Delphi бағдарламасы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
THE MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Academician E.A. BUKETOV KARAGANDA STATE UNIVERSITY
Faculty of Law

ABSTRACT
Theme:Delphi program

Made by: Mukanova N.H
Group:U-14
Checked by: Yeleussiz M.Y

Karaganda-2019
Plan
1.Delphi.
2.Delphi Components Palette pages.
3. Delphi events.
4.Delphi is a programming language.

1.Delphi

Delphi -- Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Delphi жүйесі бүгінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. Delphi жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.
Delphi дегенде бірінші кезекте Borland фирмасы жасаған Object Pascal тілінің негізінде бағдарламалар жазатын орта елестейді. Ол тіл Turbo Pascal тілінің мұрагері, ал Turbo Pascal болса 1970 жылы Никлаус Вирт шығарған Pascal тілінен бастау алады.
Уақыт өте келе 2002 жылы Borland компаниясының бағдарламалаушылары Delphi және Object Pascal арасында толыққанды теңдік орнатты.
Delphi - Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған бағдарлама құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі - бағытталған бағдарламалау идеясына сүйенеді (2 - ші бөлімді қараңыздар). Delphi - дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі - бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болып саналады, сондықтан бүгінгі таңда олар қазіргі компьютерлік технологияның өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi - дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін - консольді қосымшалардан бастап, деректер базасы мен Internet - те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.
Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады. Delphi бағдарламасы - бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар.

3
Кез - келген бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dprкеңейткішінен тұрады) және бір немесе бірнеше модульден тұрады (.pasкеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.

4
2. Delphi Components Palette pages

Delphi-дің өңдеу ортасы, ең алдымен Windows-та бағдарламалар дайындауға бағдарланған. Мұнда кодтарды қолмен жазудан құтқаратын Delphi-дің дайын компоненттерінің үлкен жиынтығының көмегімен визуалды қолданбалар жасау мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Бұл компоненттер қазіргі заманғы технологияларды қолданудың барлық саласын қамтиды. Мұнда да басқа бағдарламалау ортасындағыдай, мыс, Visual Basic т.с.сияқты кезкелген қолданбаны дайындауда қажет етілетін басты компоненттерді оқып-уйрену қажет. Компоненттер палитрасы 4 беттен тұрады, олар: Standard, Additional, Win32, System беттері. Алдымен осы беттердің мазмұнымен және олардың басты қызметімен танысайық.
Standard беті.
Delphi-ді оқып-үйрену негізінен осы компоненттер палитрасы бетінен басталады. Бұл бетте Windows - тың : басты және қалқыма-лы менюлері, батырмалары, бір жолдық және көп жолдық редак-торлары, ауыстырып қосқыштары, белгілері, тізімдері және одан да басқа жиі қолданылатын компоненттері сияқты стандартты интерфейстік элементтері орналасқан.
Енді осы бетте қамтылған компоненттердің қызметтеріне жеке-жеке тоқталайық.
Пикто-грамма.Компонент аты.Компоненттің атқаратын қызметі.
MainMenu
Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделң иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
PopupMenu
Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.
Label
Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады.
Edit
Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған.
Memo
Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады.
Button
Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады.
CheckBox
Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true және false мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады.

5
RadioButton
Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады. Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар.
ListBox
Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді.
ComboBox
Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады.
ScrollBar
Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан симаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады.
GroupBox
Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.
RadioGroup
Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар.
Panel
ПанельТақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы батырылып не көтеріліп тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады.
ActionList
Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады.

3. Delphi events

Бұрыннан білетініміздей, Windows операциялық жүйесі көпміндетті, яғни бір уақытта бірнеше әрекетті қатар орындай алады. Біз бағдарлама терезесінде батырманы шерткенде, Windows жүйесі нақ осы бағдарламада бір оқиға болғандығын анықтап, оған хабарлама жолдайды. Ал біздің бағдарлама оған тиісінше жауап әрекет жасауы керек. Ол үшін біз бағдарламалаушы ретінде осы оқиғаны орындату кодын жазамыз. Сонда Windows үшін бағдарлама құрылымы әрқайсысы белгілі бір нақты оқиғаны өңдеуге жауапты және сол оқиға болған кезде ғана шақырылатын кіші бағдарламалар жиынтығынан тұрады екен.
Ал Delphi бізді Windows - тан хабарлама алу қажеттілігінен құтқарып, ол қызметті бір өзі атқарады. Мұнда әр компоненттің өзінше әсер ете алатын біршама көп оқиғалар жиынтығы бар. Бағдарламалаушы бағдарламада қай оқиғаны өңдеу қажеттігін өзі анықтайды.
Енді осының алдында құрылған жобаны ашайық. Edit1 компонентін шертейік. Ол обьектілер инспекторында көрінеді. Сонда Инспектордан екі астарды көресіз: Properties(Қасиеттер) және Events(Оқиғалар). Events астарына ауысайық.
Қажетті оқиғаның өңдеуші бағдарламасын құру үшін, ол бойынша маусты екі рет шертеміз. Ал егер қалып кеткен тізімді ашатын болсақ, онда осы компонентке жарамды дайын өңдеуіштер бар болып шығады. Сонымен бір өңдеуіш бірнеше компоненттің оқиғаларын өңдеуге шақыруы мүмкін.
Алдыңғы бағдарламаны Пішіндегі мәтін бірден енгізілу бойына көрінетіндей етіп өзгертейік. Edit1 - ге мән енгізген кезде ондағы Text қасиеті өзгеріп, онда жаңа әріп пайда болады. Ол үшін onchange(change- ағ. өзгеру) оқиғасын пайдаланайық. Сонда:
1. onchange бойынша екі рет шертейік, сол кезде біз жаңа құрған өңдеуіштің ішінде тұрамыз.
2. Label1 - дің Caption қасиетіне Edit1 - дің Text қасиетінің мәнін меншіктейік: Label1.Caption:=Edit1.Text; немесе оны алдыңғы бағдарламадан көшіріп, осыған жазайық.
Бағдарламаны іске қосайық. Барлығы жұмыс істеп тұрғанын көреміз.
Енді onclick оқиғасын қарастырайық. Бұл оқиға енгізу жолын бұрын енгізілген символдардан тазарту үшін қолданылады. Мұнда өзіңіз байқағаныңыздай, Delphi-де жол - бірлік тырнақшаға( ' ) алынып жазылуы қажет.
Ал жолдағы символдар тазару үшін өңдеуіштің Text қасиетіне бос жол меншіктелуі керек, яғни оның арасында бос орын да болмауы қажет. Сонда ол былай жазылады:
Edit1.Text:= '';
Бұл мақсатта Edit компонентінің осыған арналған Clear (ағ.тазалау) әдісін қолдануға болады, ол мынау: Edit1.Clear;
Бұл жерде біз бағдарламаны пайдаланушының жағдайын ескеруіміз керек. Біздің дайындаған бағдарламаны пайдаланып, ол мәтінді енгізерде бірдеңені өзгерткісі келіп, оны мауспен шерткенде, онда сол жердегінің барлығы өшіріледі.
Мұндай кезде Edit - тің onEnter оқиғасын қолданған жөн. Сол кезде сіз енген бойда, компонент мән енгізуге дайын тұрады немесе ол үшін арнайы батырманы және оның onclick оқиғасын пайдаланған қолайлы.
Сонымен әр компоненттің өз оқиғалар жиынтығы болатыны белгілі. Біз солардың
* Onchange
* Onclick
* onEnter деген түрлерімен таныстық.
Әрбір бейнелік компонентте болатын мына маңызды оқиғалар төмендегі жағдайларда пайда болады:
* onExit - компонент енгізу фокусын жоғалтқан сәтте;
* ondblclick - компонентті мауспен екі рет шерткен сәтте;
* onkeydown - пернетақта пернесін, ол төменгі қалыпта тұрғанда басқан сәтте;
* onkeyup - пернетақта пернесін, ол жоғарғы қалыпта тұрғанда босатқан сәтте;
* onkeypress - пернетақта пернесін басқан сәтте;
* onmousdown - маус батырмасын, ол төменгі қалыпта тұрғанда басқан сәтте;
* onmouseup - маус батырмасын, ол жоғарғы қалыпта тұрғанда босатқан сәтте;
* onMouseMove - маус нұсқағышын компонент үстінде жылжытқан сәтте.
Кез-келген бағдарламамен жұмыс жасарда, оның ең маңызды компоненті - Пішіннің басты оқиғасы - onCreate ескерілуі қажет. Оқиға пішіннің экранда көрінуінен бұрын пайда болады. Бұл оқиға, мыс, Пішіннің экрандағы өлшемдері мен орнын баптауға болатындай етіп бағдарлама элементтерінің тиісті қасиеттерін беру үшін қолданылады. Егер сіз көрінбейтін бағдарлама құрғыңыз келсе, онда пішіннің ені(Width) мен биіктігін(Height) нөлге(0) теңеуге болады.

4. Delphi is a programming language

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200- ге жуық дайын компоненттер бар.
Delphi - де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді. DELPHI - бұл Borland International- дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен "клиент-сервер" архитектурасында, Internet, Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және "файл-серверлік " архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI- ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өңдеуде өзіңді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6 - да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6 - дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6 - ның Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
“DELPHI тілінің көмегімен мәліметтер базасын құрастыру жолдары”
Delphi-де «Инженерлік калькулятор» құру
Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру
Delphi бағдарламасын қолданып мәліметтер қорын құру
Mp3 player бағдарламасын құру
Пәндер