Жидек және бақша дақылдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дайындаған: Таштамирова Зухра
Қабылдаған: Тулеубаев Жаксыбай

СӨЖ сұрақтары

Жидек және бақша дақылдары Бүлдірген
Жауабы: Жер шарында жеміс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлері өсіріліеді.
Олардың 60-тан астамы тұқымдастарға жатқызылады. Қазақстандағы жеміс
ағаштарының 22 түрі өсіріледі, олардың 10-12-сі негізгілері болып табылады.
Екі жеміс ағашы (алма, алмұрт) және 4 жидек тектес (бүлдірген, таңқурай,
қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бірдей өсіріледі деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жеміс-жидек дақылдарының 90 пайыздан астамы: алма,
алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы сияқты өсімдіктерден тұрады. Биологиялық
жағынан жеміс-жидек өсімдіктердің 95% раушан гүлді тұқымдастарға жатады.
Бүлдірген өсімдігі жидектектес бақша дақылдарына жатқызылады.
Раушангүлділер тұқымдасына жатқызылады. Бүлдірген-көпжылдық, үнемі көтеріп
тұратын өсімдік. Дүниежүзінде 30-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде жабайы 6
түрі кездеседі. Ол жеміс-жидек өсімдіктерінің ішінде ең ерте өнімін беретін
дақыл. Отырғызылғаннан кейін екінші жылы жеміс береді. Тіршілік ету
ұзақтығы 10-12 жыл, 3-4 жылда өнім беруі аяқталды. Бұл мерзімнен артық
пайдаланылған плантациядан өнім мейлінше аз салынады. Сондықтан бұл аймақта
қысқа қарай бүлдірген плантациясын сабанмен, т.б-мен жабу керек.
Бүлдіргеннің аудандастырылған 96 сорты белгілі, ал Қазақстанда 23 сорты
өседі. Екпе сорттарын шығаруға жабайы түрлері қатынасады: тасбүлдірген,
вигрин бүлдіргені, чили бүлдіргені, орман бүлдіргені және т.б. Қой
бүлдірген-көпжылдық, қысқа жатаған жуантық, мұртшасы сабақты шөптесін
өсімдік.

Бақша дақылдары: қарбыз,- қауын- мускатты асқабақ, ipi жемісті асқабақ,
қатты жемісті асқабақ
Жауабы: Бақша дақылдары дәмдік қасиеті жоғары шырынды жемісі үшін
өсіріледі. Бақша дақылдары жемістері қант, витаминдерге бай. Олар тағамдық
мақсатқа,консерві, конидтер, өндірісінде және мал азығына кеңінен
қолданылады. Олардың құрамында 16-20%-ға дейін қант болады. Бақша
дақылдарына қарбыз, асқабақ, қауын жатады. Олар дәмдік сапасы жоғары
шырынды жеміс алу үшін өсіріледі. Мал азығына асқабақ пен қарбыздың
малазықтық сорттарының жас жемістері пайдаланылады. Бақша дақылдары асқабақ
тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдас тропиктік және субтропиктік аймақтарда
кеңінен тараған 100-ден аса туыстық пен 1100-ге жуық түрлерін қамтиды.
Олардың ішінде тек 20-ға жуық түрлері мәдени болып табылады. Бақша
дақылдарына: қарбыз, қауын, мускатты асқабақ, ірі жемісті асқабақ, қатты
жемісті асқабақ жатады. Бақша дақылдары-күшті дамып, жақсы тарамдалған
кіндік тамырлы, ұзын желілі, жатаған сабақты, ірі, бүтін, кейде тілімделген
жапырақты біржылдық өсімдіктер. Асқабақтардың тамыр жүйесі жақсы дамыған,
сабақтары өрмелегіш, жапырақтары бесқалақты. Жемістердің массасы 20-40 кг,
1000 тұқымның массасы 200-300 г. Бір үйлі, дара жынысты. Бақша дақылдары-
ыстыққа төзімді өсімдіктер. Асқабақ қарбызбен салыстырғанда салқынды жақсы
көтереді, ал ыстыққа орташа төзімді. Қарбыз бен асқабақ-жылу сүйгіш
өсімдіктер. Қарбыздың тұқымы +15-17°С, ал асқабақтың тұқымы +12-13°С
жылылықта өне бастайды, 1°С да асқабақ қатты зақымданады, ал қарбыз
өсімдігі өліп қалады. Өсімдіктердің өніп-өсуі, сабақтар мен жапырақтардың
дамуына қажетті ең қолайлы температура +20-22°С болып табылады. Асқабақ
өсімдігі екіге: ірі жемісті және жемісті асқабақтар болып бөлінеді. Ірі
жемісті асқабақтардың жемісі, ірі, қатты, ал жемісті асқабақтың жемісі
жұмсақ болады.

Қарбыздың негізгі түрлерін ажырату.
Жауабы: Қазақстанда таралған қарбыз тұқымдасының бірнеше түрлері бар.
Олардың ішінде кең таралған түрлерге, жеуге арналған, және мал-азықтық
түрлері бар. Ал ғылыми түрде Т.Б.Фурс классификациясы бойынша қарбыз
тұқымдасы 4 түрге жіктеледі.
Түкті қарбыз-C.lanatus Matsumet Nakai, бұған асханалық және мал-азықтық
түршелері жатады;
Колоцинт-С.сolonsynthis Schard;
Мұртшасыз қарбыз-C.ecirrhosus Cogn;
Ноден қарбызы-С.naudinianus Hookp;


Түкті қарбыз Колоцинт Мұртшасыз қарбыз Ноден
қарбызы

Бұлардың ішінде тек асханалық және мал-азықтық қарбыз шаруашылықта кеңінен
таралған. Ал қалған үш түрі тек селекциялық мақсатта ғана қолданылуы
мүмкін. Асханалық және мал-азықтық қарбыз жемістері арқылы оңай
ажыратылады. Асханалық қарбыздың жеміс жұмсағы айқын түсті, жұмсақ айқын
түсті, жұмсақ, өте нәзік, тәтті, жеуге жарамды келеді. Қарбыздың барлық
сорттары дерлік маусым айында жақсы өсіп-өнеді. Малазықтық қарбыздың жеміс
жұмсағы ақшыл аздап көкшіл түсті, аса тығыз, қатты, пышақпен қиын кесіледі,
дәмсіз, жеуге жарамсыз. Малазықтық қарбыздың тамыр жүйесі жақсы дамыған,
жапырақтары қатты тілімделген. Барлық сорттары дерлік жылу сүйгіш, суды көп
қажет етеді.

Қауын Меlо. Қауынның негізгі түрлерін ажырату:
Жауабы: Гүлдері сары, жапырақ қолтықтарында бірнешеден орналасқан. Қауын
Cucumis L. туыстарына жатады. Оның 40-тан астам түрлері кездеседі. Соның
ішінде тек қауын және қияр мәдени дақылдар қатарына жатады. Қауындарды
1960-1969 жж А.И.Филов бірнеше топқа бөлді. Оларға: мәдени-еупропалық, орта
азиялық, кіші азиялық, жартылай мәдени-жылан тәрізділер, қытайлық қауындар,
иісті қауындар, жабайы өсетіндер жатады. Жабайы өсетіндер-арамшөп тәрізді
қауындар сияқты жеті экологиялық топтарға бөледі. Еуропалық мәдени топқа
жататын қауындардың жапырақтары орташа, ойығы бар, жапырақ сағақты қысқа,
кеде жатыңқы. Еуропалық мәдени топтағы қауындарға: ерте пісетін, аздық,
қыстайтын, канталупа, америкалық болып бес тармақты құрайды. Кіші Азиялық
мәдени қауындар тобына жататын қауындардың жапырақтары орташа, түктері
жұмсақ, жеміс жұмсағы тығыз, қанттылығы 12°С-ға дейін. Кіші Азия
мемлекеттерінде, Түркменстанда, Тәжікстанда өсіріледі. Бұл топқа жататын
қауындарға: жаздық кассаба, күздік-қыздық кассаба, урбеки сияқты үш түрлі
тармақты қамтиды. Қауын сорттарының өсіп-өнуіндегі биологиялық
ерекшеліктерін ескеріп және оны зерттеудің нәтижесінде қысқа мерзім ішінде
аса сапалы, жоғарғы репродукциялық тұқым өндірісіне қол жеткізуге болады.

Батыс Еуропа, Америка және Батыс ТМД мемлекеттерінде өсірілетін қауындар:
Жауабы: Еуропалық аймақта өсетін қауындар басқа аумақта өсетін қауындардан
бірақ ерекшеленді. Жапырақтары орташа, жапырақ сағағы қысқа, кейде жатыңқы,
жемісінің кқлемі және кескіні әртүрлі, қанттылығы төмен. Еуропа елдерінде
қауындардың қанттылық мқлшері аз, ол 4,5-5°С құрайды. Батыс Еуропа, Америка
және Батыс ТМД мемлекеттерінде өсірілетін қауындарға: бес түр тармақты
қауындар жатады. Бұл топқа жататын қауындар:
-ерте пісетін-pгeacax;
-аздық-duripulposus;
-қыстайтын-hiymalis;
-канталупа-cantalupa;
-америкалық-rokkiford;

Канталупа

Канталупа-Еуропаның елдерінде өсетін қауынның бір түрі. Ұзындығы 15-25 см,
Еуропа аумағының Армения, Турция елдерінде кездеседі. Деректер бойынша бұл
қауын түрі 15-ғасырдан бастап. Еуропа аймақтрына таралған. Гидридттеу
арқылы алынған қауын түрі болып табылады.

Орта Азия мемлекеттерінде өсірілетін қауындар:
Жауабы: Орта Азиялық мәдени топқа жататын қауындардың сабақ желісі ұзын,
қалың түктермен қапталған, жапырағы ірі, ойықсыз, жапырақ сағағы үзын,
жемістерінің қаттылығы жоғары. Жемістерінің қанттылығы 6-8%-ды құрайды.
Орта Азия республикаларында өсіріледі. Бұл өсімдіктер тобына жататын
қауындарға: хандаляк, ерте жаздық жұмсақ, ерте жаздық қатты, күздік, қыстық
түрлері жатқызылады. Өзбекстанда өсірілетін Орта Азия тобына жататын
қауындар дүниежүзінде жоғары бағаланады.

Кіші Азия мемлекеттерінде, Түрікменстанда, Тәжікстанда өсірілетін қауындар:

Жауабы: Кіші Азиялық-orientate мәдени тобына жататын қауындардың
жапырақтары орташа, түктері жұмсақ, жеміс жұмсағы тығыз, қанттылығы 12%-ға
дейін.


Кәдімгі қауын Күздік-қыстық кассаба
қауыны

Кіші Азия мемлекеттерінде, Түрікменстанда, Тәжікстанда өсіріледі. Бұл топқа
жататын қауындарға: жаздық кассаба, күздік-қыстық кассаба, урбеки сияқты үш
түрлі тармақты қамтиды. Кассаба немесе Melo cassaba қауындары Кіші Азиядан
келеді. Ежелгі алуан жеміс-жидектің тәттілігі мен рекордтық шырындылығын
қауынмен емес, сақтау процесінде алуымен танымал. Пішіні дөңгелек, бірақ
қанттылық дәрежесі төмен. Құрамында қант болады, бірақ басқа қауындармен
салыстырғанда қанттылығы төмен. Кассаба қауынының сыртқы қабығы әр
түрлілігіне қарай тегіс, торлы өрнекпен жабылған немесе мыжылған болуы
мүмуін. Ол өсірілу технологиясы мен ауа-райына және георграфиялық аймаққа
байланысты өзгереді. Ал Кіші Азиядан шығатын жаздық кассабалардың сырты
тегіс, дөңгелек, іші целлюлозалы заттардан тұрады, хош иісті болып келеді.

Асқабақтың морфологиялық және ботаникалық ерекшеліктері
Жауабы: Асқабақ-бір және көпжылдық шырмауық тұқымдастарының асқабақтар
отбасына жатады. Олардың 20-ға жуық түрі бар, соның ішінде үшеуі бақша
өсімдіктеріне жатады: ірі жемісті асқабақ, тығыз қабықты асқабақ және
бұлардың бір түріне кәді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып
табылады. Асқабақ сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді,бау-бақша
дақылдары тобына жататын өсімдік тобы. Асқабақ-Cucurbita-біржылдық, өте
жақсы дамыған, топырақ бетінде желі тәріхдес жататын ұзын сабақты өсімдік.
Қос жарнақты бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде кішігірім ағаш
түрінде кездеседі. Асқабақтың 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ,
қияр, сәнқабақ бар. Қабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, қоңыраусары
жабайы түрде өседі. Тұтас не салаланған сабақтарының ұшында дара не айыр
мұртшалары болады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті шоғырын құрайды
немесе жапырақ қолтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары дара
жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі жалған
жидек немесе қауашақ, олардың салмағы кейде 100 килограмға жетеді. Асқабақ
тұқымдастар бағалы бау-бақшалық, тағамдық, сондай-ақ малазықтық, дәрілік,
сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық
және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар
жасалынады.

Асқабақтың негізгі түрлері:
Жауабы: Асқабақ Cucurbita L. туыстығына жатады. Асқабақ туыстығының 27 түрі
анықталған, оның ішінде алтауы мәдени. Біздің елімізде өсірілетін асқабақ
сорттарына: қатты қабықты немесе кәдімгі асқабақ, ірі жемісті асқабақ,
мускатты асқабақ сорттары жатқызылады. Елімізде 27 асқабақ түрінің 20-сы
өседі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С.
moschata) және ірі Асқабақ (С. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақша дақылдарының даму кезеңі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Картоп өндірісі
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жеміс – көкөніс шаруашылығының дамуы
Бақша дақылдары
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Пәндер