Абыл Тарақұлы, Сарымалай, тҚазанғап Тілепбергенұлы, Тоқа Шоңманұлы

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Абыл Тарақұлы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.Сарымалай
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.Қазанғап Тілепбергенұлы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4.Тоқа Шоңманұлы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5. Өмірбаяны
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6.Күйлері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7.Мәнері мен шәкірттері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8.Пайдаланылған әдебиеттер

Абыл (шын аты - Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені - 1892, сонда) - күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы.
Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған.
Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен.
Күйлері Абылдың: Абыл, Ақжелең (А. нұсқасы), Нар ату, Ақсақ құлан, Кеңес, Аранжанның шалқымасы аталатын күйлері сақталған.
Мәнері мен шәкірттері Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән.
Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.
Қожеке Назарұлы(1828 - 1881) - күйші-сазгер.
Жетісудың төрі болып есептелетін Қарқарада дүниеге келген. Қожекенің әкесі Назар сөзге шешен, төңірегіне ықпалды адам болған.
Қожекенің ел ісіне ерте араласуына әке тәрбиесі ықпал еткен. XIX ғасырдың екінші жартысынан Жетісуға тізе батыра бастаған Ресейдің отаршыл саясатына бас имеген Қожеке 1862 жылы төрт жүздей үйді бастап, үдере көшкен беті Текес өзенінің бойына келеді. Қожеке бастаған рулы елдің көшіп келуіне Қытай өкіметі де бейтарап қарамаған. Алғашқыда Қожекеге шен-шекпен беріп, өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыруға қолданбақ болады. Қожеке сияқты біртуар тұлға халқының қамына қиянат іске бармайды. Ақыры тәкаппар күйшіні айтқанына көндіре алмаған Қытай өкіметі оны азаптап өлтіреді. Қожеке өзі куә болған, өзін толғандырған өмір құбылыстарының баршасын күй тілінде баяндап отырған. Бұл күнге дейін Қожекенің жүзге тарта күйлері жеткен. Оның күйлері күні бүгінге дейін Жетісу, Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Бұратала, Іле өңірлерінде тартылады.
Шығармалары
Назарұлы Қожекенің күйлері: "Ағарсынның ақ толқыны", "Аққу", "Арман", "Байекенің естіртуі", "Балаларыма", "Балам-ау", "Бозжігіт", "Бөлтірік", "Біржан сал", "Жиренше", "Қарашаштың қазасын естірту", "Жиреншенің Қарашашты жоқтауы", "Кертолғау", "Көрұғлы сұлтан", "Күй бастар", "Күй шақыртқы", "Қамбархан", "Қолға алынар алдында", "Қос келіншек", "Қинау", "Құл пенде", "Мұңдық", "Өз қолым", "Рабат төренің естіртуі", "Раушан", "Сайрам көл", "Сарбарпы бұлбұл", "Тарту", "Тоқтарым", "Түрмедегі қинау", "Шалқайма" тағы басқалар.[2]
Сарымалай(шын аты - Садық; 1835 - 1885) - қазақтың халық композиторы, сыбызғышы. Сарымалай халық күйлерін шебер орындаумен қатар өз жанынан Қара жорға, Нар идірген, Бұлбұл, Жорға аю, Шал бүркіт, Ақ қабанның толқыны, т.б. күйлер шығарған.
Сарымалай (Сыдық) (1835, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы -- 1885, сонда) -- халық композиторы, сыбызғышы. Жасынан жоқшылықтың тауқыметін көріп, мал соңында жүргеннен "сары малай" атанған. Сарымалай сыбызғыны алғаш әкесінен үйренген. Кейін Сабыр есімді сыбызғышыдан шеберлігін шыңдаған. Ол осы аспапта халық күйлерін шебер орындаумен қатар, өз жанынан күй де шығарған. Сарымалайдың шығармалары Бат. Қазақстан, Орынбор қазақтары мен башқұрт ұлты арасында кең насихатталған. Сарымалайдың шығармасын осы заманға жеткізген Ы.Уәлиев саналады. Сарымалайдың ол орындаған бірқатар күйлерін 1936 жылы Б.Ерзакович жазып алған. Сарымалайдың нотаға түсірілген "Қара жорға", "Қоңыр", "Шоңай", "Ақсақ қой", "Балжыңкер", "Боз інген", "Желмая", "Жетім бала" күйлері әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Сарымалай сыбызғыда күй шығарудың құрылымын жетілдіріп, 3 тесікті аспаптың ойығын 6-ға жеткізген. Осы негізде қарапайым аспаптың дыбыс ауқымы кеңейіп, үн байлығы молайып, диапазоны арта түскен.
Қазанғап Тілепбергенұлы(1854 - 1921) - қазақтың әйгілі күйші-композиторы.
Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі -- Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дарқан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген.[1]
Туып-өскен жері -- Арал теңізінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері -- сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі -- Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі -- Шанышқылы.
Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
XVI-XIX Қазақстан мәдениеті
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Балұстаұлы Есбай
Ән — халық мұрасы
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Маңғыстау өңіріің күйшілік дәстүрі
Қазақ әдебиетінің прозасы
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Төребайұлы Қыздарбек
Пәндер