Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Халықтың рухани-мәдени өміріндегі ең бір аяулы, ең бір ардақты өнердің
бірі- шешендік өнер. Осынау қасиетті өнердің туын асқақтата желбіреткен
көсем ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді ділмәр-шешен билер қазақ
сахарасындағы демократияның жандануына, темірдей берік тәртіптің,
имандылықтың, ізгіліктің қанат жабына жойқын әсер етті. Толқынды топтың
алдында аса еркін, асқан мәнерлі, құйқылжыта айтылған парасатты, кесімді,
шешен сөз халық санасында өшпес өнеге, қасиеті кие ретінде қабылданып,
ұлттық сөз өнерінің айдынына құйылған нағыз кәусар бұлақ еді.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық
өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік өзгешелігі бар қоғамдық бағыт
билер сөзі, билер айтысы, билер дауы, төрелік айту, шешендік
сөздер деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды.
Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XV-XVІІ ғасырларда қазақ
хандығында, сондай-ақ XІX ғасырда, Қазақстан бұл кезде Ресей империясының
құрамында болса да, қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысқан билер
болатын. Билер соты,- деп жазды Ш.Уәлиханов,- орыстардың 40 жылдық ықпал
жасағанына қарамастан, ол жүздеген, бәлкім, бізге дейінгі мың жыл бұрын
қандай болса, сондай болып қала берді [1].
Билер туралы айта келіп, Ш.Уәлиханов былай деп жазған: ... шешендік
өнермен ұштастырылған сот ғұрпындағы терең білім ғана қазақтарға осынау
құрметті атақ берген. Би атағын алу үшін қазақ өзінің заң білімін және
шешендік қабілетін халық алдында талай рет көрсету керек болған [2].
Ұлтының ұлы мұраттары мен ұлылығы, ірілігі мен бірлігі, саналығы мен
пәктігі, есендігі мен еркіндігі, намысы мен ынтымағы үшін, тәуелсіздігін
қорғау, тұтастығын сақтау, корғаныс қабілетін күшейту жолында күш-қуатын,
білім-ілігін сарқа пайдаланған, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген сол бір
заманның жарқырап туған жарық жұлдыздары, мемлекет мәмлегері Үйсін Төле
бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, айыр тілді Алшын Әйтеке бидің таспадай
өрілген, кестедей төгілген тұрлаулы, тұжырымды билік кесімдері, үлбіреген
нәзік сезіммен, жан толқытарлық ғажайып құлшыныспен, терең тебіреніспен
айтылған айшықты да асыл ойлары аспандай көнермейді, көктемдей қартаймайды.
Осы уақытқа шейін шешен-билердің мейлінше дәл, ұтымды сөздері көркем
сөз ретінде қарастырылып келгені белгілі. Негізінде, шешен-билер мемлекет
тағдырын шешетін шынайы тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің көгеруі, дамуы,
нығаюы нағыз шешен-билердің тегеуріді өнерімен, өнегесімен, қызметімен
тамырлас. Ол-тәртіптің тұтқасын ұстаушы, ұлтының салт-дәстүрін, рухани
болмысының қасиеттерін, ерекшеліктерін бойына дарытқан текті тұлға, ереже-
қағидаларына жүйрік әрі жетілдіруші дархан дарын, әлеуметті ілгері
сүйрейтін, қызғыштай қорғайтын, жақсылыққа үндейтін үлгілі ұйымдастырушы.
Алмағайып заманда қазақ көгіне үркердей болып ұшқан Төле Әлібекұлы(1663-
1756), Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы(1665-1758), мен Әйтеке Байбекұлы
бытыраған халқының басын қосып, көшін түзеп, шешендік те, көсемдік те
қасиет танытты. Ел аузындағы аңыздар мен әңгімелер, шешендік сөздер мен
толғауларда олардың биік болмысы, асқан азаматтығы мен керемет көрегендігі
әр қырынан жарқырап көрінді. Алайда асыл бабаларымыз қаншама азаттық пен
асыл мұрат жолында бір-бірімен қиыспас, ажырамас болса да олар туралы
тарихымызда, әр түрлі басылымдарда деректер мен мағлұматтар там-тұм
кездесіп қалады, әр жерде шашырап жүр.
Енді сол ұлы билеріміздің ішіндегі қаңқылдаған даусымен, тауып
сөйлеген шешендігімен ел аузында қалған Қаз дауысты Қазыбек биге кеңірек
тоқталып өтемін. XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам
және мемлекет қайраткері, ел аузындағы әңгімелер-аңыздар мен биден жеткен
шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз
әдебиетімен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын толық меңгерген,
озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын аңғартады.
Қазыбек бидің кемеңгерлігі, жастайынан сөзге шеберлігі адамды таң
қалдырады. Қазыбек бидің баспасөз беттерінде айтылмай келе жатқан бір қыры
– оның әулиелік қасиеті. Табиғаттың берген бұл сыйы жөнінде тарихи деректі
мағлұмат жоқ. Алайда, ел ішінде қысылып, тарыққан ағайын жұрт Қаз дауысты
Қазыбек бабам, қолдай гөр! деп оның рухына сыйынуды дәстүр еткен. Қаз
дауысты Қазыбекті үш қырынан қарастырған жөн:
Біріншіден – асқан шешен, ақын болған кісі.
Екіншіден – ел басқарған дау-жанжалды шешкен, әділ қазы.
Үшіншіден ол – халықаралық дәрежедегі елші –дипломат, қоғам қайраткері.
Қаз дауысты Қазыбек би туралы мәліметтер өте аз. Кейбір кітаптарда
ғұмыры жайлы деректемелер болжамдалып жасалған. Қаз дауысты Қазыбектің
оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Тек оның нақыл
сөздері, шешендігін паш еткен жұрт алдындағы әңгімелері, т.б.
кездестіреміз. 1992 жылғы жарыққа шыққан Егемен Қазақстан газетінің
бастаумен шығарылған Үш пайғамбар атты үш биге арналып шығарылған (Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы) кітапта билер туралы мәліметтер айтылып
кетеді. Қазақстан тарихы кітабында Қазыбек биге барынша, айрықша тоқталып
өткен. Қазыбек бидің қайраткерлік өнері мен шешендік өнері туралы
А.И.Левшин, Ш.Уалиханов, Ш.Маржани, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б.
зерттеулері сақталған. Жазушы Сматаевтың Елім-ай романында кемеңгер бидің
келісімді тұлғасы жасалған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан
жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.
Қазыбектің дарындылығын, шешендігінің дәлелі ретінде оның артында
қалған нақыл сөздерін оқу, болашақпен ұштастыру. Ұлағатты сөздерін өмірде
пайдалана білу, яғни, келешек ұрпаққа оның асыл, өшпес мұраларын
таныстырып, оқып үйретуіміз міндетті.
Қаз дауысты Қазыбек би туралы ғылыми жаңалықтар жоқтың қасы деуге
болады. Яғни, би туралы нақты мәліметтер жоқтың қасы деуге болады.(Туған
жері нақты келтірілмеген,т.б.) XVІІІ ғасырлардың батырлары туралы тарихи
аңыздар атты мақаласында Ш.Уәлиханов былай дейді: Үш жүздің батырларынан
сіз кімді артық көресіз? –деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап
беріпті: Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын
құтқарған Қаракесек Қазыбек және тағы сондай өзінің тұтқында кеткен
адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі.
Тарихи жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер би 1667 жылы Қарағанды
облысының қазіргі Қазыбек (Егіндібұлақ) ауданының аумағында өз руының
билеушіі және әйгілі би Келдібектің отбасында туып, өз тегіне лайықты
тәрбие, білім алған (кейбір деректемелерге сүйенсек, Сыр бойында дүниеге
келген, 97 жасында, яғни 1764 жылы көз жұмған). Ол жасөспірім кезінен алғыр
ақылымен және ақындық дарынымен ерекшеленіп, жас шағынан-ақ тапқыр
сөздерімен және әдетті, шариғат, ата-бабалардың поэтикалық мұраларын
білгіштігімен аты шыққан Қаз дауысты Қазыбектің тегіне, затына, сүйегіне
зер салсақ, Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа) руынан
шыққан. Әйгілі ділмар Шаншар абыздың немересі, Бұлбұлдың шөбересі. Ал, өз
әкесі Келдібек би. Анасының есімі- Тоқмейіл. Қазыбек – осы Тоқмейілден
туған алты баланың ең үлкені екен.Қазыбек биден- бекболат би, бұдан-Тіленші
би. Тіленші би баласы – Алшынбай би (Құнанбай қажының құдасы, Абайдың
атасы), Алшынбайдан Бәпи тарайды. Атақты әнші-композитор Мәди- Бәпидің
ұрпағы [3].
Қаз дауысты Қазыбектің кіндік қаны тамған топырағы, туған мекен-жайы
ешбір хат-шотта сақталмаған. Долбармен жобалап даңқты бабамызды Сыр бойында
туыпты деп нақтылап айта алмай, жалпылап көрсетіп кетіп отырмыз. Өйткені,
он жетінші ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығының басым түсіп отырған
шабуылының әсерінен ата қонысынан ығысқан қазақ жұртының Алтай мен Арқаны
еріксіз тастап, Сыр бойы мен Қаратау өңіріне жөңкіле құйылғаны тарихқа
мәлім. Қаз дайысты Қазыбек те біздің есебіміз бойынша да, бірнеше тарихи
жазба деректердің көрсетуі бойынша да 1667 жылы соң өңірде туып, 1764 жылы
тоқсан жеті жасында дүниеден өткен екен.
Тоқмейілдің әкесі Сүлеймен деген кісі осынау ғұлама жанмен көрші болу
үшін қасына әдейілеп көшіп келмесе, Келдібек пен Тоқмейілдің бір-бірімен
кездесуі, отар құруы жайындағы ел аузында аңыз болған оқиға таралмас па
еді, халықтың кемеңгер көсемі болған Қаз дауысты Қазыбек өмірге келмес пе
еді. Әрине, себепке себеп десек те, талғампаз тағдырдың кей-кейде қиыннан
қиыстырып, алысты жақындатып, болмасты болдыртып, осындай бір құдіреттерді
жасай алатынына таң қалмасқа және болмайды. Қалай десек те, 1667 жылы шыр
еткен іңгәсімен дүние есігін ашқан нәресте-өсе келе Үйсін Төле бимен, Алшын
Әйтеке бимен терезесін теңестіріп, қазақ халқының кемеңгер үш биінің бірі –
Қаз дауысты Қазыбекке айналып еді.
Қазыбек Келдібекұлы – он сегіз жасынан бастап қазақ елі басынан
кешірген тағдыр тауқыметінің, алмағайып замана оқиғаларының куәгері, орта
жүздің төбе биі, шешендік өнердің маңдай алды өкілі ретінде еліміздің
тарихында мәңгілік орын алған аса ірі тұлға. Қаз дауысты Қазыбек би аумалы
– төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешті. Кең-байтақ қазақ жерін бір
бүйірден Жоңғар хандығы, екінші бүйірден Ресей империясы, үшінші бүйірден
Бұхар мен Хиуа хандықтары әбден мазасын алып, әз әзілдік көрсетіп отырды.
Жан-жағынан анталаған алпауыттарға қарсы Тәуке хан икемді саясат жүргізді.
Сонымен бірге қазақ қоғамындағы жат құбылыстарды, адам бойындағы келеңсіз
міндерді құртып-жоюмен шұғылданды. Қоғамды небір дерттерден сауықтыру
мақсатында Тәуке хан Үйсін Төле биді, Алшын Әйтеке биді және Қаз дауысты
Қазыбек биді Жеті жарғы ережесін жасауға жұмылдырды. Ол қазақ халқының
біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі
мемлекет қайраткері. Сонымен бірге Қазыбек өз тұсындағы қазақ хандарының
ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеуді жақтаған
парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. Қазыбек бидің ықпалына
қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері сүйенген. Атап
айтқанда, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті
әкімшілігінің өкілдері әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.
1680 жылы, Қазыбек он үш жасқа толғанда кейін де әз Тәуке атанған Тәуке
қазақ хандығының тағына отырған еді. Есім ханның кезінде Алты алаш
атанып: қазақтың үш жүзімен ноғай, башқұрт, өзбек құраған қазақ далаындағы
хадықтың бірлігі әлсіреп, ноғай, башқұрт, өзбек одақтары ыдырап, енді төрт
алаш атауымен үш жүзге қырғыз ұлысы қосылып, Тәукенің қол астына жиналып
қалған еді. Осы төрт алаштың басына төрт биді – Ұлы жүзге Төлені, Орта
жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені және қырғыз биін қырғыз ұлысына қойып,
солар арқылы ел басқару тізгінін өз қолында ұстап отырған [4].
Қаз дауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш
рет барған. Бұған ел аузындағы аңыз-әңгімелер куә. Жол бастаған көсемнің,
сөз бастаған шешеннің атақ-даңқы бірінші рет атқосшы ретінде барғанда-ақ
шыққан. Жобамен айтқанда, XVІІ ғасырдың 80-жылдарына сәйкес. Жас шамасы 14-
15-тегі кезі. 1680-84 жылдарда жоңғарлықтар қазақ даласына ойран салып, мал-
мүлкін алып, кісілерін тұтқындап, қанды қырғынға ұшыратқан. Бұл кезде ел
тізгінін ұстаған Тәуке хан еді. Қалмақ қонтайшысы Қалдан Бошақту (кейде
Қоңтәжі деп аталады) еліне Тайкелтір би бастаған елшілер тобын
ұйымдастырған Әз-Тәуке тәрізді. Сонда Әз-Тәуке дана биге Қазыбек баланы
тапсырып, жауды алмас қылышпен ойсыратып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz