Ветеринарлық акушерлігі және гинекология. Малдың тууы мен патологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Ветеринарлық акушерлігі және гинекология - жыныстық процестердің, ұрықтандырудың буаздықтың, туудың, туғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдай және патологиялары, жаңа туған төл ауруларының, сондай-ақ бедеуліктің, қолдан ұрықтандырудың және эмбрионды көшіріп, қондыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибе жүзінде үйрету.
Төлдеу aктici -- жетілген тipi ұрықты анасы ағзасынан шығарудан және ұрық қабығы мен оның суын қуудан тұратын физиологиялық процесс. Төлдеу -- ұрық және аналық ағзасының қатынасуымен жатыр мускулатүрасы мен бұлшық еттің белсенді жиырылуы әсерiнен өтетін процесс.
Гинекологиялық ауруларға диагноз қою үшін міндетті түрде сарпайды, қынап кіре берісін, қынап, жатыр мойыны, жатыр тармақтары, түтіктері мен жұмыртқалықтарды зерттейді. Сарпай мен қынап кіре берісін қолмен ұстап, ашып көреді.
Қынапты зерттеу үшін қынап айнасын қолданады және оған жарық беретін қондырғы орнатады. Қынап, қынап кіреберісі мен шүртекейдің төңірегіне қарағанда оның кілегей қабығы ісінген, түсі өзгерген, құрғақ немесе ылғалды ма, жара, күлдіреуіктер, абцесстер, ұсақ түйіндер жоқ па, жиналған жалқаяқ бар ма, ауырсына ма, осының бәріне көңіл бөлу керек.
Аналық жыныс безінің көлемі, сыртқы пішіні, тығыздығы, температурасы, күлдіреуіктер немесе фолликулдің, сары дененің болуы, ісінуі, ұстағанда малдың ауырсынуы, жұмыртқалықтың әртүрлі физиологиялық немесе патологиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Ұрық пісіп жетілуі кезінде төлдеу процесінің болуы туралы пікірдің бірнеше теориялары бар (уыттылық, тітіркенушілік, бұлшық еттер жетіліп кетуі т.б.) .
Уыттылық теориясы - төлдеудің басталуын ұрық организмінде қоректің және (ауаның) оттегінің жетіспеуінен пайда болған анафилактық удың жатырды тітіркенуінен болады деген көзқарас.
Кейбір зерттеушілер, төлдеудің себебін жиналған көмірқышқылының әсеріне жатыр бұлшық етінің жиырылуынан деп қарайды.
Бір ғалымдар төлдеу актісінің басталу себебін жыныс аппаратының қалыптан тыс қызаруынан болады, бұл қалыптан тыс қызару процессі анасы организмінің денесінде жыныс циклы ұзақтығына сәйкес мезгілде келеді деп есептейді. Буаздықтың аяғында қызару мен тітіркенуі жоғарғы деңгейге жетіп жатырдың жиырылуын тудырады.
Бұлшық еттің жетілу теориясы төлдеудің басталуын жатыр бұлшық етінің ұлғаюының жоғарғы деңгейге жетуінен деп түсіндіреді.
Гормональдық теория - төлдеудің басталуын жатырға эстрогендердің, питуитриннің, окситоциннің және басқа гормондардың әсерінен болады деп атайды[1].
А.П. Николаев төлдеудің басталу процессінің негізгі себебін түсіндіру үшін нейрогуморальдық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша төлдеу актісі ацетилхолиннің әрекетінен жатыр жүйке элементтерінің тітіркенуінен болады. Буазыдылқ соңына таман ацетилхолин және өзге биологиялық белсенді тітіркендіруші заттардың (хемо-, баро-, механорецепторлар) туындалуы күшейеді, олар жатыр жиырылуын тудырады. Туу механизмі төлдің туындалуы, оның жетілуі барысында плацента арқылы анасының организміне көп мөлшерде кортикооидтар бөледі. Соңғылары плацентаның аналық бөлігінің ерекше жасушаларын сары денелердің гормоналдық қызметін доғаратын простогландиндер бөлуге итермелейді. Яғни, толғаққа қажетті жағдайлар туындалады.
А.П.Студенцовтың пікірінше жетілген төл мен аналығы арасындағы күрделі де өзара байланысты қайшылықтар әсерінен рецепторлық аппарат арқылы миға хабар жетіп отырады. Жануарлар төлдеуі көбіне түнде өтетіні белгілі, осы кезде ми қатпарынан жатырдың рецепторларына арнайы байланыстық белгілер жіберіледі.
Бірақ, бірде-бір жоғарыда аталып кеткен теориялар басты орын алмайды, өйткені төлдеу актісінің пайда болу себептері қәзіргі уақытқа дейін әлі толық дәлелденген жоқ. Тек бір түсініктісі, төлдеу ұрық және анасы аралығындағы қарым-қатынас кезінде пайда болатын күрделі процесс. Олар түрлі қайшылық күштер себебінен туады. Сонымен, туу нейрогуморальдық факторлардың бірнеше күрделі кешендерінің әрекетерінен болады. Ол орталық нерв жүйесі оның жоғарғы бөлігі ми қабығының бақылауымен өтеді[4].

2.1 ТУУ
Туу үрдісі төлді аналық малдың жыныс жолдарынан шығарудан тұрады. Ұрықтың анасының жамбас саңылауына дұрыс және дұрыс емес қарым қатынастарын сипаттау акушерлік практикада келесі шартты терминдерді қолданады.
Қалып жай, күй - ұрық денесінің ұзын бойының білігі анасы денесінің ұзын бойы білігінің аралықтарынақатынасы. Келесі қалыптарды ажыратады:
а ұзындығы бойына орналасқан бойлай - дұрыс қалыпты - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына параллельді жарыспалы.
б көлденеңінен дұрыс емес қалыпта орналасқан ұрықтың бел омыртқасы анасының құрсақ қабырғасының оң және сол аралықтарында орналасқан және анасы денесінің білігіне тік бұрышты болып келеді.
в вертикальді тік - дұрыс емес қалыпта орналасқан - ұрықтың бел омыртқасы анасының бел омыртқасына перпендикулярлі жоғарыдан төмен орналасқан.
Алдыңғы жатыс предлежание - ұрықтың анатомиялық бөліктерінің құрамдарының анасының жамбас кіреберісіне қатынасы. Ол екі түрде кездеседі: а баспен келген жатыс - бұл жағдайда ұрық сыртқы жыныс мүшесінің шығаберісіне басымен келеді, бұл көрініс тек ұрық дұрыс қалыпты жағдайында болғанда кездеседі, б жамбаспен келген жатыс ұрық дұрыс келген жағдайда кездеседі. (1-сурет)
Ұрықтың жатысы дұрыс емес қалыпта болғанда бүйірімен, құрсақпен, арқамен келген жатыстар кездеседі.

1-Сурет. Төлдеуге дейінгі төлдің баспен және аяқпен келуі кезіндегі жағдайы, орналасуы және аяқтарының орнығуы.
Ұрықтың орналасуы позициясы - ұрықтың арқасы анасы қарынының қабырғалары аралықтарына қатынасы. Оның түрлері: а жоғарғы позиция дұрыс егер ұрықтың арқасы анасының бел омартқасына қараса, б төменгі позиция дұрыс емес - ұрықтың арқасы анасының вентральдық құрсақ қабырғасына бағытталған, в бүйірлі оң және сол жақты - позиция дұрыс емес - ұрықтың арқасы анасы ішінің оң немесе сол бүйір қабырғасына бағытталған жағдайды атайды. Дене мүшелерінің орналасуы членорасположение - ұрық аяқтарының, басының және құйрығының өз денесіне қатынасы. Мал жамбастары ұрық шығаратын жол ретінде тәжірибелік малдәрігерлік акушерлікте үлкен маңызы бар деп есептелінеді. Сондықтан акушердің ең негізгі назары аналық малдың жамбас саңылауына аударылуы тиісті. Анатомиялық ерекшіліктеріне байланысты жас малдардың жамбастары ұрық шығар кезінде үлкейеді, ал ұрықтың жамбасы керісінше көлемі жағынан кішірейеді. Организмдердің эволюциясы аналық және аталық малдардың жамбас құрылыстарында бірнеше ерекшеліктер туғызды. Жас малдарда осы ерекшеліктері жыныстық пісіп жетілуге дейін онша байқалмайды. Тек эндокриндік жүйесінің жұмысы ғана жыныс айырмашылығының көрінуін туғызады.Ересек аналық малдың жамбасы аталық жамбасына қарағанда кеңірек. Аталық мал жамбасының сүйектері қуаттылау және өрескелдеу келеді[3].
Пельвиметрия. Организм құрылыуының заңдылығы және дене жартысының симметриясы акушер-медиктарға жамбасты өлшеу жөнін де ілім құруға мүмкіндік тигізді. Ол пельвиметрия деп аталады. Пельвиметрия шығып тұрған жамбас сүйектерінің бөліктерін өлшеуге негізделген.
Малдәрігерлік тәжірибеде пельвиметрияның мәселелері мүлдем дайындалмаған, ол келесі факторлармен түсіндіріледі: ауыл шаруашылық малдары жамбастарының құрылыстарында өте үлкен вариациялар кездеседі, олар тұқымға және малды өсіру жағдайларына байланысты. Бірақ пельвиметрияның кейбір элементтерін малдәрігерлік тәжиребесінде қолдануға болады. Малдарға акушерлік көмек көрсету кезінде ішкі пельвиметрияның әдісін қолданады. Оның маңызы келесіде - тік ішек немесе қынап арқылы кіргізген қолмен жамбастың диаметрлерін вертикальдық тік және ұзын бойына өлшеу. Өз қолының саусақ аралықтарын біле отыра акушер жамбас саңылауының көлемі қандай екенін анықтайды. Маманға маңызды жайт жамбаста аномалийдің қабыну негізінде, сыну салдарынан дұрыс сүйектік өспеу секілді болуын немесе болмауын анықтау.
Төл туар алдындағы маңызды белгілерге келесі көрсеткіштер жатады:
1 аналық малдың әдеттегі жамбасы туу жеріне айналуы, оның байланыс аппаратының әлсіреумен көрінеді. Жамбастың барлық сіңірлері борпылдақ болады: олардың ұзындықтары 13 немесе 14 ұзарады. Әдетте жамбас туу жеріне ұрықты шығарар алдындағы 12-36 сағатта айналады.
2 жыныс еріндерінің ісінуі және үлкеюі: олардың терісі жылтыр болады, қатпарлары жазылады.
3 ұрық туу алдында қынаптың қою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына 1-2 тәулік қалғанда қынап шырышының сұйылу үрдісі байқалады.
4 уыздың бөлінуі әдетте 2-3 тәулік бұрын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте немесе ұрық туғаннан кейін бөлінеді.
5 төл туар алдында 12-50 сағат бұрын малдың дене Т-сы 0,4-1,2 С-қа төмендейді.
6 тік ішек арқылы зерттегенде жатыр мойыны ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл оның ашылуын және биеде 12-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төл туатынын білдіреді.
7 ұсақ мал аналықтарының туатын ұрыққа орын дайындауы.
Туу үрдісінің ағымы. Толғақ пен күшену жатыр жүйке элементтерін тітіркендіруімен өтеді, олар күшті ауру сезімін тудырады. Толғақ пен күшену және олардың арасындағы үзіліс тірі төл тууын қамтамасыз ететін фактор. Егер олардың арасында үзіліс болмаса, онда тамырлардың оттегі жетіспеуі салдарынан қысылуы байқалып төл өледі.
Жиырылу күші мен ұзақтығына байланысты: 1 ашылатын күшенулер дайындық, 2 шығаратын күшену мен толғақтар туу кезі, 3 төлдеуден кейінгі күшенулер деп бөлінеді:
1. Ашылатын күшенулер тек жатыр бұлшық етінің жиырылуымен сипатталады. Қысқа күшенулермен басталып бірнеше секундта (ашылатын күшенулер ұзақ үзілістермен 20-30 мин) алмасады. Туу процессі ағымында күшенулер күшейеді және ұзарады (2-5 с), ал олардың арасындағы үзілістер қысқа (1-5 мин) болады. Дайындық күшенулері күші әсерінен жатыр мойынының жолы ашылады, төл қағанақ қабықтарымен шыға беріске жылжиды.
2. Туу күшенулері мен толғақтар жатыр бұлшық етінің және құрсақ прессінің жиырылуынан пайда болады. Күшену мен толғақтар жиі, өте күшті, ұзақ 5 минутке дейін, ал үзілістері қысқа 1-3 сеундқа дейін болады. Олар төлге қысым жасап, оны туу жолдарымен итереді.
3.Төлдеуден кейінгі күшенулер төл туғаннан кейін басталып, қағанақ қабықтарының және қалған қағанақ суының жатырдан шығуына ықпал етеді.
Сонымен толғақ пен күшенулердің түріне және жыныс органдарының өзгеруіне байланысты туу сатысының үш түрін ажыратады: ашылу, туу және туудан кейінгі.
1. Ашылу сатысында - ішкі жыныс органдарының бұлшық ет жиырылуы болады. Жиырылу ұрыққа және қағанақ суларына қысым жасайды, соның нәтижесінде олар қысымы аз жаққа басқаша айтқанда жатыр мойынына қарай ауысып, жолының ашылуына ықпал жасайды. Ашылған жолға қағанақ қабықтары, оның ішіне алынған қағанақ сулары еніп жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының әсерінен жатыр мойыны ашылып қынап және жатыр қабырғасымен бірігеді. Қағанақ қабықтарының бөлшектері жатыр мойыны арқылы өтіп, қынапқа түседі, кейде сарпайдың сыртына жартылай шартәрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып тұрады. Осы уақытта қағанақ қабықтары жарылады, сосын пайда болған тесіктен қағанақ суының жартысы сыртқа төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуымен ашылу сатысы аяқталады.
2. Туу сатысы. Жатыр мойынына қағанақ қабы енуімен бірге төлдің жақын жатқан бөлшектері де кіреді. Қағанақ қабықтарының жарылуынан кейін ұрық сұйықпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының рецепторларын тітіркендіреді және бұлшық ет прессінің жиырылуын тудырады. Осы кезде ұрыққа қысым жоғарғы денгейге жетеді. Ұрық туу жолдарына кіреді, жақын жатқан органдары сарпай саңылауына жақындайды. Келесі бұлшық ет прессінің және жатырдың жиырылуы әсерінен ұрықтың жақын жатқан органдары сарпай саңылауынан итеріледі. Осыдан кейін ұрықтың шығуы аяқталады, оның кіндігі үзіледі. Жатыр қуысында қағанақ қабықтары қалады. Ұрық шығару кезінде аналық мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады және тез арада тұрады.
3. Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады, бірнеше минутқа созылатын үзіліс болады. Содан кейін жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірақ оның жиырылуы ондай күшті емес. Жиырылу процесс қағанақ қабықтары жатырдан қуылғанша дейін созылады[1].

2.2 ТУУ ПАТОЛОГИЯСЫ
А)Туу кезендегі аурулардың пайда болу себептері.
Осы кезенінде кездесетін аурулардың себептері болып мал бұрын қиналып туып қынабы немесе сарпай арасы жыртылып тыртық болып бітуі мүмкін. Сонымен қатар буаз малды серуенге шығармай бір орнында ұзақ мерзімде байлап ұстағанда, тұрған орны артқа қарай еңкіш болғанда, рационы құнарсыз, жеткіліксіз болғанда, төл өте үлкен болып, немесе қағанақ қабықтары әсерінен жатыр созылып кеткенде, төлді жылдам тартып шығарғанда, жатыр атониясында, түспей тұрған шуға ауыр зат байлап қойғанда, бұзаудың кіндігі қысқа болып туғанда жатырдың айналып түсуі кездеседі.
Мысалы, шудың кешеуілдеуінің тікелей үш себептері бар,:
1. Туудан кейінгі күшенулердің және жатыр атониясының жеткіліксіздігі.
2. Төл плацентасы бөліктері анасы плацентасымен патологиялық үрдістерге орай өсіп кетуі.
3. Карункулдар ткандері қысымының күштілігі[6].

Б) Осы мезгілде кездесетін аурулар.
Әлсіз күшенулер мен толғақтар. Әлсіз күшенулер қысқа уақыттылықпен және жатыр бұлшық етінің жиырылуы белсенділігінің, ал әлсіз толғақтар құрсақ пресінің әлсіздігімен сипатталады.
Аномалияның түріне және пайда болу уақытына байланысты әдетте әлсіз күшенулер мен толғақтардың екі түрін ажыратады, бірінші әлсіз күшенулер жатыр мойыны ашылуынан басталып, әлсіз толғақтармен өтеді; екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар қалыпты немесе көбіне күшті түрде жатыр және құрсақ пресінің жиырылуынан кейін туу кезінде пайда болады.
Бірінші әлсіз күшенулер мен толғақтар әдетте малды буаз кезінде ұстауында қате жіберушілігінен, атап айтқанда жалпы немесе сапалы жағынан ашығуынан, ұстау кезінде серуеннің болмауынан немесе жеткіліксіздігінен, көп төлділікте, ұрық қабықтарының шеменінде болады, кейде олар жатыр бұлшық етінің туа біткен аномалиялары салдарынан дамиды.
Бұл көрініс көбіне сиырларда, ешкілерде және мегежіндерде көктем - жаз мезгілдерінде байқалады.
Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтардың біріншіден айырмасы ол күшейген нәтижесіз толғақтардан (туу жолдарының өтелмеуінде, тым үлкен төлде, төлдің дұрыс орналаспауында) кейін бұлшық еттер жабығуы салдарынан дамиды.
Клиникалық белгілері. Бірінші әлсіз күшенілер мен толғақтарда туу алдындағы белгілерінің байқалуына байланысты туу актісінің барлық фазалары созылады және клиникалық жағынан әлсіз өтеді. Екінші әлсіз күшенулер мен толғақтарда туу актісінің динамикасы төл шығу мезгілінде бұзылады.
Егер, дәрігерлік жәрдем болмаса, онда бірінші және әсіресе екінші әлсіз күшенулер мен толғақтар малдың тынышталуымен, жатыр және құрсақ пресі жиырылуының толық тоқталуымен аяқталады. Төл өледі, шіруге, мацерацияға, кейде мумификацияға ұшырайды.
Көмек. Ірі малдарда төлді шығып тұрған бөлшектерінен абайлап тартып шығару.
Күшті күшенулер мен толғақтар. Жатырдың немесе құрсақ пресінің арасына өте қысқа үзілістер салып немесе үзіліссіз өтетін жиырылуын күшті күшенулер мен толғақтар деп атайды. Себептері: кейбір дәрілік заттарды (қастауыш және оның препараттары) беру; төл жағдайының және дене мүшелерінің бұрыс орналасуы.
Ағымы. Егер, жатырдың жиырылуы өте алмайтын қарсылық кездестірсе (төлдің бұрыс орналасуы, жатыр мойынының өсіп кетуі) ұзақ уақыттан соң бұлшық еттер босаңсиды, толғақтар тоқталады. Төл ұзақ уақыт оттегі жетіспеушілігінен (жатыр тамырларының қысылуы) өледі. Кейде жатыр жыртылады.
Күшті толғақтар төлдің орналасуы және дене мүшесінің дұрыс жағдайында жатырдың түсіп кетуіне әкелуі мүмкін.
Диагноз. Туу актісі өтуінің ерекшеліктеріне және толғақтың түріне қарап қояды.
Емі. Симптоматикалық жиі малды 10-15 минут жүргізгеннен кейін кейде оның сауыры көтеріңкі болған жағдайда, жамбас сүйегіне жатырдың қысымы азайюына орай өздігінен тынышталады.
Сиырларға 1%-дық новокаин ерітіндісі мен 15-20 мл мөлшерде сакральдық анестезия, В.В. Мосин бойынша новокаиндық блокада, алкогольдық наркоз жақсы әсер етеді. Биелерге новокаиндық терапиядан басқа күре тамырға 200-300 мл 10%-дық хлоралгидратты қолдануға болады.
Шу түспеуі. Туу актісі шудың түсуімен аяқталады. Әртүрлі малдың шуының түсуі белгілі мерзімдерде болады. Егер төл туғаннан кейін биеде 35 мин; сиырда - 6 сағат (кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша 10-12 сағ), саулықта, ешкіде, мегежінде, мысықта, қоянда - 3 сағаттан соң бөлінбесе шудың кешеуілдеуі деп айтуға болады. Бұл ауру көбінесе мал іш тастағанда, сондай-ақ бруцеллез ауруы белгілері бар малда жиі кездеседі.
Шудың кешеуілдеуінің тікелей үш себептері бар:
1. Туудан кейінгі күшенулердің және жатыр атониясының жеткіліксіздігі.
2. Төл плацентасы бөліктері анасы плацентасымен патологиялық үрдістерге орай өсіп кетуі.
3. Карункулдар тканьдері қысымының күштілігі.
Диагноз. Шудың толық түспеуінде сыртқы жыныс органдарынан қызыл немесе қоныр-қызыл жіп тәрізді шылбыр салбырап тұрады. Сиырда сыртқы беткейі бұдырлы, биеде барқыт тәрізді.
Шудың жартылай түсуіне даигноз қою үшін оны мұқият зерттеу қажет. Плацентаны қарайды, пальпациялайды. Бөлінген шуды фанераның үстіне жайып байқайды.
Толық түсуін анықтау үшін плацента тамырларын бағдар етеді.
Бұл аурудың клиникалық белгілері көзге тез байқалады. Айталық, шу түгелдей түспеген болса, онда оның сарпайынан қызарып шығып тұрады. Жалпы, шуы дер кезінде түспеген сиырлардың жанынан өткенде не жақындағанда сасық иіс шығады.
Шуы түспеген сиыр мазасызданады, жем-шөпке қарамайды. Дене қызуы көтеріліп, сүттілігі азаяды. Жатыр мойынын тұрақты түрде ашық тұруына байланысты жатыр қуысына микробтар еніп, оның қабынуына душар етеді. Ауру асқынған кезде малдың іші қабынып бүкшиіп қалады.
Сарпайдың тарлығы. Бұндай жағдай жараның, абсцесстен және қатты қабыну процесстерден немесе әдеттегі жамбас туу жері болып толық ауыспауынан байқалады. Көбінесе бірінші тума жас малда, кейде бұрын туып жүрген ересек малда да кездеседі.
Себебі - мал бұрын қиналып туып қынабы немесе сарпай арасы жыртылып тыртық болып бітуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Төлдің бір немесе екі аяғы, кейде ұрық қағанақ көпіршігі сарпайдан шығып тұрады. Бір уақытта ұрықтың үлкен мүшелері сарпай аралық қабырғасына тіреліп оны томпайтып тұрады. Кей жағдайда сарпайдың тарлығы соншама болғандықтан малдардың жыныс саңылауына тек 2-3 саусақ сияды.
Әдетте төл көрсеткен қарсылығынан күшенулер күшейеді де аралық үзіледі.
Емі. Ең алдымен туу актісін тездетумен бірге аралықтың үзілмеуін қадағалау қажет. Ол келесі шаралармен орындалады: 1 сарпайды стерилді майлы заттармен немесе сабынды ерітінділермен майлау, 2 1-2 кісінің күшімен төлді тарту, сонымен бірге аралықты жоғарыдан қолмен қысымды азайту үшін ұстау.
Қынаптың тарлығы - бұрынғы қабынулар мен жарақаттар, қабырғаларының жабысып өсуі, ойықжаралану барысында дәнекер ұлпалы дәнекерленімдер дамуына орай оның тыртықталып тарылуынан бола алады. Бірінші тума жас малда туу актісі кейде туа біткен немесе жүре пайда болған қыздық плеваның гипертрофиясынан кешеуілдейді.
Туу процесін созатын себептерді қолмен зерттеп анықтауға болады.
Емі. Гипертрофияға ұшыраған қыздық плеваны жоғары жағынан скальпельмен кеседі. Дәнекерленімдер мен жалғамдарды қайшымен кеседі, қан ағуын болдырмау үшін айырады. Егер төл кептелсе оны алдыңғы бөліктері арқылы тартып шығаруға тырысады.
Жатыр мойыны жолының тарлығы - Көбіне тыртықты тартылулар, туындылар, даму ақаулары, созылмалы цервициттер салдарынан байқалады.
Клиникалық белгілері мен диагнозы Күшті күшенулер мен толғақтар жатыр мойыны тарлығына күдік туғызады. Мәселені қынаптық зерттеу арқылы шешуге болады, осы кезде жатыр бұралуын, әлсіз немесе уақытынан бұрын байқалатын күшенулерді жоққа шығару керек. Қынап арқылы қарау арқылы тыртық түріндегі жатыр мойыны өзгерістерін анқтауға болады, кейде жатыр мойыны жолының мүлдем жабысып қалуы орын ала алады.
Диагноз - туу ұрдісіне қарап қояды.
Болжам. Егер тарылу мойын бөлігімен шектелсе төлдеу аздап жатыр мойыны жыртылуымен аяқталуы мүмкін. Көбіне қынаптың толығымен түсуі байқалып жатады, жатыр мойынының толығымен бітелуі жатыр жыртылуына әкеле алады.
Емі. Консервативтік және оперативтік емдер қолданыла алады. Консервативтік емге жатырдың мойынын ыстық (450 С) ерітінділермен, буламалармен сулау жатады. Мойынын ашуды С.Г.Исаев бойынша пресакралды анестезия, сакралды анестезия немесе А.Д.Ноздрачев бойынша блокадалау, жақпамайлар қолдануы (мысалы, Extract. Belladonnae 1,0; Adipis suilli 3,0-4,0) арқылы орындауға болады.
Құрғақ туу - жатыр мойыны толық ашылмай мерзімнен бұрын қағанақ және несеп сүйықтарының өз бетімен немесе қағанақ көпіршігінің жарылуынан ағып кетуі салдарынан туу жолдары жеткілікті суланбай қалады.
Емі. Туу жолдарына сырғу жағдайын беру үшін оларды майлы заттармен майлайды. Қағанақ суын алмастыру үшін жатыр қуысына сабынды су құяды. Туу жолдарын майлағасын төлді күштеп тартып шығару жақсы нәтиже береді. Төлді шығып тұрған бөліктерінен дөрекі тарту көп жағдайда қынап пен жатырдың айналып түсуіне әкеледі.
Жатырдың айналып түсуі. Ауру көбінесе сиыр мен саулықта кездеседі. Туу актісінен кейін 4-5 сағат өтпей жатыр кілегей қабығымен теріс айналып жамбас қуысынан сыртқа шығып кетеді.
Себептері. Буаз малды серуенге шығармай бір орнында ұзақ мерзімде байлап ұстағанда, тұрған орны артқа қарай еңкіш болғанда, рационы құнарсыз, жеткіліксіз болғанда, төл өте үлкен болып, немесе қағанақ қабықтары әсерінен жатыр созылып кеткенде, төлді жылдам тартып шығарғанда, жатыр атониясында, түспей тұрған шуға ауыр зат байлап қойғанда, бұзаудың кіндігі қысқа болып туғанда жатырдың айналып түсуі кездеседі.
Клиникалық белгілері. Алғашқы кезде сиыр құйрығын көтеріп, белін бүкірейтіп, қайта-қайта күшеніп, түйнек болған мал сияқты мазысызданып тұрады. Бұл кезде жатырдың айналып шығып бара жатқанын анықтау қиын, уақыт өте келе жатыр біртіндеп сыртқа қарай айналып шыға береді де, бір кезде толығымен түседі. Сиырдың сарпайынан тілерсегіне дейін салбырап, сыртында үлкендігі тауық жұмыртқасындай көптеген түйіндері бар қанталап тұрған қызыл-қоңыр түсті денені көруге болады. Сиыр жатқан кезде оның айналып түскен жатыры зәр-нәжіс, шөп-шаламмен ластанып, ісініп ұлпасы өлі етке айнала бастайды. Қыстың күні үсікке шалынып, жазды күндері тез іріп-шіри бастайды да, сепсиске айналады.
Емі. Жатыр ұлпасында терең өзгерістер болмай тұрғанда, тез арада оны орнына салу керек. Ол үшін алдымен эпидуральды сакральды анестезия жасайды, содан кейін жатырды таниннің немесе марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен тазалап жуып, шіріген жерлерін алып тастап орнын йодпен күйдіреді, содан кейін жатырды түгелдей стрептоцид эмульсиясымен майлап ішіне қарай итеріп орнына салады. Жатырдың көлемін кішірейту үшін оның қабырғасына жалпы дозасы 40-50 ӨБ окситоцин егеді.
Жатыр мойнының жиырылуы. Кей жағдайда жыныс аппараты патологиялық үрдісінің бұрыс көріністері байқалады: неғұрлым жатыр қатты жиырылса, соғұрлым оның мойн жолы тығыз жабылады. Осының нәтижесінен туу актісі бұзылады.
Жатыр мойынының жиырылуын көп жағдайда әлсіз күшену деп санайды.
Емі. Акушерлік көмекті көрсетуін тоқтата тұрып, малға тыныштық береді. Ноздрачев бойынша анестезия жасау жақсы нәтиже береді.
Жатырдың жыртылуы. Жатыр мойыны толық ашылмай қалғанда, төл теріс келіп, дене мүшелері қайырылып қалып, мал өздігінен туа алмай қатты күшенгенде қарқынды толғақ жатыр қабырғасы, жатыр мойыны жыртылуы мүмкін. Кейде тек кілегей қабығы мен ішкі етті қабығы ғана жыртылып сыртқы қабықтары аман қалады жатырдың жартылай жыртылуы, ал енді жатыр қабырғасының барлық қабаттары жыртылып төл қағанақ қабықтарымен құрсақ қуысына түсіп кеткенде жатырдың толық жыртылуы малдың жағдайы өте ауыр, оған көмек көрсету де қиын болады.
Туа алмай жатқан малға көмек көрсетемін деп төлді күшпен тартып суырып алғанда жатыр мойыны жыртылып кетуі мүмкін, немесе кептеліп қалған төлді жатыр ішіне қарай клюкамен итергенде байқаусызда тайып кетіп жатырды тесіп кетуі мүмкін.
Клиникалық белгілері. Жатыр мойыны жыртылса сыртқы жыныс органдарынан қан ағуы байқалады, ал жатырдың өзі жыртылса малдың қансырағанын анықтау қиын, қан құрсақ қуысына кетеді, немесе жатыр ішіне жиналады. Малдың күшенуі бірден тоқтайды, тамыр соғу әлсіз, көрінетін кілегей қабықтары бозарып қаны қашып тұрады. Жатырдың бүтіндігін ірі малдың тік ішегіне қол салып анықтауға әрекет жасайды.
Емі. Тез арада төлді сыртқа шығаруға тырысады, содан кейін жатырдың жиырылуын күшейту үшін питуитрин, прегнантол, немесе окситоцин қолданылады, күре тамырға хлорлы кальцийдің 10% ерітіндісін 200-300 мл шамасында жібереді, қан көп кеткен жағдайда күре тамырға адреналин қосып 2-3 литр шамасында физиологиялық ерітінді құяды. Толығымен жыртылған жатырдың қабырғасын тігу керек, ол үшін алдымен лапоротомия операциясын жасайды[5].

2.3 ТУУ КЕЗІНДЕГІ ТӨЛДІҢ КЕЛУ ПОЗИЦИЯЛАРЫ
Бас-аяқтардың дұрыс келмеуі - әдетте, акушерлік жәрдем жасауға тура келіп жататын патология.
Бастың қисайып келуі - (2-сурет) бұл ақауды іштөлді жатырға кері итерген соң түзеуге болады. Әдетте, бұл әрекетті қолмен немесе төменгі жаққа салынған акушерлік ілмек көмегімен жасайды (3-сурет). Ілмек пайдаланған ыңғайлы, себебі бірмезгілде арқанды тартумен қатар қайырылған жаққа қарсы іштөл иығына қолмен тіреніп, іштөлді кері итеруге болады. Басы бұрылып тұмсығымен туу жолдарына бағытталып, түзелген соң, төменгі жаққа ілінген ілмекті тартуға болмайды, өйткені жағы шығып кетуі мүмкін.

2-сурет Қозы басының қисайып келу көрінісі.

3-сурет Бұзаудың қайырылып қалған басын түзету: А - қолмен; Б - астыңғы жағына акушерлік ілмек салып.
Саулықтар мен ешкілерде жамбас тар болуында алдыңғы аяқтары қолды жатырға енгізуге кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан фетотомия немесе акушерлік жәрдемнің оперативтік әдістерін қолдануға тура келеді.
Басының төмен қайырылуы іштөл желкесі мен құлақтарының аяқтары арасында немесе көкірек қуысы астында болуына байланысты анықталынады.
Бұзауды акушерлік клюканы иықтың бір жағына тіреп итереді де, қолды кіргізіп, басын көтеру арқылы көмек көрсетіледі. Иығына жету мүмкіндігі болмаса, Кюн немесе Афанасьев клюкасы аралығындағы тесікке акушерлік арқан бекітіледі, арқанның екінші шетін тесіктің арғы жағынан кіргізіледі. Сөйтіп тесік ұштары аралығынан арқан ұштары салбырап ілінеді (4-сурет). Мұнан кейін арқанды тартқанда тесік арқауы іштөлдің маңдайына тіреледі. Клюканы өзінен қозғай келе (жатыр қойнауына қарай) арқанмен іштөл тұмсығын жоғары көтереді.
Басының жоғары қайырылу, немесе басының шалқаюы, жоғарыдағы екі көріністен гөрі сирек ұшырасады. Іштөлдің иілген мойнында кеңірдек сезілуі арқылы анықталынады. Алдымен, іштөлді жатырға кері итеріп, басын абайлап кеуде тұсының бүйірлік беткейіне қарай ысырады, сосын басының жанына қайырылуындағыдай әрекеттер жасалынады.
Мойынның бұралуы өте сирек кездеседі. Егер аяқтары дұрыс орналасса, диагноз қою қиындық тудырмайды, себебі басы астыңғы жағымен аяқтарға жабыса басылып келуі керек. Егер аяқтары бүгілген болса, іштөлдің орналасу қалыпын айқындау қажет. Бұл жағдайда мойын бұралуын онда іштөл басы бұрылуы жағына бағытталған радиалды қатпарлар болуына байланысты анықталады. Іштөлді жатырға кері итеріп, мойнын астыңғы жағы арқылы бұрап түзейді.

4-сурет Бұзау басының төмен қайырылуын клюкаға бекітілген акушерлік арқан көмегімен түзету: А - арқанды төменгі жаққа бекіту; Б - желкесін кері итеру және беткі бөлігін қайырып түзету.
Аяғының білек буынында бүгілуі, бір- және екіжақты болады (5-сурет).

5-сурет Қозының білек буынының екіжақты бүгілуі
Келесі түрде түзейді: қолды іштөл басы үстімен өткізіп, мойын бойымен жылжытып бүгілген буынды сипап табады да, білезік пен 4 саусақ сүйегі аралығында білезік маңынан ұстайды. Сосын абайлап оны көтеріп, тігінен қояды (6-сурет), осы кезде акушер саусақтары бірте-бірте тұсау буынына ауысады. Аяқтың төменгі бөлігін ұстап, тұсау буынын бүгеді де, тұяқты алақанға келтіреді. Мұнан соң қолды мойынның астыңғы беткейі тұсында баяулатып жамбас қуысына қайтарады да, басының астынан өткізеді де, оларға тууға тән бағыт береді. Патологияны баяндалған әдіспен түзеу мүмкін болмаса, фетотомия қолданылады.

6-сурет Білек буынында бүгілген буынды түзету.
Аяқтың шынтақ буынында бүгілуі күйіс қайыратындарда тұяқтардың және іштөл басының мұрын бөлігінің өзара орналасу кейпімен анықтауға болады: егер олар қатар жатса, шынтақ буыны бүгілген деген сөз (7-сурет). Норма бойынша тұяқша мұрыннан сәл алда жатады.
Аяқтарды арқанмен бекітіп, іштөлді кері жатырға итереді, алдымен бір сосын екінші аяғын тартады.

7-сурет Қозының шынтақ буындарының екіжақты бүгілуі
Аяқтардың иық буынында бүгілуі немесе иығымен келу, бір-немесе екжақты болады. Ақауды түзеу кезінде акушерлік арқан пайдаланған ыңғайлы. Арқанды ілмек өткізгішіне бекітіп, қолды іштөл мойны бойымен енгізіп иық, сосын шынтақ буынын сипап табады. Иық сүйегі мен көкірек қуысы аралығында үстінен астына ілмек өткізгіш өткізіледі (Лингорс немесе Афанасьев), оны сосын сыртқа шығарып арқаннан босатады. Арқан шетін кішкентай ілмектен өткізу арқылы қарапайым акушерлік тұзақ жасалынады. Тұзақты бірте-бірте тартып, иық сүйегінің дисталды ұшына ығыстырады, сосын шынтақ буынынан төмен сырғытып білекке түсіреді. Білек буынына неғұрлым жақын ығыстыру мүмкін болса, соғұрлым шынтақ буынын бүгу жеңілдейді. Тұзақты білекте қысып, бас бармақты шынтақ буыны астына жақындатады, ал қалған саусақтармен және арқанмен білекті алға ығыстырады да, шынтақ буынын бүгеді. Жақсы тәлім болса, оны арқанның көмегінсіз бүгуге болады (8-сурет). Бірмезгілде білек буыны да бүгіледі. Одан соң білек буынын бүккендегідей етіп жалғастырады.

8-сурет Иық буынында бүгілген аяқты қолмен түзеу (пунктирмен басы мен аяқтың түзетілу кезіндегі жағдайы көрсетілген).
Аяқтардың желкеде орналасуы бір немесе ек аяқ тұяқшалары іштөл басы үстінде болуымен сипатталады (9-сурет), бұл анасының туу жолдары мен аралығының қатты зақымдануына әкеліп соға алады. Аяқтарды акушерлік арқандармен бекітіп, бірмезгілде іштөл басын жоғары көтере отырып, алға және артқа тартады.

9-сурет Құлын аяқтарының желкеде орналасуы
Аяқтардың шабар буынында бүгілуі, бір- немесе екіжақты бола алады (10-сурет). Бұл туу жолдарынан бір аяқ шығуы кезінде байқалады. Нақты қай буын бүгіліп қалғанын нақтылау керек, яғни шабар немесе жамбас-сан, ол үшін қолды жатырға кіргізеді. Артқы аяқтар жағдайын қалпына келтіргенде, олардың сүйектері алдыңғы аяқтарға қарағанда ұзын болуына орай жатырды зақымдаудан сақ болу керек.

10-сурет Қозыда шабар буынының екіжақты бүгілуі
Қолмен өкше сүйегінің тұсын шабар буынына төмен жерде ұстап аяқ бөлігін жоғары және алға жылжыта бастайды. Қолды бірте-бірте тұсау буынына жылжытып, оны ұстап бүгеді. Тұяқты алақанға салып, аяқтың төменгі бөлігін жамбас кіреберісіне қарай тарта бастайды, сосын жамбас қуысы арқылы сыртқа шығарады. Шабар буынын акушерлік арқан көмегімен жазуға болады (11-сурет), жазылған тәсілдерді орындау кезінде іштөлді міндетті түрде клюкамен жатырға кері итереді.

11-сурет Шабар буыны бүгілуінде акушерлік ілмек көмегімен аяқты түзету тәсілі.
Аяқтың жамбас-сан буынында бүгілуі екіжақты немесе бір жақты бола алады (12-сурет). Бір жақты болғанда қолмен және акушерлік арқан көмегімен әрекеттенуге болады. Арқанды ілмек өткізгішке бекітіп, қолды тізе буынына дейін немесе, мүмкін болса, сираққа дейін жылжытады. Ілмек өткізгішті іштөлдің артқы аяқтары мен денесі арасынан өткізеді. Қолды аяғының астына әкеліп, арқан киілген ілмек өткізгішті аяқтың сыртқы беткейіне шығарады да, сыртқа шығарып арқаннан босатады. Іштөлді жатырға кері итеріп, арқан көмегімен шабар буынын тарта отырып, бірмезгілде тізе буынын бүгеді. Сосын бүгілген шабар буыны кезіндегідей етіп жалғастырады. Тізе буынын тіпті қолмен де бүгуге болады. Бұл үшін бас бармақты буын астына әкеліп, қалған саусақтармен сирақтан тартады. Аяқтар орналасуын түзетпестен оларды Зааке ілмегімен немесе жамбас-сан буындарын құшақтай өткізілген арқанмен бекітіп, тек ұсақ іштөлдерді шығаруға болады.
Дұрыс емес орналасу қалыптары іштөлдің баспен, сондай-ақ жамбаспен келуіндегі ұзын бойымен келу жағдайында ғана болады.
Баспен келгендегі төменгі орналасу қалпы (13-сурет) - қолды туу жолдарына енгізіп іштөл басы төменгі жағымен жоғары қарап орналасқанын анықтаған соң барып анықталатын ақау (тұяқ табанының жоғары қарауын төменгі орналасу қалыпының абсолютті белгісі деп тануға болмайды, себебі дәл осындай орналасу қалпын жамбаспен келу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Төл мацерациясы, этиологиясы және профилактикасы»
Ветеринарлық акушерлігі және гинекология
Төлді бөлшектеп кесу
«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»
Мал буаздығына азық сапасының әсері
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
Қолдан ұрықтандыру
Минералды заттардың организмде жетіспеуі
Қойды қолдан ұрықтандыру
Буаздық кезіндегі остеодистрофия, профилактикасы
Пәндер