Саяси мәдениетке анықтама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1.Саяси мәдениетке анықтама
2.Саяси мәдениеттің жіктелуі
3.Саяси мәдениет құрылымы

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. [1]
Саяси мәдениет құрылымдық дәреже жағынан қарастырғанда айтарлықтай күрделі құбылыс екенін атап айтқан жөн. Оның негізгі құрылымдық үш деңгейі болады. Олар: дүниетанымдық, азаматтық және саяси деңгейі.
Мұның бәрін бір-бірімен саяси дүниетаным жымдастырып, орнықтырады. Ал, саяси дүниетаным дегеніміз адамдардың, жекелеген топтардың немесе әлеуметтік топтардың ортақ дүниетанымының құрамды бір бөлігі болады. Адамдардың саяси бағдарының сипатына, қолдауына немесе қарсы шығуына басты себеп қоғамда таным-түсінікті қалыптастыратын жүйе ұстанымының (позициясының) басым болуы және оның баға берушілік пен нормативті ұстанымдарының, адамдарға, бүтіндей алғанда қоғам мен бүкіл әлемге деген іргелі көзқарастың ықпалы күшті болады.
Саяси мәдениетте дүниетанымдық деңгей саяси мәдениеттің іргетасы болып табылады. Осындай деңгейде саяси әлемде адамдардың өзіндік бағыт-бағдар ұстануы орнығып, белгілі бір саяси бағдар мен саяси қалыптасқан нормаларды таңдайды. Мұндай таңдау адамдардың өмірге деген позициясынан, жекелеген немесе ұжымдық құндылықтарды мойындаудан өрбіп, Батыс немесе Шығыс өркениетінің нормаларына, олардың идеологияларына, зорлық-зомбылыққа, қатынасына орай қалыптасады.
Саяси мәдениеттің азаматтық деңгейі саяси мәдениеттің өзегін қалыптастырады. Мұндай деңгей адамдардың жалпы билік етудің орталығы және мәжбүр етушіліктің тетігі ретінде билікке деген қатынасын білдіреді. Адамдар саяси өмірмен араласқанда билік пен өзінің қатынасы және оның мүмкіншілігінен мұндағы орны қалыптасатыны сөзсіз. Міне, осының негізінде ол өзінің азаматтық құқы мен міндетін айқындайды. Нақ осындай азаматтық деңгейде азаматтардың билікке бағынышты болуының әділетті екені жөніндегі және билікке қатысты азаматтардың құқығының басымдығы (еркіндігі) жөніндегі сенімі қалыптасады. Мұндай іштей сенім көптеген адамдарда олардың партиялық немесе саяси топтарға деген әуестілігіне қарағанда барынша маңызды.
Саяси мәдениеттің азаматтық деңгейінің даму процесінде саяси мәдениеттің саяси деңгейі қалыптасады. Осындай мазмұнда өзіндік саяси құбылысқа деген - мемлекет пен мемлекетаралық байланыстан бастап, азамат ретіндегі өзіндік сезінуге дейін адамдардың саясаттағы субъекті ретіндегі құндылық бағдары қалыптасады; сөйтіп, адам мен саясаттың өзара қатысы түпкілікті ұғынылады; адам өміріндегі саясаттың мәні айқындалады. Құндылық бағдарлар саяси (немесе бейсаяси) болып орнығады. Адамдар саяси мәдениеттің саяси биігіне көтерілген соң қоғамның саяси өміріне араласады немесе саясаттан мүлде шеттеп қалады. Мұнда адамдардың белгілі бір топтары саясатты бақылаушы болады. Мұндайлар өздерінің мәселелерін бәз біреулер бәзбір кезде шешеді деп үміттенеді.
Саяси мәдениеттің құрылымдық деңгейі мен элементтері өзара тығыз байланыста болып, біртұтас тұрақты және жүйелі іс-қимылға айналатынын айтудың маңызы зор. Мұнда саяси мәдениеттің мәні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениет үлгілері
Саяси мәдениет ұғымы, құрылымы мен қызметтері
Мәдениет құрылымы
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Патриархалдық мәдениет
Пәндер