Автомобильді не өзге де көлік құралдарын заңсыз айдап әкету үшін қылмыстық жауаптылық


АВТОМОБИЛЬДІ НЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ АЙДАП ӘКЕТУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1-тарау. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі

  1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі . . . 5
  2. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың даму кезеңдері . . . 9

2-тарау. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудегі қылмыс құрамының заңдық талдамасы

2. 1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің объектісі мен заты . . . 13

2. 2. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің объективтік жағы . . . 28

2. 3. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің субъектісі . . . 39

  1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің субъективтік жағы . . . 48

2. 5. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің дәрежелеуші белгілері . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

Кіріспе

Қылмыстылықпен күрес жүргізу кез келген қоғамға тән актуальды құбылыс. Ол кеңестік дәуірдің өзінен ақ ерекше маңызға ие болған. Кеңес одағы өмір сүруін тоқтатқан кездегі қоғамдағы дағдарыс көптеген бұрынғы одақтас республикаларда саяси, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты. Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтынушылық рыноктың мүмкіндігінің қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады.

Бүгінгі күні меншікке қатысты көзқарас өзгешелеу. ҚР Конституциясының 6 бабы 1 тармағында: “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады”, - делінген.

Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі қоғамның саяси, заңдық, элеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы екені белгілі. Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін меншікке қарсы қылмыстармен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік және жеке меншікті теңдей бекітіп, меншік құқығын бірдей қорғауды заңда бекіткен. Меншікке қылмыстық қол сұғушылық азаматтарға үлкен материалдық шығын әкелгені үшін ғана емес, мемлекет атынан адам мен азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметінің қабілеттілігіне сенімін жоғалтатын саяси салдар туғызатынымен де қауіпті.

Қазақстан Республикасында жалпы қылмыстардың саны әлі де болса өз қарқынын жоғалта қойған жоқ. Арнайы мәліметтерге жүгінсек, соңғы өткен 10 жыл аралығында мысалы, 1995 жылы - 200873, 1996 жылы - 206006, 1997 жылы -162491, 1998 жылы - 183977, 1999 жылы-162491, 2000 жылы - 142100, 2001 жылы 162494, 2002 жылы - 139431, 2003 жылы - 150790, 2004 жылы - 152168, 2005 жылы - 135151 қылмыс жасалғандығын байқаймыз. Ал, тікелей автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын айдап кетумен байланысты болған қылмыстардың жалпы жасалу саны: 2001 жылы - 1334, 2002 жылы - 798, 2003 жылы - 948, 2004 жылы - 1165, 2005 жылы - 1399 болып отыр.

Біздің өміріміздегі автомобиль немесе өзге де көлік құралдары деңгейінің уақытқа сай қоғамдағы қарқынды өсу жағдайындағы маңыздылығы, оған сәйкес оның тиісті түрде қолдану талаптарының көтерілуі, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудегі қолданылатын қылмыстық жауаптылықтың күрделі мәселелерін шешудің ғылыми және тәжірибелік қызығушылықты тудырып отыр. Сондықтан да меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтерінің алғашқы міндеттерінің бірі ретінде көрініс табады. Соңғы кезде қылмыстың бұл түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге, жасау тәсілі де өзгеріске ұшырады.

Аталған дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттары келесідей:

  • Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі мен ол үшін белгіленетін қылмыстық жауаптылықтың даму кезеңдерін анықтау;
  • Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмысының объективті белгілеріне талдау жасау;
  • Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмысының субъективті белгілеріне талдау жасау;
  • Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмысының сараланған белгілерін ашу;

Дипломдық зерттеу жұмысы екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудің түсінігі мен оның жалпы сипаттамасы туралы айтылса, екінші тарау автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудегі қылмыс құрамының заңдық талдамасын қамтиды.

Зерттеу барысында қолданылған пікірлер мен қорытындылар заңгерлердің, социологтардың, психологтар мен басқа ғылым саласы өкілдерінің тұжырымдамалары мен заңға және нормативтік актілерге негізделген.

1-Тарау. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң түсiнiгi мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың даму кезеңдеріне шолу.

  1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құґралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленудiң түсiнiгi

Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, яғни айдап кету үшiн жауаптылықты реттейтiн қылмыстық-құқықтық норманың мазмұнына сипаттама беру аталған қылмыс құрамының түсiнiгi мен белгiлерiн, оның қол сұғушылық объектiсiн, ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырата бiлуiмiзге немесе дұрыс дәрежелеуiмiзге зор мүмкiндiк бередi.

Автомобиль немесе өзге де көлiк ґтуралы тез дамыған пайдалы қарым-јатынастың қажеттi түрi ретiндегi елiмiздегi көлiк туралы жүйесiнiң бiрi болып саналады. Осыған қатысты болған қылмыстардың барлығы да өз алдына көлiк құралдарымен байланысты қылмыстардың жүйесiн құрайды. Ұзақ уақыт аралығында осы қылмыс құрамына қатысты оның түсiнiгі мен белгiлерiн анықтауда заң ғалымдарымен әртүрлi анықтамалар берiлген болатын.

Алғашқы рет көлiк құралдарын айдап кету туралы норма Қазақ ССР 1960 жылғы 1-қаңтарда күшiне енген қылмыстық заңының 221-бабында орын алып, онда « автомашиналарды, мотоцикл немесе басқа қозғалыс құралдарын өз бетiмен ұрлау мақсатынсыз мiнiп кетуi» туралы айтылды. Көлiк құралдарын айдап кету сол кезеңде қазақ ССР қылмыстық кодексiндегi « Көлiктегi қылмыстар» атты 11-тарауында јарастырылды.

Осыған байланысты, көлік құралын айдап кетуді белгілеген қылмыс құрамы қазіргі кезеңде бөтеннің меншігіне емес, керісінше көлік құралының қозғалысқа келтірілуі мен қолданылуы саласындағы қалыпты қызметі мен тәртібіне қол сұғылады деп, көліктегі қылмыстардың қатарына жатқызылған болатын.

Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодексінде көлік құралдарына автомобильдердің барлық түрлері, тракторлар және өздігінен жүретін өзге машиналар, трамвайлар мен тролейбустар, сондай-ақ мотоциклдер және басқа механикалық көлік құралдары жатады деп белгіленген /2/. Айдап кету, өз алдына жеке түсінік ретінде алғаш рет Ресей Қылмыстық кодексінің 212-1-бабымен “Автомототранспорт құралдарын айдап кету” деп танылып, көлік құралдарын басып алу және оны мініп кету деп түсіндірілді /3/.

Бұл мәселеге қатысты көлік құралын айдап кетуді белгілейтін норма, әрине өзгерместен осылай қала қойған жоқ, себебі, қылмыстық жауаптылыққа тарту мен жаза тағайындау барысындағы жеке даралау мен жекелеу қағидаларының сақталуында өз дәрежесінде көрінбеді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16-шілдедегі қабылдаған қылмыстық заңының жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырауымен байланысты аталған норманы қолданудағы ғылыми пікірталастық кейіннен өз жаңа жолын тапты. Негізгі мәселелердің бірі болып, алғашқы кезекте қандай мүддеге қол сұғылатындығы туралы мәселе болды. “Көлік құралын айдап кетуде, ең алдымен адамның өз көлігін пайдалануына немесе иелік етуіне не осы мүдделерін жүзеге асыруы құқығына қол сұғылады және негізгі зиян меншік қатынастарына келтіріледі” -деген ұғымды бірқатар заңгерлер қолдайды.

Сонымен, еліміздің қылмыстық заң шығарушылығы, автомобиль немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленумен байланысты қылмыстарды “Меншікке қарсы қылмыстар ” тобына жатқыза отырып оған қатысты шешімді түрде нақты нүкте қойды. Сөйтіп, заң шығарушылық арқылы, осы аталған қылмыстық-құқықтық меншік қатынастары, көлік құралдарын иелік ету құқығы, меншік иесінің көлікті пайдалану мен өкімдік етуін қорғау мүдделері өз қажеттілігін тапты.

Қазақстанның қылмыстық құқығында автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену ҚР ҚК-нің 185-бабымен белгіленді. Бұл қылмыс бойынша меншік иесі, өзінің көлігін бір адамның айдап әкету салдарынан зиян шегеді, яғни көлік иесі белгілі бір уақыт аралығында өз көлігін пайдалану немесе билік ету мүмкіндігінен айырылады. Демек, бірінші кезекте көлік иесінің меншік құқығына қол сұғылса, екіншіден, жол қозғалысы қауіпсіздігіне зардап келтіруі мүмкін. Сондықтан аталған қылмыс түрін меншікке қарсы бағытталған және соған сәйкес жазалау түрін айқындау дұрыс болып табылады /5/.

Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып екіге бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстар, мүлікті алумен байланысты талан-таражбен байланысты және талан-таражбен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Аталған қылмыс құрамы талан-таражбен байланысты емес қылмыстар қатарына жатады. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену құрамы күрделі сипатқа ие және қылмыстық құқық теориясында біртекті талданбаған. Бірқатар авторлар айдап кетуді өз еркімен көлік құралдарын басып алу және оны мініп жүру деп түсіндіреді /6/. Кейбір авторлар мысалы, мұндай әрекет өз еркімен көлік құралдарын басып алу және онытұрған орнынан белгілі бір қашықтықта қозғалысқа келтіруі деп таниды /7. /. Бұдан басқа да осы қылмыс құрамына қатысты айтылған анықтамалар да бар. Олар: автокөлік құралдарын заңсыз иелену және оны жүргізуі /8. /; көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамның көлік құралының кабинасына заңсыз енуі және оны тұрған орнынан алып кетуі /9. /; өз еркімен көлік құралдарын заңсыз иелену /10/.

Адамның көлік құралын өз бетімен және де заңсыз жасаған әрекетін біртектес “айдап әкету” - деген түсінікпен қамти атай отырып заң шығарушы дұрыс анықтама берген /11/. Себебі, айдап кетудің өзі қылмыскердің өз мақсатын жүзеге асыру ниетімен байланысқан, яғни өз бетімен заңсыз түрде меншік иесінің ырқына қарсы түрде бағытталған әрекетін айқындайды.

Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған анықтамалармен салыстырғанда анағұрлым дұырс анықтама болып, бөтеннің көлік құралын заңсыз түрде уақытша пайдалануы және оны табылған орнынан қозғалысқа келтіруі танылатын сияқты.

Көлік құралын айдап кетудегі ұрлау мақсатының болмауы нақты осы қылмыс құрамының нақты белгілерін ашып көрсетеді. Сондықтан да “ұрлау мақсатынсыз” деген ұғым, осы айтылған қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде көрініп, оны ұрлаудан айырып алуымызға мүмкіндік береді. . Ал, ұрлаудың ҚК-тің 175-бабы 1-ескертуіндегі анықтамасына келетін болсақ, пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру деп көзделген.

Ал осы аталған қылмыс құрамына қатысты берілген “ұрлау мақсатынсыз” деген ұғым тар шеңберде көрініп тұрған секілді. Біздің ойымызша, “ұрлау мақсатынсыз” деген тіркесті “талан-таражға салу мақсатынсыз” деген сөзбен ауыстыру анағұрлым нақты әрі түсінікті болар еді.

Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚР ҚК 185-бабы 1-бөлігі) орташаауырлықтағы қылмыстар санатына жатқызылады. Ал, осы құрамның 2-4-бөліктері ауыр қылмыстар санатына жатады.

Біздің көзқарасымызша, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуді талдаудағы оның аталған белгілері мен критериилері осы қылмыс құрамын толық тұрғыда сипаттайды. Жоғарыда айтылғандарға орай біздер, “автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену - деп адамның өз бетімен бөтеннің көлік құралын тұрған орнынан жеке басы пайдасы үшін, өз меншігіне айналдыру ниетінсіз қозғалысқа келтіруі танылады”.

  1. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың даму кезеңдері

Әрбір қылмыс құрамы өздігінше даму сипатына ие. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуге қатысты қылмыс құрамының қылмыстық жауаптылық белгілерін анықтаудың даму кезеңдері аса терең емес. Себебі, автомобильдің өзі біздің елімізге келуінің өзіне ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің жарқын даму жетістіктерінің бірі болып автомобиль танылады /19/.

Жалпы, Ресейдегі болған қазан төңкерісіне дейін Қазақстан өңірінде, механикалық көлік құралы болмағандықтан жолсыздықтың өңірі болып танылды. Көп тараған көлік түрі ретінде ат-арба немесе теңдеп жүк артылатын жануарлар танылды. Автопарк 1910 жылдары шет елдермен өндірілген 20 автомобиль және 12 мотоциклды құрады, ал еліміздің кейбір өңірлерінде автомобиль туралы түсінікті тіптен жұрт білмеді /20/.

Қазақстанның жерінде көлік құралдарының қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және үлкен роль атқарған, Қазақ КСР 1923 жылы 15-сәуірде қабылдаған “Жүк немесе жеңіл автокөлік құралдарының және мотоциклдың Қазақ КСР аумағындағы қозғалыс тәртібі туралы” қаулысы табылды /24/. Зерттеушілердің мәлімдеуі бойынша, алдыңғы Кеңес Одағының қылмыстық кодексі қабылданғанға дейін, осыған ұқсас әрекеттер бұзақылық, кей жағдайларда мүлікті жою немесе бүлдіру, өзінше билік ету әрекеттері ретінде сараланды. Сонымен қатар, олар әкімшілік тәртіппен де қудаланған. Мысалы, елімізде 1930 жылдары көлік құралдарын ұрлау немесе тонау әрекеттері аса көп кездесе қойған жоқ болатын.

Еліміздің 1960 жылдардағы халық шаруашылығының дамуы, белгілі бір мөлшерде көлік құралдарының мәні мен алатын орнын көтермелейтін мән-жайларға әкеп соқтырды. Өйткені, көлік құралдарына деген сұранысқа, адамдар саны күннен-күнге арта түсті. Осыған байланысты осы жылдары көлік құралдары санының көбеюіне қатысты автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену сияқты қылмыстар халық арасында тарай бастады. Көлік құралдарын айдап кетуі үшін қылмыстық жауаптылық қылмыстық кодексте нақты орын алмағандықтан, сол кездегі қолданылған 19 желтоқсан 1956 жылғы РСФСР Жоғары Кеңесі Указымен ұсақ бұзақылық ретінде жауаптылыққа тартылды /26/.

Қылмыстық заңдағы автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену туралы қылмыстық жауаптылықты реттейтін арнайы норманың орын алмауы, осындай қылмыстық қол сұғушылық түрлерімен күрес жүргізуде және қауіпті қылмыстардың бірі көліктерді ұрлау сияқты қылмыстарға да кері әсерін тигізді. 1960 жылы 27-қазандағы Ресейдің Қылмыстық кодексінде автомототранспортпен байланысты үш қылмыс құрамы (211, 212, 213-баптары) орын алды. Қазақ КСР 1960-жылғы 1-қаңтарда заң күшіне енген Қылмыстық заңында арнайы 221-бабымен көзделген, “автомашиналарды, мотоцикл немесе басқа қозғалыс құралдарын өз бетімен ұрлау мақсатынсыз мініп кеткендігі үшін” қылмыстық жауаптылықты көздеу нормасы алғашқы рет орын алды.

Бұл қылмысты әрекеттер үшін жазалау ретінде бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазалауды не болмаса ықпал ету шараларының қолданылуы белгіленген болатын. Осы белгіленген баптың өзіне тән ерекшелігі болып, нақты қылмыс құрамының атауында мотоцикл деген түсініктің тікелей айтылуымен ерекшелінеді. Ал, қазіргі кезеңде еліміздегі қылмыстық заңмен белгіленген аталған бап бойынша мотоцикл деген ұғым өзге де көлік құралдары қатарына жатқызылған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 3-шілде 1965 жылғы Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы Указымен, ҚК 221(1) -бабын “автомототранспорт құралдары мен өзге де өздігінен жүретін машиналарды ұрлау мақсатынсыз айдап кету” деп толықтырды /27/. Осы аталған норма “Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке және халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар атты ” РСФСР-дің ҚК 10-тарауындағы 212-1 бабымен белгіленді. Бұл көлік құралын айдап кетуді көздеген қылмыс құрамының дис позициясында, айтылған норманы қолдануда теріске бұрмалайтын “айдап кетудің” түсінігі нақты орын алмаған болатын.

Кейіннен, заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі жетілдіруімен қатар және де көлік құралдарын қолдану мәнділігінің арта түсуімен байланысты, осы аталған қылмыс құрамы тағы да заң атқарушылықпен елеулі өзгерістерге ұшырады.

Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының 1966 жылғы 3-қаңтардағы Указының редакциясы бойынша аталған бап “Автомототранспорт құралдарын өз бетімен мініп кетуі” деп белгіленді.

Осы аталған баптың диспозициясымен”Автомототранспорт құралдарын немесе өздігінен жүретін басқа машиналарлы ұрлау мақсатымен емес, өз бетімен мініп кетуі”, деп анықталынып және ол үшін, мерзімі үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға немесе бір жылға түзеу жұмыстарына жазалауды, не болмаса жүз сомға дейін штраф салуды, яки қоғамдық тез шаралары қолдануы белгіленген болатын /28/.

Бұл кезекті елеулі өзгеріске ұшыраған қылмыс құрамы бойынша заң шығарушылықпен біздер аңғарып отырғанымыздай ұрлаумен байланыссыз екендігін нақтылай келе, сонымен қатар қылмысты әрекеттері үшін жазалау шараларының едәуір арта түскендігін байқаймыз. Сол кезеңде, одақтас республикаларда осы аталған көлік құралдарын айдап кеткендігі үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін нормаларды белгілеген. Бірақ та біздердің салыстырмалы-құқықтық талдаумен байланысты болған зерттеулеріміздің көрсеткеніндей, олармен көлік құралдарын айдап кеткендігі және ол үшін тағайындалынатын жазалаудың белгілерін әр түрлі тұрғыда қарастыратындығы анықталды. Қылмыстық заңдағы келесі өзгерістердің бірі болып, 1970 жылғы 6-қазанындағы КСРО Жоғары Соты Пленумының “Автокөлік қылмыстары туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы” №11 қаулысымен, аталған қылмыс құрамына қатысты сұрақтардың бірқатары анықталынды. Соның ішінде көлік құралын айдап кету автомототранспорттық қылмыстар тобына жатқызылған болатын.

Жалпы қылмыстық заң нормаларын пайдаланудағы Қазақ КСР белгілеген ҚК-нің 221-бабын қолдану, сол кезеңдері өзінің құндылығын жоғалта қойған жоқ еді, дегенмен де, осы қылмыс құрамына қатысты ғылыми пікірталастықтар қайтадан жаңа деңгейге шықты. Осыған байланысты болған негізгі қойылған сұрақтардың бірі болып, бірінші кезекте біздердің заңшығарушылығымыз бойынша осы талдауға жатқызылған қылмыс құрамы, көліктегі қылмыстар тобында ма, жоқ әлде жасалуы кезінде меншік қатынасына қол сұғатындығын нақты түрде расталуын анықталуы қажеттілігі табылды.

Көп ұзамастан осы қылмыстық әреккетті қылмыс құрамы кезекті елеулі өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Ол қазіргі кезеңдегі, яғни біздердің заң жүзінде қолданып отырған 1998 жылғы 1-қаңтардан бастап заң күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңымен белгіленген норма болып табылады.

Осы жаңа қылмыстық заңмен “Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуі” үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеген қылмыс құрамы ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде белгіленген “Меншікке қарсы қылмыстар” атты 6-тарауындағы 185-бабымен жауаптылық көзделді.

Міне, осылайша, еліміздің қылмыстық заңы, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену туралы норманы “Меншікке қарсы қылмыстар” тарауына қоса отырып, аталған қылмыстың объектісі болып меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншік қатынастары болып табылады деген шешімге нүкте қойды.

2-тарау. АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДЕГI ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЗАҢДЫҚ ТАЛДАМАСЫ.

2. 1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз айдап кетудегi қол сұғушылықтың объектiсi мен заты

Қылмыстың объектiсiн дұрыс айқындау, жасалған қылмыстың әлеуметтiк мәнiн анықтау мен Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмi жүйесiнiң нормаларында өзiне сәйкес орнын табуына, қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн немесе қол сұғушылық әрекеттердi дұрыс дәрежелеуге бiрден-бiр қажет болып табылады.

Қоғамдық қарым-қатынастарды қоғамға қайшы әрекеттерден қылмыстық заңның көмегiмен қорғауда қылмыс құрамының толық тұрғыда жеткiлiктi және анық негiзделуi, соның iшiнде қылмыс объектiсi белгiлерiнiң дұрыс анықталуының маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік құралдарын заңсыз иеленудің түсінігі мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың пайда болу тарихы және оның мәні
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгендігі үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселелері бойынша кездесетін сұрақтар мен кемшіліктерді толықтыру және оны құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәжірибеде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
АВТОМОБИЛЬДI НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫН ҰРЛАУ МАҚСАТЫНСЫЗ ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДIҢ ТҮСIНIГI
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Қазақстан Республикасындағы меншікке қарсы қылмыстар
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz