергия көлдеріне : Күн сәулесімен байланысты жылу; Жер бетіндегі гравитациялық күштер; Күн мен Айдың Өзіне тарту күштері; Жердің Өз осінен айналуы; радиоактивтік элементтердің ыдырауы (Жердің ішкі қойнауында), әрі басқа да химиялық реакциялар кезінде бӨлінетін жылу; Жердің құрамын құрайтын заттардың гравитациялық жіктелуі т. б. жатады. Барлық геологиялық үрдістер энергия көлдеріне сәйкес екі топқа бөлінеді: 1. Ішкі немесе эндогендік геологиялық үрдістер; 2. Сыртқы болмаса экзогендік геологиялық үрдістер.
Эндогендік үрдістердің салдарынан жердің терең қойнауындағы сұйық магма жоғары көтеріліп, жер бетіне жетпей суып, кристалданып интрузивтік таужыныстарын құрайды. Кей жағдайларда магма жер бетіне төгіліп, шала кристалданған эффузивтік таужыныстары пайда болады. Олар кейінірек тектоникалық қозғалыстарға байланысты иіліп, қатпарланады. Ал экзогендік үрдістер жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жағдайда жүріп жатады. Бұл үрдістердің нәтижесінде құрылықта кездесетін таужыныстары бұзылысқа ұшырап, үгілген затар тасқын сулардың және экзогендік агенттердің (мұздықтардың, желдің т. б. ) тікелей әсерінен бастапқы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойыс аудандарында шөгіп, қабатталып жиналады.
Сонымен, жер бетінің бедері, яғни бедер пішіндері эндогендік және экзогендік геологиялық үрдістердің барысында қалыптасады. Эндогендік әрекеттерге байланысты түзілген тау жоталары экзогендік күштердің әсерінен үгіліп, ал бұзылыс материалы белгілі бір бағытта таулы аймақтардан ойыс жерлерге көшеді де біртіндеп тегістеледі.
Аталған эдогендік және экзогендік геологиялық үрдістер бір жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болады, ал екінші жағынан бұл үрдістер қарама-қарсы бағытта дамылсыз жүріп жатады.
Эндогендік геологиялық үрдістер қатарына-магматизм, метаморфизм, тектоника әрекеттері жатады.
Эндогендік үрдістер жер қойнауында жоғары температура әрі жоғары қысым әсерлерінен үздіксіз жүріп жатады. Жоғарыда айтылған эндогендік үрдістер өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне тікелей әсер ету нәижесінде туындап отырады. Мысалы, метаморфизм салдарынан (ультраметаморфизм әрекеттері) жер қыртысын құрайтын заттар қайта балқып, магмалық ошақтар құралады. Сонымен қатар тектоникалық қозғалыстар таужыстарының метаморфтық Өзгерістерінің басты себебтерінің бірі болып саналады. Кей жағдайларда тектоникалық қозғалыстар жер қыртысының тұтастығын бұзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының кенеттен төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты магмалық ошақтар пайда болады.
Минералдардың пайда болу типтері және олардың түзілу жағдайлары келесідей:
Магмалық . Магманың біртіндеп суып тереңде немесе жер бетіне төгіліп қатуынан пайда болады. Бұл жолмен көптеген минералдар: кварц, дала шпаты (ортоклаз, лабрадор ж. б. ), слюда (мусковит, биотит), оливин, нефелин, мүйіз алдамшасы, авгит және басқалар пайда болған. Сонымен қатар осы жолмен кенді және кенді емес қазба байлықтар түзіледі. Олар хромит, апатит, графит, ж. б.
Пегматитті. Газды қосындылармен өте байытылған, қалдықты магмалық ертінділердің кристалдануынан пайда болады. Әдетте бұл үрдіс қалдықты балқындыларда, ұшпалы компоненттерді ұстап қалуға әсер ететін, жоғары сыртқы қысым жағдайында, тереңдегі магмалық массивтердің шеткі бөліктерінде өтеді. Бұл үрдістің жолақты сипаты бар. Пегматитті жолақтардың ерекшелігі - оны құрайтын минералдар дәндерінің үлкен болуы мен ұшпалы компоненттердің (F, Cl, B, Be және т. б. ) болуы. Пегматитті жолақтардың минералдары әр түрлі болады. Олардың ішінде: кварц және оның түрлері (тау хрусталы, раухтопаз, морион және т. б. ), дала шпаттары (альбит, амазонит және т. б. ), слюдалар (биотит, мусковит және т. б. ) жиі ұшырасады.
Пневматолитті. Пневматолиз құбылыстары, балқындылар ұшпалы компоненттермен, сыртқы қысымның төмен болғанында кристаллданады. Осы жағдайға байланысты ұшпалы заттар сұйық күйде бірден, қатты затқа айналады. Әдетте бұл үрдістерге металлдардың әр түрлі қосылыстары бірге қатысады. Газды заттардың өз арасында және сіңетін тау жыныстардың, минералдардың арасында қарым-қатынас әсерінен жаңа зат - пневматолиттер пайда болады. Пневматолитті жолақтар әр түрлі болады. Бұл жолақтарға тән минералдар: темір жылтыры (гематит), молибденит ж. б. Пневматолиз құбылысы вулкандар атқылағанда, вулканнан шыққан заттар, көбінесе су буы, СО2, H2S, SO2, HCl, HF және басқалар бір-бірімен және атмосфера газдарымен реакцияға ұшырау негізінде, вулканды жарықтарда және кратерлердің жиегінде жинақталатын, әр түрлі минералдар пайда болады. Осы жолмен күкірт, темір жылтыры, нашатыр пайда болады.
Гидротермиялық. Магма тереңде суығанда және кристаллданғанда шығатын, су ертінділерінен пайда болады. Бұл әдіспен кварцтан, кальциттен, флюориттен құрылған көптеген гидротермиялық жолақтар пайда болған. Осы жолақтардың негізінде, бағалы қазба байлықтар: халькопирит (мыс рудасы), галенит (қорғасын рудасы), сфалерит (цинк рудасы), киноварь (сынап рудасы) сияқты көптеген минералдар пайда болған.
Магмалық процестер - магма мен магмалық таужыныстар қалыптасатын, сол сияқты магма әрекеттерінің барша қүбылыстарын қамтитын процестер жиынтығы; жанартаулық (вулканизм) жоне плутондық (интрузиялық) процестер болып екі түрге бөлінеді.
1. Магматизм
Магматизм - жердің ішкі геосфераларында Өтетін күрделі эндогендік геологиялық үрдіс және жер қыртысының қалыптасуында алатын ролі орасан зор. Бұған дәлел жер қыртысын құрайтын таужыныстарының 95 пайызы магмалық үрдістердің әрекеттерінен пайда болуы. Бұл үрдіс магманың жер қыртысында болмаса жердің терең қойнауларында пайда болып, жоғары қабаттарға жылжу барысында температура мен қысымның күрт төмендеуінен кептеліп қалып, кристалдық денелер түрінде магмалық таужыныстарының түзілуімен аяқталады. Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Тіпті, Ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, кӨмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлолы аммоний, сутегі, азот және т. б. ) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын Өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу жылдамдығының Өсуіне әсерін тигізеді.
Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр турлі термодинамикалық жағдайда және әр түрлі тереңдікте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарының алуан түрлі болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері меп құрамы қандай болған? - деген заңды сұрақ тұғызады. Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Кейбір ғалымдар (В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес кенлетін алғашқы магманың өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы (Нгйпуэн, А. Н. Заварицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды.
Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік базальтты) жыныстар алғашқы базальттық магманың өзгермеген түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер алғашқы базальттық магманың біртіңдеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты түзіледі деп түсіндіріледі.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон - Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің, ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы А. Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына карай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді.
Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында кездесетін ультра негізді белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың химиялық құрамы базальттық мима негізінде құралған ультра негізді жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
2. Интрузиялық магматизм және магмалық денелер
Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. - жердің терең қойнауларында жүретін үрдіс және нәтижесінде интрузиялық магмалық таужыныстары қалыптасады (гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т. б. ) . Интрузиялық таужыныстар магманың Өте баяу сууына байланысты ірі кристалды немесе толық кристалды қҰрылымға ие болады, ал түзілімі тығыз, шомбал болып келеді. Интрузиялық таужыныстар осы белгілеріне байланысты (қҰрылымы, түзілімі) оңай ажыратылады. Олардың құрамы бізге белгілі силикат тобындағы минералдардан тұрады - кварц, ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз алдамшысы, слюда т. б. ) .
Интрузивтік тау жыныстары жер қыртысының терең (абиссалдық) қабаттарында кристалданған жағдайда, олар жапсарлас таужыныстарын бұзып-жарып еніп үйлесімсіз ірі магмалық денелер пайда болады. Оларға батолит, шток жатады. Ал гипабиссалдық жағдайда, олар айнала қоршаған ортаны құрайтын көне таужыныстардың жатыс жағдайына сәйкес орналасқан үйлесімді денелер (лакколит, лополит, факолит, силл) құрайды. Сонымен қатар үйлесімсіз кішігірім магмалық денелер де (дайка, желі, некк) жиі кездесіп отырады
Құрамы негізді сұйық магма жер бетіне жақын аудандарда шөгінді қабаттардың жапсарларын бойлай көтерілсе, үйлесімді магмалық денелер силдер пайда болады.
3. Интрузиялық магматизмнің Жер бедерін түзудегі рөлі
Магматизм бедердің құрылуында маңызды және әр түрлі роль атқарады. Магма өзінің жер қойнауынан көтеріліп шығуы, суып қатаюы жағдайларына қарай интрузиялык және эффузиялық таужыныстарға бөлінеді. Интрузиялық таужыныстары (лат. intrusio - итеру) магманың жер бетіне шығып үлгермеген жер қыртысы қабаттарына еніп кристалданған магма есебінен қалыптасқан таужыныстар. Жердің ішкі қабатында қатқан магма баяу суиды да оның толық кристалдануына жағдай туады. Бұған гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т. б. жатады. Бұлар жер қыртысында түрлі пішінді интрузиялық шоғырларды (батолиттер, лакколиттер т. б. ) құрайды.
Батолиттер негізінен гранитоидтерден тұратын, қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жиі ұшырасатын ауқымы жүздеген км 2 -ге жететін интрузиялық шоғырлар. Бұлар жер қойнауларында суынып кристалдануы нәтижесінде қалыптасьш, кейіннен олардың үстіндегі таужыныстары қабаттарының мүжілуі нәтижесінде ашылып, сыртқы күштердің әсеріне төзімділеу болғандықтан, жер бетінде қоршаған ортадан анық дараланатын тау жотасы түрінде көрініс береді. Ірі граниттік батолиттерге мысал ретінде Зеравшан жоталарының батыс жағындағы массив және Кавказдағы Конгур-Алагез жотасының сілемі жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz