Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты
анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану, бұл - мінез-құлықтың прагматизмі. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтың ұраны болуға жарайды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Даланың жеті қыры атты мақаласында: Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді деп айтылған ойдың астары - тарихи шындық. Біздің бай әрі ұлы тарихымыз бар. Бұл - Елбасымыз мысалға келтірген неміс - тердің, италяндардың немесе үнді халықтарының жылнамаларында баяндалған жетістіктерден артып түс - песе, бір де кем емес. Сондай-ақ мақаланың мына тұсына ерекше назар аудару қажет: Еуроцентристік көз - - қарастар - сақтар мен ғұндар және т.б. қазіргі түркі халықтарының ар - ғы бабалары саналатын этностық топтар ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі бол - - ғаны туралы бұлтартпас факті - лерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Тәуелсіздік кезеңіне дейін, төл тарихымыз саяси-иделогиялық қысымнан аса алмады. Сол себептен де байырғы отырықшылар мен көш - - пенділердің ұрпақтары бұл күн - де өздерінің тарихын қанша жерден жан-жақ - - ты білеміз дегенімен, төл тарихымызға күдікпен қарады. Яғни жас ұрпақтың қазақ халқының тарихы жайындағы көзқарасы еуро - палық және кеңестік дәуірде жазылған тарих негізінде қалыптасты.
Елбасы мақаласында осы қа - лып - тасқан тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жол - дарын атап көрсетті. Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады, - деп бастап, мұның жай ғана әдемі афоризм еместігін айтқан. Демек, уақыт пен кеңістіктің көк - жиегі тоғысқан кезде басталған осы ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұм - тылу - баршамызға ортақ міндет деп санаймыз. Жас ұрпақ, төл тарихымыздың төлтума болмысын біліп қана қоймай, оның ешкімнің тарихы - нан кем еместігін және артық тұстарын терең ұғына отырып, мақтан тұтып тарих жайлы дұрыс ұстаны - мы - болғаны өте қажет. Бұл ретте Елбасымыздың көр - сет - кен Ұлы Даланың жеті қыры мақаласындағы ұлы - да - ла - лық - тардың адамзат баласы жасаған өр - кениеттің бастауында тұрғанын, оған қажетті дәйектердің жеткілікті екендігін жас ұрпаққа көрсету бүгінде тарих пәні мұғалімдерінің еншісінде. Сол себепті де, әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері - рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, рухани және материалдық мәдениеттері мен ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар - қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да, әрбір жаңа ұрпаққа Ұлы даланың әлем өркениетіне қосқан қырларын мектеп қабырғасында жете түсіндіріп, оқушы санасына сіңіру өзекті мәселе.
Қазақ халқының ұлттық тарихы, мәдениеті мен құндылықтарын Ұлы даланың жеті қыры мақаласы негізінде өскелең ұрпаққа насихаттау. Қазақстан мектептеріндегі Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны Қазақстан тарихын оқытуда тиімді пайдалану аясын кеңейту. Ұлы даланың жеті қыры - ның кез келген бөлімі Қазақ елі - нің өміріндегі ерекше мұра: болашаққа бағыт бағдар беретін басты рухани- идеологиялық жоба ретінде ұсыну. Мақалада айтылған көне мұраларымыздың әлем өркениетін құруға қосқан орасан зор үлесін баса айтып, дәріптеу.
Жас ұрпақ, төл тарихымыздың төлтума болмысын біліп қана қоймай, оның ешкімнің тарихы - нан кем еместігін мақтан тұтып тарих жайлы дұрыс ұстаны - мы - болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осындай ұстанымды қалыптастыруда Рухани жаңғыру бағдарламасы біздің басты бағытымыз. Елбасымыз 2017 жылы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін көруге болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек, - деген сөздерінен Ұлы даланың жеті қыры жобасы Рухани жаңғырудың заңды жалғасы екенін көреміз.
Елбасымыз Рухани жаңғыру мақаласында Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі - деген. Сол себептен Ұлы дала тарихын жас ұрпақ мақтан тұтатындай етіп насихаттау үшін нақты тарихи деректердің асып жетерлігін көрсету, мысалы, ежелгі грек, парсы, қытай деректерінде:
Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп,оларды әлемдегі ең әділ,ең шыншыл деп есептеген. Парсы жазбаларында сақтарды құдіретті еркектер десе, иран жазбаларында жүйрік атты турлар деген. Сақтардан кейінгі Ұлы дала өркениетін жалғастырушы Үйсіндер мен Қаңлылар жайындағы деректерде: олар көршілес жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынас жасаған, Ежелгі Иранның Авеста деп аталатын қасиетті кітабында Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді, міне осы және көптеген т.б деректерге қарап Ұлы дала тұрғындарының ұлылығын көреміз десек артық етпес.
Ұлы даланың алғашқы ұлы тұлғалары жайында нақты деректер жетерлік солардың бірі: Плутархтың Жеті данышпанның сауығы әңгімесінен Анахарсистің Эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Герадоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис Эллада елінде оқып білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады. Афины билеушісі атақты реформатор Солонның төмендегі жалынды сөздерді ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады. Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жат елдің азаматы скиф бола тұра ақылға бай, дана. Бұл менің көзімді ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға көмектесті, көптеген кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті. Сондықтан да, бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де, құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең құрметті жерге халық қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар! - деп әмір еткен.
Темір дәуірінен кейінгі Түркі әлемінің бесігіндегі жаңа кезең Түркі дәуіріндегі Ұлы далалықтар жайындағы деректері араб, қытай жазбаларынан және сол заманда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен көре аламыз. Солардың біреріне тоқталсақ: VI ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер - Византия, Иран, Қытаймен терезесі тең мемлекет болып, Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болған. Орта ғасырлардағы Ұлы Даланың (Донайдан Алтайға дейінгі аралық) атауы мұсылман жазба деректерінде Дешті Қыпшақ аталды. Қазақстан тарих ғылымында Х-XVII ғасырлардағы Қара теңіз бен Каспий аралығын Батыс Дешті Қыпшақ, ал қазақ даласын Шығыс Дешті Қыпшақ деп атау қалыптасқан.
Ал Ұлы Даланың жеті қыры мақаласы тарихымызды сонау энеолит және қола дәуірінен бастап тарқатады. Жоба көшпелі өркениеттің қалыптасу жолындағы маңызды оқиға далалықтардың алғаш жылқыны қолға үйретуі мен Ұлы даладағы ежелгі металл өндірудің амал-тәсілдерінің пайда болуынан бастап, қазіргі жаңа қазақ тарих ғылымындағы ашылған жаңалықтармен сабақтаса өрбиді.
1. Атқа міну мәдениеті
Орталық Азия - Еуразияның кең даласында мыңдаған жылдар бойы үстемдік еткен көшпелілер өркениетінің бесігі. Бұл өркениеттің тағы бір атауы - Дала өркениеті немесе Ұлы Дала өркениеті. Біздің кең-байтақ даламызда жылқы алғаш қолға үйретіліп, көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. Көшпелі өркениет тұйықталып қалған жоқ, ол Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениетімен, қытайлық, ирандық және өзге де шығыс өркениеттерімен байланыста дамыды.
Ботайлықтар - Еуразиядағы тұңғыш жылқы өсірушілер.
Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы екені баршаға мәлім. Ботай тұрағы б.з.б 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды.
Бізге қажеттісі жылқы сүйектерінің өте көп табылғаны. Осы археологиялық деректер ботайлықтар жылқыны алғаш қолға үйреткендігіне куәлік етеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы, профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізілген. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарына әлемнің барлық ғалымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Жаңа Сібір, Мәскеу, Англия, Алмания ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботайлықтар әлемде ең алғаш жылқыны қолға үйретушілер деп танылды.
Мақалада атқа міну мәдениеті жайлы: Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі мәдени кодының айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің мұрагерлері екені белгілі.
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық - қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі - ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz