Мал азықтарының жіктелуі


Мал азықтарының жіктелуі
Жоспар:
I Кіріспе
Мал азықтары
II Негізгі бөлім
III Қорытынды
Мал азықтарының қоректілігі
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Мал азықтары және олардың классификациясы
Азық құрамы мен қоректілігіне әсер ететін факторлар
Негізгі малазықтар түрлері
Мал азығына малазықтары мен малазықтық қосындылар жатады. Малазығы (корма) деп физиологиялық тұрғыдан мал қорегіне жарамды, денсаулығы мен өнімділігіне зиянсыз, тіршілігіне қажетті қоректік және биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін өнімдерді айтады. Азықтық қосындылар (кормовые добавки) азықтармен қоса мал азығына қолданылатын табиғи және синтетикалық (жасанды), микробиологиялық, минералды, т. б. қосындыларды қамтиды. Азықтар мен азықтық қосындылардың мал азығына жұмсалуы олардың қоректілігі және диеталық, яғни жұғымдылық қасиеттерімен айгақталады. Мал азығына қорытылымы жоғары, мал түлігіне тән, олар сүйсініп жейтін жұғымды (удобоваримые) жемшөп пен азықтық қосындыларды жұмсайды.
Мал азығының қоректілігі мен жұғымдылығына, химиялық құрамы, дайындалу мерзімі мен технологиясы, сақталу жағдайы, малға жегізу ал- дында өңдеуден өткізілу әдісі мен тәсілі, малға берілу көлемі мен тәртібі секілді коптеген факторлар ықпал етеді. Жемшөп деп аталып, төрт түлік малдың негізгі қоректік көзі болып табылатын өсімдік азықтар құрамы мен қоректілігіне өскен (өсірілген) аймағының топырақ күрамы мен құнарлылығы, ауа райының ерекшеліктері, малға жегізу түрі (жайып немесе шауып, дайындап) мен жегізілген немесе мал азығына дайындалған кездегі өсімдіктердің ботаникалық құрамы мен жетілу фазасы, дайындату әдісі, сақталу мерзімі мен режимі, азықтандыруға жұмсау тәртібі секілді көптеген жағдайлар әсер етеді. Екпе (мәдени) жемшөп қоректілігіне оған қоса өсіру агротехникасы, қолданылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшерінің ықпалы қосылады.
Бір түрге жататын өсімдіктердің өзінің химиялық құрамы тұқымына, сортына, топырақ құрамына, ауа райына, агротехнологиясына, т. б. бірқатар факторларға байланысты ерекшеленеді. Мысалы, дәнінің сүттеніп жетілу кезеңінде (молочная спелость) жиналған жүгері сорттарының 1 кг құрғақ затына есептегендегі қоректілігі 0, 98-1, 33 азық өлшемі 415-512 г қорытылауын протеин аралығында ауытқыған. Өсімдік дақылдың қор жинауы мен қоректілігіне өскен аймақтағы ауа райының ықпалы тиеді. Мысалы, ауа райы қоңыржай тропикалық аймақта өсірілген дакыл дәнінің майында қаныққан олеин қышқылы мол жиналса, ыстық-суығы жиі ауысатын континенталды аймақта өсірілген сол дақыл дәнінде, керісінше, қанықпаған май қышқылдары басым болады. Өсімдік май қорының бұлайша өзгеруін жылдың ыстық мезгілі (шілде-тамызда) мен салқын тартқан мезгілінде (қыркүйекте) байқауга болады.
Көк балауса өсіп дамыған сайын оның ылғалдылығы азайып, құрғақ заты ұлғаяды. Өніп-өсуі мен жетілуі, шабылып дайындалу ерекшеліктеріне байланысты көкшөптегі протеин көлемі - 15-20%, май көлемі - 8-60%, тамыр- түйнек жемістілердегі, тиісінше, 13-25% пен 15-66%, дәндегі, тиісінше, 8- 16% мен 9-58% аралығында өзгереді. Сондықтан тым ерте шабылған балауса құрамында құрғақ зат аз болса, кеш шабылған көк шөп құрамында қиын қорытылатын жасұнық молайып, ол іріленіп, қатаюынан қоректік заттар қорытылымы нашарлап, жалпы қоректілігі төмендейді. Осы тұрғыдан алғанда астық тұқымдастар көгін масақтанған кезеңінде, ал бұршақ тұқымдастардыкін толық бүршіктетіп, гүлдене бастаған кезеңінде дайындаса, жасұнығының онша лигнинделмеуінен өлі қатаймаған, бойына жеткілікті қоректік заттар қорын мол жинаған жемшөп дайындалады.
Өсімдік құрамының өзгергіштігін бойында өте аз мөлшерде жиналатын микроэлементтер деңгейінен байкауға болады. Биогеохимия ілімі бойынша барлық топырақ құрастырушы (почвообразующие) элементтер биосфера қабаттарына шашыранды түрде таралатындықтан, олар өсімдікте, одан жануар (мал) денесінде жергілікті топырак пен судағы көлеміне сэйкес жиналады. Мысалы, өсімдігінде минералды элементтер малдың физиологиялық мұқтаждығына сәйкес деңгейде шоғырланған Орталық қара топырақты аймақпен салыстырғанда, Қазақстан жерінің жартысынан көбін алып жатқан құрғақ далалы, жартылай шөлейт жөне шөлді биогеохимиялық өңірлерінің өсімдіктерінде бордың - 88%, мырыштың - 76%, стронцийдың - 47%, йодтың - 80%, мыстың - 40%, кобальттың 52% аз жиналады (В. В. Ковальский ж. б., 1960) . Бұл малды түрлі эндемиялық, яғни жергілікті жерге ғана тән ауруларға шалдықтырады. Биогеохимиялық ізденістер бағытында жүргізген еліміздігі зерггеулер нәтижесінде Іле және Жоңгар Алатауының алқабын қамтитын республиканың оңтүстік-шығыс өңірінде йодпен қоса мыс, мырыш, кобальттың (А. Таңатаров, Н. Омарқожаев, 1966-1975), Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтитын солтүстік өңірінде селеннің жетіспеушілігін анықтаса, Ақтөбе, Қостанай облыстарын қамтитын солтүстік-батыс өңірінде никель мен хромның (А. Егеубаев, 1975), Шығыс Қазақстан облысын қамтитын шығыс өңірінде молибденнің (М. Байтурин т. б., 1960-1971), керісінше, қажеттіліктен тыс артық жиналуы анықталып отыр. Бұл орайда биогенді минералды элементтерінің жетіспеушілігімен қатар мал мұқтаждығының шамадан тыс артуының да зиянды екені анықталған.
Мал азығының құрамы мен қоректілігі дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты да біршама өзгереді. Шабылган өсімдік жасушасында орын алатын биохимиялық үрдіс пен онда жүретін микро- биологиялық өзгерістер өсімдік қоректік заттарын бір жагынан ыдыратса, екінші жағынан, сол өзгерістер барысында біршама жаңа қосындылармен байытады. Өсімдік тыныстайуы мен микробиологиялық ашыту қанттарымен қоса протеиндерін де өзгертіп, сүрлемге салынған дақылдағы көптеген аминқышқылдарының мөлшерін кемітетін көптеген әерттеулер нәтижелері көрсетті (В. Лемеш, 1971; Р. Дмитриев, 1972) .
Мал азығына кеңінен пайдаланылатын техникалық өндірістің азықтық қалдықтарының да құрамы өндіру әдісіне байланысты өзгереді. Мысалы, майлы дақыл майын сыгып өндіргендегі күнжара (жмых) түріндегі қалдығында 6-9% май қалатын болса, оны органикалық еріткішпен өңдегендегі шрот түріндегі қалдығында 2-3% ғана май қалалы (А. Дмитроченко, 1975) . Сол секілді мал азыгына жұмсалатын азықтық қосындылардың құрамы мен қоректілігі шыгу тегіне, өндіру технологиясына және азықтармен қосылуына байланысты өзгереді.
Мал азықтандыруында қолданылатын азықтар мен азықтық қосындылар жалпы қоректілік, сапа-құнарлылық жэне диеталық-жұғымдылық қасиеттері бойынша жіктеліп, топтастырылады да, жекелеген топтарга бөлінеді, яғни классификацияланады. Мал азығын жіктеуді жоғарыда келтірілген барлық көрсеткіш қасиеттерін нысандап, жан-жақты сяпаттау мәліметтері тұрғысынан қарастыру қажет.
Мал азықтарының жіктелуі
Мал азығын шыгу тегі мен түрі, физикалық жағдайы, физологиялық игерілімдігі, қоректік заттарының шоғырлануы мен арақатынасы секілді мал түлігіне қоректілік құнарлылыгы мен жұғымдылығын айғақтайтын қасиеттеріне қарай топтастырып, жіктейді. Арнайы әдебиетте әр түрлі жіктеу жобасы берілгендіктен, біз азықтық қосындыларды алдымен шығу тегі бойынша келесі бес топқа бөлуді жөн санаймыз
Өсімдік тектес жемшөп;
Жануар тектес азық;
Синтетикалық қосындылар (химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері) ;
Минералдық қосындылар;
Биологиялық әсерлі заттар (витаминдер, премикстер) .
Бұл азықтар және азықтық қосындылармен қоса мал азықтандыруда олардың қосындысынан құрастырылатын құрамажем мен тағамдық (ас- ханалық) қалдықтар қолданылады. Биохимиялық тұрғыдан азықтық косындыларды жіктеуде олардың басым көпшілігі қарапайым қосынды- дарды игеріп қоректенетін автотрофты болып келгенмен, мал қорегінде дайын органикалық қосындылармен қоректенетін (әсіресе, күйісті мал қөрегінде) гетеротрофты организмдер де пайдаланылатынын ескеру қажет.
Өсімдік тектес жемшөп. Өсімдік тектес жемшөпке табиғи және екпе (мәдени) өсімдіктердің мал азығына тікелей жегізіліп (жайылып) немесе шауып туралып берілетін бөліктері (жапырағы, сабағы, тамыры, түйнегі, сылқаны, бұтағы, т. б. ) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың шоғырлану дәрежесіне сәйкес өсімдік тектес жемшөп аумақты (объемистые) жэне құнарлы (концентрированные) топқа бөлінеді.
Аумақты жемшөпке 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 0, 5 кг-нан төмен, сондықтан да қуаттылыгы 0, 65 азық өлшемінен СЗ МДж-ден) аспайтын ылғалды (шырынды) немесе жасұнықты азықтар жатады. Аумақты азыққа барлық көк шөп (зеленый корм), ірі шөп (грубый корм) пен шырынды (сочный корм) кіретіндіктен, бұл азық тобы шаруашылық азық қорының (кормовая база) негізін құрайды. Бойында өсімдік шырыны сақталатындықтан көк шөп пен шырынды азықты ылғалды, ал кептіріліп, іріленген ірі шөпті (грубые корма) жасұнықты аумақты жемшөп тобына жатқызады.
Жемшөп - малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т. б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т. б. ) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т. б. ) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішен - күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай. Сүрлем - шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз, картоп, т. б. ) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т. б. ) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т. б. ) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т. б. ) тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т. б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т. б. ) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т. б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары - ас тұзы, бор, әктас, сүйек ұны, т. б.
Шырынды мал азықтары
Шырынды мал азықтары - мал азығы ретінде пайдаланылатын құрамында ылғалы оннан жеті бөлігінен асатын өсімдіктер. Олардың қатарына көк шөп, жайылым мен шалғын оты, екпе өп, бір жылдық әрі көп жылдық астық тұқымдастары және бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сүрлем, пішендеме, тамыржемістер, түйнекжемістер, бақша дақылдары, жом, мезга, барда, сыра қалдығы жатады. Шырынды мал азығы мал түрінің зат алмасуын үдетіп, ас қорытылуын жақсартады, сүттілігн арттырады. Шырынды мал азықтары құрамы мен қоректілігі азық түріне байланысты[1] . 2000 жылы Қазақстанда шамамен 30 млн тонна шырынды мал азықтары дайындалды.
Кебек - ұн өндірісінің азықтық қалдығы. Кебек ұндық дақылдар дәнінің қабығынан, ұсақ қалдығынан тұрады. Дәнменсалыстырғанда құрамында клечаткасы көп болғандықган 1 кг жалпы қоректілігі 0, 7-0, 8 азық өлшемінен аспағанымен, протеинінің аминқышқылдық құрамы мен әсіресе витаминдері бойынша өте кұнды, жеңіл қорытылатын мал азығы. Кебектің диетикалық қасиеттеріне сүйене отырып, бидай кебегін жаңа төлдеп, әлсіреп шөлдеген малға жылы сумен араластырып ішкізеді.
Күнжара - дәні майлы өсімдіктерден майы сығылып алынғаннан кейін қалатын мал азығы. Құрама азыққа кіретін белогы (30 - 50%) мен майы (6 - 10%) көп құнарлы азық. Сондықтан майды неғұрлым толық сығып алу үшін ұсақталған әрі кептірілген дәнді май еріткіштерімен араластырып сығып күнжара ұнын дайындайды. Мұнда 1 - 3% май болады. Күнжараны белогы аз сабан-топан, тамыржеміс азықтарына аз мөлшерде қосып, олардың сапасын арттыруға болады. Күнжара амин қышқылдарының құрамы және белогының биохим. құндылығы жағынан астық тұқымдас жем белоктарынан сапасы жоғары, өйткені мұнда лизин, метионин, цистин және триптофан, сондай-ақ кальций, фосфор] едәуір көп болады. Kүнжара құрамы біртекті, бөгде иіссіз, ащы дәмсіз, көгермеген түрде болғаны жөн. Ылғалдығы 8 - 12%-дан артық болмауы қажет, бұдан асса күнжара көгеріп, ашып кетеді. Күнжараға басқа жемге араластырып беруге болады. Республикада негізінен күнбағыс және мақта күнжарасы өндіріледі. Күнжараның бірнеше түрі бар. Зығыр күнжарасы жылы суда бөртіп, пектин заттарынан тұратын кілегей түзетін, өте сіңімді құнды мал азығы. Сүтті қаймағынан айырмай пайдаланған жағдайда сауын сиырға тәулігіне 4 кг-ға, сүтті сары май алу үшін пайдаланғанда 2, 5 кг-ға дейін зығыр күнжарасын беруге болады. Күнбағыс күнжарасы қоректік және сіңімділігі жағынан сапасы зығыр күнжарасына жуық, малға беру мөлшері де сондай. Соя күнжарасының белогы мол, құнды және сіңімді, малға беру мөлшері зығыр күнжарасындай, әсіресе, төлге пайдалы. Мақта күнжарасының құрамында госсипол деген улы зат бар, сондықтан оны 2 сағат бойы құрғақ буда қыздырады не ыстық суға бұқтырады. Жүгері күнжарасы малдың барлық түріне беруге болатын азық. Сиыр мен шошқаға көп бермейді, өйткені сиыр сүтінен алынатын май және шошқа етінің майы жұмсақ болады. Көкнәр күнжарасы дәмі сүйкімді, сіңімділігі жақсы азық, сиырды бордақылауға тәулігіне 1 кг-ға дейін беріледі. Күнжіт күнжарасы да құнды мал азығы, барлық мал түлігіне беруге болады. күнжараның қай түрін, қанша беру мал жасына, күйіне, қандай өнім алу мақсатына байланысты белгілі мөлшерде тағайындалады. Күнжара құрамында мал денсаулығына зиянды, кейде тіпті улы заттар болуы мүмкін. Мысалы зығыр күнжарасында линамарин глюкозиді, күнбағыс күнжарасында антитрипсин, рапс, қышабас күнжарасында синигрин және синалбин глюкозидтері бар. Бұлар малдың ішін өткізуі, уландыруы мүмкін. Сондықтан күнжара малға берерде лабораторияда зерттеліп, сапасы анықталады. Күнжара белгілі бір қалыпқа салынған, нығыздығы әр түрлі кесекше түрінде шығарылады.
Шрот- құнарлы мал азығы. Шаруашылықтарда көбіне жер жаңғағы, қыша, майкене, жүгері, күнбағыс, зығыр Ш-тары пайдалынады. Шрот жалпы коректігі жағынан дәнді дақылдарға тең, құрамындағы протеин мөлшері олардан әлдеқайда көп. 100 кг күнбағыс шротында 100 азық өлшемі және 37, 6 кг қорытылатын протеин, 100 кг зығыр шротында 102 азық өлшемі, 28, 5 кг қорытылатын протеин бар. Кейбір шроттар құрамында ұлы не зиянды заттар, мыс, мақта шротында госсипол, майкенеде рицина болатынын ескеріп малға құрама азыққа қосып берген жөн. Бордақылайтын ірі қараға аз мөлшерде ( 10%-ке дейін) майкене шроты беріледі. Құрамындағы госсиполы 0, 08%-тен аспайтын мақта шротын сауын сиырына, бордақылайтын ірі қара мен шошқаға құрама жемге қосып беруге болады. Өнеркәсіпте құрамындағы протеиннің мөлшеріне қарай көбіне ш-ты 1 және 2-сортпен шығарады. Мұнда ылғал 10%-тен аспайды, борсыған иіс, көгерген, күйген т. б. белгілер болмауы керек. Әр шроттың иісі -дақылға тән болуы шарт. Шрот бөгде зат- тас, әйнек, топырақ, металл т. б. қосплардан таза болуға тиіс. У химикаттар тасылған вагондар мен автомашиналарға шрот тиеуге болмайды. Оларды таза, құрғақ орында сақтау керек
Өсімдік тектес жемшөп
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz