Басшылық жасау және көшбасшылық


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1. Көшбасшылықтың мәні

2. Басшылық жасау және көшбасшылық

3. Өзін-өзі басқару, жетекшілік және көшбасшылық

4. Жетекшінің басқару стилін диагностикалау
5. Жетекшілермен тренингтік жаттығулар жүргізу

6. Қорытынды

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары. Басқару психологиясы саласындағы мамандардың ұйымдағы өзекті психологиялық мәселелері туралы пікірлері бірлікті құрайды. Олардың қатарына мыналар кіреді:барлық деңгейдегі басшылардың кәсіби біліктігін көтеру, яғни, басқару стилін, тұлғааралық қатынастарды, шешім қабылдауды, стратегиялық жоспарды, стрессті жеңуді жетілдіру; басқару персоналын даярлау және қайта даярлау әдістерінің тиімділігін арттыру; ұйымның адамзаттық құндылықтарын іздеу және жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық ахуалды бағалау және жетілдіру, персоналды ұйымның ортақ мақсатына жұмылдыру;

Басқару психологиясының пәні туралы пікірлер әртүрлі. Психологтар Е. Е. Вендров және Л. И. Уманский басқару психологиясы пәнінің келесі аспектілерін ұсынды:

ұжым және топтардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері;

басшының іс-әрекет психологиясы;

басшының жеке тұлға психологиясы;

басқарушы кадрларды таңдаудың психологиялық мәселелері;

басқарушы қадрларды даярлау және қайта даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері .

Психологтар В. Ф. Рубахин және А. В. Филипов басқару психолгиясының пәніне мыналарды жатқызады:

басқарушы іс-әрекетінің қызметтік-құрылымдық талдауы;

басқарушы ұжымдардың әлеуметтік-психологиялық талдау;

басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара қатынастық психологиялық мәселелері;

Ұйымдағы қызметкерлерге қарым-қатынас жоғарыдан төмен байланыстар болып қана қоймай, сонымен бірге төменнен жоғары көтерілуші қарым-қатынаста болады. Ұйымдар бірнеше бөлімшелерден тұратын болғандықтан олардың ортасындағы қарым-қатынас айналымы мақсаттарды үйлестіріп, іс-қимыл әрекетін жасау үшін керек.
Басқарушылық нәтижелігінің феномені - ертерек түсіндіру әрекеті - басқарушының тәртібінің бір параметріне көңіл бөледі, яғни қойылған міндетке бейімделе білу. Ал, өте кеш зерттелген жұмыстар басшының тәртібіне көңіл бөлуді қарастырған, бірақ басқадай айналымдарды ескермеген. Ұжымның тиімді жұмыс атқаруы белгілі көлемде ұжымды басқару стиліне байланысты. Әр басшы басқару іс-әрекетінде қызметтік міндеттерді өзіне тән стильде орындайды. Басқару психологиясында стиль дегеніміз - басшыға тән басқару қызметін тиімді орындау мақсатында бағыныштыларға ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Яғни стиль тікелей басшының жеке тұлғасымен байланысты және оның жекелік қасиеттеріне байланысты көрінеді. Өкінішке орай, тәжірибеде басқару стиліне ерекше мән берілмейді. Соңғы кездері зерттеушілердің басқару стилін бағалаулары өзгеріске ұшырады. Егер либералды және авторитарлы стильдер жақында ғана теріс сипатталып, ал демократиялық стиль ең жағымды болып есептелсе, қазіргі кезеңде ұжымға көп табыс алып келетін, тұрақтылықты қамтамасыз ететін басқару стилі тиімді деп саналады. Ең бастысы, басшының жеке ерекшеліктеріне, кәсіби белсенділігінің психологиялық субъективті ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінеді.

1. Көшбасшылықтың мәні

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead - басқару, ал leadership - басқара алуқабілеті деген мағынаны білдіреді) - бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader - басқарушы деген мағына білдіреді) - бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады . Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. Басшы -бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

2. Басшылық жасау және көшбасшылық

Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.

Билік әртүрлi түрде қолданады:

билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге
мәжбүр етеді)

билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)

билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді

билік, басшының жеке қасиеттінің күшімен орнаған

заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну.

Басшы осы жоғарыдағы биліктің сипаттамасының көмегімен бағыныштыралын жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды. Осыларды жетекшіде қилданады, бірақ олар көбінеce қарама-қарсы бағытта, мақсаттың орындалуына кедергі жасау үшін. Көшбасшы-жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.

Көшбасшының міндеттері:

ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу) .

топтың әр мүшесіне бағ бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді.

Көш басқарушының екі полярлық түрін бөліп қарауға болады:

іскер - мәселе шешуде өз қолына алатын және білімді, жан жақты
хабарлы.

сезімтал лидер - ұжымның қөңіл-күйін реттеу функциясын қолына
алады.

Ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қояды, бipaқ қарама-қарсы қоймайды, себебі олардың арасында ұқсас белгілері бар:

басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек
басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер
жеке өзінің бастамасы арқасында

басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр түрлі жолмен
жүзеге асырады.

басшы мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп, субординацияны
ұсталған болуы керек.

Лидердің ерекше қасиеттерінің бipi:

қиындыққа төзімді болу

ұжымның алдағы мақсатын түciнy

мейірбан, ізетті

парасатты болу.

Бiз лидерлерге қызығып қараймыз, олардың табанды, сенімді адам болуын қалаймыз. Біз істің сенімді адамның қолында болғанына нанымды болуымыз керек. Кішкене кітапханада лидердің қызмет билігі әлсіз. Үлкен кітапханада лидердің қызмет билігі едәуір белгілі, бағыныштыларымен қатынасы үздіксіз жетілуде. Әр басшы лидер болуға ұмтылу керек.

3. Өзін-өзі басқару, жетекшілік және көшбасшылық

Басқару үгымының мөнін ашып түсіндіру үшін оны келесі соған туыс үғым - өзін-өзі басқарумен салыстыру керек. Өзін- өзі басқару мен өзін-өзі реттеудің тек қоғамда ғана емес, биологиялық жүйелерде де орын алатыны белгілі. Ол сондай-ақ адамзат қолымен жасалған жасанды механизмдер мен машиналарға да тән.

Өзінің фундаменталды мағынасында өзін-өзі басқару жүйенің ®зі іске асыратын басқару түрінде көрінеді, яғни бұл екі үғым- ның арасындағы функционалды қырларында айырмашылық бол- майды: екі жағдайда да біз басқарумен жұмыс істейміз.

4. Жетекшінің басқару стилін диагностикалау

Сонымен бір мезгілде бұл ұғымдарды біріктіру дұрыс емее. Басқару туралы айтқанда, біз екі жай жүйенің - басқа- рушы мен басқарылушының бар екенін ескереміз. Басқарушы жақ адамдардың іс-әрекетін реттеуде анағұрлым белсенді жөне бастамашыл. Бұл жағдайда ол қоғамның немесе ұжымның өзінің өкілеттілігіне сүйенеді. Мұның соңғы жағдайында, биліктің көзі түрғысынан алғанда ол өзін-өзі басқарудың элементі түрінде көрінеді. Бірақ функционалды тұрғыда, яғни өрекеттің мазмү- ны бойынша, ол өзін-өзі басқарудың жай жүйесінен айрықша- ланады: өзін-өзі басқарудың өрбір қатардағы қатысушысы бас- қаруға тек ішінара қатысса, жекелеген функцияларды іске асыруға өзінің үлесін қосумен шектелсе, ал ол өзіне басқару- шы функциялардың үлкен көлемін алады. Әдетте өзін-өзі бас- қарудың қатысушылары ең алдымен басқарушылықпен емес, кәсіби қызметімен айналысады. Басқару олар үшін ең бастысы емес. Мысал үшін айтар болсақ, оқытушылар, шеберлер өзін- өзі басқарудың субъектілері болып табылады. Бірақ олардың негізгі жүмыстары - ғылыми-педагогикалық қызмет, оның өзінде де басым көпшілігінде аса маңызды шешімдер қабылдауға бай- ланысты жекелеген міндеттерді ғана өз мойындарына алады. Оқушылардың (студентердің) өзіндік басқаруына қатысушылар да оқу орнын басқаруға ішінара қатысады. Олардың басты жүмысы - оқу. Ал ректор мен оның басқарушылары үшін негізгі жүмыс - басқару. Өзін-өзі басқару үйымның өзінің еркі мен мүдделерін де қамтиды. Қазіргі қоғамдағы өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерінің бірі, оның нормативті-қүқықтық негізде іске асырылатындығымен, заңдармен және ережелермен, нүсқаулармен жөне қағидалар- мен реттелетіндігімен сипатталады. Демек, өзін-өзі басқару - бүл үйымның өзінің мүшелерімен іске асырылатын жөне олардың еріктерін білдіретін “іштен’ басқару.

5. Жетекшілермен тренингтік жаттығулар жүргізу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментіндегі көшбасшылық
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
Педагогтың эмоционалды күйзелуі
Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог
Саясаттанудың әдістері
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
Насихат мақсаты
Нарықтық экономика жағдайында басқару жүйесі
Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау
Педагогикалық менеджмент маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz