Халықтың ұдайы өсіп-өнуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

  1. Халықтың ұдайы өсіп-өнуіХалықтың ұдайы өсуінің түрлеріХалықтың демографиялық құрылымыДемографиялық саясат - халықтың ұдайы өсуін реттеу
  2. Халықтың өсу заңдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) - халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылымы тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым.

Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.

Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғы шарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына - халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография» пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман - географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени - рухани жақтары, әдет-ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.

Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылған. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкен аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік - Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік - Шығыс және Солтүстік - Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік - Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжам мен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді.

  1. Халықтың ұдайы өсіп-өнуі

Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдарынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңынан бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білген жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн) . Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.

Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы - Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т. б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.

Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі - қыс маусымына сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттік органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі мұндай бір жолғы есеп - халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т. б. осы тәрізді мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін жүргізу қажеттілігі туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді. Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда - түсімдерін есептеу мақсатында, алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін болды. 1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан бастап, бұл Комиссия жыл сайын «Демографиялық жылнама» басып шығарып отырды. Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзінің халқы туралы өте кең мәліметтер берілді. Сол сияқты дүние жүзі халқының өсіміне байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халық санағы әр кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып отыратын мұндағы материалдардың бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде қазірге дейін халықтың ұлттық немесе нәсілдік құрамы және халықтың күнделіктері есептері дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы социалистік жүйе елдерінде) құрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан есептеу мәліметтері шын мәніндегі жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия елдерді жікетеп топқа бөлгенде, олардың экономикалық - әлеуметтік белгілеріне емес, демографиялық негізіне, әсіресе халықтың табиғи өсімі тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссияның жарияланып отыратын материалдары - халықтар туралы біршама толық деректер көзі болып табылады. Халықтың ұдайы өсуі - адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болуы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік - Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады. Адамзат қоғамының ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Осы кезге дейін жер шарында халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп: туу - 28 ‰, өлім - 10 ‰, ал табиғи өсім - 18 ‰. Халықтың ұдайы өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа біріктіріледі:

1. Табиғи - биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі - биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайлары үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл - қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбір жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде - безгек ауруы, тропикада - ұйқы ауруы т. б.

2. Әлеуметтік - экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулық сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі, т. б.

3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі - демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.

4. Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі - ол мәдени, әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т. б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері.

5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн-нан аса адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшыратады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы, еркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың - жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т. б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда. Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде - халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен, көптеген дамушы елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Бұл құбылыс «демографиялық жарылыс» деп аталды. Оның нәтижесінде, мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі жылына 25-30‰ шамасында өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 жылдай уақытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд. -тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлері де бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1999-2015 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% -ға көбейсе, ол Азияда - 14% -ға, Африкада 21%-ға, Солтүстік Америкада 37%-ға көбейді. Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде. Осыған байланысты тұрақтандыруға жетудің тура жолы бірінші кезекте - дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор. [1]

  1. Халықтың ұдайы өсуінің түрлері

Халықтың ұдайы өсуінің бірінші түрі: демографиялық дағдарыс. Халықтың ұдайы өсуінің бірінші түрінде туудың, өлімнің және табиғи өсудің көрсеткіштері төмен болады. Ол ең алдымен, экономикасы дамыған елдерге тән болып, мұнда егде және қартайған адамдардың үлесі үнемі артып отырады; бұл өзінен-өзі туу көрсеткіштерін төмендетіп және өлім көрсеткіштерін арттырады.

Алайда, демографиялық фактормен бірге, аурудың әсерінен өлімнің артуын тудыратын, күнделікті тұрмыстық қиындыктар, әскери қақтығыстар, қылмыстың артуы, өндірістік жазым (жарақат), әр түрлі табиғи және техногендік апаттар, жазатайым жағдай, сонымен бірге қоршаған орта сапасының нашарлауы сияқты әлеуметтік-экономикалық себептер зор рөл атқарады.

Халықтың ұдайы өсуінің бірінші түрі елдерін үш косалқы топқа бөлуге болады.

Біріншіден, бұл халықтың табиғи жылдық орташа өсімі 0, 5-1% елдер (немесе әр 1000 тұрғынға 5-10 адамнан)

Екіншіден, табиғи өсімі «нольдік» не соған жақын елдер. Мұндай өсім халықтың кеңейтілген ұдайы өсуін (мысалы, Италия, Ұлыбритания, Польшада) қамтамасыз ете алмай, ол өзінің жеткен дәрежесінде тұрақталады.

Үшіншіден, табиғи өсімі төмен елдер, мұнда өлім туудан артық болады. Соның нәтижесінде олардың тұрғыңдарының саны артуы орнына азаяды. Демографтар бұл құбылысты депопуляция (не демографиялық дағдарыс) деп атайды. Бұл Еуропаға тән он бес елде (Беларусь, Украина, Венгрия, Болгария, ГФР және баска) ең төменгі табиғи өсу орын алып отыр.

Сонымен, дүние жүзінің экономикасы дамыған елдеріне (олардың табиғи өсімінің орташа көрсеткіші 0, 4%) табиғи өсімнің "ұтымды" түрі тән болып, олардың халқының жоғары өмір дәрежесіне сай болып келеді. Бірақ Еуропаның біраз елдері демографиялық дағдарысты бастан кешіріп, олардың дамуына кері әсерін тигізуде не тигізуі мүмкін.

Халықтың ұдайы өсуінің екінші түрі: "демографиялық жарылыс". Халыктың ұдайы өсуінің екінші түрінде туу мен халықтың табиғи өсуі ең жоғары деңгейге жетеді; ал өлімнің көрсеткіші айтарлықтай төмен болады. Ол бәрінен бұрын дамушы елдерге тән, кеңінен пайдалануға мүмкіндік алды. Бұл өлімнің күрт азаюына себепші болды. Ал, туу болса, көбіне бұрынғы жоғары деңгейінде қалды, жылдардың соңында дамушы жылдық орташа табиғи өсім кіші 1, 7% құрап, яғни ол экономикасы дамыған елдерден 5, 5 рет жоғары болды. [2]

Халықтың демографиялық құрылымы

Құрылым - бұл барлық халықтан құрылған адамдардың түрлі топтарының қатынасы (үлесі) . Халықтың ұдайы өсуіне тікелей әсер ететін түрлі топтарға адамдарды жіктеуге арналған мынадай белгілер бар ( 1-сызба ) :

Халықтың демографиялық құрылымы 1-сызба.

Халықтың құрылымы
Халықтың құрылымы: жасы
жынысы
некеге қатысы
отбасылық мәртебесі

Халықтың жыныстық құрамы халықтың құрылымында ерлер мен әйелдердің арақатынасымен анықталады.

Халықтың жас ерекшеліктеріне қарай құрамы - бұл халықты жас ерекшеліктері бойынша топқа бөлу, ол бөлінген топтардың санымен және олардың өзара арақатынасымен сипатталады. Демографиялық талдау кезінде көбінесе бес жылмен жас ерекшеліктері топтарына ажыратылады (1-4, 5-9, . . . 95-100 жыл), ал әлдеқайда жалпыланған зерттеуде - он жыл мен 10 жылдық аралықпен бөлінеді.

​Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) төмендегідей жастық кезеңдерге бөлуді қабылдаған:

  • 0-25 - бала және жасөспірімдік кезең
  • 25-44 - жастық кезең
  • 44-60 - орта жас
  • 60-75 - егде жас
  • 75-90 - кәрілік
  • 90 жастан кейін - ұзақ өмір сүрушілер

Халықтың некелік құрылымы - бұл халықты некелік жағдайына қарай, әдетте жынысы және жасымен үйлестіре отырып бөлу. ​Неке (жұбайлық) - отбасын құру мақсатында заңда белгіленген тәртіппен тараптардың еркін және толық келісімімен бекітілген, ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ. Демография үшін неке - отбасын құру мен бала туылуының, сонымен қатар туылу мен өлім-жітім үдерістерінің түрткі жайттары.

Халықты некеге қатысты келесі топтарға бөлуге болады:

некеге ешқашан отырмаған тұлғалар;

некеге отырған тұлғалар;

ажырасқандар;

жесірлер.

Халықтың отбасылық құрылымы . Бұл құрылым халықтың неке және отбасы институтына қатысты жағдайы бойынша бөлінуін көрсетеді.
Отбасы - негізгі демографиялық ұяшық. Ол мынадай демографиялық функцияларды орындайды:

  • бала туылуы және күтімі;
  • отбасы мүшелерінің денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығын жақсартуға мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасау;
  • өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (бұл айтарлықтай маңызды функция, өйткені отбасы институтының тұрақтылығы мен қоғамның тұрақтылығы көбінесе өзара шарттасқан) . Халықтың ұдайы өсуі толығымен дерлік отбасында жүзеге асады.

Демографияда отбасылар өлшемі, құрылымы және типі бойынша топтарға бөлінеді.

Отбасының орташа өлшемі халықтың кейбір топтары үшін отбасымен бірге тұратын адамдардың санын отбасы санына бөлу жолымен анықталады. Отбасының өлшемі оның мүшелерінің санымен айқындалады.
​Балаларының саны бойынша отбасылар төмендегідей бөлінеді:

  • 1-2 балалы отбасы;
  • 3-4 балалы отбасы;
  • көпбалалы (5 және одан көп балалы) отбасылар.

Отбасының құрылымы туыстық дәрежесімен, ұрпақтың болуымен, көшбасшылықтың үлестірілуімен анықталуы мүмкін.

Типі бойынша отбасылар нуклеарлық, күрделі, толық, толық емес болып бөлінеді.
Нуклеарлық отбасылар - балалары бар, некедегі отбасылар.
Күрделі отбасы - бір отбасы басқа туысқан отбасымен (ата-аналарының отбасы, балаларының отбасы немесе ағалары мен апайларының отбасы) бірге тұратын отбасылар.

Отбасының толықтығы ерлі-зайыптылар жұбының толық болуына байланысты. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де жоқ болса (қайтыс болуына, ажырасуына немесе басқа да себептерге байланыс ты), онда отбасы толық емес болып саналады.

Діни нанымы, ұлты, табысы тәрізді белгілер бала туылуына жанама әсер береді.

1. 3 Демографиялық саясат - халықтың ұдайы өсуін реттеу

Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің көпшілігі мемлекеттік демографиялық саясатты жүргізе отырып, халықтың ұдайы өсуін басқаруға тырысады. Демографиялық саясат дегеніміз мемлекетке халықтың табиғи қозғалысына (бәрінен бұрын тууына) өзіне қолайлы бағытта әсер етуге көмегін тигізетін әкімшілік, экономикалық, үгіт-насихат және басқа шаралар жүйесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Жылқы оксиурозы, құс гетерокидозы мен қоян пассалурозын балау және алдын алу шаралары
Қазақстан Республикасындағы отбасы саясаты мәселесі
Тыныштық – шынайы бақыт
Қазақстан, ресей және дүни жүзі елдерінің географиясында халықтардың зерттелуі
Қазақстандағы еңбек ресурстарының қалыптасу негіздері және оның дамуы
Отбасы әлеуметтік институт ретінде
Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары
Лейкоздар
Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz