Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Егеменді ел болып еңсеміз көтерілген соң тарихымыздың терең қойнауларына көз салып, ой елегінен өткізу еліміз үшін заңды құбылыс болып табылады. Петроглифтер деп аталатын туындылар бүгінде ғалымдар назарынан тыс қалмайтын, зерттеуді әлі де қажет ететін, құнды мағлұматтарға толы. Өткен ғасырдың 1940 жылдары Францияда оқушылардың арқасында табылған үңгірдегі суреттер ең алғашқы ғылыми түрде зерттеліп, оның ерте заман туындысы екендігі анықталған. Сол кездің өзінде петроглифтерді тарихи-мәдени кезеңдерге бөліп қарау, зерттеу дәстүрге айналады.
Жеріміздің барлық түпкірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сонымен қатар оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тығыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері осы кезге дейін ашылмады, анықталған мәселелер мен даулы қағидалар әлі де баршылық. Біздің ертедегі балбаларымыздың өмірі туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің қалдықтары - тас құралдар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтары - жануарлардың сүйектері сақталып, үңгірлерді, үңгіме қуыстарды зерттеуге негізделеді. Осы заманғы мешеу халықтар дейтіндердің өмірінен алынатын этнографиялық деректердің де маңызы аз емес. Олар ежелгі адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын жақсырақ түсіндіруге мүмкіндік береді. Бірақ басты ақпаратты дегенмен де, алғашқы қауымдық қоғамның ең көп тараған материалы тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Кеңес өкіметі тұсында петроглифтерді зерттеуге неғұрлым ғылыми тұрғыдан келу орын ала бастайды. Бұл кезеңде зерттеуші-ғалымдар петроглифтердің семантикасы, петроглифтерді мерзімдеу мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Алайда, ХХ ғасырдың басынан ортасына дейінгі аралық бойы дерлік Оңтүстік Қазақстан және Жетісу петроглифтері туралы зерттеулер жоқтың қасы.
1957 жылы А.Г. Максимова экспедициясы Шу-Іле тауларының Оңтүстік-Батыс бөлігінде Тамағалы шатқалында петроглифтер тобын табады. Бұл тастағы суреттер мазмұны өте бай және ерекше еді. А.Г. Максимова 1000-ға жуық петроглифтерді зерттеп, оларды үш кезеңге бөледі: саққа дейінгі, сақ кезі және түркілік кезең ескерткіштері. Бұл мәліметтерді Наскальные изображения ущелья Тамгалы атты мақаласында келтіреді. Оған 48 фотоиллюстрациялардан тұратын қосымша беріледі. Дегенмен, Тамғалыдағы басталған жұмыс бірақ тоқтайды.
Қазақстандағы петроглифтердің орналасуы бойынша анағұрлым кең мағлұмат еңбектер қатарына Х.А. Алпысбаев пен Т.Н. Сенитованың мақалалары жатады. Х.А. Алпысбаев Новые наскальные изображения Борстандыкского района атты мақаласында Шымкент облысындағы Бостандық ауданының Ходжакент картасындағы бейнелер туралы жазады. Ол бейнелер негізінен ешкі және жылқы түрінде келтірілген, оларды автор сақ тобына жатқызады. Себебі, оның пікірінше бұл бейнелер стильдік жағынан араван петроглифтеріне және сақтардың қола қазандарындағы бейнелерге ұқсас.
Қаратау петроглифтерін зерттеу жұмыстарына Ж.Құрманкулов, Ч.Бакунина, Л.Дробыщева, Л.Концова, В.Зубков, М.Алибеков, Г.Пивоварова, суретшілер - А.Ахметов, С.Анарбеков, Г.Воронцова қатысқан. Отряд жұмысының арқасында Қаратау петроглифтері ғылыми айналымға енгізілді.
1985 жылы А.Г. Максимова, А.С. Ермолаева, А.Н. Марьяшев Наскальные изображения урочища Тамгалы атты кітап-альбомы шығады. Бұл еңбекте Жетісудағы Тамғалы шатқалындағы тастағы таңбалар кезеңдерге бөлініп көрсетіледі. Алдымен аталған ескерткіштің орналасқан орны, ол туралы кімдер қай уақытта зерттегені туралы айтылады. Жоғарыда айтып өткенбіз Тамғалы шатқалындағы тастағы таңбаларды 1957 жылы А.Г. Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР ҒА-ң экспедициясы тауып зерттеген болатын.
Осыған орай авторлар Тамғалыдағы тастағы таңбаларды қола дәуіріндегі, сақ дәуіріндегі және түркілік кезеңдегі деп бөліп қарастырады. Тастағы таңбаларды зерттеу еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өз жалғасын тауып отырады.
Археологиялық экспедициялар барысында тастағы таңбалар әлі к.нге дейін зерттеліп келеді. Әсіресе, елімізде Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының қабылдануының маңызы аса зор. Еліміздің тарихи ескерткіштерін зерттеуде, есепке алынатын, оларды қорғады мақсат еткен бағдарлама аясында тастағы таңбалар туралы да зерттеу нәтижелері жарық көруде.
Мәдени Мұра бағдарламасының қабылдауына орай бірқатар жұмыстар атқарылуда деп айтқанбыз. Айтап айтса, бағдарлама аясында тастағы тағбаларды топтап, жүйелеу, есепке алу бойынша кітаптар сериясы шығуда. Солардың алғашқылары З.Ш. Самашевтің Петролифы Казахстана, Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер, Петроглифы в горах Кулььжбасы, Наскальные изображения Жетысу. Баянжурек атты кітаптар. Бұл аталған еңбектерде тастағы таңбалар туралы соңғы мәліметтер жинақталып жекелеген орындар бойынша сипаттама берілген. Сонымен қатар, тастағы таңбаларды мерзімдеу мәселесі де көтерілген.
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер кітабының авторлары тастағы таңбаларды зерттеу барысында оларды белгілі бір дәуірге жататын, қатарлас орналасқан басқа археологиялық ескерткіштер қатар қарастырып отырған. Петроглифтердің уақытын белгілеу үшін және оларды ос маңызды елді мекендермен, молалармен үндестіру үшін Көксу өзені аңғарындағы бүкіл ескерткіштер кешенін мейлінше нақтырақ қарастыру қажет болды.
Тастағы таңбалардың мерзімін анықтап, кезеңдерге бөлудің әдістерін пайдалана отырып, петроглифтерді қола дәуіріндегі, сақ дәуіріндегі және көне түркі заманының петроглифтері деп бөліп қарастырады. Петроглифы в горах Кульжабасы еңбегінде Құлжабасы тауындағы бірқатар петроглифтер орналасқан орындарға сипаттама беріліп, жалпы мерзімдеу мәселесі де көтерілген. В целом надо отметить, что петроглифы Кульжабасы эпохи бронзы имеют много общего и с изображениями этой эпохи из других регионов как в сюжетах, как и в технике нанесения петроглифов и в стиле изображении. Однако имеется ряд признаков, указывающих на их большую органичность, - дей келе авторлар Құлжабасы тауындағы петроглифтерді анағұрлым ертерек салынған петроглифтер қатарына жатқызады.
Тастағы таңбалар жай бір салына салған сурет емес екені белгілі. Олар өзіне алғашқы адамның өмірі, дүниетанымы, т.б. туралы ақпарат жинақтаған құнды дерек көзі болып табылады. Себебі, алғашқы қауымдық дәуірдің жазуды ңболмауы, осы тастағы таңбалар бізге алғашқы адамдар туралы мәлімет алуға септігін тигізітен бірден-бір дерек көзі екендігі айқын.
Тастағы таңбаларды жалпы ерекшеліктеріне, орналасуына байланысты оларды зерттеу әдістер де күрделене түседі. Полный цикл изучения наскальных изображений в качестве источника по истории культуры, как известно, состоит из трех последовательных этапов: сплошного исследованияи описания комплекса, классификации и датировки, этнокультурной и смысловой интерпретаии шетелдік ғалым Р.Сало тастағы таңбаларды зерттеп, тлдауда оларды қандай да бір хабарлама, жолдау деп қарау керек деп санайды. Понять их глубину очень сложная работы: мы должны реконстрктировать их экологический и сильный контекст, расшифровать в изуальной язык, который был использован авторами.
Ертеден Жер жанаты Жетісу деп айтып келген қоныс Жетісу адамдарының өсіп-өнуіне қолайлы аймақтардың бірі болғаны белгілі. Бұл аймақта өмір сүрген адамдар артына мол тарихи-мәдени мұраларды қалдырып кетті. Олардың көбі бүгінгі таңда ұлтымыздың мақтанышы. Жетісу жеріне тарихи-археологмялыұ ескерткіштер кешеніне кіретін мұралардың бірі тастағы таңбалар болып отыр. Сондықтан да, оларды зерттеу ісіне бүгінгі таңда бірқатар ғалымдар көп мән беруде.
Жетісудағы тастағы таңбалар ХІХ ғасырдың басында көзге түскен. Оларды алғашқылардың бірі болып, суретін салған қазақ ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болатын. Ол арнайы түсіндірулер келтірмесе, Іле өзені бойындағы таудағы буддалардың бейнесін суретке салып кеткен.
Жетісуда петроглифтер анағұрлым көп шоғырланған ірі орындар олар, оларға. Тамғалы тас, Ешкіөлмес, тауы және Құлжабасы тау жотасы. Сондықтан да, біз осы үш орынның зерттелуіне жекелей тоқталып кетуді жөн көріп отырмыз. Оның үстіне, осы аталған орын бойынша бүгінгі таңда зерттеулер де жарық көрген. Әсіресе, бүгінгі таңда анағұрлым құндысы және қызығушылық тудыратыны Тамғалы тас.
Тамғалы тас ашылуы мен зерттелуі ғалым А.Г. Максимованың есімімен байланысты. Ол жетекшілік еткен экспедицияның Жетісу отряды 1957 жылы Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысында ескерткіштерді зерттеумен айналысуы барысында фотограф А.А. Попов кездейсоқ тастағы таңбаларды тауып алады. Осы зерттеулер барысында алынған мәліметтерді А.Г. Максимова 1958 жылы жариялады және петроглифтерді мерзімдеуді ұсынады. Алайда, бұдан кейін көп уақыт бойы Тамғалы тастағы зерттеулер тоқтап қалады. Бұл мәселеге ғалымдар тек 70-жылдары ораладыү бұл кезде аймақтағы ескерткіштерді зерттеуге археологтармен бірге геологтар да зор мән береді. 1975 жылы А.Г. Медоев пен Б.Ж. Аубакеров шатқалдық геологиялық-геоморфологиялық жағыннан зерттейді. Ал, Медрев тастағы өнердегі композиция принципіне байланысты өз пікірін білдіреді.
Тамғалыдағы зерттеулердің негізгі мақсаты петроглифтер орналасқан жаңа аймақтарды тауып тіркеумен шектеліп отырды. 1977-1978 жылдары А.Н.Марьяшев, А.С.Ермолаева және Ю.А.Мотов А.Г.Максимованың қатысуымен шатқалдың территориясын түгелдей зерттеп, негізгі петроглифтер шоғырланған орындардың схемасын жасап, 2000-нан астам петроглифтерді зерттеу жұмыстары А.Н.Марьяшев және А.Е.Рогожинский жетекшілігімен жалғаса береді. Осылайша, зерттеулер барысында петроглифтер үлкен қызығушылық тудырып, өзіне көптеген мамандар назарын аудартады. Қазіргі күні, Тамғалы тарихи ескертіштер ішінде ерекше орынға ие, аса құнды археологиялық кешен болып саналады. Сол себепті, ол біздің ұлттық мұрамыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қайта жаңғыртуға деген қажеттілік өсіп отыр.
Жоғарыда аталып өткендей, Құлжабасы тауындағы ескерткіштер, бұл ескерткіштер бертін уақытқа дейін белгісіз болып келді. Ол туралы алғаш жазған П.И. Мариковский болды (1953 жылы). Оның өзінде тек жанай сипаттап өтудің әсерінен бұл мәліметтерге аса ешкім назар аудармай, бұл ескерткіш әлі де болса белгісіз болып қалады. 2000-20001 жылдары Жетісудың ескерткіштерінің орналасу ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Адамдардың алғашқы өмір сүрген орындарын зерттеу барысында петроглифтер шоғырланған бірқатар тың орындар ашылады. Олардың ішінде маңыздылары да болды. Солардың бірі Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс шоқтықтарындағы Құлжабасындағы петроглифтер орналасқан орындар болып табылады. Ол петроглфифтер саны, олардың ежелдегі петроглифтер тобына жатуы, орындалу ерекшеліктері бойынша аса маңызды ескерткіштер қатарына жатқызылады. Осылайша Құлжабасындағы петроглифтер кешенінің 2001 жылы Р.Сало мен Ж.-М.Деом ашып, оған гео-археологиялық талау жасайды.
2002 жылы Құлжабасы тауында петроглифтер орналасқан орын арнайы зерттеле бастайды, бұл зерттеулер қола және темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеп, құжаттауға бағытталады. Бұл жұмысқа тастағы таңбаларды зерттеумен айналысып жүрген бірқатар ғалымдар араласады. Археологиялық ескерткіштерді қазумен қатар А.Н.Марьяшев, гео-археологиялық зерттеулермен және құжаттаумен Р.Сало және Ж.-М.Деом айналысады. Бұл жұмыстар 2003 жылдары да жалғасын табады.
Жалпы, Құлжабасы кешені мәдени ландшафт ретінде зерттеледі. Сондықтан да, бұндағы петроглифтер жеке-дара зерттелмей көршілес орналасқан басқа археологиялық ескерткіштермен қатар зерттелінеді.
Тастағы таңбалардың құндылығы жағынан ешбір кем түспейтін тағы бір маңызды орын Ешкіөлмес жотасы болып табылады, ол Көксу өзенінің аңғарында орналасқан. Бұл жердегі тастағы таңбалар туралы алғаш рет 70-жылдары геолог Л. Скрынник хабарлаған. Кейін 1982 жылы ол кездеші Қазақ педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы А.Н.Марьяшевтің жетекшілігімен Ешкіөлмес тауындағы петроглифтер орналасқан орындар анықталып, зерттеле бастайды. Бұдан кейінгі уақыттарда зерттеу жұмыстары үзілмей, А.Н.Марьяшев, кейіннен А.Е.Рогожинский, А.А.Горячев жалғастырады.
Көптеген жылдардағы жұмыстар барысында негізінен петроглифтерді құжаттау жүргізіледі. Сондай-ақ, олар тағы да жалғыз зерттелмей, айналасындағы басқа ескерткіштерге қазба жұмыстары жүргізіліп, зерттелінді. Тастағы таңбалар Ешкіөлмес жотасының 20-дан астам шатқалында анықталды. Олардың 5-6-ы петроглифтер көп шоғырланған аса ірі орындарға жатады. Петроглифтердің нақты саны анықталмады, бірақ қазіргі тастағы есептеулер бойынша бұл жердегі тастағы таңбалар саны 10000-ға жуық. Сондықтан да, бұл кешен бүгінгі таңда петроглифтер орналасқан аса ірі орындар қатарына жатқылады.
Жетісу жерінде тарихи ескерткіштер көп. Солардың ішінде ерекше орын алатыны тастағы таңбалар болып табылады. Тастағы таңбалардың құнды тарихи ескерткіш ретінде зерттелуі біраз кешірек қолға алынғанын атап өттік.
Баянжүрек тауы туралы айтылған кезде Сайынбөлек тауы қатар айтылады. Өйткені, екі тау іргелесіп жатыр. Аңыздарға сәйкес, Сайынбөлек, Баянжүрек таулары туралы әр түрлі дерек айтылады. Бірішісі, Қозы көрпеш Баян сұлу эпосындағы қыздың әкесі Қарабай осы жерді мекендеген, содан қызын алып қашып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданына қарасты Таңсық деген жерге көшіп кеткен деседі. Екіншісі, баяғы заманда Қоңтажының Баян атты сұлу қызы Ақадыр деген жерде жылқы жайып жүргенде қалмақтың Сайынбөлек деген батырын көріп ғашық болады. Жегіт жағы қызды айттыруға келсе, қарсы болған әкесі батырларын жабылдырып, сабатып тастайды. Оған қорланған Баян осы таудың жақпар биігінен құлап өліпті дейді. Үшінші деректер тобында, бұл сөздің моңғолдың Баян - бай, Зураг - сурет деген сөзді немесе Суретті жазуға бай тау дегенді білдіретіндігін айтады.
Баянжүрек тауы да тұнып тұрған сурет. Қазақтар оны кәдімгі жүрекке ұқсатса, ескі жазбалардан оның көне моңғол тілінде суретке бай шоқы деген мағына беретінін көреміз. Қай-қайсысы да шындықпен етене байланысты. Ал, Ш.Уәлихановты осы Қапал бекінісі, ондағы Тамшыбұлақ, Арасан суы, Күреңбел атты тау мен жазық, Ешкіөлмес, Баянжүрек сындыларды сүйсіне сипаттап, бүкіл Орта Азияда бұған теңдес жер жоқ деуі тегін емес.
Баянжүрек петроглифтерін құрайтын суреттердің негізгі бөлігі жан-жануарлар. Хайуанаттар түрлерінің басым көпшілігін таутекелер құрайды. Мұндай жай, тек Баянжүрекке ғана тән ерекшелік емес, жартас өнері атаулылардың бәріне ортақ белгі. Тек қана Орталық Қазақстандағы Теректі әулие суреттерінде текеден жылқы малы басым, 90 %-дан астамын құрайды. Таутекенің саны жағынан басым екендігін жоғары атап өткенбіз. Текелер тұлғасы ырым-діни мәнді көріністерден де тұрады. Жетісу сақтарының қоладан құйылған қазандардың құлақтарында, аяқтарында, сыртқы жақтарында да кездеседі. Таутекелер Алтын адамның тәжінен де орын алған.
Жылқы малы саны жағынан Баянжүрек петроглифтерінің жануарлар тектес суреттерінен үшінші орын алады. Бейнелеу өнерінің бұл кейіпкері стильдік және композициялық жақтарынан әрқилы айшықталған және Баянжүректегі жылқылардың жеке жүгендері, ерттеулі тұрғандары, кісі мінгендері және үйірлерімен салынған. Кейібр суреттерден табылған жылқының нобайлары табылған. Баянжүрек жартас беткейлерінде бірнеше арбалар (күймелер) мен қос арысты әскери көліктер бейнеленген, аталған заттық бейнелер - бүкіл Кіндік Азия аумағына тән белгі.
Баянжүректегі күймелерге ең ұқсас келетіні Моңғолиядағы Яматьы Ус жартасындағы араба-көліктер. Кейбір балама болатын нұсқаулар таштық мәдениетінің бейнелеу дәстүрінен табылған. Аталғандар ғұндардың мәдени ортасындағы туындылар. Баянжүректегі ерте түрік дәуірінде салынған, күймелерден біріне - өгіз малы, екіншісіне - түйе жегілген, күймелердің екеуіне де қос емес бір тәртелі болып көрінеді, мүмкін, бейне қырынан бейнеленуі мүмкін.
Көне мәдениетті зерттеудің бір бағыты - сол мәдениетті белгілер мен рәміздердің жиынтығы ретінде қарастырылуы. Белгі мен рәміз орнына, өздерінен басқа, заттық мәдени мұраларды, құбылыстар мен оқиғаларды қойып қарастыруға болады. Бұлар байырғылардың өнерлерінен де, тұрмыстық дүние-мүліктерінде де маңызды орын ала білген туындылар.
Жетісу жерінде петроглифтер шоғырланған орындар көптеп кездеседі. Алайда, олардың брі зерттеліп, ғылымда белгілі бір бағасын алды деп айту ерте. Дегемен, бүгінгі таңда бірқатар ғалымдар бұл салада еңбек етіп, бірқатар жетістіктерге жетті. Әсіресе, петроглифтер көп шоғырланған Құлжабасы, Ешкіөлмес, Таңбалы бойынша зерттеулер жарық көріп, ғылыми айналымға енгізілуде. Оларда тастағы таңбаларды тек сипаттап қоюдан қарағанда, олардың мерзімін анықтау, мазмұнын түсіндіру бойынша бірқатар маңызды мәселелер көрсетілген. Сондықтан, оларды бүгінгі таңда петроглифтерді зерттеу жұмысына қосылып жатқан үлес деп қарау керек. Әрине, оларда келтірілген кейбір тұжырымдарға сын көбен қарауға тура келеді.
Жетісу өңірі тарихи-географиялық орналасуы жағынан Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікірлер де қалыптасқантұғын. А.К. Гейнс бұл өзеннің қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, қсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А. Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыста Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В: Бартольд бойынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енгендігін айтады. Ал, Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым ХІХ ғасырда тарады, сонымен қатар, оған Тянь-Шаньның солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын аймақтар енді. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап енген.
Б.з.б. VII-IV ғасырларда Жетісуды сақтар тайпалық бірлестігі мекендеді. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық пен суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланады. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. V ғасырға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. ІІІ ғасырда Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. VІ ғасырдың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына енеді. Ал 581 жылы одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шығады. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. VII ғасырдың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. VIII ғасырға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал VIII ғасырдың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды.
Түргеш қағанаты (704-766 жж.) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766-940 жж.) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнермен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке, т.б.). ІХ-Х ғасырларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы т.б. қалалардың қираған үйінділері сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды.
Жетісуда Х-ХІ ғасырлардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін орта ғасыр авторлары (Макдиси, ибн Хордадбек, т.б.) мен Қазақстан, Қырғызстан археологтарының зерттеулері дәлелдейді. Жаңадан пайда болған егінжайлар мен қалалық мекендер енді тек сауда жолдарының бойында ғана емес, сондай-ақ, өңірдің шалғай түкпірлерінде де (Іленің төменгі ағысы) пайда бола бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда Жетісудың солтүстік-шығысындағы негізгі қалалар мен елді мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі, т.б.) пайда болған.
Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері -- Бабажы қатын кесенесі (Х-ХІ ғғ.) мен Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.), т.б. Жетісу мен Қазақстанның өзге бөлігін мекендеген түркі тайпалары этникалық жағынан одан әрі жақындаса түсті. 1129-1130 жылдары Жетісуға қидандар басып кіріп, көп ұзамай-ақ жергілікті тұрғындармен араласып кетті. Өңірдің Іле өзенінен солтүстікке қараған жері бұрынғысынша Қарлұқ хандығының (астанасы Қойлық қаласы) қарамағында еді. Қидандардың өктемдігі ХІІІ ғасырдың басына дейін созылды. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға түркі тілдес найман, керей тайпалары келіп кірді. Наймандардың қолбасшысы Күшлүк ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті.
1210 жылы ол Мұхаммед Хорезм шаhтан Талас өзені бойында жеңіліс тапты. Енді Жетісуды Күшлүк биледі. 1211 жылы өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 жылы Жетісуды жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті. Оның үлкен бір бөлегі (Іледен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қараған жағы) Шағатай ұлысына(орталығы Алмалық маңында болды), ал Іледен солтүстікке қараған жерлер Жошы ұлысына қарады. Солтүстік-шығыс қиыры (Тарбағатай, Еміл мен Көбік маңы) Үгедей ұлысының еншісіне тиді.
1269 жылы Таласта өткен құрылтайда бұрынғы Шағатай, Үгедей ұлыстарының негізінде Хайду (1301 ж. ө.) басқарған мемлекет құрылды. Оның ордасы Іле алқабына орналасты. Біршама уақытқа елдің ішкі саяси және экономикалық өмірі қалыпқа түсті. Алайда Шағатай әулетінің ол өлгеннен кейінгі іштей өзара қырқысуы, сондай-ақ, көрші хандықтармен жүргізілген соғыстар Жетісу халқына және оның экономикасына едәуір зардабын тигізді. XIV ғасырдың І-жартысында Жетісу және Мауераннахр билеуші топтарының арасындағы қайшылықтар одан сайын үдей түсті. XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай ұлысының батыс және шығыс бөліктері ыдырай бастады. Оның басты себептерінің бірі шапқыншылық салдарынан шаруашылық-саяси және тарихи даму жағынан әр қилы этникалық топтардан құралғандығы еді.
Шағатай ұлысының шығыс бөлігіндегі дулат тайпасының билеушілері жаңадан Моғолстан деген мемлекет құрып, оған өз іштерінен Тоғлұқ Темірді хан етіп жариялады (1348-6263 жж.). Енді Моғолстанның орталық бөлігі болып қалған Жетісудың түркі тайпалары этникалық жағынан қайта топтасуға мүмкіндік алды. Дегенмен, олар әлі де болса Қазақстанның өзге өңіріндегі мәдени, тарихи байланысы бір қандас бауырларынан жырақ жатыр еді. Моғолстандағы тайпалар одағына дулат, қаңлы, керей, барін (баарын), бұлғашы секілді жергілікті түркі және оларға етене болып сіңіп кеткен моңғол тайпалары кіретін. Бұлар кейінірек (XV ғасыр және XVI ғасырдың басы) қазақ және қырғыздардың құрамына енді.
Жетісудың Моғолстан құрамындағы XІV ғасырдың ІІ-жартысындағы саяси жағдайы өзара қырқыстармен және Әмір Темірдің шапқыншылықтарымен сипатталады. Камар әд-Дин Дулати XІV ғасырдың 70-жылдарында Жетісудың көпшілік жерін басып алып, өз билігін жүргізген. Жетісуда бұл ұлыстан басқа Моғол билеушісі Еңкетөренің ұлыстары, бұлғашы тайпасы әмірлерінің ұлыстары, бірнеше дербес иеліктер пайда болды. Бір орталыққа бағынған өкімет билігінің болмауынан Жетісу халқы Әмір Темірдің шапқыншылығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылық Моғолстан мен Ақ Орданың шаруашылық және саяси жағынан нығаюына кедергі жасады.
XІV ғасырдың 80-жылдарының аяқ шені Әмір Темірге бірлесе соққы беруге кіріскен кез болды. Оған қарсы күресте Жетісу билеушілері Камар әд-Дин Дулати, Еңкетөре, Моғолстан ханы Қызыр Қожа (1389-1399 жж.) және Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс күш біріктірді. Бұлай бірігу Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпаларының өзара байланысты болуы үшін едәуір маңызды болды.
Әмір Темірдің қанды жорықтарының салдарынан Жетісу халқы сан жағынан азайды, егін шаруашылығы құлдырап, мал саны кеміді. XV ғасырдың І-жартысында да Жетісудағы қырқысулар толастамады. Моғолстандағы Қызыр Қожа, Мұхаммед хан (1408 ж. - XV ғ.), Уәйіс хан тұсындағы ішкі саяси жағдайдың уақытша тынышталуы Жетісуға Әмір Темір әскерлерінің басып кіруімен (1425 жылғы (Ұлықбек жорығы) және ойраттардың (қалмақтардың) шабуылдарынан бұзылды. Қарамағындағы халықты барған сайын қанай түсудің нәтижесінде экономикалық күш-қуаты артқан шонжарлар енді саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәлімдеуінше, 1430 жыл шамасында 30 мыңға жуық моғол отбасы Мауераннахрға жөнелтілген, барін (барын) және чорас тайпаларының бір бөлігі Амасанджи Тайшабилеген ойраттарға өтіп кеткен. Қаңлы, т.б. тайпалар Әбілхайыр хан иелігіне қоныс аударған. Ал мұның өзі ішкі ала ауыздыққа қарсы халық наразылығының белгісі еді. Моғолстанның жаңа ханы Есенбұғаның (1424-1462 жж.) билігі Қашқарияның бір бөлігімен ғана шектелді.
Тек XV ғасырдың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдарының басында ғана ол Жетісудың көшпелі халқына өз үстемдігін жүргізе алды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, Жетісуды (жалпы қазақ жерін) мекендеген қазақ тайпаларының бірігу үрдісі жалғаса берді, енді олардың Моғолстаннан бөлінгісі келетіндіктері айқын сезіле бастады. Мұны Моғолстанның солтүстік және оңтүстік аудандарындағы (Жетісу және Тянь-Шань, Шығыс Түркістанның біраз бөлігі) табиғи-географиялық, экономикалық және тарихи жағдай, сондай-ақ, Жетісу халқының Қазақстанның өзге өңіріндегі тайпалармен ежелден бергі мәдени-этникалық, туыстық жақындықтарын тездете түсті.
Қасым хан тұсында (1511-1523 жж.) Қазақ хандығының шекарасы Қаратал өзеніне дейін жетсе, Тахир ханның билігі дәуірінде Қас және Күнес өзендеріне дейінгі атырапты қамтыды. Қазақ хандығының күшеюі XVІ ғасырдың бас кезінде Моғолстанның Жетісуда билігінің жойылуын тездетті. Шығыс Түркістан өлкесін билеген Сұлтан Саид (1514-1533 жж.) пен Абд әр-Рашид (1533-1565 жж.) хандар Жетісуды өздеріне қайтарып алуға тырысып бақты. Алайда қырғыздармен одақтасқан қазақ билеушілері оны жүзеге асыртпай тастады. Бұл күрес Ақназар хан тұсында да тоқтаған жоқ. XVІІ ғасырда өлы жүз басқа қазақ жүздері сияқты жеке хандық болып саналды. Жетісу рулары басқа да отырықшы егін ш-мен айналысатын аймақтармен сауда-экон. қарым-қатынастар жасап тұрды.
1643 жылы Жоңғар қонтайшысы Батур Жетісудың біраз жерін өзіне бағындырды. Ал 1681-1688 жылдары Жоңғар хандығы Жетісудан Оңтүстік Қазақстанға бірнеше дүркін жорықтар жасады. XVІІІ ғасырда Жетісудың едәуір бөлігі Жоңғар хандығының қол астында болды. Жоңғар мемлекетін Цинь империясы талқандағаннан кейін, енді Жетісуды осы империя басып аларлықтай қаупі төнді. Жетісудың Ілеге дейінгі оңтүстік бөлігін ХІХ ғасырда Қоқан хандығы жаулап алды. Жоңғар және Қоқан хандықтарының қайыршылыққа ұшыратқан зорлық-зомбылығына қарсы Ұлы жүз қазақтары күрес жүргізді. ХІХ ғасырдың 40-жылдарының ортасында Жетісудың Қапал аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтарды Ресей өз қол астына қаратты. Жетісудың Іле өзеніне дейінгі бөлігі Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1854 жылы Алмалы деген жерде патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау барысында сенімді тірегі саналған Верный бекінісі салынды. 1860 жылы қазақтың атты жасақтарымен бірге Ресей әскерлері өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 жылдың аяғында патшалық Ресей Жетісуды толықтай өз отарына айналдырды. 1867 жылы Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошақтарының бірі болды. 1924-1925 жылдары Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық - мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991 ж.) Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.
Ендігі кезекте Жетісу жеріндегі тарихымен, мәдениетімен ерекшеленген қалаларға тоқталсақ. Жетісудың оңтүстік-батысындағы жаңа қалалар саны да өседі. Талас алқабында - бұл Балу, Шелжі, Кенжек қалалары. Шу алқабында Баласағұн бас қала болды. ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде Жетісудың солтүстік-батысында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Орта ғасыр деректері Талхир, Лабан, Екі оғыз, Қаялық қалаларын көрсетеді. Осы кезеңде отырықшылық және қала тірлігі Орталық Қазақстанға да жайылады. Қалалар мен мекен-жайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптарын атап өтсек болады.
Ғасырлар бойы адамдар Іле, Көксу, Ақсу, Қаратал, Лепсы сияқты өзендердің жанына қоныстанды. Бұл қысқы патчаларға, мал шаруашылығына, суармалы егіншілікке, судың мол болуына, рельефтерге, барлық қалалардың дамуына үлес қосатын тамаша орын болды.
Жетісудың теріскей-батысындағы Талғар қала жұртын қазғанда, қала оның орам-орам салынғандығын анықтады. Оның аумағы Құйрықтөбедегіге ұқсас. Жетісудың оңтүстік-батысындағы қалаларда тұрғын-үйлердің жаңа түрлері пай да болады. Олардың ортақ сипаты - өстес-кіндіктес жоспар, мұнда тұрғын-жай мен қоражайлар ауланың не залдың айналасына топтастырыла салынған. Ондай жоба қатардағы және бай үйлерге тән болған.
Айна-Бұлақ учаскесі Талдықорған-Арасан жолының сол жағында орналасқан. Хауыз атаусыз ағынның жағасында орналасқан және бір-бірінің жанында үш үшбұрышты білдіреді. Олар Айна-Бұлақ I, II, III деп аталады. Көтергіш материал машиналық құмыралардың, қазандықтардың және гумдардың фрагменттерімен ұсынылған. Қаланың өмір сүрген уақыты XI-XII ғғ.
Ақ-Молла учаскесі Лепсі өзенінің сол жағалауында орналасқан. Хауыз - барлық жағынан қоршалған, биіктігі 2 м биіктіктегі трапеция аймағы, кірістер үш жақта орналасқан. Кірудің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктері екіншіден 100 метрлік біліктермен нығайтылады, оның ішіндегі қабырғасы екіге бөлінеді, олардың әрқайсысы төртбұрыштар мен квадраттарға бөлінеді. Керамика қазандықтарды, құмыраларды, құмды қазандығымен сипатталады. Ақ-Молла XI-XII ғғ. аралығында құрылған қала.
Ақсай қалашығы Алматы қаласынан 12 км оңтүстік-батысқа қарай Ақ-Сай өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қазіргі күні бұл қала жойылған.
Ақсеңгір қонысы Ақсеңгір ауылы солтүстік-батыс шетінде орналасқан. XI-XIII ғасырлардағы тастан жасалған тастан жасалған керамика мен фрагменттер табылған.
Ежелгі Ақтам жері орта ғасырлық қаланы (Х-ХІІ ғғ.). Бақанас ауылының солтүстігінен 120 км орналасқан. 1961 жылы Жетісу археологиялық экспедицияс археологиялық жұмыстар жүргізген. Жетекшілік жасаған К.А. Ақышев, 1964 жылы осы экспедицияға жетекшілікті К.А. Ақышев және К.М.Байыпақов, 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының археологиялық экспедициясы К.М. Байпақов жетекшілігімен жүргізді. Қаланың көне атауы белгісіз. Қаланың аумағы 180х170 м, қазба жұмыстары барысында бірнеше ондаған балшықтар, үй жануарларының сүйектері, қола және шыны ыдыс, 2 інжу-маржаны және лапис лазурасы табылды. Қаладан 60-120 м қақпа қабырғаларының негіздері табылды, Ақтам елді мекені - бұл осы ауданның басты қаласы, Балқаш қаласының ең ірі елді мекені.
Алмалық (Алмалы). Жетісу ауданында моңғол кезеңінде бірқатар қалалар мен елді мекендер орналасқан. Алмалы ауылының маңында 25 шаршы метр аумақты құрайтын ортағасырлық елді мекен табылды. Ірі археологиялық жұмыстар жүргізілмеді. 1950 жылы қытайлық археолог Хуан Вэнби және соңғы жылдары Шыңжаң тарихи мұражайының археологиялық экспедициясы орта ғасырларда Алмалы есімі бар бірнеше қаланы зерттеумен айналысты. Негізінен, Алмалыктың Шағатайлықтардың жазғы резиденциясы, ал кейінірек Қазақстан шекарасынан 15 км қашықтықта орналасқан ҚХР-ның Шыңжаң провинциясында, Моғолстанның атақты астанасы болды.
2014 жылы Қойлық пен Қарамерген және Талхиз Халықаралық құндылықтар ЮНЕСКО-ға үш қала енген болатын.
Қойлық қаласының қалдықтары Сарқан ауданының маңынан табылған болатын. ІХ-ХІІІ ғасырлардағы деректерде қарлұқтар астанасы ретінде айтылады. Атақты француз саяхатшысы, монха Гийом де Рубрук қалада сауданың дамығандығын және ол жерде шет елдік саудагерлердің көп келгенін жазып қалдырған. Жасалынған қазбалар мұны дәлелдейді, онда: қытай керамикасы мен фарфоры, сирияның әйнектері, самарқанның және парсылардың қолөнер бұйымдары кездескен.
2001 жылы археологтар баню-хаммам, будда храмының руиналарын, христандардың қоныстанғанын, мешіттердің, мұсылмандық типтегі мавзолейлер мен ханактардың (сопылардың сыйынатын орны) болғандығын дәлелдеген. Академик Карл Байпақов Қойлықты Ұлы жібек жолы бойындағы Вавилонмен теңестірген.
Орта ғасырдағы егін шаруашылығының өркениетті орны болып саналатын, Іле өзенінің бойында орналасқан Қарамерген қаласы, Балқаш көлінің оңтүстік бөлігінде, Бақанастан 200 шаршы шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Археологиялық қазбалар Қарамергенде тігіншілік және металлургияның жақсы дамығандығын көрсетеді.
ЮНЕСКО деңгейіндегі қалалардың біріне Талхиз қалашығы жатады, Талхиз - ұсталық, әйнек жасау, қолөнер, тағы да басқа шаруашылықтың дамыған ең үлкен экономикасы дамыған орталық ретінде көрсетеді. Онда атақты болат өндірісінің, фарфор, тиындар табылған. Авторы белгісіз Х ғасырда жарық көрген Худуд әл-Алем (Әлем шекарасы) атты еңбекте Талхиз қаласында беделді және батыл адамдар өмір сүрген дейді.
Талғар - Қазақстандағы өала, Талғар ауданының орталығы. Алматы қаласынан 25 шаршы шақырым жерде орналасқан.
Іле Алатауынан бастау алатын Талғар өзенінің және Талғар шыңы баурайында орналасқан Талғар қаласы 1858 жылы тау етегіндегі құнарлы жерлердің игерілуіне байланысты қаланады. Алғашында Софистік станциясы деп те аталынған. Алайда, әкімшілік-аумақтық бөліністің нәтижесінде, 1928 жылы нақты құрылады. Жер аумағы 3,8 мың шаршы шақырым жерді құрайды. Талғарда бүгінгі күні кірпіш зауыты, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын көптеген ЖШС-ы, жеке шаруашылық қожалықтары, Талғар-спирт, Барон, Тас-Құм, Интеллсервиз, ТекстиМаркет секілді шағын бизнес орталықтары мен қызмет көрсету орындары жұмыс істейді.
Жергілікті отырықшы халық мал өсірумен ғана айналыспай, түсті және асыл металдарды өңдей білген. Талғардың Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болғандығын асыл бұйымдардың табылуы дәлелдейді. Олар, Иранның ыдыстары мен шамшырағы, алтын жазулы жапон кеселері, қытай бұйымдары мен Кореяның фарфор ыдыстары, Будданның сүйектен жасалған тқлғасын да, қол айналар мен тамақ ішуге арналған таяқшалар, тіс щеткалары, шашқа арналған сүйік қысқыштардың табылуы, сауданың жақсы дамығандығына дәлел. Қарлұқ ағандығының құрамында болған Талхиз қаласының орнын қазған археологтар көптеген құнды деректерді анықтап, қағаз бетіне түсірген болатын, соның бірі, піл сүйеггінен жасалған алты шахмат мүсіндердің табылуы.
Бұл, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамғалы петроглиф тас кешені
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
«Ұлы Жібек жолының – Қазақстан туристік экскурсияны жандандыру мен дамытудағы маңызы»
Қазақстан территориясындағы (VI –XIII ғғ.) архитектуралық ескерткіштер: жалпы ұқсастықтар мен ерекшеліктер
ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет
Жетісу археологиялық ескерткіштері
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Пәндер