Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері туралы
"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени
ескерткіштері
Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде
орналасқан – көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар
өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен.
Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда
болған.
Бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78
ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп
таныды
Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың
тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаға
археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет
өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II ғғ
Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің
бірі. Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде
қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі – Қазақстан
территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің
зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет
туындысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік
ескерткіш деп таныды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына
келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын
Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.
Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-
Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там,
Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы
Резиденция Абылай хана кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет
ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз
туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан
26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.
Соңғы үш жылда жоқтан екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және
Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің
масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және
жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің
Тізімі қабылданды.
Мемлекет Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі
ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы
Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті
реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің
құрылысы сәтті аяқталды.
Қызыл Кент сарайының ескі орны
Кент тауларында Кызыл-Кент жолының маңында қазақ даласына жоңғар
шапқыншылығы кезіндегі сәулет ескерткіші бар. Халық арасында ол Кент сарайы
деген атаумен белгілі. Кішігірім жазықта, барлық жағынан жартасты таулармен
қоршалған. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуші М.Чеканинский Развалины
Кызыл - Кент, опубликованной в записках Семипалатинского отделения общества
изучения Казахстана атты мақаласында (1929) Қарақаралы ауданына
қазақстарды қоныстандыру тарихы туралы бірқатар қызық ұсыныстарды
хабарлайды.
Кент тауларында Кіші жүздің Жағалбайлы руының қазақтары XIV ғасырда пайда
болды. Мекеннің өзіне тән мінезі, ғимарат жоспары және тапқырлықтары
М.Чеканинскийдің ойынша Қызыл Кентке Будда храмына қарағандай қарауға
мүмкіндік береді. Кент сарайының ғимараты кішігірім, шаршы пішінді.
Жақтардың өлшемі 5 сажень (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 сажень шамамен 2
метр болып есептеледі.) Үш жақтан жалғас салынған үйлер бар, олардың сыртқа
шығатын есіктері жоқ. Терезелері қайда екені белгісіз. ХIХ ғ. соңында
құрылыс бұзылған. Оңтүстік жақтағы ұзындығы 8 аршин (ежелгі орыс ұзындық
өлшемі, 1 аршинде 71 см бар.) қабырға тұсында кіреберіс есік орналасқан.
Кіреберіс есік қалқаның астында орналасқан. Қалқа балкон түрінде және
ұзындығы 4 аршин ағаш бағаналарымен тірелген. Екі бағана үйдің
қабырғаларының қалқасын тіреп тұр, ал төртеуі қарама-қарсы жақтағы шеттерді
тіреп тұр. Екі артқы және алғы бағаналарға бір- бір бөрене салынған, кесе-
көлденеңнен орта қалыңдықты 17 сырғауыл орналасқан. Сырғауылдардың арасы
тақтайшалармен толтырылған. Үстінен тас тақталар төселген. Қалқаның екі
жағынан да қабырғалардың қалдықтары сақталған. Бұл қабырғалардың міндеті
жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалқадан жоғары оңтүстік қабырғада кіреберістің
үстінде терезе сақталған. Ал, ғимараттың ішінде осы қабырғада жерден 3
аршин 7 вершок (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде 71 см, 1 вершокта
4,445 см бар.) биіктікте жұқа мөтке көрінетін. Анықтап айтқанда, бұл екінші
қабат еденінің қалдықтары. Сонымен, ғимарат екі қабатты болғаны анықталды.
Бұл жергілікті тұрғындардың әңгімесі, оңтүстік қабырғаның биіктігі және
екінші қабаттағы биіктікте терезенің болуы негізінде дәлелденді. Бүкіл
сарай жапсырма құрылыстарымен бірге тас тақталардан салынған. Құрылыстың
ішкі және сыртқы жағы балшықпен сыланған. Қабырғалардың қалыңдығы 1 аршин 2
вершкок. Сарай маңында түрлі құрылыстардың үйінділері болған. Сарайдың
қасында бірнеше қабір бар. Сыртынан қарағанда олар қазақтардікі емес. Кент
сарайы Жоңғар хандығы тұсында пайда болған ескеркіш. Қызыл Кент үйіндісінің
маңынан бидай тұқымы бар бірнеше қыш құмыра – будда дінінің заты табылды.
Негізгі библиография: 1. Чеканинский М.А. Развалины Кызыл-Кент в
Каркаралинском районе, 1928г.
Жұбан-Ана кесенесі X - XI ғасыр
Орналасуы: Жаңаарқа ауданы, Мыңадыр бекетінен екі км қашықтықта. Автор,
салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Кесене туралы алғашқы жазбаша еске
алу П.И.Рычковтың 1762 жылы жарық көрген Топография Оренбургская атты
еңбегінде бар. Орталық Қазақстанда ешқашан болмаған П.И.Рычковтың
ескерткішті сипаттап жазуы түпнұсқадан алынған.
1863 жылы тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов кесененің жоспарын түсіріп, суретін
салды. 1946 жылы кесенені ҚазССР ғылым Акакдемиясы Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы зерттеді. (Ә.Х.Марғұлан). 1974 ж. ҚазССР
Мәдениет министрлігінің экспедициясы ескерткішке өлшеу және фотофиксация
жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Кесене бір
камералы күмбезді құрылыс, жоспарда шаршы пішінді болып келеді. Кіре беріс
есік шошақ аркалы және оңтүстік шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі
көтергіш құрылымдары күйдірілген және дымқыл кірпіштерден жасалған және үш
қабатты жүйе болып табылады. Құрылыс сазды ерітіндіде жүргізілді. Кесененің
өлшемдері жоспарда 6х5,8м, күмбездің төбесіне дейінгі биіктік 5,5м,
кесененің көлемі 190м3. Негізгі библиография: 1. П.И.Рычков. Топография
Оренбургская. ч.П, 1762г. 2. Ш.Ш.Уәлиханов. Собрание соч. в пяти томах.
т.Ш, Алма-Ата, 1964г. 3. Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне
реки Сары-Су Из отчета экспедиции 1946г.. Вестник АН ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz