БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ


ӘОЖ 37. 01 Т 56
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ
Таштамирова З. Э., Қадралиева И. Е, Ордабаева Р. Б Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті
Аннотация
Мақалада жаңа педагогикалық ұғым - модернизация және модернизациялау ұғымдары жайлы айтылады. Бастауыш сыныптарда оқу мен қатар тәрбие жұмысын модернизациялау қаралады.
Аннотация
В статье рассматриваеться о новых педагогических понятиях - понятиях модернизации и модернирование. В начальных классах предусматривается модернизация учебной и воспитательной работы.
Annotation
The article describes new pedagogical concepts - concepts of modernization and modernize. In the primary grades, educational and educational work is envisaged.
Әрбір артта қалған мемлекеттердің алдыңғы қатардағы елдер қатарына қосылу үшін жаңа мемлекеттік саясат енгізуі қажет. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысы. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дамыған елдермен қарым-қатынас жасай отырып, жаңашылдықты үйреніп, тәжірбиеге енгізуді уақыт міндеттеді. Өзгерістер қоғамның әр салаларын да қамтыды. Қазақ елі ешкімге тәуелсіз болғандықтан, ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі - ұрпақ тәрбиесі мен білімі [1] . Егер де мемлекеттің білім саласы өте жоғары деңгейде болса, онда ол ел тез дамиды және ғұмыры ұзақ болады. Әлемде болып жатқан өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағарлама [2] . « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіне көптеген әдіс-тәсілдер енгізіліп жатыр. Сонымен қатар білім беру жүйесінде технология, инновация, модернизация ұғымдары қалып, негізгі ұғымдарға айналып жатыр. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу, мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру [3] . Оқушылар мектеп қабырғасына оқуға түскен кезде ең алғаш бастауыш білім алады яғни 6 жастан бастап 12 жас аралығында танымдық іс-әрекетті белсенді дамытуға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып - білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады. Оқушы барлық мәліметті қабылдауға, және оны еркін түрде жеткізуге, барлық заттарды және құбылыстарға анықтама беруге тырысады. Бұл шақта оқушылар жақсы біліммен қоса, өнегелі тәрбие де алуы керек. Ол үшін мұғалімдер оқушының танымдық процесі мен білімін арттыру барысында жаңа әдістер қолданып отыруы қажет. Мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Дұрыс әдіс арқылы жаңаша білім беру жүйесін қалыптастыру мұғалімнің креативтілігін көрсетеді. Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту [4] . Мұғалімдердің жартысынан көбі жаңа әдісті басқаша түсініп жатады. Жаңа әдісті әркім әрқалай түсінеді, оқыту ісімен айналысатын адамдардың барлығы, тек интерактивті тақтамен ғана жұмыс жасау ғана деген оймен шектейді. Ал түбінде ол өте қате түсінік, тек қана интерактивті тақтамен жұмыс жасау дұрыс емес. Мұғалім әрқашан да жаңашылдыққа бейім болуы қажет. Бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңаша әдісті-модернизациялау деп те айтуға болады. Модернизация және модернизациялау деген ұғымдар бар, басқаша «жаңғырту» деген мағынаны білдіреді. Модернизация - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты, ал модернизациялау - бұл, белгілі бір салада жаңғырту жұмыстарын жасау, өзгертулер енгізу, халықтың болашағы үшін мемлекеттік саясатқа дұрыс қадамдар енгізу. Әрине модернизациялау білім беру жүйесінде де қолданылуы міндетті. Түрлі жаңа инновациялық, технологиялық әдістердің барлығы да модернизациялау болып табылады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», - деп аттап өткен болатын. Модернизациялау ұғымы - мектептерде әсіресе бастауыш сыныптарда білім мен ғана байланысты емес, тәрбие жұмысымен де байланыс құруы қажет. «Тәрбие басы-тал бесік» деп халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, апаты», білім мен қатар тәрбиеде модернизациялануы қажет. Жаңа оқу бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысын арттыру барысында көптеген жаіашылдықтар енгізіді. Мысалы: Оқытудың 7 модулі (1-сурет), және оқытудың түрлері, проблемалық оқыту, жаңа педагогикалық әдістер арқылы, коучинг сабақтар және т. б, жатқызуға болады.
3. Білім беру үшінбағалау және білімді бағалау
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Жаңа бағдарлама бойынша ұсынылған
7 модуль
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық
1-сурет. Жаңа бағдарлама бойынша ұсынылған 7 модуль.
Бастауыш сыныптарда оқыту жүйесінің үш түрі бар: пассивтік, активтік және қазіргі заманның талабына сай интерактивтік. Пассивтік әдісте - тек қана мұғалім сөйлейді, активтік түрінде екі жақты процесс жүреді. Ал интерактивтік түрде кез-келген пән болып жатқан кезде ортаға бір тақырып немесе сауал қойылады, және ол - ортада топтық әдіс арқылы жүргізіледі. Оқушыларды топқа бөлу, оларға жеке немесе топтық тапсырма беру де жаңашыл құрылым болып саналады. Оқу процесін модернизациялауға жаңа педагогикалық технологиялардың да және басқа да оқыту жүйелерінің маңызы зор [5] .
Бастауыш саты - оқушылардың интеллектуалдық дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Олардың есте сақтау қабілеті мықты болғанымен қабылдауы тұрақсыз келеді, не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан, сабақта көрнекілік, ойын элементтерін қолданып оқу үрдісін қызықты ұйымдастыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz